Файл: Кмм .айсенова атындаы орта мектебі ылыми жоба таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КММ «Қ.Қайсенова атындағы орта мектебі»
Ғылыми жоба тақырыбы:
“ Жалпақтабандылық мәселелері ”
Орындаған: 6 сынып оқушысы Санатбек Нұрүстем
Жетекшісі: Жақыпбеков Мағжан
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ..........................................................................................5
І тарау. Жалпақтабандылық және оның себептері................6
1.1Жалпақтабандылық................................................................6
1.2 Тірек – қимыл жүйесінің бұзушылықтар себептері.........7
ІІ тарау Зерттеу бөлімі................................................................10
Қорытынды...................................................................................15
Әдебиеттер тізімі...........................................................................20
Кіріспе
Жалпақтабандылық - бұл баланың тірек-қимыл жүйесінің функциясын айтарлықтай нашарлататын, ауыр ортопедиялық ауру болып табылады. Жиі жағдайда жалпақтабандылық омыртқа жотасының қисаюы, жамбас сүйегінің орналасуындағы бұзылыстар және жүрістің өзгеру себептерінің бірі болып табылады. Көрсетілген өзгерістер баланың жалпы денсаулығына теріс әсер етеді, яғни физикалық жүктемеге төзімділікті азайтады,еңбек өнімділігін төмендетеді және көңіл-күй нашарлауына әкеледі,сонымен қатар бас ауруын, ашушаңдық,алаңғасарлық, шаршау сезімдерін тудырады.Емдік дене шынықтыру жаттығуларын су процедуралары, беріктендіру, тиімді тамақтану, қалыпты қимыл-қозғалыс қалыптастырумен ұштастыра отырып жүргізу және бала жасына сай аяқ киім киіп жүру, егер ауру туындаған жағдайда арнайы аяқ киім немесе ортопедиялық ұлтарақ пайдалану емдік жаттығулар тиімділігін арттырады.
Жобаның мақсаты; Жалпақтабандылық деген не, қандай белгілері бар екендігін, жалпақтабандылықты қалпына келтіру және емдеу жолдарымен оқып танысу;
*Оқушылар арасында зерттеу жүргізу арқылы жалпақтабандылықты анықтау және қалпына келтірудің негізгі әдістерін үйрену;
Жобаның міндеттері:
-Тақырып бойынша әдебиеттер оқу;
- Оқушылардың арасында жалпақтабандылық бар немесе жоқ екендігін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-Зерттеу нәтижесінен қорытынды жасау;
- Жалпақтабандылықты қалпына келтіру мен емдеу әдістерімен танысу;
-Зерттеу жұмысының қорытындысын шығару. Оқушылардың арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу.
Ғылыми жаңалығы:
Мен осы жұмысым арқылы оқушыларға, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізбекшімін. Тиімді іс атқарсақ, жалпақтабандылыққа аса қатты мән беру керектігін әрбір азамат білуге тиіс деп есептеймін.
Өзектілігі: Табанымыздың, аяғымыздың саулығы –біздің барлық дене мүшеміздің саулығы. Табанымыз сау болса,адамның жүрісі де дұрыс болады. Жүрісі дұрыс болған адамның қан тамырлары мен бұлшық еттері де сау болады. Қан тамырлары мен бұлшық еттерінің жұмысы дұрыс болса, адамның ішкі құрылысы да дұрыс жұмыс жасайды.
Зерттеу тәсілдері: — сауалнама; — бақылау;;сұхбаттасу; қосымша әдебиеттермен жұмыс;
І тарау. Жалпақтабандылық және оның себептері.
1.1Жалпақтабандылық
Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан.
Статикалық жалпақтабандылық басқа түрлерге қарағанда көп кездеседі. Бойлық жалпақтабандылықтың кейде көлденеңмен үйлеседі. Статикалық жалпақ табандылықтың себебі ішкі және сыртқы болады және олар жиі үйлеседі. Сыртқы себепке шамадан тыс уақытта тұрып жүру (мысалы, шаштараздарда) жөнсіз аяқ киім кию. Ішкі себеп – бұл тұқымқуалаушылық, жорамалы (мысалы, тірек-қимыл жүйесінің бастапқы әлсіздігі) мұндай балаларда жүргеннен бастап, кейін жыныстық жетілу мен қарқынды өсу кезінде жалпақтабандылық қалыптасады.
