Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 209

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)


Қажет болған жағдайда, магистрлік диссертацияның бөлек бір бөліктері бойынша басқа оқу орындарының және ғылыми мекемелердің немесе басқа кафедралардың жоғары білікті мамандары және ғылыми жұмысшылары тағайындалуы мүмкін.

Магистранттың есебін анда-санда ғылыми семинарларда тыңдап, кафедра магистрлік диссертацияның орындалу барысына бақылау жасап отырады.

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері


Магистрлік диссертация стандартты А4 (210х297) форматында баспалануы керек және қатты мұқабада мұқабалануы керек.

Мәтіннің мазмұны компьютерлік тәсілмен парақтың бір шетінде келесі шаблон бойынша теріледі: қаріп – «Times New Roman», қаріп мөлшері 14, интервалы – бірқалыпты, қадағалуы – қарапайым, тегістелуі – ені бойынша, шегініс – 1,25 см. өріс мөлшерлері – сол жақ – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 15 мм, төменгі жағы – 20 мм.

Магистрлік диссертацияның көлемі техникалық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары үшін 60-80 бет, және гуманитарлық ғылым мамандықтары үшін 80-100 бет болуы керек.

Белгілі бір терминдер, формулаларға түрлі гарнитура қаріптерін қолданып назарды аударудың компьютерлік мүмкіндіктерін қолдану рұқсат етіледі.

Диссертациядагы адам тегі, ұйымдардың, өнеркәсіптердің, бұйымдардың атаулары және басқа да атаулар түпнұсқа тілінде келтіріледі.

Ұйымдардың, өнеркәсіптердің атауларын аудармалағанда, қосумен диссертация тіліне келтіруге рұқсат беріледі (түпнұсқа атауын бірінші атаған кезде).

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта


Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)


  1. Ғылыми журналдарда жарияланымдардың түрлерін сипаттап көрсетіңіз.

  2. Ғылыми мақаланың құрамдас бөліктерін сипаттап көрсетіңіз

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)


  1. Ғылыми журналға мақаланы жариялау ерекшеліктерін талдаңыз.

  2. Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу ерекшеліктерін талдаңыз.

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)


5. Магистрлік диссертацияның тақырыбын дұрыс таңдаудың ғылыми зерттеудегі орнын бағалаңыз.

СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

  • Отандық журналдарда мақалаға қойылатын талаптар

  • Шетелдік журналдарда мақалаға қойылатын талаптар

  • Ғылыми жобалардың түрлері

  • Гранттық ғылыми жобалар

  • Зерттеулерді қаржыландыру мәселелері

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б.

  2. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК


"Дәуір", 2016. – 456 б.

  1. Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с.

  2. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.

Пайдалы сілтемелер:



Гранттық жобаның орындалуы бойынша есеп беруін қадағалау

және оны бақылау тәртібі туралы ережсі

http://ayu.edu.kz/wp-

6.

content/uploads/2017/02/Gilim-grant-karzhilandiru-erezhsi-6.pdf

7. Ғылыми зерттеу жобаларын гранттық қаржыландыру ережесіhttp://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2019/05/arzhylandyru.pdf

Магистранттар мен докторанттардын ғылыми жұмыстарын

(диссертацияларын) ұйымдастыру ережесі



(2017)

http://ayu.edu.kz/wp-

8. content/uploads/2017/02/mag_gilimi_ereje_.pdf

15 Лекция тақырыбы: Дипломдық жоба және оны қорғау тәртібі
15.1. Дипломдық жоба және дипломдық жұмыс, олардың құрылымына қойылатын талаптар

15.2. Дипломдық жоба мен дипломдық жұмыс ресімдеу

15.3. Дипломдық жоба мен дипломдық жұмыс қорғау тәртібі

Интеллектуалдық меншікті қорғау

Лекция мақсаты мен міндеттері: Ғалымдардың интеллектуалдық меншік объектісі болып табылатын авторлық еңбектерін заңмен қорғау процесін сипаттау, нақты мысалдар негізінде интеллектуалдық меншік объектілерін сипаттау, интеллектуалдық меншік қорғау мазмұны жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

15.1 Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік ұғымы

15.2 Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар

15.1 Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік және оған байланысты ұғымдар

Зияткерлік меншік – бұл зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе басқа қызметтерді дараландыру құралдары.


Зияткерлік меншік құқығының түрлері

Егер сіз шығармашылық немесе зияткерлік меншік өнімінің авторы болсаңыз, онда сіз бастапқыда жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарыңыз бар.

Бұл дегеніміз, егер сіз болашақта өз жұмысыңызды біреуге берсеңіз де, мүліктік емес құқық сізге қалады. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайды және берілмейді.

Сондай-ақ, авторда зияткерлік меншікке - айрықша құқық – мүліктік құқыққа-зияткерлік меншікке ие, ол өз қалауы бойынша қызмет нәтижелеріне билік етуге: сатуға, пайдалануға толық немесе ішінара рұқсат беруге немесе билік етуге мүмкіндік береді.

Айрықша құқықтарды, авторлық құқықтарға қарағанда, шарт бойынша толық немесе ішінара беруге болады. Бұл жағдайда авторлық құқықтар шектелмеуі тиіс, яғни егер компания сіздің жұмысыңызды немесе әзірлемесін сатып алса, авторлық құқықтар сізге өзгермей қалады.

Кез келген зияткерлік меншіктің иесі және соған сәйкес құқықтық қатынастарды белгілейтін заңдар бар. Бұл қатынастарды «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы реттейді[6]. Осы заңға сәйкес келесідей ұғымдар бар:

Автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға.

Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық белгілері бар объектiлеріне:

  1. жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);

  2. ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);

  3. үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);

  4. бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне – немесе фотокадрлар және сол сияқты);

  5. көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);

  6. өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да.

Осы аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.

Бірақ авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.

15.2 Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар

Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларға келесілер жатады:


  1. әдеби туындылар;

  2. драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

  3. сценарий туындылары;

  4. хореография және пантомима туындылары;

  5. мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

  6. дыбыс-бейнежазу туындылары;

  7. кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

  8. қолданбалы өнер туындылары;

  9. сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;

  10. суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;

  11. карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; 12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар; 13) өзге де туындылар.

Сонымен қатар авторлық құқық объектiлерiне мыналар да жатады:

  1. туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);

  2. жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.



Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:

  1. ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

  2. мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);

  3. халық шығармашылығы туындылары;

  4. оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.



Авторлық құқықтың пайда болуы

Авторлықтың ақиқаттылығы

1. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi.

Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: