Файл: Кмм .айсенова атындаы орта мектебі ылыми жоба таырыбы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 24
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІ тарау Зерттеу бөлімі
Зерттеуге мектеп дәрігерімен кеңесе отырып төмендегідей дәрежедегі оқушыларда анықтадық.
І-дәреже физикалық күш түсуден кейін аяқ шаршайды, өкшеге басқанда ауырсынады. Жүрісі өзгереді.
ІІ-дәрежедегі жалпақтабанды адамдарда ауырсыну тек өкшеде ғана емес, сонымен қатар балтыр аймағында сезіледі. Ол қатты және жиі ауырады. Табан бұлшықеттері серпінділігін жоғалтады
ІІІ-дәрежесі – табанның сыртқы айқын деформациясы бар яғни жалақтабандылық белгісі бар оқушыларды анықтап алып,ем-шаражүргізіуді бастадым.
| Ауыл 80 оқушы | 1-4 сынып 30 оқушы | 5-8 сынып 20 оқушы | 9-11сынып 15 оқушы |
1-ші дәреже | 1 | 3 | 2 | 5 |
2-ші дәреже | 2 | 2 | 3 | 1 |
3-ші дәреже | 5 | 2 | 3 | 4 |
15.09.2022жыл 6-сынып оқушысы Қайратқан Балжан өз қызығушылығымен, анасының келісуімен зерттеуге алдық.Дәрігерлік анықтамасымен толық танысқаннан кейін оқушыда жүре пайда болған жалпақтабандылықтың 2-ші дәрежелілігі анықталып жаттығу жұмыстарын мектеп дәрігерінің көмегімен жүргізе бастадық.
Жалпақ табандылықты түзететін жаттығулар
1.Бастапқы қалып –орындықта отыру. Аяқтарды тізеде бүкпей ,әуелі аяқ саусақтарын, содан соң өкшені еденге дейін тигізу керек.4-6 рет қайталау керек.
2.Бастапқы қалып орындықта отыру.Аяқ саусақтарымен жерде шашылған қарындаштарды жинау.
3. Бастапқы қалып бір аяқта тұру, екінші аяқтың саусақтарымен еденде жатқан орамалды көтеру.Кезектестіріп 4-6 рет қайталау.
4. Бастапқы қалып бір аяқта тұру. Екінші аяқпен едендегі допты айналдыру.Кезектестіріп 6-8 рет қайталау.
5. Бастапқы қалып еденде отыру.Қолмен еденге сүйеніп, екі аяқпен едендегі допты неғұрлым жоғары көтеру.4-6 рет қайталау.
6. Бастапқы қалып түрегелу. Табандар арасында допты қысып, еден үстінде 15-20 қадам жасауға тырысу.
Осы жаттығуды 2 ай бойы қайталап отырдық.
15.09.2022-30.09.2022ж .Сабақ уақыты кезінде ата-анасымен кеңесе отырып төмендегідей жаттығулурды қайталауын қадағалап отыруын талап еттік.
1.Кешке таман аяқты түймедақ суына не болмаса теңіз суына салып отыруға кеңес бердік. Бұлардан кейін аяқты салқын сумен жуып немесе мұзды бассаңыз, шаршағаныңыз кетеді, тіпті оның болғанын да білмей қаласыз.
2.Суға жумай тұрып кішкене массаж қолданғанымыз жөн болады. Ол үшін ең алдымен табанды жайлап сипап, сосын жұдырықпен немесе үлкен саусақпен табанның барлық жерін басып уқалау керек.Жалпақтабандылық кезінде бір күнге 10 минут қана гимнастикаға жеткілікті болады.
3.Дүкеннен екі массажды кілем алыңыз. Біреуін жуынатын бөлмеге төсеп қойыңыз. Жуынға уақытта немесе тіс тазалағанда кілемде жалаң аяқ тұрып,аяғыңызды қозғап бірнеше қарапайым жаттығу жасаңыз.Аяқ ұшымен тұру,табанның екі жанынан тұру жаттығуларын қайталап отыру қажет.