Рахиттік жалпақтылық – рахит ауруы кезінде қалыптасады. Бұл кезде сүйек жұмсақ болады. Жүріп бастаған кезде жүк түсіп сол себептен жеңіл деформацияланып, бүлінеді.Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады. жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башайы қисаяды.
Травмалық жалпақтылық – жіліншек пен басқа да табан сүйектерінің сынғаннан кейін дұрыс өспеуі нәтижесінде және табанды берік қылатын бұлшық етпен байламдардың жарақаты.
Паралитикалық жалпақтабандылық бұлшық еттің парализденуінен пайда болады. Бұрын бұл полиомиелитпен ауырғаннан кейін кездесті, жалпақтабандылық әр түрлі болуы мүмкін. Туа пайда болғаннан бастап жарақаттан пайда болғанға дейін кездеседі. Жалпақтабандылық көптеген жағымсыз әсер тудыруы мүмкін.
Табан ауруында бұл үлкен орын алады. Бір қызығы, бұл ауру жұмысты отырып істейтін және тұрып жасайтын мамандықтарда кездесе береді. Бұл аурудың алғашқы белгілері балтыр аймағында сезіледі. Ол ұзақ жүруден, секіруден, жүгіруден пайда болады. Таңертең ұйқыдан кейін ауру басылады.
Табан деформациясының даму шамасынан ұзарады, жалпақтана бастайды, ортаңғы жері төменмен түседі. Балалар көп қозғалғыш ойындарды ойнауды қойып, көбінесе жатар алдында аяқтың ауыратынына шағымданады.
Жалпактабандылықтың алғашқы белгілері
-Егер аяқ киіміңіз ішке қарай басылған болса
-Аяғыңыз жүрген кезде тез шаршайтын болса
-Адам аяғымен ұзақ уақыт тұрып аяққа күш түсіп жұмыс жасағанда
-Тар немесе өкшесі биік аяқ киім кигенде жүру қиындайды
- Аяқ ісініп ,бір размер үлкен аяқ киім алуға тура келеді
-Табанның көлемі үлкейюі салдарыныан аяқ киімге симай қалады
Жалпақ табанды қалай анықтауға болады
Бұл ұшін майлы крем және бір парақ қағаз алу керек.
Сосын табаныңызды креммен майлап, қағазды басыңыз.
Барлық табанға сүйеніп, түзу тұрыңыз, өйткені нәтижесі қате болуы мүмкін.
Енді ізіңізді мұқият қараңыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында
табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады.
Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді.
Жалпақтабандылықтың асқыну себептері
-Табан, тізе жамбас,арқа сүйектерінің ауруы
-Жүрістің ауырлауы,аяқ бұлшық еттерінің дұрыс дамымауы
-Табандағы сүйектердің ауыруы өкше шпоры,сүйелдер және әсіресе бірінші башпай өзгеріске ұшырап «сүйек» пайда болады .
-Тізе буын сүйектерінің пайда болуы,жамбас сүйектерінің ауыруы,омыртқа сүйектерінің ауыруы (остеохондроз, омыртқааралық бұзылу, радикулит)
1.2 Тірек – қимыл жүйесінің бұзушылықтар себептері.
