Файл: Лекция. Таырыбы оамны дамуындаы ылымны ролі жне ылыми зерттеулер Лекция масаты мен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 199

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

№ 2 Лекция. Тақырыбы: Зерттеу үдерісі және негізгі кезеңдері

Лекция мазмұны

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі және негізігі кезеңдері

2.1 Ғылыми зерттеу үдерісі

Кесте 2.1 Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері және сипаттамалары

2.1.7 Жазбаша есеп

№ 3 Лекция Тақырыбы: Зерттеу теориялары және стратегиялары

3.1 Теория және зерттеу байланысы

3.2 Қарама-қайшылық жаңа зерттеуге бастама ретінде

3.3 Дедуктивті және индуктивті әдіспен теориялар құрастыру

3.4 Зерттеудің эпистемологиялық құраушысы

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

№ 14 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау

Лекция мазмұны

14. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

14.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау

Мақала атауы

Мақаланың құрамдас бөліктері

Аннотация

Негізгі бөлігі

Қорытындылар

Әдебиет

Шетелдік ғылыми журналға мақаланы жариялау

Мақалаларды рәсімдеу ережесі

14.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу

14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу

Магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдау

Магистрлік диссертацияны безендіру ережелері

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта

1 деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)

2 деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)

3 деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

Оқытудың техникалық құралдары: интербелсенді тақта


Оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, шолу лекция

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:

Жеңіл деңгейлі сұрақтар (20 ұпай)


  1. Ғылымдағы теорияның рөлі мен маңызын көрсетіңіз.

  2. Қарама-қайшылықтардың жаңа зерттеуге бастама процесі ретінде ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Орта деңгейлі сұрақтар (30 ұпай)


  1. Теория мен зерттеу арасындағы байланысты талдаңыз.

  2. Зерттеудің эпистемологиялық құраушысын анықтаңыз және оның зерттеу жұмысындағы маңызын талдаңыз. Күрделі деңгейлі сұрақтар (50 ұпай)

  3. Индуктивті және дедуктивті зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерін бағалаңыз.

  4. Теориялардың ғылыми зерттеудегі рөлін бағалаңыз.

СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын ұпайлардың үлестері:

СӨЖ тапсырмалары

  • Ғылыми теория қалыптастырудың методологиялық негіздері

  • Индуктивті әдіспен зерттеуді ұйымдастыру мәселелері

  • Дедуктивті әдіспен зерттеуді ұйымдастыру мәселелері

  • Зерттеу жоспарының негізгі құрамдас бөліктері

  • Абстрактылы зерттеулердің қолданылу аясы

  • Эксперементтік зерттеулердің қолданылу аясы

ОСӨЖ тапсырмалары:

  • Ғылымдағы қарама-қайшылықтардың негізгі көздері (пікір талас)  Қазіргі ғылымда тақырып өзектілігін айқындау құралы ретін

Elsevier компаниясының SciVal құралын пайдалану мүмкіндіктері (дөңгелек стол)

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.1-том. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2014. - 584б.

  2. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық.2-том. / Ағыл. тіл. ауд. И.А. Баймұратова; ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР жоғару оқу орындарының қауымдастығы. - 4-басылым - Алматы: ЖШС РПБК

"Дәуір", 2016. – 456 б.

  1. Бахтина И.Л., Лобут А.А., Мартюшов Л.Н. Методология и методы научного познания [Текст] : учебное пособие / И.Л. Бахтина , А.А.Лобут, Л.Н. Мартюшов,; Урал. гос. пед. ун – т. – Екатеринбург, 2016. – 119 с.

  2. Кузнецов И.Н. Научное исследование. Методика проведения и оформление. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К». 2014.-460с.



Сайттар:




  1. http://www.scival.com/

  2. http://apps.webofknowledge.com/

  3. https://www.springer.com/

  4. https://www.sciencedirect.com/

  5. https://scholar.google.ru/


4 Лекция тақырыбы: Зерттеу жобасын жоспарлау және зерттеу қателерін алдын алу

Лекция мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жобасы ұғымы, оның зерттеу процесінде алатын орны және онымен байланысы, зерттеу сапасын бағалау өлшемдерін зерттеуде қолдану мүмкіндіктері, зерттеу қателері мен түрлері, ерекшеліктері жайлы ақпарат беру.

