Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 82

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


-Байырғы құрылысы бұзылып берілген текстің сөздерін өзара байланыстырып қалпына қайта келтіріп көшіріп жазу. Бұл мәндес тапсырма синтаксис тақырыбына лайық беріледі. Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу үшін және сөйлем мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына айыру үшін, сондай-ақ жалпы сөйлем құру тәсіліне дағдыландыру үшін осындай тапсырма берудің маңызы зор. Ол, әсіресе балалар ойдан сөйлем құрауға, мазмұндама, шығарма жазуға машықтану үшін елеулі пайда келтіреді.

  1. Буын, оның түрлері. Екпін, оның түрлері. Екпін түспейтін қосымшалар. Тасымал. Тасымалданбайтын жағдайлар

Буын - сөзді айтқан кездегі дауыс толкыны.

Буын - сөз ішіндегі бір не бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Буын сездегі дауысты дыбысқа негізделеді. Сөзде канша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: «құ-ді-рет» сөзінде 3 дауысты дыбыс (x, i, e) бар, сондықтан бұл сөз 3 буынға бөлінеді.

Буынның 3 түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

1. Ашық буын 1) дауыссыздан басталып, дауыстыға аякталады (ба-ла, ша-на-ны) 2) бір ғана дауысты дыбыстан тұрады (а-ға, о-ю).

2. Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, Дауыссыз дыбысқа аяқталады (ат, ант, әдеби-ет).

3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыссызға аякталады (бал, тарс, мек-теп).

Буын

Ашық

Тұйық

Бітеу

Буынға бөлінгенде, сөздегі «у, й, ң» дауыссыз дыбыстары келесі буынның бірінші дыбысы болады (ка-уын, ка-йык, ко-ныр).

Катар тұрған 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі 1-буында қалады, ал 3-дауыссызы келесі буынға кетеді (құмырс-қа, жұмырт-қа).

Буынның 3 түрі де кездесетін сөздер аралас буынды сөзге жатады. Мысалы: арғымақ: «ap» тұйық, «ғы» - ашық, «мақ» - бітеу буын.

Тасымал жазу кезінде сөздің жолға сыймай - қалған бөлігін келесі жолға көшіру.

Тасымал буынға негізделеді, яғни сөздер буынға карай тасымалданады. Мысалы: «Кереге» сөзі 2 жолмен тасымалданады: ке-реге, кере-ге;

Тасымалданбайтын сөздер:

1) Бiр буынды сөз (кант, штамп);

2) Бас әріптерден және бас әріп пен басқы буыннан қысқарған сөз (ТМД, ҚазМҰУ);

3) Бас әріптерден қысқарған кісі атын (М.О.) оның тегінен (Әуезов) белiп тасымалдамайды.

4) Бір дауыстыдан тұратын буынды жолда калдырмайды (а та) немесе келесі жолға тасымалдамайды (әули - е);

5) Қысқарған өлшем бірлігін (см) өзі тіркескен саннан (15) бөліп тасымалдауға болмайды (15 см, 20 кг);


Екпін - сөйлеген кездегi белгiлi бiр дыбыстың, буынның және сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы.

Қазақ тілінде екпін тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: еңбек, еңбекші, еңбекшілер, еңбекшілерді.

Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:

1. Көмекші сөздер: ғой, шейін, арқылы, туралы т.б.

2. Жіктік жалғауы: оқушымын, барамыз т.б.

3. Болымсыз етістіктің жұрнағы

ба, -бе): айтпа, барма, келме т.б.

(-ма, -ме, -па, -пе)

Екпіннің түрлері

1) Сез екпіні сөздегі бір буынның көтеріңкі дауыспен айтылуы (Сез екпіні үнемi соңғы буынға туседі.) Мысалы: Еңбек, Еңбекші, Еңбекшiлер.

2) Ой екпiнi сөйлемдегі бір сездiн көтерiнкi - айтылуы. Мысалы: Бүгін әкем қалаға кетті. Әкем қалаға бүгін кетті. Бүгін қалаға әкем кетті.

3) Дыбыс екпіні - сездегі бір дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуы (бә-ә-рекелді, жара-ай-сың).

4) Тiркес екпіні - сөйлемдегі күрделі сөздiң бiр ғана екпінге ие болуы (қыпша бел, тез жазды).
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тесттік жұмыстар.- Аружан

Тест жұмыстарына тоқталайық. Көптеген мұғалімдер қазіргі қолданыстағы педагогикалық өлшем нақты деп ойламайды. Оқушылардың жұмысын обьективтік және нақты бағалау бір жылғы мәселе емес. Әр мұғалім оны өз бетінше шешеді. Көбі бүгінде барлық әлемдік тәжірибеде кеңінен танымал тестілеу әдісін қолданады. Қазіргі тәжірибеде қазақ тілі сабағында тестілеу әдісі тиімді әрі пайдалы, нақты педагогикалық өлшемінің бірі болып тұр. Нақты жағдайда мектептің оқу бағдарламасы, әр модуль өзіне сай тест тапсырмалармен қамтылған.

Тест әдісін қолдану білім сапасын бақылауға, дамытуға, ұйымдастыруға, болжауға, тәрбиелеуге көп көмегін тигізуде. Модульдік тестілеу жұмысы өзінің тиімді екенін әрқашан дәлелдеуде.

Өз оқушыларымның білім деңгейін тексеру барысында әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамын. Соның бірі - тестілеу әдісі. Тест арқылы бақылау барысында мені қызықтырғаны: білім сапасын шұғыл білу, қателерді дереу түзеу, ескертулерді түзеу. Яғни, бұл мұғалімге артық уақытсыз оқушылардың білім дәрежесін тез тексеруге көмектеседі. Тестілеудің тағы бір тиімді жағы - барлық оқушылар бір деңгейде жұмыс істейді. Тест әдісін қолдану оқушының білім деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің жұмысының нәтижесін де көрсетеді. Оқушылар өз білім деңгейін көре алады, өзіне өзі бақылау жасай алады. Ата - аналар өз балаларының білімін бақылай алады.

