Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 130

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

Кіріспе келесілерден тұрады:

  1. зерттеудің өзектілігі - өзінің шешімін талап ететін ғылыми проблеманың маңыздылығын , заманауилығын , мәнін қарастырады.

  2. Зерттеудің мақсаты – үйлестірілген іс-қимылдарды анықтау нәтижесінде қойылған ғылыми проблеманы шешудегі ғылыми зерттеудің бағыты.

  3. Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатына жету үшін шешімдерді қажет ететін өзара байланысқан және келісілген сұрақтардың жиынтығы.

  4. Зерттеудің нысаны – шешілуі ғылыми зерттеуді қажет ететін проблемалардың бар екендігін сипаттайтын объективті әлемнің бөлігі.

  5. Зерттеудің дереккөздері – шығаруларға арналған бастапқы деректер.

  6. Зерттеу әдістері – объективті әлемді дамытудың жалпы және жеке заңдылығымен негізделген теориялық және практикалық зерттеудің жолдары, әдістері, мақсатқа жету тәсілдері.

  7. Зерттеудің жаңалығы – автор алғаш рет қол жеткізген жаңа, сирек кездесетін, өзіндік нәтижелер.

  8. Қорғауға ұсынылатын қағида – бұл жұмыстың мәнін топшылайтын өзара байланысқан және өзара келісілген ғылыми бекітулер жүйесі

  9. Зерттеудің теориялық және практикалық мәні – адам мен қоғамның ғылыми-теориялық және практикалық қызметіндегі зерттеулер нәтижелерінің оңтайлы ролі.

  10. Зерттеудің құрылымы – жұмыстың қанша бөлімнен тұратындығын көрсетеді.

Негізгі бөлім жобаның әрбір бөлімі зерделеніп жатқан тақырыптың басты мәселелерінің бірін ашуы керек. Негізгі бөлікте орындалған ғылыми жобаның мәнін, әдісін және негізгі нәтижелерін көрсететін деректер келтіреді. Негізгі бөлімде зерттеу тақырыбын таңдау негізі, зерттеу әдістерінің сипаттамасы, нәтижелерді қорытындылау және қойылған проблемалар шешімінің толық бағасы қамтылуы керек.

Тарау – негіздің басты бөлімдері. Ғылыми жобалар, әдетте, бір тараудан аспайды. Шын мәнінде, ғылыми жұмыстар кемі екі тараудан тұруы қажет. Тарау ішкі бөліктерде айтылған тұжырым, қорытындыларды жеткізуге мүмкіндік береді. Тарау аталымы қысқа да нұсқа, әрі ішкі жүйелену жүйесіне сай келіп отыруы қажет. Оның жазылуында да белгілі тәртіп бар. Ол бірыңғай үлкен әріппен, араб сандарынан кейін еш тыныс белгісінсіз жазылады. Тарау атауын парақ бетінің ортасына орналасатындай етіп жазу көзделеді. Тармақ – тараудан кейінгі кіші бөлік. Олардың өзі екі-үш сандық дәрежеде, яғни кемі екі бөліктен болады. Кез келген бөлік тарауда қамтылған мәселеге қатысты өрбиді. Тармақ тарау көздеген міндеттің бір бөлігін шешу мүмкіндігін береді. Тармақ атауы да қысқа да нұсқа қалыпта болғаны дұрыс.


Тармақша – тармаққа бағынған бөлік. Ол жұмыстың ашылу жағдайына байланысты қабылданады. Демек , тармақты тармақшаға бөлу міндетті емес. Бөле қалған жағдайда, тармақша тар ұғымда тармақ мақсат еткен , ал кең мағынада тарау мақсат еткен шешімді шешу жолдарын қарастырады. Тармақшаның да аталуы тарау-тармаққа байланысты: солардың негізінен өрбіп, соларда қамтылған тұжырымдарды таратуға қызмет етеді. Тұжырым – логикалық ой қорыту арқылы алынатын жаңа пікір (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы). «Қазақ тілі сөздігінде» тұжырым белгілі бір істің қорытындысы, байламы, шешімі деп түсіндіріледі. Көлемі де аз: бір бет. Бірақ мұнда баяндалған жұмыстың нәтижелері , соның негізінде жасалған қорытындылар санамалап берілгені абзал. Сонымен қатар ғылыми және практикалық мақсаттағы нақты ұсыныстар болғаны жөн.