Лекция мазмұны

4.1 Зерттеу жобасы ұғымы және зерттеу сапасын бағалау өлшемдері

4.2 Зерттеу жобасы түрлері

4.3 Қате түрлері

4.1 Зерттеу жобасы ұғымы және зерттеу сапасын бағалау өлшемдері

Маңызды іс әрекет бастамас бұрын оның дұрыстығын тексеру мақсатында жобасы жасалынады. Мысалы: заң шығармастан бұрын заң жобасы дайындалады, талқыланады және сосын барып қабылданады. Сол сияқты зерттеуге дайындық ретінде алдын ала зерттеу жобасы дайындалады.

Зерттеу жобасы деректер жинақтау және талдаудың негізін құрайды. Зерттеу жобасын жасау - нақты зерттеуді жүзеге асырмастан бұрын алдын ала кейбір жағдайларды пысықтап алу мақсатында жүзеге асырылады.

Зерттеу жобасы мақсатының бірі зерттеу әдістерін дұрыс таңдау болып табылады.

Зерттеу әдісі дегеніміз - деректер жинақтау техникасы. Яғни зерттеуші зерттеу барысында қолданатын өзінің ерекше құралдарының жиынтығы десе де болады. Мысалы: зерттеушінің эксперимент немесе басқаларды тыңдау немесе бақылау арқылы жүргізе алатын өз бетінше сауалнама толтыру немесе стандартталған сұхбат кестесін толтыру немесе жай ғана қатысушыларды бақылау тағы басқа әдістердің ішінен таңдауы.

Зерттеу үдерісі өлшемдерінің ауқымын таңдалып алынған зерттеу жобасынан көруге болады. Зерттеу жобасы сұрақтарына келесілер жатады:

  • айнымалылар арасында себеп байланысын білдіру және сынау;

  • зерттеуге қатысушылардың қатарын құрайтын адамдардан басқа жеке тұлғалардан топ құру;

  • ерекше зерттеуге байланысты әрекетті түсіну және ол әрекеттің мағынасын түсіну;

  • зерттеу барысында орын алуы мүмкін құбылыстардың және олардың өзара әрекеттестігіне алдын ала баға беру.

Зерттеудің әртүрлі зерттеу жобаларына көңіл бөле отырып, деректер жинақтау мен оларды талдаудың бірнеше құрылымдарына назар аудару қажет. Зерттеу жобасы - зерттеуді бағалауда қолданылатын критерийлерге жатады.

Сондықтан ол - зерттеуші үшін маңызды критерийлер мен зерттеу сұрақтарының тиісті жиынтығына сай тиімді дәлелді анықтауға арналған құрал.

Зерттеу сапасын бағалау өлшемдері. Зерттеуші өз зерттеуінің сапалылығын арттыру мақсатында зерттеу сапасын бағалау өлшемдерін ескеру тиіс. Зерттеудің сапасын бағалау үшін көбіне келесі өлшемдер қолданылады:

  • сенімділік өлшемі (зерттеу мәліметтері қаншалықты сенімді);

  • қайталама зерттеу өлшемі (жүргізілген зерттеуді басқа ғалымның қайта жүргізу немесе қайталу мүмкіндігі бар ма, яғни дәл сондай мәліметтер алады ма?);

  • заңдылық өлшемдері (зерттеудің басқа заңдылықтармен үйлесімділігі).



Сенімділік өлшемі бұл - зерттеу нәтижелерінің қайталанбалы болып немесе болмауын қадағалайтын мәселемен байланысты. Термин көбіне өлшемдердің тиісті түрде қолданылып немесе қолданылмағанын тексеретін мәселелерде қолданылады. Сенімділік, әсіресе сандық зерттеулермен көп байланысты. Сандық зерттеуді жүргізуші қолданылған өлшем тұрақты ма, емес пе деген мәселені де тексеріп қарауы керек.

Өлшемнің сенімділігін тексеруге қатысты үш көрнекі фактор бар: тұрақтылық, ішкі сенімділік және бақылаушы аралық жүйелілік.

