Файл: Тіл атынас ралы. аза тілі аза халыны лтты тілі, Рны мемлекеттік тілі. Тіл туралы за.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 84

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Семасиалогия, сөз мағынасы, оның түрлері. Табу. Эвфемизм және дисфемизм сөздер.

Әрбір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді.Сөз бен ұғым тығыз байланысты, бірақ сөз бен ұғым бір-бірімен тепе-тең емес, өйтекені -тілдік категория, ал ұғым- ойлаудың формасы.Тілсіз ойлау мүмкін емес.Сондықтан да тіл мен ойлау тығыз байланыста болады.

Сөз белгілі бір ұғымды білдіреді,мысалы: жер,су,темір,қағаз,ет,су,май т.б.Зат пен құбылысқа байланысты қойылған атауды сөздің тура мағынасы деп атайды.Бұл сөздердің мағынасы сөйлем ішінде айқындалады.Тура мағынада айтылған сөздер алуан-алуан сөздермен кең түрде байланыс жасап, емін-еркін тіркесе алады.Мысалы, ал етістігі тамақ ал, қабыл ал,кітапты ал, сөз ал т.б тіркестер құрайды.Сол сияқты жас деген сын есім жас адам, жас мал, жас ағаш, жас бала, т.б. тіркестер құрамында сапалық белгіге ие болған.Тура мағынасы жоқ сөз тілде некен-саяқ қана.Жалпы сөз мағынасының қыр-сыры өте мол.

Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгісі- сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі не одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) деп атайды. Мысалы : қара сөзінің бірнеше мағынасы бар: 1)белгілі бір түстің түрі; 2)мал ұғымын білдіреді; 3) алыстан көрінген бір зат.Сөздің бұл ерекшелігі көп мағыналық деп атайды.Сөйтіп сөз алдымен тура мағына береді. Мұны сөздің тура мағынасы деп атаймыз.Сөздің тура,яғни тұрақты мағынасы болумен бірге оның ауыспалы мағынасы болуы да мүмкін.Сөздің ауыспалы мағынасы заттың, құбылыстың немесе сол заттың белгісінің ұқсастығын білдіруден, олардың өзара тығыз байланысынан келіп туады.Бір сөзде бірнеше мағынаның болуы көп мағыналық делінеді.

Табу. Табу сөздер негізінен,халықтың өткен тарихымен, әдет-ғұрып,салт-санасымен байланысты туған. Ертеде адамдар өздері сыр-сипатын тани алмаған табиғат құбылыстары мен өмір заңдылықтары туралы әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымдар қалыптастырып, жекелеген іс-әрекеттерді жақсы я жаман ырымдарға жорып, оларды істеуге,аттарын дауыстап айтуға тыйым салған.Бұл құбылыс табу деп аталады. Тіл білімінде табу айтуға тұрмыстық -этнографиялық, діни, моральдық- этикалық тұрғыдан тыйым салынған сөздер дегенді білдіреді. Мәселен, жай түсті деудің орнына «адамға қырсығы тиер» деген наныммен жасыл түсті деп айтатын болған. Қасқырды өз атымен атасақ ,малға шабады деп, ит-құс, қара құлақ, ұлыма деп атаған. Жыланды да осындай түсінікпен түйме, қамшы,ұзын құрт
д.а

Эвфемизм. Сөздің ұғымы естіген адамның көңіліне келетіндей қолайсыз, дөрекілеу болып келген жағдайда ,ол сөз басқа сөзбен алмастырылып айтылады. Алмастырылып айтылған сөздерді тіл білімінде эвфемизм дейді.Мағынасы- тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Мысалы, өлді деудің орнына дүние салды, жан тәсілім етті деген тіркестерді қолданған.Өлім мен қазаны Аққу ұшып көлге кетті. Ақ сұңқар ұшып жөнге кетті.Олар аласып кеткен жоқ, Әркім барар жөнге кетті- деп, поэтикалық сарында тұспалдап,астарлап естірту- қазақта бұрыннан бар дәстүр.