Мазмұн парағында негізгі бөлім атаулары бірыңғай үлкен таңбамен беріледі және жаңа беттен басталады. Негізгі бөлімдер ретінде кіріспе , басты тараулар , тұжырым мен пайдаланылатын әдебиеттер саналады. Мұның ішінде басты тараулар ғана бірнеше тармақтармен сараланады. Ол тармақтардың өзінің жеке атаулары болуы қажет. Тармақтарды жеке тармақшаларға жіктеу мүмкіндігі бар. Ол ізденушінің зерттеуі мен жұмысының орындалу барысына орай шешіледі.

Қорытынды қорғауға шығарылған мақсаттар, нақты міндеттер, ережелермен байланысты алынған нәтижелердің қисынды дұрыс мазмұны. Қорытынды әрбір бөлім бойынша тұжырымдарға негізделген түйіндерден тұруы тиіс. Тұжырымдар – қол жеткізілген жетістіктер туралы өзара байланысты ойтұжырымдар нысанындағы нақты шешімдерді зерделеудің қорытындысы.

Әдетте, мәтін ішінде дәйексөз белгілі бір еңбектен алынады. Дәйексөз жоба жазушының ойымен үндесетіндей, болмаса қарама-қарсы пікірді білдіретіндей болып келеді. Үндесу ғылыми дамудың байланыстылығын көрсетсе, қарама-қарсылық – жаңа ой, тұжырым, болжам тудырудың жолы. Дәйексөзді ұзын- сонар көшіріп берудің қажеті шамалы. Қайта оның жұмысқа тигізер әсерін ескеріп отыру керек. Берілген дәйексөзді әдебиеттер тізімінен табуды тік жақша [ ] ішіндегі сандар көрсетеді. Оның алғашқы саны пайдаланған әдебиет тізіміндегі ретін, екіншісі сол әдебиеттің нешінші беті екендігін білдіреді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыруда автордың тегі, одан соң аты-жөні қысқартылып беріліп, еңбек аталымы, оның қай қалада басылғаны, қай баспадан жарық көргені, қай жылы және жалпы бет саны қанша екендігі басты өлшем ретінде саналады. Әдебиеттер тізімінде берілетін еңбектер төмендегідей ыңғайда және тыныс белгілердің орны бөлек. Тырнақша аталымның екінші мағынасында екендігін білдірсе, жақша негізгі атаудың жалғасы іспетті.


Ғылыми жобаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар (Wort, 14 шрифт, 1 интервал, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, асты – 25 мм, үсті – 20 мм. Бет саны орта тұсының астыңғы жағында беріледі және титул мен мазмұны көрсетілген бетке сан қойылмайды). Титул парағында мыналар көрсетіледі: • жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы; • автордың (біріккен автордың) тегі, аты; • жұмыстың атауы; • жұмыстың дайындалған бағыты, жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты; • қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.

Абстракт (аңдатпа) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда, жобаның қысқаша мазмұнын білдіреді. Кіріспе екі беттен артық емес болады. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден тұруы мүмкін. 6. Қорытынды (бір беттен артық емес) негізгі жұмыстың нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Пайдаланылған әдебиетке сілтемені төртбұрышты жақшада беру керек, мысалы [5]. Мәтінде кездесетін сілтемелерге орай нөмірлеу жүйелі болуы тиіс.



14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу




Магистрлік диссертация әзірлеу және рәсімдеу ережесі ЖОО ресми сайтында орналастырылады [8].

Магистрлік диссертация – магистрді дайындаудың қорытынды кезеңі. Ол түлектің көрнекілігін, сәйкес білім саласындағы ғылыми проблемаларды шеше алатын және шығармашылық қалыптастыра алатын ғылыми жұмысшы ретінде көрсетуі тиіс.

Магистрлік диссертация магистранттың жеке өзімен ғылыми жетекшінің басшылығымен дайындалуы керек.

Магистрлік диссертация ғылым мен іс-тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы жасалуы, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеулік (әдістемелік, істәжірибелік) бөлімшелерден тұруы, сәйкес білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты практикалық ұсыныстардан тұруы керек.

Магистрлік диссертацияның мазмұнына және безендірілуіне, оларды қорғауға және дайындауға талаптар білім саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

Магистрлік диссертация сәйкес ғылыми мамандықтың «магистр» академиялық дәрежесін түлекке тағайындау үшін негіз болып табылады.

Магистрлік диссертацияның негізгі мақсаты – магистранттың ғылыми біліктілігінің деңгейін көрсету, өзіндік ғылыми ізденіс жасай ала білу қабілеті, нақты ғылыми міндеттерді шешуге қабілеттерді тексеру, оларды шешудің көптеген әдістері мен тәсілдерін білу. Магистрлік диссертация ғылыми білімнің жалпы ғылыми және арнайы тәсілдерін бейнелеуі керек.