Жалпақтабандылық себептері: туа біткен ауытқушылық (11,5 % барлық табан ауытқулары), мешел ауруы салдары, жүйке жүйесі аурулары (сал, аяқ парезі, жалпы бұлшық ет гипотониясы және т.б.), табан жарақаты(табан,тобық сүйектері сынықтары, жүйке жүйесі зақымдануымен сіңір, бұлшықет жарақаттары), жиі немесе созылмалы аурулар, генетикалық бейімділік және жеткіліксіз статикалық жүктеме, мысалы бұлшықет тонусы бұзылған балалардың аяқ киімді дұрыс кимеу салдары. Әдетте, бірнеше себептер кешенді түрде қатар жүреді. Жалпақ табандылықтың алдын алуды ерте жастан, яғни баланың табан байланысы құрылуы қарқынды түрде қалыптасатын балалық шақтың алғашқы 7 жылына дейін жүргізілуі тиіс. Жалпақ табандылық түрлері бойынша түзетуде емдік дене шынықтыру жаттығулары жетекші орын алады, оның ішінде функционалдық терапия басым. Емдік жаттығулар міндеттері: табанның негізгі функцияларын дамыту; жүріс кезінде табан орналасуын,қимылын дұрыс қолдану; табанның қысқа бұлшықеттері ұзындығын азайтып, тонусын жоғарылату; табан буындарықызметін арттыру; қан айналымын жақсарту; қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жақсарту.Егер тәулігіне бірнеше рет, яғни таңертеңгі және күндізгі ұйқыдан соң жалаң аяқ тізе, табан және башпай бұлшықеттерін нығайту және дамытуға арналған арнайы түзету жаттығулары үлкен әсер етеді.
Табан күмбезінің жалпаюы – жалпақтабандылық деп аталады. Адамда жалпақ табандылықтың дамуы дене салмағының ұлғаюы салдарынан спортсмендерде жүктемені шектен тыс түсіру нәтижесінде пайда болады. Жалпақтабандылық себебі еңбекпен тұрмыс шарттарына сәйкес келмейтін аяқ киім киюден де болады. Жүрген кезде адам денесі көптеген соққыға ұщырайды, ол табан серпінділігіне сәйкес келеді.Жалпақтабандылық басқа табан деформацияларына қарағанда жиі кездеседі – 89,53 ℅, соның ішінде көлденең жалпатабандылық-55,23℅, ал тік жалпақтабандылық 29,3℅, балға тәрізді саусақтар 9,9℅ құрайды.
Аяқ басының серпінділік қызметін көлденең және тік күмбездер атқарады,ол сүйек, буын және табан бұлшықеттерінің күрделі жүйесінің арқасында іске асады. Бұлшықет – байлам аппаратының күш түсуі кезінде күмбездердің бірінің немесе екеуінің де жалпақтануы дамиды.
С.Ф.Годуновтың айтуы бойынша ерте мектеп жасынан балаларда жалпақтабандылықты даму фазасы ретінде қарастыруымыз керек. Өсу деңгейіне байланысты жалпақтабан көп балаларда 7-8 жасында жоғалады,ал табан қызметі қалпына келеді.Туа біткен және жүре пайда болған жалпақтабандылықта болады. Туа біткен жалпақтабандылық сирек кездеседі. Әдетте бұл тік жалпақтабандылық, ол табан пронациясымен бірігеді (жалпақ вальгусты табан). Бұл жалпақтабандылықтың себебі табан элементтерінің құрсақ ішілік дұрыс дамымауы. Туа біткен жалпақтабандылықты 5-6 жасында ертерек анықтау қиынға соғады, өйткені осы жастан барлық балаларды жалпақтабанның барлық элементтері анықталады. Дегенмен 3℅ жағдайда жалпақтабандылық туа біткен болады. Жүре пайда болған жалпақтабандылық себебі - аяқ бұлшықеттерінің салдануы мен әлсізднуі, жарақаттан кейін асқыну, кальций-фосфор алмасуының бұзылуы, рахит. Жүре пайда болған жалпақ табандылық тік (табанның тік күмбезінің жалпаюы) және көлденең (табанның алдыңғы бөлімінің өзгеруі) болуы мүмкін. Егер тік және көлденең күмбездердің жалпаюы болса , онда комбинирленген жалпақ табандылық туралы айтуға болады. Көлденең жалпақтабандылық кезінде табанның көлденең күмбезі жалпаяды, оның алдыңғы бөлімі барлық бес табан сүйектерінің бастарына тіреледі, ал қалыпты жағдайда 1 және 5-ші табан сүйектеріне сүйенеді, аяқ бсыны ұзындығы табан сүйектерінің веер тәрізді ажырауынан, 1-ші саусақ сыртқа қарай шығыңқы тұруы және ортаңғы саусақтың балға тәрізді түрге ену деформациясы байқалады. Көлденееңжалпақтабандылық табанның түзу проекциясына күш түсіру арқылы рентгенограммада анықталады.Табанның тік проекциялық рентгенограммасы вертикаль бағытта өлшемдері13*18 немесе 18*24 см таспада жасалады.Адам аяғымен таспаның үстіне орындыққа сүйене отырып тұрады. Орталық сәуле вертикаль бағытта таспаның ортсына қарай бағытталады. Көлденең күмбезде 1-ші саусақ пен 1-ші табан сүйегі остерінің арасындағы бұрышты анықтайды.