Дисфемизм. Әдепті сөздерді әдепсіз, дөрекі, сөздермен акыстырып айту дисфемизм деп аталады. Дисфемизм- мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс. Ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі сөздерді қолдану, кеміту, қорлау, іске жаратпау, түрлі жағымсыз әсер тудыру мақсатында қолданылады. Мысалы боқ мұрын, маңқа, қолынан боқ келмейді, өз басының боғын көрмей, біреудің басының шоғын көреді деген тіркестердегі боқ,маңқа сөздері -дисфемизм.Дисфемизмдер адамның тәрбиесі мен мәдениеттілік деңгейінен хабар беретін, ауызекі тілде сирек те болса қолданылатын тұрпайы, анайы, дөрекі сөздер.Дисфемизмдер әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

  1. Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық байланысты қолдану.- Р.Гүлдана

Жалпы білім беретін мектептің негізгі деңгейінде «Қазақ тілі» пәні барлық пәндермен байланысқа түседі. Қазақ тілінің лексика тарауында барлық пәнге тән терминдер, кәсіби сөздер, жалпы халықтық қолданыстағы сөздер қамтылады. Сөзжасамда биология, география, астрономия, физика, химия пәндеріне қатысты ұғым атаулары меңгертіледі. Морфологияның сөз таптары аясында математика, тарих, қоғамтану, өнер, технология, валеология, т.б. пәндерге қатысты терминдердің табиғаты мен тұлғалық ерекшеліктері танытылады. Синтаксис пен стиль салаларында мектептегі оқу пәндерінің сөйлем жүйесі мен қолданылу ерекшеліктері игертіледі.

Қазақ тілі пәнінің әдебиет, музыкамен байланысы өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы болса, музыка сол адамның жан азығы. Оқушыларға  қазақ тілі сабақтарында әдістемелік түрлі мақсаттарда көрнекілік үшін, эмоциялық әсерді күшейту үшін түрлі бейнелеу өнерін (сурет, портрет, иллюстрация, мүсін т.б.) музыкалық шығармалар пайдаланылады.


Қазақ тілі сабағында арнайы шығарылған оқу фильмдерін көрсетіп, кейбір фрагменттерін пайдалануға болады. Мұның өзі пәнаралық байланысты (интеграция) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы:

«Терминдер табайық» ойыны. Ойынға оқушыларды мөлшерлеп қатыстырған жөн. Әр бала «грамматикалық», «математикалық», «физикалық», «географиялық, ауылшаруашылық» деген сөздер жазылған бірнеше карточкалар дайындайды. Бастаушы ірі етіп жазылған терминдер мәтінін тақтаға іліп қояды да ойын тәртібін түсіндіреді. Оқушылар іштерінен мәтінмен танысады. Бастаушы мәтіндегі сөздерді атағанда, оқушылардың қолдарындағы карточкаларының бірін көтеріп әлгі сөздің қай термин екенін білдіреді. Жаңылысқан оқушылардың аттары аталып, тақтаға жазылады. Кейін қорытындысы шығарылады.

Терминдер мәтіні

Агроном, экватор, звено, эквивалент, демеулік, механизация, тепе-теңдік, ойпат,

қысым, витамин, тотық, түбір, абитуриент, қалдық, материк, комбайн, үстеу, қой фермасы, плюс, компас, есімше, автономия, молекула, анықтауыш, атом, , жұрнақ т.б.

Тапсырма-сұраулар.

1. Қазақ тіліндегі қосымшалар термин сөздердің бәріне де үндестік заңы бойынша жалғана ма?

2. Қай термин сөздерге қосымша тек қатаң дыбыстан басталып жалғанады?

3. Қос дауыссызға аяқталатын 3-4 термин сөз тауып жазыңдар.

4. Әдеби тақырыпқа 10-15 термин тауып жаз.

Бұл ойынды лексикалық тақырыптарда өткенде қолдануға болады Қазақ тілін әсіресе тарих пәнімен ұштастыра оқыту, халқының өткен тарихынан, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, мәдениеті мен басқа да ұлттар мен қарым-қатынасынан афоризмдер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер беру арқылы ақыл-ойын даытып, тапсырмаларды іздену арқылы өздігінен орындай білуге үйрету қажет. Оқушылар өздігінен жұмыс істеу арқылы басқа пәндермен де байланысын дамытып, білімдерін тереңдетіп, қазақ тілін үйренуге деген ынталары арта түседі деп ойлаймыз.

