Файл: Тексеру нтижелері бойынша анытама.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Т. А. Баум сабақтарының тиімділігі 60-81%-ды құрады. Мұғалім ағылшын тілінен сабақты кәсіби біліктілікпен жүргізетіні байқалып тұр. Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты елеулі жұмыстар жүргізілген: сабақта эмоционалдық жағдай жасалған, мұғалім оқушылардың интеллектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Мұғалімнің жұмсақ үні мейірімді атмосфера тудырып, оқушылардың өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуіне жағдай жасайды. Әйтсе де, сабақ өткізудің әдістері мен тәсілдерін таңдауда тапсырмалардың дифференциялылығын, әр түрлі деңгейлілігін ескеріп отыру қажет, өйткені оқушылардың тілді игеру деңгейі әр қилы. Бұл шәкірттердің ой қызметін дамыту және белсендендіру, оларды оқушылар жауабын талдауға, түсініктеме беруге тарту үшін керек. Жоспар жасау және сабақ өткізу кезінде сыныптың даярлық деңгейін ескере отырып, уақытты ұтымды түрде бөлу, оның көлемі мен оңтайлы түрде қолданылуынойластыру шарт. Осы мәселелерге көңіл аударған жөн. Тексеру кезінде мұғалімнің әдістемелік біліктілігі қалыпты деңгейде болды.

Р.А.Жанайдарова - математика пәнінің екінші санатты мұғалімі. Р.А Жанайдарова өткізген сабақтардың тиімділігі 40-56 %-ды құрады. Тиімділік пайызындағы бұл елеулі айырмашылықтар сабақ барысының әр қилы сипатына байланысты. Мәселен, бірінде сабақтың мақсат, міндеттері белгіленбейді, бірінде балалардың даярлық деңгейі ескерілмейді, тағы бірінде мұғалім сабақты «субъект-объект» тұрғысынан ғана өткізеді. Мысалы, Р. А.Жанайдарованың сабақ өткізу дағдысы әлі берік қалыптаса қоймаған, оқушылардың біркелкі қиындықтарданшығуын әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ете алмайды. Сабақтың құрылымы, кезеңдерінің өзара байланысы өз үйлесімін таба алмай жатыр. Тексеру кезінде мұғалімнің әдістемелік біліктілігі өз деңгейінде болған жоқ. Оқушылардың ауызша есеп шығару қабілетін дамыту жөніндегі жұмыстар дұрыс жүргізілмегені байқалады.

А.Р.Мұзапарова - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Санаты жоқ. А.Р.Мұзапарова өткізген сабақтардың тиімділігі 24-54%-ды құрады. Сабақтар әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс өткізілген жоқ. Барлығы жаңғырту сипатында ғана. Тапсырмалар әр қилы оқулықтардан алынған. Қосымша әдебиеттердің не үшін пайдаланылғанын түсіндіре алмайды. Мұғалім сабақ өткізудің түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдануға, балалардың интеллектуалдық белсенділігін оятуға даяр емес. Оқушылардың жауаптары олардың оқылған материалды ұғынбағандығын, түсініктері атүсті, жаттан-ды, сыңаржақ, тілді білуі шолақ сөйлемдер сипатында ғана екенін керсетеді. Мұғалім әлі пәнішілік және пәнаралық байланыстарды игермеген, шәкірттерді оқытып-үйретудің дифференциялық тәсілін қолданбайды. Сабақта мұғалім көп уақытты өзі сөйлеп алады. Балалар шығармашылық үй тапсырмаларын бір жақты қысқаша сөйлемдер бойынша ғана орындайды. Оқушылардың өздігінен жүргізетін жұмыстарының үлес салмағы тым аз.


А.Г.Акулов – денешынықтыру мұғалімі, жоғары санатты маман, жұмыс өтілі 36 жыл. Сабақтарда жарақаттанудың алдын алу мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінеді. Нұсқама (инструктаж), жөн-жоба беріліп отырады. Сабақтардың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде. А.Г. Акулов өткізген сабақтардың тиімділігі 51-60%-ды құрады. Сабақта әдістемелік талаптар орындалып отырады.

Ю. М. Махпирова – тарих пәнінің мұғалімі. Санаты жоқ. Институтты бітірген уақыты мен педагогикалық қызметті бастаған уақытының арасында үлкен үзіліс бар. Мұғалімнің сабақ тиімділігі 32-40%-ды құрады. Бұл педагогикалық қызметтің төменгі деңгейі болып табылады. Сабақ әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс өткізілген жоқ. Сабақ құрылымдары сақталады, бірақ кезеңдік байланыстары жоқ. Мұғалім сыныпты жеткілікті игере алмайды. Сабақ қызықсыз өтеді. Шығармашылық тапсырмалар сабақ тақырыптары мен мақсаттарына қатыссыз беріледі.

