Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 101
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Үстеу, оның құрамына және мағынасына қарай түрлері.
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді:
1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер.
Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы; 2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.
-
ша, -ше: лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: дайын, -дейін, -тайын, -тейін: шама, -шалық: майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: -
Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін),
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан),
Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т.б.
Көмектес септіктің: кезекпен (сөйлеу),
Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
-
Мезгіл үстеуі -қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап береді, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді -
Мекен үстеуі-қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді, қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетеді -
Сын-қимыл (бейне) үстеуі- қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Сұрақтарына жауап береді, іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді -
Мөлшер үстеуі- қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді -
Күшейткіш үстеуі-қалай?деген сұраққа жауап береді, қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. -
Мақсат үстеуі -не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. -
Себеп-салдар үстеуі- не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді.
-
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту- Ш.Жайна
Зат есімді оқыту 2 сыныптан бастап оқытылады.Бастапқы білім зат есім туралы анықтама беріледі: Зат есім-заттың,құбылыстың атын білдіріп,кім?не?деген сұраққа жауап беретін сөз табы.3Сыныпта зат есімнің негізгі түрлері:Негізгі ,туынды,Жалқы ,Жалпы есім түрлерін оқытады.
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз. Ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды.
Зат есімнің түрлері:Жалқы және жалпы есімдер
Жалқы есім белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Мысалы:
кісі аттары (Асқар, Арлан, Ағыбай т. б.)
үй хайуандарына берілген арнаулы аттар (Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас т. б.)
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім бастау.
Зат есімнің жекеше және көпше өзгеруі: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.
4 Сыныпта зат есім тақырыбы күрделене түседі:тәуелденуі және септелуі
Зат есімнің тәуелденуі: Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды : әке-м, әже-ң,ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта,жекеше және көпше түрде айтылады: көрші-м,көрші-ң,көрші-ңіз,көрші-сі.
Зат есімнің септелуі:
Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? — ның, — нің, — дың, — дің, — тың, — тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? — ға, — ге, — қа, — ке
Табыс септік Кімді? Нені? — ны, — ні, — ды, — ді, — ты, — ті
Жатыс септік Кімде? Неде? — да, — де, — та, — те
Шығыс септік Кімнен? Неден? — нан, — нен, — дан, — ден, — тан, — тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? — мен, — бен, — пен
-
Еліктеу сөздер, оның түрлері.
Қазақ тіліндегі өзге сөз таптарынан мағаналы жағынанда , дыбыстық құүрамы жағынанда ,граматикалық қызыметі жағынанда ,ерекше сөз табы –Еліктеу сөздер .Табиғи ортадагы әр түрлі денелердың бір –біріне соқтығысуынан шыққан дыбыстарға ,адамның ,жан-жануарлардың қимыл,қозғалысының ,бейне-белгілеріне дыбыстық еліктеуден жасалынған сөздер еліктеу сөздер деп аталады .
Мысалы –тарс-тұрс, сарт-сұрт,сытыр –сұтыр,қарқ-қарқ,тық-тық,пыш-пыш,арыс-арыс,ыңқ-ыңқ,сылқ-сылқ т.б .Еліктеу сөздердің өзіне тән тұрарлық ерекшеліктері –қалыптасқан дыбыстық құрамының болуы . Еліктеу сөздердің көпшілігі үш ,төрт дыбыстан құралатын тұйық не бітеу бұынды сөздер болып келеді .
Салпаң-салпаң,томпаң-томпаң ,жылтың-жылтың,тұбірлік сөздерден жасалған тұынды сөздер екенін байқауға болады .Мысалы-Итбай Асқардың бетіне жалт қарады.
Еліктеу сөз мағаналық ерекшеліктеріне қарай
1)Еліктеуіш сөздер ,бейелеуші сөздер болып екіге бөлінеді .
Еліктеуіш сөздер .Табиғаттағы сан-алуан құбылыстардың ,әр түрлі денелердың бір-біріне соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға ,адамның ,қайуанаттармен,құстардың ұніне,даусына еліктеуден жасалған еліктеу сөздерді Еліктеуіш сөзер дейді.
А)Табиғат құбылыстардың қозғалысанан ,әртүрлі денелердың бір-біріне соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға еліктеуден жасадған сөздерге мыналар жатады:Гу-гу ,шатыр-шутыр,сылдыр-сылдыр,бұрқ-сарқ,жым-жытыр ,ызың-ызың,сыбдыр-сыбдыр.
Б)Адамның үніне ,даусына күлкісіне еліктеуден жасалынған еліктеуіш сөздерге мыналар жатады-Қарқ-қарқ,солқ-солқ,пыш-пыш,кеңк-кеңк,слқ-слқ,пыс-пыс,күңк-күңк,шақ-шаңқ,барқ-барқ,қорс-қорс,шу-шу,даң-дуң,у-ду,азан-қазан.т.б
В)Қайуанаттардың,құстардың ,жәндіктердің даусына еліктеуден жасалынған еліктеуіш сөздер –Арс-арс,брт-бырт,қарш-қарш,прт-прт,қорс-қорс ,ыр –ыр,гур-гур т.б
Г)Түрлі денелердің соқтығысуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден жасалған еліктеуіш сөздер –Тарс-түрс,салдыр-гулдыр,сатыр-сұтыр,сықыр-сықыр ,тық-тық,срт-срт,саңғыр-сүңғыр т.б
2.Бейнелеуіш сөздер –табиғат құбылыстарының ,адамның ,жан-жануарлардың қимыл –қозғалыстарының ,жүрыс-тұрысының бейнесіне еліктеуден жасалған еліктеу сөздерді бейнелеуіш сөздер дейді .
Бейнелеуіш сөздер табиғат құбылыстарының жарық-сәулелердың заттың адамның ,жан-жанкарлардың қимыл-қозғалысың ,бейнесін білодіреді –Мысалы Көлбең-көлбең,сылаң –слаң ,кердең-кердең ,қайқаң-қайқаң, бұкшең-бұкшең,қаздаң-қаздаң, Шойнаң-шойнаң т.б
Еліктеуіш сөздер –дара күйіндеде ,қосарланып қос сөздер тұріндеде қолданылады .
Еліктеуіш сөздер жаңа сөз туындауға негіз бллады ,еліктеуіш сөздердың тұбыр тұлғасына ,сөз тудырушы жұрнақтар жалғау арқылы ,зат есім ,етістік сөздерін туғызуға болады .Мысалы Тарс+ыл,қыңқ+ыл,жарық+ыл,сарт+ыл, т.б
Етістіктің жұрнақтары еліктеуі сөздерге есім тудырудан кейін жалғанады мысалы –Тарс+ыл+да ,қық+ыл+да,жалт+ыл+да,сарт+ыл +да,қарқ+ыл+да.
-
Шағын жинақталған мектеп түсінігі, ерекшелігі, белгісі- Махаббат
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі және 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген.
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.