Қазақ  тілі мұғалімі әдебиет материалдарын сабақ жүйесінде үнемі пайдаланып отырады. Бұлай етудің әрі ғылыми, әрі практикалық мәні бар. Пәнді оқыту және тәлім-тәрбие жұмыстарында тіл мен әдебиетті тығыз ұштастырып отырудың практикалық жақтан пайдасы мол. Осының нәтижесінде оқушылар ана тілін, оның сөз байлығы мен сөз өнерін үйренеді. Қазақ тілі сабағында әдебиет материалдарын пайдалана отырып, олардың сөз байлығын шоғырландырып, әдеби тілде сөйлеуге үйретіп, шығармашылық іске дағдыландырып отырған жөн. Оқушылар өз халқының өнері мен ғасырлар бойғы тарихын, оның көркем сөз өнерін әдебиет арқылы таниды. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы     қазақ тілі  мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады. Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі. Тұтас алғанда, барлық пән, жеклей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелікк дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Сөйтіп өмірдің шындығын, халықтын, тарихы мен тілін жақсы біледі, ұғады. Әдеби шығармаларды ттілмен байланыстыру оқушылардың ұғымын дамытады, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, соған қызығуы мен сүйіспеншілігін күшейтеді. Әдебиетке байланыстытақырыптар ертегілерден, жұмбақ пен макал-мәтелдерден, әңгіме мен очерктерден, өлеңдер мен поэмалардан,
пьеса мен повесть, романдардан таңдалып алынады.

Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың  алатын орны орасан зор, оқушы білімінің жүйелілігіне әсер ететін тиімді құралдардың бірі.


  1. Сөзжасам, оның түрлері. Түбір сөз. Туынды сөз. Біріккен сөздер, олардың бірігу жолдары.

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:

1) синтетикалық тәсіл,

2) аналитикалық тәсіл,

3) лексика-семантикалык тәсіл.

Сөз жасам екіге бөлінеді:

1-негізгі

Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды түбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.

2-туынды

Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.

Сөзжасамның аналитикалык тәсілі. 


Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, +қытай тілдері жатады.

Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нұрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бұл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.

Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі. 

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.

Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.

Түбір сөз.

Түбір-сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін,лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі. Түркі тілдерінде түбір өзгермейді. Мысалы: қар,тар,бақ,күн,апта,т.б.

Туынды сөз.

Туынды сөз-сөзжасамның негізгі нысаны. Сөзжасам тұрғысынан қарағанда туынды сөз жаңа туындының өз құрылымындағы түп негізден күрделі болады және оның мағынасы түп негіздің мағынасымен тікелей байланысты болады,соған сүйену арқылы жүзеге асады.

Туынды сөз құрамына қарай екіге бөлінеді :

  1. Дара туынды сөз-синтетикалық тәсіл арқылы жасалады.

  2. Күрделі туынды сөз-аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.

Біріккен сөздер-екі немесе одан да көп түбірден бірігіп,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөзді біріккен сөз дейміз. Бірікке сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы;алтыбақан,тасбақа,ақсүйек,алабұғы,Қазығұрт,т.б.

  1. Қазақ тілі сабақтарында емле ережесін түсіндіру.- С.Гүлдана

Емле-дегеніміз белгілі бір әдеби тілде сөйлейтін және сол тіл арқылы қарым-қатынас жасайтын адамдардың дұрыс жазуын қамтамасыз ететін, олардың жазуда ортақ бойсұнатын ережедер жиынтығы.

Емленің негізгі төрт түрі:

  1. Таңба жүйелі емле-тіл іліміне тіремей,тек ынтымақпен мына сөзді мынадаы,ана сөзді анадай деп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі.

  2. Тарих жүйелі емле- баяғы бір жасаған түрінде қолданып,дағдыланғандықтан,тіл өзгерсе де өзгерместен әдеттенген бойынша қолданыладыт емле.

  3. Туыс жүйелі емле- сөздің ауыздан шыққан дыбыстарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мысалы, қарат-қара ат.

  4. Дыбыс жүйелі емле- сөздерді ауыздан шыққаны күйінше жазатын емле. Мысалы, ағөгіз- ақ өгіз.