ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.05.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 11
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адам жақсы ісімен көрікті
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: оқушыларға адам жақсы ісімен көрікті екенін сүйісеншілік құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://kk.wikipedia.org 2. uzdikter.biz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Жылы сөз» жылулық шеңбер Педагог баланың назарын терезеден түскен Күн сәулесіне аударып.төмендегі «Тіршілік атаулыға қайырым жас» өлеңін оқиды. Шашы алтын,көзі –от,шыға ғой Күн тезірек! Шуақ берші,жылу бер-маған,қозы,лағыма,тағы,тағы,тағы-да! Балалар тәрбиешіге еліктеп,әр сөзді онымен бірге қайталып және қолдарын бірде жоғары Күнге көтеріп,біресе қиялдарында тұрған қошақан мен лақты көрсетіп ойын қимылдарын жасап отырады. | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №10 – сабақ. Өздері жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме жазып келу. 2. Келесі сабақ. №11, «Ананың сүйіспеншілігі» өсиет әңгімені оқып келу. Сұрақтар: 1. Осы өсиет әңгімеден қандай сүйіспеншілікті байқадыңдар? 2. Мәтінде ананың сүйіспеншілігін неліктен жанған шырақпен салыстырған? 3. Өз ата-анаңның сүйіспеншілігін неге теңер едің? Себебін түсіндіріп бер. 4. Өз отбастарыңда жақындарыңның мейірі мен сүйіспеншілігін неден, қалай сезінесіңдер? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Үлкен алдында жас парызы, ата алдында бала парызы – әдеп пен сый. Мұхтар Әуезов Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Сұрақтар: 1. Әдеп деген не? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Мен қандай боламын. Құс ұясын бұзбаймын, Бүлдірмеймін жейдемді. Қабырғаны сызбаймын, Жинап қоям бөлмемді. Бос шимайлап, шатпақтап, Дәптерді де жыртпаймын. Бір күн болмай сатпақтап, Киімімді де құртпаймын. Апамызды сыйлайық, Үйдің ішін жинайық. Бұрынғыдай егесіп, Ерегесіп тұрмайық. Қалмау үшін керісіп, Кел алайық келісіп, Атқарайық үйдегі, Жұмысты тең бөлісіп. Кел, самаурын қайнатып, Дастарханды жайнатып. Отырайық бөлмеде, Бөпемізді ойнатып. Гүлдерді де суарып, Еденді де жуайық. Келген кезде жұмыстан, Қалсын апам қуанып. Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті де білемін, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін. Сұрақтар: 1. Сыйлап сәлем бергендігі, ізеттілік көрсеткендігі, істеген істеріне мақтанып ақы сұрамайтындығы адамның қандай әрекеттерін сипаттайды? 2. Ізеттілік, сыйластық, әдептілік қасиеттері сендердің бойларыңда байқала ма? 3. Риясыз сүйіспеншілікпен істеген істерің туралы айтып беріңдер. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: «Жақсы отбасы» тақырыбында сурет салу. | |
6. Топпен ән айту. Бала тiлегi Дыры сӘнін жазған: Фарида Жолдасова Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер, Гүлденсiн деп атамекен қара орман. Болашақтың иесiмiз бәрiмiз, Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз. Алтын бесiк – ұлан-байтақ елiмде, Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз. Қалықтаған кӛгершiнi кӛгiнде, Мұңаймасын ешбiр бала елiмде. Ата берген батаменен көркейсiн, Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №11 – сабақ. «Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтар» тақырыбында үлкендермен бірге шағын әңгіме жазу. 2. Келесі сабақ. №12, Ыбырай Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 12
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адам жақсы ісімен көрікті
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық.
Мақсаты: оқушыларға адам жақсы ісімен көрікті екенін сүйісеншілік құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. uzdikter.biz 3. http://bilimsite.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. «Еркелету» жылулық шеңбері Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйлайды | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №11 – сабақ. «Біздің отбасымыздағы адамгершілік құндылықтар» тақырыбында үлкендермен бірге шағын әңгіме жазу. 2. Келесі сабақ. №12, Ыбырай Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Сейіт неліктен ауруды сезінбеді? 2. Әңгіме неліктен «Аурудан аяған күштірек» деп аталады? 3. Сейіттің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар? 4. Өздерің жақындарыңды қиналтып, уайымдатпау үшін не істей аласыңдар? Не істеу керек деп ойлайсыңдар? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Өзгеге жасаған ізетің - өзіңе жасаған құрметің. Халық даналығы Сұрақтар: 1. Өзіңді, өзгені құрметей білесің бе? 2. Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Тату ағайындылар1 Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағындаболса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, ол да ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды: –А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың? Інісі айтады: –А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың? Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Мақал – мәтелдерді жалғастыр. 1 – топ: 1. «Сіз», «біз» - деген жылы сөз, ... жарасар (ағайынға) 2. Інісі бардың ... бар, Ағасы бардың жағасы бар (тынысы) 3. Ата – баланың ... (қорғаны) 2 – топ: 1. Бала – ... бауыр еті (ананың) 5. Өз ... – өлең төсегім (үйім) 6. Қонақ ... емес қабақ – қасыңа риза (асыңа) 3 – топ: 1. Жақсы ... – орман, Жақсы бала қорған (ата) 8. Ағадан – ..., Ініден – ізет (ақыл) 9. Бала тәрбиесі – ... (бесіктен) | |
6. Топпен ән айту. Бала тiлегi Дыры сӘнін жазған: Фарида Жолдасова Өлеңін жазған: Сержан Молдасанұлы Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер, Гүлденсiн деп атамекен қара орман. Болашақтың иесiмiз бәрiмiз, Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз. Алтын бесiк – ұлан-байтақ елiмде, Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз. Қалықтаған кӛгершiнi кӛгiнде, Мұңаймасын ешбiр бала елiмде. Ата берген батаменен көркейсiн, Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №12 – сабақ. Әрбір отбасы мүшелерінің өз құқықтары мен міндеттерін жазып, оны қалай орындап жүргендеріңді әңгімелеп беріңдер. 2. Келесі сабақ.№13, «Ғажайып адам» ертегісін оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 13
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адал және ақкөңіл болу
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, татулық.
