Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 100

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.

  1. Одағай, оның түрлері, тыныс белгісі.

Одағай – толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.

Одағайға тән негізгі белгілер:

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.

2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.

3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.

Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:

1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пай, туған жер қандай ыстық! Құрау-құрау, кер бесті!

2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы, Далаға шықсам, ойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танба, бәрекелді! Көз жасыңды көрсетпе, тәйт!

4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

Қазақстан! Пай, пай, пай, ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!

  1. Сынып-комплект жағдайында тәрбиелік шараның жоспарын құру- Алия

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен - патриотпын
Мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту, оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, видео - ролик
Барысы:
Негізгі бөлім: – Сәлеметсіздер ме оқушылар! Тәрбие сағатымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата - бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Видео - ролик көрсету
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 21 жыл, Ж. Досмұхамедовтің туылғанына 130 жыл, Алаш қозғалысына - 100 жыл, Сырым Датұлына - 75 жыл, Халықаралық ЕХРО көрмесі еліміздің бас қаласы - Астанада ұйымдастырылып отыр. Халықаралық ЕХРО көрмесіне 100 - ден астам ұлттар келіп қатысып, өз елінің көрмелерімен таныстыруда. Осы көрмеге барып қайтқан оқушылардан өз ойларымен бөлісулерін сұраймыз
Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел - ата - бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақ - қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Топпен жұмыс
Оқушыларды топ - топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.
1 - топ Отаншыл
2 - топ Намысшыл
3 - топ Білімді
Ой шақыру.
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.


Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан - бұл біздің ата - әжеміз, әке - шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
Постер қорғау
Оқушыларға адамның азаматтық патриоттық ұстанымдарын сипаттайтын қасиеттерін анықтау
1 - топ: Патриот деген ол.....
2 - топ: Патриот емес адамның қасиеті
3 - топ: Маған тән қасиеттер...
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Ата - баба өсиетіне адал болу;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Үкіметті сыйлау;
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
Туған жерге, ата - бабасы жатқан жерге құштарлық;
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
Сұрақ - жауап
- Азаматтық патриотизм деген не?
- Ұлттық таным дегеніміз не?
- Мәңгілік Ел ұғымын қалай түсінесің?
- Ұлттық құндылықтарға нелер жатады?
- Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Оқушылардың ой - пікірлерін тыңдау
Жақсылық – рефлексия
(Оқушыларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
– Бізбен жіп не істеді?
– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (окушылардың пікірі)
– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір - бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр¬меттеп, еліміздің өсіп - өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.
Тәрбие сағатын Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.

  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Синтаксис және оның зерттейтін мәселелері. Сөйлем, оның түрлері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері, тыныс белгілері.

Синтаксис — гректің құру, біріктіру деген мағынаны білдіретін сөзі. Ол грамматиканың бір саласы болып есептеледі де, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің кұрамымен құрылысын, түрлерін жəне сөйлем мүшелерін зерттейді.

Сөйлем — ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлшегі.

СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

 Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да, екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Өзі мықтап жүдепті. Тар қапастан шыққанмен, бірақ сағы сынбаған (Ə. Н.). Бірінші сөйлемде өзінің мықтап жүдеуі туралы бір ғана ой айтылса, екінші сөйлемде (ол) тар капастан шықса да (бір ой екінші оймен жалғасып), сағы сынбау туралы (қарсылықты мəндегі күрделі ойға ұласып кеткен) күрделі ой білдіріп, құрмалас сөйлем болып тұр. Ол айырмашылық бұл сөйлемдердін интонациясынан да байқалады.

1.Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты жəне лепті сөйлем болып бөлінеді. Айтылу мақсаты хабарлау, сүреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз.

Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу, екіну т. б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

  1. Сынып және сынып-комплект түсінігі. Сынып-комплект құрастыру жолдары, принципі- Гюнель

Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі» - делінген.ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.