4.Екіншісін ас үйде газ плитасының алдына жайып қойып, қолданыңыз. Күніне бірнеше рет жалаң аяқ кілемшеге тұрып, келесі қимылдарды жасаңыз:
•аяқтың ұшына тұрыңыз;
•аяқтың ұшынан өкшеге қарай сырғанаңыз;
•табаныңыздың сыртымен тұрыңыз
5. Табиғат аясында жүргенде, жерде, дым-қыл шөпте, таста жалаң аяқ жүруге тырысыңыз. Жүрісіңізге назар аударыңыз: аяқты қатар қоюға тырысыңыз, ал жүрген кезде табанның сыртына сүйеніңіз.
28.09.2022ж. Ортопед дәрігермен кеңесе отырып арнайы супинатор ұлтарақтар жасалды.Мұндай ұлтарақтар табанды қалыпқа келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақтарды туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама жеңілдетеді және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі. Фитотерапевтармен кеңесе отырып өсімдік тұнбаларын және өсімдік жақпа майларын кешқісінуқытылы пайдаланып отыруға кеңес берілді.
Фитотерапевтардың кеңесі бойынша ұзақ уақыт биік өкшемен жүрер алдында,мыңжылдық өсімдігінің қайнатпасын ішу керек,ол үшін мыңжылдық өсімдігінің 1 шай қасық құрғақ түрін 1 стакан қайнап тұрған суға салып 10-20 минут кейін сүзіп құйып алып,2 ас қасықпен күніне 3 рет тамақ алдында 2-3 апта ішу керек.
Кешкісін үйге келгеннен кейін аяқты жақсы етіп тазалап және аяқтың шаршағанын кетіру қажет.
Ол үшін күнделікті ішіп жүрген қара шайдың 2-3 ас қасығын суға қайнатып 5-7 минуттан кейін тұнбаны тазиктегі жылы суға құю керек.
-аяқты суға батырып 10-15 минут отыру
-аяқты құрғатып жұмсақ орамалмен сүрту
-кастра майын жағып,жұмсақ носки кию
Анкета қортындысы
Анкетаға 80 оқушы қатысты. Қ.Қайсенов орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларына жүргізілген анкета қортындысы төмендегідей ақпаратты анықтады.
Ж ынысы
Анкетаға қыз балаларға қарағанда,ұл балалар көп қатысты.
Қазір қандай аяқ киім киіп жүрсіз
Оқушылардың көпшілігі туфли кигенді ұнатады.
Аяқ киім тақасының биіктігі.
Тірек-қимыл жүйесіне кері әсер ететін тақасы жоқ аяқ киімдікөп оқушы киеді.
Аяқ киімді жиі ауыстырасыз ба
Көпшілігі маусым сайын ауыстырады.
Аяғыңыздың ауыратын кезі болама
Жоғары сынып оқушыларының аяқтары жиі ауырады.
Аяғыңыздың құрысып қалатын уақыты болама
Жоғары сынып оқушыларында жиі кездеседі.
7-11 сыныптарға жүргізілген анкетаның орташа қортындысы
Қорытынды.
Жоғардағы диаграммаларға қарап мынадай қортынды жасауға болады,біздің оқушыларымыз аяқтарына жақсы күтім жасағанмен,жас кездерінен бастап аяқ киімді дұрыс таңдамағаннан көп оқушыда аяқтары жиі ауырады,аяқ құрысулары немесе жалпақтабандылық болуы мүмкін.Емдік дене шынықтыру жаттығуларын су процедуралары, беріктендіру, тиімді тамақтану, қалыпты қимыл-қозғалыс қалыптастырумен ұштастыра отырып жүргізу және бала жасына сай аяқ киім киіп жүру, егер ауру туындаған жағдайда арнайы аяқ киім немесе ортопедиялық ұлтарақ пайдалану емдік жаттығулар тиімділігін арттырады.
