Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 118
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастыру
Екі немесе үш сыныппен өткізілетін сабақты ұйымдастырғанда оқушының білімін бағалау, жеке жұмыс жүргізу, тапсырманы өздігінен қалай орындағандықтарын бақылап, жұмыстарын тексеріп отыру да педагогикалық шеберлікті, жете мән беруді талап етеді. Яғни, 45 минуттық бір сабақтың ішінде шағын жинақты мектеп мұғалімі 3, тіпті кейде 4 сабақты өткізіп, 3 не 4-сынып оқушыларын қатар оқытуға әрі әрбір «кіші сабақтың» білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарының орындалуын қадағалауға мәжбүр болады. Осыған орай сабақтың құрылымы да өзгереді. Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең «үлкен сабақтың» өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық сыныпқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты жаттығулар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір сыныпқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифференцияланған) бөлімнен тұрады. Енді осы екі жағдайды салыстырайық:
2-сынып | 3-сынып | 4-сынып |
М | Ө | Ө |
Ө | М | Ө |
Ө | Ө | М |
(М − мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс, Ө − өздігінен орындалатын жұмыс).
2-сынып | 3-сынып | 4-сынып |
Біріктірілген (ортақ) бөлім ( жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі) | ||
Сараланған бөлім (жаттықтыру кезеңі) | ||
Біріктірілген (ортақ) бөлім (бекіту кезеңі) |
Көріп отырғанымыздай, бірінші жағдайда жаңа тақырыпты түсіндіру 4-сыныпта сабақтың ең соңына түсуі мүмкін. Ал психологиялық еңбектердн бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалды шамамен сабақтың алғашқы 10-15 минутында ғана жақсы қабылдайтыны туралы пікірлерді кездестіреміз. Сондықтан сабақты бұл жолмен жоспарлау көп қиындық туғызатыны сөзсіз.
Тапсырма: сіздің үлгіңіз...
-
Жай сөйлем, оның құрылысына қарай түрлері.
Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады
-
Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б. -
Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б. -
Жалаң сөйлем -тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б. -
Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б. -
Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б. -
Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б. -
Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.
-
Сабақ, оған қойылатын талаптар. Шағын жинақталған мектептерде сабақтарды жоспарлау және өткізу- Айнурам
Сабақ, оған қойылатын талаптар. Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады.
Шағын жинақталған мектептерде сабақтарды жоспарлау және өткізу
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады. Егер мектепте барлық балалар саны 15 - тен аспайтын болса, 1 - сынып комплект, 15 - тен жоғары 2 немесе 3 - сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 - сынып – комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген.(Гигенические требования к условиям обучения школников в различных видах современных общеобразовательных учреждений №2. 01. 07.- 99г.§2 Пункт 9. 11 - 21 стр.) Мұнда екі сынып - комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5 - тен 15 - ке дейін ғана бала болса онда 1 сынып – комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызыметің ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерді» (- 2000 ж.№32(6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үрдісін ұйымдастыру мен оқу - тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген. ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгіленген жоспарды орындап шығу. ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
- біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
- сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады:
- бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты;
- екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
-
Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Бастауыш. Баяндауыш. Олардың түрлері.
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Сөйлем мүшелері
Ø Тұрлаулы мүшелер - Сөйлем құрауға негіз болады.
Ø Тұрлаусыз мүшелер - Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер.
● Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш - Сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше.
кім? не? кімдер? нелер?
кімі? несі? кімім? нем?
кіміңіз? неңіз? кіміміз?
неміз? кімдерің? нелерің?
кімдеріңіз? нелеріңіз?
Мысалы: Жазда күн өте ыстық болды.
Достарым осы жарыста жеңіп шықты.
Үшеуі сыртқа шықты.
Кеншілер сарайы адамға лық толы.
Баяндауыш - Сөйлемді тиянақтап тұратын мүше.
Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Мысалы:
Біз тауға шықтық.
Оның ойы үйге ертерек жету еді.
Оның алғаны – кітап.
Күн ыстық.
Оның түсі қара торы.
Ауыл мәдениеті өсіп келеді.
● Тұрлаусыз мүшелер
Ø Анықтауыш - Сөйлемде басқа мүшелердің сын - сипатын анықтап тұратын мүше.
қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Ø Толықтауыш – Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?
Ø Пысықтауыш – Сөйлемде іс - қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін, т. б.) анықтайтын мүше.
қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы, Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің (ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына қарай бөлінуі
Мысалдар
Дара бастауыш
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
Күрделі бастауыш
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
Үйірлі бастауыш
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.
Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі
Сөз табы
Мысалдар
Зат есім
Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады.
Сын есім
Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты.
Сан есім
Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.
Есімдік
Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
Есімше тұлғалы етістік
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа.
Тұйық етістік
Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
Одағай
Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
Үстеу
Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Еліктеу сөз
Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.
Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;
2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.
Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырай күліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты – тезірек ер жету.
Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі
Мысалдар
Дара
Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны.
Күрделі
Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.
Үйірлі
Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.
-
Бастауыш шағын жинақталған мектептегі тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшелігі.- Жанат
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.