Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 83

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі.

Ономосиологияның айрықша бір саласы – онамастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: оның бірі – антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады.

Лексикология сөздерді тілдің сөздік құрамын құрастыратын единицалар, яғни лексикалық единицалар ретінде қарастырады. Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл-тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркесі жиі ұшырасады. Олар сөздердің тіркесі болғанымен, мағынасы жағынанжеке сөздермен барабар келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызмет атқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы, жүрегі тас төбесіне шығу (қорқу), қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша (лезде), қаны қайнау (ашулану), мойны жар бермеу (еріну), тайға таңба басқандай (ашық-айқын), он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген (өте шебер), ит арқасы қиянда (алыста), үріп ауызға салғандай (сүйкімді) деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да, мағынасы жағынан бір сөз тәрізді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеологиялық сөз тіркестерін зерттейтін лексикологияның арнаулы бір саласы фразеология деп аталады. Фразеология тұрақты сөз тіркестерінінң түрлерін, олардың құрамы мен құрылысын және жасалу жолдарын қарастырады.

Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

  1. Ат – жұмыс көлігі;

  2. Ат – есім, атау;

  3. Ат – етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы 
көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

  1. қас – адамның қабағындағы қас;

  2. қас – дұшпан, жау;

  3. қас – бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

  4. қас – ердің қасы

Бұлар да – бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

Антоним (гр. ἀντι- — «қарсы», гр. ὄνυμα — «ат», «атау») — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер[1]. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық), сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]

Көркем шығармада ойдың өрістеуі екі түрлі ұғымның, түйіннің шарпысып келуіне орай қатар алынған сөздердің қарама-қарсылық, қайшы мағынасы, көркемдік әсерлілігі күшейе түседі. Сондықтан қайшы сөздер шендестіру тәсілін тудыратын құнарлы, өнімді құрал бола алады. Мысалы:

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын ерге сүйрер.

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.


  • Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.

  • Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:

  1. мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);

  2. стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);

  3. сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).

  • Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:

  1. мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;

  2. бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;

  3. мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалызаңғар биік тау, құр бекер жүру;

  4. Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. МысалыБармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.

  5. Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;

Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалыөлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю

  1. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын грамматикалық ойындар.-Асемай

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.


Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтыңәлеуметтік -экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.


Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір- бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады
  1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10