Жалпақтабандылық салдарынан өсіпбітетін тырнақ дамиды.Табан, тізе,сан, арқада ауырсыну жүреді.Аяққа отырғанша, сәл иілу және отырған кезде тепе-теңдік сақтау қиын. «Ауыр» жүріс, яғни жүру кезінде қорбаңдау. Деформацияланған табан (жалпақтабан, қисық, пропорциясыз аяқ саусақтарының ұзаруы, үлкен саусақтағы сүйек, кеңейген табан), тізе (сыртқа немесе ішке қараған), сан (шыққан). Пропорциясыз дамыған және дамымаған аяқ бұлшықеттері. Жалпақтабандылықты массаж арқылы емдеу. Массаж –жалпақтабандылықты емдеудің жақсы бір тәсілі болып табылады. Ол ауырсынуды басып,лимфа- және қан айналуды жақсартады,әлсізденген бұлшықеттерді қатайтады.
Массажды келесі тізбек арқылы жүргізу қажет:балтыр бұлшықетінің массажы,балтырдың сыртқы жағының массажы,табанның ішкі жағының массажы,табанныңмассажы.Сондықтан жалпақтабандылықтың барлық
алдын алу шараларын әр адам орындауы тиіс.Егер жалпақтабандылық ауруына душар болса,тез арада ортопед дәрігерге барып,барлық емделу шараларын қолданғаны жөн.XIX-ғасырдың аяғында өмір сүрген неміс дәрігері С.Кнейптің берген кеңесі кездойсақ емес: «Ең жақсы аяқ киім- ол аяқ киімнің болмауы.Жалаң аяқ жүрген әрбір қадам-өмірдің артық минуты»
Ұсыныстар:
1.Оқушыларға жалпақтабандылықтың себептері,алдын-алу жолдары туралы жадынама тегін таратылса.
2. Сымбаттың бұзылуы, жалпақтабандылықтың алдын алу туралы мектеп бағдарламасына арнайы бір сағат енгізілсе.
3.Бейне роликтер көше теледидарынан көрсетілсе.
4.Қазақстанға келетін немесе шығарылған аяқ киім сапасы жете тексерілсе.
Қосымша 1
Аяқ киімге арналған медициналық шарт
Аяқ киім – адамның киімінің бір бөлшегі болып саналады және аяқты жағымсыз, сыртқы қатынастан қорғау үшін жасалған. Аяқ киім қолдануына қарай тұрмыстық және арнайы – спроттық, медициналық, өндірістік болып бөлінеді.
Тұрмыстық аяқ киімге келесі негіздер міндеттеледі: аяқ киім жеткілікті бос болу керек. Күнделікті аяқ киім табанға ауыр келтірмеу қажет, шұлық аяқтың бармақтарына сай келу қажет, аяқ киімнің табаны иілімді, арт жағы қатты болу қажет; шұлықтың тарылуы аяқтың бармақсыз бөлігінде ғана болады. Рационалсыз аяқ киімдер кіші балалрдың жастарында олардың табанының өсуіне кедергі келтіреді. Тығыз және тар аяқ киімдерді көп киген адамдардың аяғында өзгерістер болуы мүмкін, аяқтағы қанның дұрыс айналмауына соғуы мүмкін; салқын уақыттарда аяқ киім жылдам салқындауы, қатаюы мүмкін. Тым кең аяқ киім аяқтың жараларының шығуына жол ашады.
Соңғы кездегі сән тенденциялары – аяқ киімнің тұмсығы ұшты болып келуі ортопедтерді алаңдатуда. Олар бұның алдын алу үшін олар түрлі кеңес беруде. Ең ыңғайлы аяқ киім кең табанды, жартылай тақалы (ер адамдар үшін 2-3 см, әйел адамдар үшін 2-4 см, мектеп жасындағы және кіші сыныптарда оқитын балалар үшін 1-2 см, жоғары сынып оқушыларына 2-3 см). Тым биік тақалы аяқ киімдерді киюге кеңес берілмейді, себебі бұл аяқ киім аяқтың бұлшық еттерінің қысылуына әкеледі. Бұл аяқ киімдер адамның омыртқасының қисаюуына әкелуі мүмкін. Ерекше мәнге ие болатын аяқ киімдер жылыны сақтай алатын аяқ киімдер болып саналады, себебі олар түрлі ауа райының өзінде жылыны сақтай алады. Ең тазалық сақтай алатын аяқ киім былғары аяқ киім болып саналады, себебі олар иілгіш және ауа кіргізе алады.