Қалыптыда ол15˚. Жалпақтабанды адамдар аяқтарын ажыратып, тізесін әлсіз бүгіп, қоларын бұлғап жүреді. Оларда әдетте табанның ішкі жағы тозады. Жалпақтабандылықты нақты анықтау үшін дәрігер – ортопедке қарлукерек.
Жалпақтабандылық дене салмағымен тікелей байланысты:дене салмағы ауыр болса, аяқ басына үлкен күш түсіп, жалпақтабандылық ұзыннан болады.
Бұл патология көбінесе әйелдеде кездеседі.Тік жалпақтабандылық әсіресе 16-25 жаста, алкөлденеңжалпақтабандылық 35-50 жастакездеседі.
Әлсіз көрінген жалпақтабандылық кезінде (І-дәреже) физикалық күш түсуден кейін аяқ шаршайды, өкшеге басқанда ауырсынады. Жүрісі өзгереді. ІІ-дәрежедегі жалпақтабанды адамдарда ауырсыну тек өкшеде ғана емес, сонымен қатар балтыр аймағында сезіледі. Ол қатты және жиі ауырады. Табан бұлшықеттері серпінділігін жоғалтады, жүрісі өзгереді.Жалпақтабандылықтың ІІІ-ші дәрежессі – табанның сыртқы айқын деформациясы.
Әдетте науқастар дәргерге осы дәреже де барады. Өйткені табанда, балтырда ауырсыну, ісіну. Сондай-ақ тізе буындарда жиі сезіледі.Әсіресе белде қатты ауырсыну болып, бос ауырсыну ппайда болады. ЖалпақтабанныңІІІдәрежесінде спортпен айналысу мүмкін емес, жүрісі өзгеріп, баяулайды, қиындайды. Әдеттегі аяқ киіммен адам жүре алмайды.Жарақаттық жалпақтабандылық табан буынын немесе өкше сүйектерін сындырғаннан кейін пайда болады.Салданған жалпақтабандылық аяқ басы бұлшықеттерінің мен балтырдан басталатын бұлшықеттердің салдануынан, мысалы полиомиелиттен кейін дамиды. Ересек балалармен аяқ ұшымен немесе өкшемен жүру, табанның ішкі және сыртқы бетімен аяқ ұшымен (бір уақытта башпайлар еден бетінде қалады) жүру, аяқ башпайлары көмегімен табанды алға және артқа қозғай отырып «жылжыту» сияқты қарапайым жаттығулардан тұратын әр түрлі элементтерді пайдалана отырып ойындар жүргізуге болады. Диаметрі шамамен2 см болатын гимнастикалық таяқшаны қолдана отырып табанды сырғанату, жүру, табанмен әр түрлі көлемдегі нысандарды жинау, қалың арқанды тарту пайдалы. Гимнастикалық жаттығулар,массаж, ортопедиялық ұлтарақтар және түзетуші аяқ киімдер арқылы жалпақ табандылықты емдеуге болады.
Елімізде жалпақ табанының кесірінен әскер қатарынан шеттетіліп, азаматтық борышын өтей алмай жүрген азаматтар көп. Тепсе темір үзетін жас жігіттердің жалпақ табан болуының себебі әр түрлі. Мамандардың айтуынша, жалпақ табан кейбіреулерде туа бітсе, енді біреулерде жүре пайда болады екен.Ата-анасы жалпақ табаннан зардап шеккен баланың да табан кемшілігімен тууы әбден мүмкін. Ал жүре пайда болған жалпақ табан көбінесе жарақаттардан немесе сынған тобықтың дұрыс бітпеуінен болатын көрінеді.