Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 195

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)



1 Лекция. Тақырыбы: Қоғамның дамуындағы ғылымның ролі және ғылыми зерттеулер

Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғылыми іс әрекет дегеніміз не, оның таным процесінің ерекше формасы екенін көрсетіп, мақсаттары мен ерекшеліктері, маңызы мен мазмұны жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

    1. Ғылым тұжырымдамасы

    2. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

    3. Ғылыми шығармашылық.

    4. Ғылыми зерттеулерді анықтау және жіктеу



1.1 Ғылым тұжырымдамасы

Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.

Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.

Ғылым – әлеуметтік құбылыс. Оның негізгі мақсаты - жаңа білім алу, олардың дамуы және жаңа әдістері мен осы мәселені шешу үшін қаражат құру болып табылады. Әлемде және адамзаттың қоғам туралы өз білімдерін арттыруға бағытталған адамдардың психикалық қызметі ретінде бірқатар жұмыстарды қарастыратын ғылым. Ғылым, сондай-ақ жаңа шындықтар туралы ақпаратты жинау, талдау және өңдеу үшін кешенді ақпараттық жүйе болып саналады.

Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, мәдениеттте, жаратылыстану ғылымдарында, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.

Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.

Ғылымның екі негізгі функциялары бар: ақпараттық және практикалық.
Бұрын жинақталған білім және жүйе ретінде бұл мүмкіндіктер ғылымға сәйкес, ақпараттық жүйенің объективті шындығы одан әрі білім үшін негіз ретінде қызмет етеді және практикада себепті өтінім ретінде қолданылады.

Ғылым үш ажырағысыз элементтерден тұрады: жинақталған білім, адам іс-шаралары мен мекемелер.

Ғылыми білімдер жүйесі кітаптар, журналдар мен басылымдар басқа түрлері жазылған оқиғаларды, болжап, ғылыми ұғымдар, гипотезаны, заңдар, эмпирикалық ғылыми фактілер, теориялар мен идеяларды анықтайды. Бұл жүйелі тәжірибе мен ғылыми білім ұрпақ үшін ең маңызды, оның маңызды белгілері мен топтары бар. Олар :

Әмбебаптығы, яғни ғылыми нәтижелері, осы қызметтің елге, бүкіл қоғамға ғылыми білімді жиыны аталады. Қоғамдық меншік - жүйе ретінде әр адамға қажетті, пайдалы болуы мүмкін.

Сенімділік ғылымның фактісі. Білім жүйесі тек әрбір факт, білім мен белгілі заңдар немесе теорияларды тергеу кезінде сенімді шындықты анықтау үшін тексеретін ғылым.

Қайталануы құбылыстың, тығыз, сенімділігімен байланысты. Зерттеуші, яғни, басқа ғалымдар құбылыс үшін ашық кез келген құралдарын қайталауға болады. Онда сипаттағы белгілі бір заңдар болып табылады және ашық ісшара ғылыми білім жүйесінде енгізілген.

Білім жүйесінің тұрақтылығы. Білімнің ескіруі гипотезаны қабылданған жинақталған материалдан немесе дәлсіздіктер жеткіліксіз тереңдегі зерттеу көрсетеді.

1.2 Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.

Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.

Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.



Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.

Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық – гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.

Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі бесеуін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады.

Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми зерттеулер.

Үшіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер.

Төртіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер.

Бесіншіден, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру әдісі ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.

Сонымен, ғылым – күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді.

Ғылым қоғамдық өмірге, әсіресе техникалық – экономикалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, білім жүйесін және адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыруға белсене қатысатын әлеуметтік институттардың біріне айналды.

1.3 Ғылыми шығармашылық.

«Шығармашылық» сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу, бұрынғы жеке және қоғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес білім алушылардың танымдық шығармашылық іс - әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе құрастыру (білім алушылардың жеке тәжірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдық тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни білім алушының танымдық іс - әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік, ізденіс және мақсатқа жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау.


Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың деңгейі анықтайды: төмен, орташа, жоғары.

Шығармашылық іс - әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгерілген білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім көздерінен өзіне қажеттісін ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес.

Кез – келген шығармашылық іс - әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын – ала көруде жатыр.

Шығармашылықтың дамуында жеке адамның ерекшеліктері өте маңызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы болып табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады. Келесі саналы іс - әрекеттің бір түрі оның белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз – түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс.

Шығармашылықтың көлемі әр білім алушыда әр түрлі, сондықтан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру оқытушының алдында тұрған міндет. Себебі, ол білім алушыда бастапқы деңгейін, түсініктерін, соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.

1.4 Ғылыми зерттеулерді анықтау және жіктеу

Ғылыми-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмысы үш негізгі құрамдас бөліктерді қамтиды. Олар:

  • мақсатты адам қызметі;

  • өзекті ғылыми жұмыс немесе мәселе ;  ғылыми жұмыс құралдары болып табылады.

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.

Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.

Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз
байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген.

Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.

Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

  • қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған;

  • экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.

Тиісті ғылыми жабдықтарды (өлшеу, есептеу, т.б.) пайдаланып, ғылымизерттеу нысанының жаңа немесе тазартылған, білім алу үшін қажетті нақты әдістері мен білім жиынтығы негізінде жұмыс жабдықтары қолданылады.