Суық ауа райының шарттарында жылытады. Жаздық аяқ киімде жеткілікті түрде ауаның ауысымы қамтамасыз етілуі қажет.
Өндірістік аяқ киім аяқты әртүрлі зиянды заттардан қорғау қызметін атқарады.
Жұмысқа арналған етік пен жартылай етік ыстық цехтарда дайындалады. Ылғал мен судан қорғану үшін резеңке етік пен былғарыдан жасалған етік қолданылады, суықтан қорғану үшін – жүннен жасалған аяқ киім, қалың келген үлкен жүнді аяқ киімдер, арнайы тігілген суық өткізбейтін материалдардан тігіледі. Электр сымдарымен жұмыс кезінде электр өткізбейтін етіктер пайдаланылады. Бұндай аяқ киімдер 5°-20°С температуралы қараңғы жерлерде, ылғалдылығы50-70% болатын қоймаларда сақталады. Олардың электр тогын өткізбейтінің 6 айда 1 рет тексеріп тұрады. Әртүрлі химиялық заттардан қорғану үшін арнайы тігілген резеңке аяқ киім қолданылады, оған ерекше күтім керек, мысалы айтқанда жұмыс аяқталған соң міндетті түрде сумен жуу керек. Бұл аяқ киім де 0°-20°С-қа дейінгі температурадағы қараңғы жерлерде сақталуы қажет. Механикалық жарықтардан сақтану үшін ішкі немесе сыртқы жағына металдық шұлық қолданылған аяқ киімдерді кию керек.
Радиактивті нәрселерге жұмыс кезінде арнай резеңке етік резеңке және пластикалық бахилдар қолданылады. Бұндай аяқ киімдерді арнайы жерлерде сақтайды, әркез тексерістерден өтіп тұрады, арнайы рұқсатсыз сыртқа шығаруға тыйым салынады.
Спорттық аяқ киім өзінің атына сай спорттық шарттарға байланысты дайындалуы қажет. Туристердің, шаңғышылардың, альпинистердің аяқ киімдері өте үлкен жылусақтағыш меншіктермен және бос кеңістігімен қамтамасыз етіледі. Альпенистерге арналған аяқ киім өте қалың теріден екі қапталып тігіледі. Шаңғышылардың аяқ киімі – жеңіл, икемді болып келетін, трамплиннен секіргіштерге – биік, қалың, майыспайтын тақадан және арнайы белбеуден дайындалады. Жеңіл атлетиктердің аяқ киімдері – жеңіл, қатты шұлықтарсыз және дөрекі тігістерсіз болуы керек және олар серпімді теріден аяқты толық жауып тұратындай тігіледі.
Ортопедиялық аяқ киім аяқ сүйектерінің қисықтығына байланысты пайдаланылады және ол шамалы түрде жеңіл, серпімді, берік болуы қажет.
Қосымша 2
Тірек – қимыл аппаратың істен шығуына байланысты арналған ұсыныс.
Жалпақтабандылықты массаж арқылы емдеу.
Массаж –жалпақтабандылықты емдеудің жақсы бір тәсілі болып табылады. Ол ауырсынуды басып,лимфа- және қан айналуды жақсартады,әлсізденген бұлшықеттерді қатайтады.Массажды келесі тізбек арқылы жүргізу қажет:балтыр бұлшықетінің массажы,балтырдың сыртқы жағының массажы,табанның ішкі жағының массажы,табанның массажы,балтыр бұлшықетінің массажы,табан массажы.Балтыр бұлшықетінің массажы.Балтыр бұлшықетінің массажын жасар алдында,массаж жасалатын адамды екі бетімен жатқызып,балтыр табан буындарының астына валик салу керек.