Осы мақсатқа жету жолында келесі принциптік сипаттағы міндеттерді шешу керек:

  • Библиографияны құрастыру, таңдалынған тақырып бойынша әбеди көздерді зерттеу және ғылыми жалпыландыру;

  • Зерттелінетін нысан бойынша динамикалық және құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын, алғашқы, фактілік және статистикалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау және синтез жасау;

  • Зерттелінетін нысанды сәтті дамуын болжау және тиімділігін бағалау үшін экономикалық-математикалық есептерді қолданудың мүмкіндіктерін және әдістерін анықтау;

  • магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдаудың негізгі мотиві болып табылған - қорытындыларды, ұсыныстарды және ұстанымдарды іске асыру проблемаларын рационалды шешуге мүмкіндік беретін, ғылыми аргументация.

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау



Диссертация тақырыбы магистрантпен ол оқуға қабылданған соң 2 ай мерзімінде анықталады және бекітіледі. Ол, ереже бойынша, Ғылыми кеңесте қаралған және ректор бұйрығымен бекітілген, шығарушы кафедраның ұсынған тақырыптар тізімінен таңдалынады. Магистрантқа жасаудың мақсатты образды қажетті негізімен және кейіннен кафедра отырысында бекітілетін, өз тақырыбын ұсыну құқықы беріледі. Магистрлік диссертация тақырыбын таңдау кезінде, диссертация тақырыбының ғылыми бағытталуына, өзектілігіне, проблемаларды зерттеу деңгейі және магистранттың өз алдына қойған міндеттерді орындау мүмкіндігі бөлігінде жеке қызығушылықтарын есепке алу керек. Сонымен қатар, тақырыпты таңдаудың дұрыстығы, әдеби көздермен алдын-ала танысуға және сәйкес бейін маманы-практикасымен тікелей қарым-қатынас жасау жағында есепке алу керек.

Магистрлік диссертация ретінде ғылыми сипатқа ие болатын өнеркәсіптік немесе инновациялық жобалар да қорғауға жіберіле береді.

Зерттеу тақырыбы өзекті, мамандық бойынша ғылымның заманауи жағдайына сәйкес келетін және шығаратын кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарымен байланысты болуы керек.

Диссертацияның ғылыми жетекшілері болып ғылым докторы немесе кандидаты, ғылыми дәрежесі бар, PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесі бар, аталған білім саласында жеткілікті еңбектері жарияланған, белсенді қызмет етуші тұлғалар тағайындалады (сәйкестік ережелермен анықталады).

Ғылыми жетекшісімен магистрлік диссертацияның толығымен қалыптасқан тақырыбын мақұлдай отырып магистрант, кафедра меңгерушісінің атына, оны орындау үшін рұқсат беруін сұрап өтініш жазады. Диссертация тақырыбы және ғылыми жетекші магистранқа университеттің Ғылыми Кеңесі шешімімен бекітіледі және ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Магистрлік диссертация тақырыбын бекіткен соң магистрант, диссертациямен жұмыс жасаудың бастапқы кезеңі ретінде курстық жұмысты жазуды және қорғауды қоса, магистрлік диссертациямен жұмыс жасаудың индивидуалды жоспарын 3 данада дайындауы және ұсынуы керек. Индивидуалды жоспар кейіннен жұмыс барысы бойынша қайта қарала береді.

Ғылыми жетекші магистрантқа ғылыми-әдістемелік көмек көрсету керек, дәлірек айтқанда:

  • Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдауда, зерттеудің әдістемесін және әдісін таңдауда және магистрлік диссертацияның жұмыс жоспарын жасауда;

  • Библиография сұрақтары бойынша, магистрлік диссертацияның әдеби, статистикалық және басқа көздерін және мазмұны бойынша кеңес беруді жүргізу;

  • Диссертацияны жазудың келісілген жоспар-кестесінің орындалуы бойынша және ғылыми әдебиетті, статистикалық және есептік мәліметтерді қолданудың дұрыстығына бақылау жасауды іске асыру;

  • Магистрлік диссертация мазмұнын бөлік-бөлік ретінде және толығымен зерттеу және бағалау;

  • Магистрлік диссертация біткен соң, оның қойылатын талаптарға сәйкестігі және көрермен алдында қорғауға дайындығының деңгейі туралы нақты шешімді шығарады.