А.Т.Намазбаева - бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Бастауыш сыныптарда сабақ беру әдістемесін меңгерген. Сабақтар ойын элементтерін пайдалана отырып, дәстүрлі жүйеде өткізіледі. Тиімділік 60-80%-ды құрайды.

Ұсыныстар:

Пән мұғалімдері С.Г.Пархоменко, Т.А.Баум, А.Т.Намазбаева, А.Р.Мұзапарова, Ю.М.Махпирова, А.Г.Акулов,Р.А. Жанайдаровалар сабақ өткізудің стандартсыз формаларын зерттеп, үйренуі, сөйтіп оларды оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру практикасына ендіруі, дамыту бағытындағы және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кеңінен қолданулары қажет. Әдістемелік тұрғыдан жұмыс жүргізулері шарт. Бұл орайда жүйелі жоспар жасаулары тиіс.

Пән мұғалімдері Ю.М.Махпирова, А.Р.Мұзапарова, Р.А. Жанайдаровалар сабақ өткізетін пәндері бойынша мемлекеттік стандарттарды зерттеулері, мұғалімдер Н.Н.Волошина, Н.И. Москалева, М.Ш.Исмаиловалардың жұмыс әдістерімен танысу үшін олардың сабақтарына қатысулары қажет. Әр сабақты нормативтік талаптарға сай, әдістемелік тұрғыдан сауатты өткізуге тұрақты әрі мұқият әзірлену шарт. Сабақ жоспарын жасау және оны өткізу кездерінде сол пәнге жетекшілік ететін кафедра меңгерушілері мен оқу ісінің меңгерушілерінен әдістемелік көмек сұрау керек.

Кафедра меңгерушілері А.А.Кобрина, М.Ю.Иянь, әдістемелік бірлестік жетекшісі М.Ш.Исмаилова жас мамандар А.Р. Мұзапарова, Ю.М.Махпирова, Р.А.Жанайдароваларға тәлімгерлер бекітіп, олардың жұмыс нәтижелерін қадағалаулары тиіс.



Мұғалімдер тексеру қорытындыларымен танысты.

5 мектеп-гимназия директоры:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:







    Мектепішілік бақылауға  сай  оқушылардың оқу жылдамдығын  2 тоқсан бойынша 1-4 сыныптарда Ә Б жетекшісі Мусина К.Е.  тексерді.

     1 сыныпта барлығы 5 оқушы. Оқу нормасы 10-20 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3 оқушы нормаға сай – Абылкасымова Айгерім 20-сөз, Рамазанова Кәусар -18 сөз, Саутов Нұрбек -18 сөз, 2 оқушы нормадан жоғары –Исмағұл Аянат -22 сөз, Джилкайдарова Жанбота -32 сөз оқыды.

      2 сыныпта барлығы 2 оқушы  Оқу нормасы 29-40 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 1 оқушы, Әбдрекеева Жәния нормадан жоғары 57 сөз оқыды,1 оқушы, Ашубасар Бексұлтан  нормадан төмен 11 сөз оқыды.

     3 - сыныпта барлығы 5 оқушы. Оқу нормасы 49-60 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында 3 оқушы нормадан жоғары: Қошқарбаев Гүлжайна – 89 сөз,  Макарин Алнұр –78 сөз, Кәкен Әдемі – 67 сөз оқыды, 1 оқушы нормаға сай: Шерьезданов Аслан – 52 сөз оқыды. 1 оқушы нормадан төмен:, Нығметола Рахмет  42 сөз  оқыды.

     4-сыныпта барлығы 5 оқушы. Оқу нормасы 69-80 сөз. Оқу жылдамдығын тексеру барысында барлық  5оқушы да нормадан жоғары оқыды. Анапина Медина – 113 сөз,  Бименді Арафат – 100 сөз, Рамазанова Жанель – 89 сөз, Иманжусупова Еркежан -87 сөз, Нығметола Нұрахмет – 83 сөз. 

 Ұсыныс: оқу жылдамдығы қорытындысы бойынша аталған сынып мұғалімдеріне ұсыныс.

1.     Жақсы оқитын оқушылармен жұмысты жалғастыру;

2.     Қосымша әдеби кітаптар оқыту,

3.     Кітапхана сағаттарын ұйымдастыру;                     

4.     Оқу жылдамдығы төмен оқушылармен ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс өткізу.