Тест тапсырмаларын құру барысында әртүрлі сала, әртүрлі бағдарлама, әртүрлі тақырыптар қамтылады. Бұл өз тарапында оқушының білім деңгейін анықтай отырып, нақты тапсырмалар беруге көмегін тигізеді. Мысалы: әртүрлі ережелерді білу, әртүрлі білім саласы бойынша оқушылардың деңгейін анықтау, бағдарламалық материалдарды қамтуын бақылау, есте сақтау және қолдану барысын бақылауға болады.

• Еркін мазмұндау тапсырмасы, жауаптарына шектеу қойылмайды, бірақ нақты жауап беру талап етіледі.(сөз тіркесі, фразалар, сөйлемдерді көшіріп жазу түрінде)

• Альтернативті жауап беруді негізгі тапсырмасы екі нұсқалы жауаптан тұрады (иә - жоқ, дұрыс - дұрыс емес) және қиын ережелер мен анықтамаларды меңгерген деңгейін тексереді. Бұл тапсырмалар мынаны анықтауға қолданылады, нақты фактілерді білуін, түсінігі қалыптасады, себебін анықтайды.

• Көп нұсқаулы жауаптық тапсырмасы. Оқушы өзі дұрыс деген жауапты белгілейді, таңдайды. Көп таңдаулы тест тапсырмаларын мен бірқатар нақты көрсеткіштерді бақылауға сонымен қатар комплексті білімді меңгеруді тексеруге қолданамын. Тапсырманың бұл түрі өзімнің құрған тапсырмаларымнан және жауаптардан тұрады (ең дұрысы4 - 5 жауаптан болғаны). Оқушы өзі дұрыс деген жауабын таңдайды.


• Келесі түрінің тапсырмасы бірінші кестедегі сұрақтарға кестенің екінші бөлігі арқылы сәйкес жауаптар табу. Бұл тестілеудің негізгі мақсаты оқушылардың үлкен тақырыптар бойынша грамматикалық білім деңгейлерін анықтау.

Мен өз жұмысымның барысында тестілеудің үш түрін қолданамын.

Кіріспе тест бұл түрін жаңа тақырыптарды меңгертудің алғашқы сатысында қолданамын. Тест өткізіп, нені нақтылы міндеттер қоюға үлкен көмегін тигізеді. Келесі жаңа тақырыпта осы мәселелерге көп тоқталуға тырысамын.

Аралық тест - түрін мен көлемді тақырыпты меңгергеннен кейін қолданамын. Негізгі мақсаты оқушылардың ережелерді, анықтама, алгоритмдерді қалай меңгергенін тексеру.

Жан - жақты шығармашылық жұмыс қайталап тексеру нәтижесінде ғана үлкен нәтиже көрсете алады.

Тестілеудің үшінші түрі - бақылау тесті. Осы бақылау тестін түрін бір тарау бойынша өткен тақырыпқа байланысты түрлі тест тапсырмалар арқылы, оқушылардың білімінтексеремін. Тестілеудің бұл түріне теориялық материалдарды қамтитын сұрақтарды да кіргіземін.

Тестілеуді жеке оқушыларға және топтық, жұптық жұмыс ретінде де қолданамын. Тест тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тестілеу оқушыларды өзін - өзі бақылауға, пікір алмасуға, қорытынды жасауға, нәтиже шығара білуге үйретеді.

  1. Лексикология, оның зерттейтін мәселелері. Омоним. Антоним. Синоним.

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалық единица ретінде қарастырылады. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамы құралады. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер қаншама көп және алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен байланысты, өз ара шарттас элементтердің жүйесі ретінде өмір сүреді және дамиды. Осыған орай, лексикологияда тілдің сөздік құрамы лексикалық жүйе ретінде құралады да, сөз тілдің лексикалық жүйесінің элементі ретінде қаралады.

Жалпы қатынас құралы ретіндегі тіл атаулының лексикалық жағына тән құбылыстар мен жалпылама заңдылықтар мен ұғымдар жалпы лексикологияда қарастырылса, лексикалық құбылыстар мен жалпы заңдылықтардың жеке, нақтылы тілдердің лексикасына икемделіп көрініс табуы және әрбір тілдің сөздік құрамы мен оның дамуы, өзіндік ерекшеліктері жалқы лексикологияда ( жеке, нақтылы тілдің лексикологиясында) қарастырылады. Әрбір тілдің лексикологиясы жалпы лексикологияның жалпы теориялық қағидаларына негізделеді де, нақты бір тілдің лексикасын зерттейді.


Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік құрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы, қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүм кін. Осыған орай, лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік құрамы шығуы, замандар бойына қалыптасуы жәнге дамуы, лексиканы құрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттелінеді. Ал сипаттама лексикологияда “Қазіргі ағылшын тілі”, “Қазіргі қазақ тілі” атты пәндердің лексикология бөліміндерінде, аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағыналық құрылымы, лексиканы құруышы арналар мен қат-қабаттар, сөздердің активті және пассив ті топтары, сөздік құрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалық жақтан дифференциалануы, сөздердің қолдану аясы және т.б. мәселелер қарастырылады.

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу тарихын ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте-мөте күшті.

Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оның зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің “жаны” десекте болады. Семасиалогияның лексикографиялық жұмыста да маңызы айрықша. Сөздіктерде, әдетте, сөздің мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмеектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздің мағыналарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктенекендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда, сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, оның мағыналық жағына назар аударылады да, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырылғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Сонымен , ономосиология заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.