Тұрақтылық. Бұл түсінік біршама уақыт бойы өлшемнің тұрақты болып тұратынын тексереді, осылайша, қатысушылар іріктемесіне қатысты өлшемінің нәтижесі ауытқымайтынына көз жеткізе аламыз. Демек, егер біз белгілі бір топқа өлшем қолданып, әрі қарай қайталап тағы қолдансақ арадағы уақытты ескере отырып нәтижелерде азғантай айырмашылықтың болатынын көреміз. Мысалы: 2010 жылы Ұлыбритания статистикалық мәліметтерінде, ауыр қылмыстың анықтамасы өзгертілуіне байланысты және соның салдарынан статистика нәтижесінде ауыр қылмыс негізгі көрсеткішінен 35% артық болып шыққан. Дәл осы жағдайда уақыт өте келе үлкен айырмашылықты көрсеткенін назарға алатын болсақ, ауыр қылмыстың өлшем бірлігі сенімді емес болып табылады.

Ішкі сенімділік. Осы арада қарастырылатын маңызды мәселе - индексті көрсететін индикаторлардың тұрақты немесе тұрақсыз екенін, басқаша айтқанда, қатысушылардың кез келген көрсеткішіне берілген ұпайы олардың басқа көрсеткіштеріне берілген ұпайларымен байланысатынын немесе байланыспайтынын анықтау болып табылады. Мысалы: Қазіргі таңда көбіне ішкі сенімділіктің коэффициентін өлшеу үшін Кронбах альфасы атымен белгілі тестілеу түрін таңдайды. Сапалық деректерді талдау мақсатында компьютерлік бағдарламамен байланыстырылып жетілдірілгеннен бері бұл тәсілді қолдану артып отыр.
Кронбах альфасы - бұл барлық ықтимал бөлшектенген сенімділік коэффициенттерінің орташа есебін шығарады. Компьютерленген альфа коэффициенті 1 (толық ішкі заңдылықты көрсетеді) мен 0 (ішкі заңдылықтың сақталмағанын көрсетеді) арасында өзгеріп тұрады. Тәжірибелерден көріп отырғанымыздай, 0.80 коэффциент саны ішкі сенімділіктің ұйғарынды деңгейін көрсетуде қолданылады, дегенмен көптеген зерттеушілер бұл көрсеткіштен де аз деңгейді (0.60 коэффциенті қанағаттанарлық деңгейі) қолданатынын көруге болады.

Бақылаушы аралық жүйелілік – зерттеудегі бір ізділікті білдіреді.

Бақылау жұмысына жазба жүргізу немесе деректерді категориялар түрлеріне келтіру тәрізді істерде бірқатар субъективті пайымдаулардың болуы және осындай істерге бірден көп «бақылаушы» қатысқанда, көбінесе олардың шешімдеріңде жүйеліліктің болмауы орын алып жатады. Мұндай нәтижені көптеген зерттеулерде кездестіруге болады, мысалы: мазмұндық талдауда үнтаспа жазбасындағы деректерді категорияларға бөлу туралы шешім қабылдау; қажет деп табылған жағдайда ашық сұрақтардың жауабын категорияларға бөлу немесе стандартталған бақылауда бақылаушылардың субъектілердің әрекеттерін топтастыру жайлы шешім қабылдау.

Қайталама зерттеу өлшемі – зерттеуші басқалардың жұмыс нәтижелерін қайталауды таңдап жатқанда қолданылады. Бұлай етулеріне белгілі себептер де бар, мысалы, түпнұсқа нәтижелері қарастырылып отырған сұрақтың басқа аспектілеріне сай емес деген пікірдің туындауы. Қайтара зерттеу жүргізу үшін зерттеу жұмысы қайталауға бейім болуы керек, басқаша айтқанда зерттеу жұмысы қайталап жүргізуге мүмкіндіктер қарастыруы керек. Осы арада туындайтын өте айқын ой: егер зерттеуші өз ойын ерекше ашып көрсетпеген болса, қайталау жұмысын жүргізу мүмкін емес. Сонымен қатар, тұжырымдаманың сенімділігін бағалау үшін, осы бағалау басқа біреулер тарапынан берілуі тиіс. Бірақ зерттеулерде қайталама зерттеу аса көп танымал емес. Себебі әрбір зерттеулер оригиналдылығымен құнды. Мысалы: Буравой (1979) АҚШ зауытында тақырыптық зерттеу жобасын жүргізіп жатқанда, осы зауытта отыз жыл бұрын басқа бір зерттеуші (Дональд Рой) тарапынан зерттеу жүргізілгенін біледі, ол өз жұмысын ары қарай қайтара зерттеу ретінде жүргізуді ойлады. Алайда академиялық өмірде қайтараның төмен бағаланатынын ойлап, бұл пікірінен айныды. Ол жазбаларында былай дейді: «Ройдың зерттеу жұмысын қайталау маған алдағы уақытта жұмысқа орналасуымды есепке алмағанда, тіптен диссертацияны ойдағыдай қорғауыма да көмектеспейтінін білдім... Академияда шынайы марапат қайталама жұмыстарынан емес, жұмыстың өзіндік ерекшелігіне қарай беріледі!» (Буравой, 2003: 650).


