Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 206
Скачиваний: 0
СОДЕРЖАНИЕ
№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері
2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері
Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары
№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары
3.1 Теория және зерттеу байланысы
3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде
3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру
3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)
№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау
14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу
14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау
Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері
-
қоршауға алынған латынша "С" әрпi; -
айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 3) туындының алғаш жарияланған жылы.
Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленушi туындыға айрықша мүлiктiк құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
-
Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi. -
Өзге дәлелдер болмаған жағдайда туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы деп саналады. -
Туынды жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған жағдайда (автордың бүркеншiк аты оның өзi екенiне күмән туғызбайтын жағдайды қоспағанда), туындыда есiмi немесе атауы көрсетiлген баспагер өзге дәлелдер болмаған кезде осы Заңға сәйкес автордың өкiлi болып табылады және оның өкiл ретiнде автордың құқығын қорғауға, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ереже сондай туындының авторы өзiнiң кiм екенiн ашқанша және өзiнiң авторлығын мәлiмдегенше қолданыла бередi. -
Егер өзiн жарияланбаған туынды қолжазбасының авторымын деп санайтын жеке тұлға оны басқалардың заңсыз пайдалануына немесе иемденiп кетуiне жол бермеу үшiн сақтауға өткiзудi қажет деп тапқан жағдайларда уәкiлдiк берiлген орган қолжазбаны қабылдап алуға мiндеттi, ол туралы қолжазбаны өткiзген адамға оның түскен мерзiмi туралы анықтама берiледi.
Қолжазбаларды тапсыру, қабылдау және сақтау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Тең авторлар
-
Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
-
Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ. -
Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты АҚжСҚ Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi
-
Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. -
Авторлық құқығын, оның есiмiнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шек қойылмайды.
5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы
-
Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық игiлiкке айналғандығын бiлдiредi. -
Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды кез-келген адам авторлық сыйақы төлемей еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiнiң құқығы мен оның беделiн қорғау құқығы сақталуға тиiс. -
Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың шығармашылық қызметiне ықпал ету, олардың материалдықтұрмыстық жағдайларын жақсарту мақсатында авторлардың кәсiби қорына немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерікті.
Авторлық құқықты тіркеу
"Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оны жасау фактісіне байланысты туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеу, туындыны өзге де арнайы ресімдеу немесе қандай да бір формальдылықты сақтау талап етілмейді.
Осыған байланысты авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу рәсімі міндетті сипатта болмайды.
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "ҰЗМИ" РМК) "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" қызметін көрсетеді.
Туындының авторы немесе оның сенімхат бойынша өкілі ЭЦҚ арқылы https://egov.kz/немесе https://kazpatent.kz/веб-порталда авторланады, онда міндетті алаңдарды (ЖСН, туындының атауы, шығарылған күні және объектінің түрі) толтырады, өтінішті қалыптастырады және туындының данасын тіркейді.
Туындының данасы ретінде өтінішке – эскиздер, сызбалар, суреттер немесе фотосуреттер, ал ЭЕМ-ге немесе дерекқорға арналған бағдарламаларға қатысты бағдарламаның немесе дерекқордың атауын, автордың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын, функционалдық мүмкіндіктерін, бастапқы кодын (бастапқы мәтінді), негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін, іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын реферат қоса берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушы діни мазмұндағы туындыларға қатысты дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесін қосымша ұсынады.
Құрамдас немесе туынды шығармаға қатысты көрсетілетін қызметті алушы түпнұсқалық туындының авторымен(дарымен) немесе құқық иеленушімен жасалған авторлық шарттың көшірмесін қосымша ұсынады.
Егер құрамдас туындыда қорғау мерзімі өтініш беруші өтініш берген күні аяқталған басқа авторлардың туындылары пайдаланылған жағдайда, авторлық шарт талап етілмейді.
Туынды шығарма жасалған туындыны қорғау мерзімі аяқталған жағдайда, негізгі туындының авторымен авторлық шарт ұсыну талап етілмейді.
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» РМК директорының 2019 жылғы 03 қаңтардағы №02 бұйрығына сәйкес, авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың Мемлекеттік тізіліміне мәлімет енгізу үшін белгіленген мөлшерде төлем алынады.
Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта
Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)
-
Зияткерлік меншік құқық түрлерін сипаттап көрсетіңіз. 2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай) -
Авторлық құқық объектілерін сипаттап көрсетіңіз және ерекшеліктерін талдаңыз.
3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)
3. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналу маңыздылығын бағалаңыз
СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:
-
Зияткерлік меншік мәні мен түрлері -
Шетелде зияткерлік меншік құқығын қорғау ерекшеліктері
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
-
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б. -
Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК
"Дәуір", 2016. – 456 б.
-
Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с. -
Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.
Пайдалы сілтемелер:
-
ҚР Азаматтық Кодексі. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_#z19 -
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z960000006_
-
https://kazpatent.kz/