Заңдылық өлшемі - көптеген жағдайларда, заңдылық зерттеу өлшемдерінің ең маңыздысы болып табылады. Заңдылық - зерттеудің жүргізілген шағын бөліміне негізделіп шығарылған ұғымдар қаншалықты тұтас бөлімін сипаттайды немесе онымен байланысқан. Заңдылық өлшемінің қолданылатын келесідей маңызды түрлері бар:

  • Өлшем заңдылығы – бұл өлшеу мүмкіндігі. Өлшем заңдылығы ең алдымен сандық зерттеуде және әлеуметтік ғылыми ұғымдарды бағалауға арналған зерттеулерде қолданылады. Өлшем заңдылығы көбіне сындарлы өлшем деп те аталады. Шын мәнінде, ұғымды қалыптастырған өлшем іс жүзінде сол мағынаға сәйкес келеді ме, тура сол мағынаның түсінігін береді ме деген сұрақ туындайды. Мысалы: IQ тест шыныменде адамның ақыл жетістігіндегі ауытқуларды көрсетеді ме? Оны бағалауға болады ма? Егер берілген баға қарастырылып отырған мәнмәтіннің тиянақты мағынасын ашып көрсетпегендіктен, сенімсіз деп табылса, бұл баға заңды бола алмайды, себебі заңды өлшем бағалауға бағынатын ұғымды дәріптейді.

Ішкі заңдылық. Ішкі заңдылық негізінде себептік байланысқа қатысты мәселелерді қарастырады. Ішкі заңдылық бір немесе бірнеше айнымалылар арасындағы себептік байланыс қорытындысының қисынды болу немесе болмауына қатысты сұрақтарды талқылайды. Егер х нәтижесінде у шығады деп тұжырымдасақ, біз у айнымалысына х жауапты екеніне сенімді бола аламыз ба, мүмкін айқын себеп байланысын тудыратын тағы басқа бір нәрсе бар болар? Себептік мәселелерді талқылағанда, тәуелсіз және тәуелді айнымалы ретінде себептік ықпал ететін факторға мән беру тиімділік тудырады. Мысалы: Келли мен Де Граф жүргізген зерттеу жұмысында «бір ұлттың діндарлық ортасы» тәуелсіз айнымалыға жататын болса, «діндарлық сенім» тәуелді айнымалыға жатады. Осы арада «тәуелсіз айнымалы тәуелді айнымалының, кем дегенде бір бөлігіне қатысты екеніне қаншалықты сенімді бола аламыз?» деген ішкі заңдылыққа қатысты сұрақ туындайды.

  • Сыртқы заңдылық. Сыртқы заңдылық зерттеу нәтижелерінің айқын зерттеуден тыс пайда болып немесе болмауымен қатысты сұрақтарды қарастырады. Мысалы: Пуртинга және басқаларының (2004) ірі қара малдың аусыл ауруы жайлы жүргізген зерттеуінде деректер Бюд тұрғындары арасынан 229 қатысушы мен Норвих тұрғындарынан 244 қатысушылардың берген мағлұматтарына орай жинақталды. Аурудың таралуын өңдеу жағдайына байланысты олардың зерттеу соңында көрсеткен нәтижелері осы қатысушылардың жауабынан тыс құрастырылуы мүмкін бе? Басқаша айтқанда, егер зерттеу сыртқы заңдылыққа бағынбайтын болса, 473 қатысушының орнына тек қана біреуі жетер еді. Және егер бұл сыртқы заңдылықтарға бағынышты болса, ауру таралған уақытта сол екі қаланың тұрғындарының басым бөлігін зерттеуге қатысуға шақыратынын күтетін едік. Осы арада адамдардың зерттеуге қатысуға қалай таңдалып алынғаны жайлы сұрақ сынға алынады. Сандық зерттеу жүргізушілерін көрнекі мысалдарды көп қолдануы осыдан.