Мақсаты: оқушыларға адам жақсы ісімен көрікті екенін сүйісеншілік құндылығы арқылы түсіндіру. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. uzdikter.biz 3. /www.tarbie.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Табиғат аясында саяхат атты сергіту сәті• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады) • Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады. • Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды). • Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды). • Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді). • Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды) • Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді) • Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады) • Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді). • Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік! | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №12 – сабақ. Әрбір отбасы мүшелерінің өз құқықтары мен міндеттерін жазып, оны қалай орындап жүргендеріңді әңгімелеп беріңдер. 2. Келесі сабақ.№13, «Ғажайып адам» ертегісін оқып келу. Сұрақтар: 1. «Ғажайып адамның» ғажайыптығы неде? 2. Сен ғажайып адамды кездестірсең, қандай үш тілек тілер едің? 3. Неліктен ғажайып адам баланың тілектерін орындады деп ойлайсыңдар? 4. Ғажайып адам болғың келе ме? Неліктен? 5. Сенің айналаңда осындай «Ғажайып адамдар» бар ма? Әңгімелеп бер. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді. Нақыл сөз Сұрақтар: 1. Адалдық дегенде нені түсінесіңдер? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Адалдық М. Дүйсенов Танаш пен Игілік Нарима апайдың үйіне жиі келіп тұрады. көршісінің балалары. Апайдікіне жиі келіп тұрады. Игілік бүгін сөйлей кірді. – Нарима апай, бірдеңе айтсам, сіз Танашқа айтып қоймайсыз ба? – Ол не? – Жоқ, сіз айтыңызшы, Танашқа,түк те, тіпті мынадай да айтпайсыз ба? – деп, Игілік шынашағының тырнағын көрсетті. Нарима апай: – Жарайды, айтпай-ақ қояйын, – деп уәде етті. – Мен кешегі кәмпиттердің бәрін де өзім жеп қойдым. Танашқа бергенім жоқ. Кеше Нарима апай дүкеннен кәмпит әкеле жатып:
Игілік «жарайды» деп, томпаңдай басып кеткен. Нарима апай ойланып: – Бүгін кешегіден де тәтті кәмпит әкеліп саған апарып бер деп Танашқа беріп жіберіп едім, – деді. Игіліктің көзі шаттанып кетті. – Апай рас айтасыз ба? – Рас. – Әй, Танаш, сені ме бәлем? – деп Игілік жөнеле берді. Нарима апай оны тоқтатып алды. – Сен, немене, төбелескелі барамысың? – Маған берген кәмпитті ол неге жеп қояды? – Кеше сен жеп қойған соң, ол да жеп қойған шығар. Әй, бүгінгі кәмпит тәтті-ақ еді-ау! Сырты күміс қағазбен қапталған, бал татып тұрған тамаша кәмпит еді! Нарима апай кәмпитті мақтаған сайын Игіліктің іші удай ашып кетті. Кеше өзінің бір қате жібергенін түсініп: – Мен енді Танашқа берген кәмпитті жемеймін, өзіне апарып беремін, – деді. – Басқаның адал болуын тілесең, алдымен өзің адал бол. Менің жаңағы Танаштан саған кәмпит беріп жіберіп едім дегенім жай, ойын сөз. Танаш сендей емес, біреудің сыбағасына қол сұқпайды, апарып береді, – деді Нарима апай. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Тапсырма: Төменде берілген әріптерді пайдаланып, адал және ақкөңіл адамға тән қасиеттерді құрап, дәптерге жазыңдар. 1 – топ: «Адалдық» М, І, Л, Ы, Ш 2 – топ: «Әділдік» Е, Ә, Д, Қ, С 3 – топ: «Ақкөңілділік» А, П, Р, Ү, Н | |
6. Топпен ән айту. Келші, келші, балашым Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов Қ Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да. Айдарыңнан айналдым, Маңдайыңнан айналдым. Торсық шеке, тоқ шеке Бақ болар, деп ойладым. Ашық жанар-көңілің Ақ болар, деп ойладым. Қуанышым-арай жүз, Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз. Сендей бала ешкімде Болмаған деп санаймыз. Жалғыз дара – өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Мен барымды аяман, Ботақаным, сен үшін. Не деп енді мақтайын? Айтуға сөз таппаймын | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №13 – сабақ. Адал және ақкөңіл болу ережесін оқыңдар, өздерің толықтырыңдар. Естеріңде сақтап алыңдар. - Сөзің мен ісіңе адал бол! - Қарапайым бол! - Парызыңды ұмытпа! - Тәртіпті бол! - Ойың, ниетің жақсы болсын! 2. Келесі сабақ. №14, «Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгімені оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 14
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адал және ақкөңіл болу
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, татулық.
Мақсаты: оқушыларға адал және ақкөңіл бодудың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйісеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. uzdikter.biz 3. /www.tarbie.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Сергіту сәті «Еркелету» жылулық шеңбері Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйлайды | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №13 – сабақ. Адал және ақкөңіл болу ережесін оқыңдар, өздерің толықтырыңдар. Естеріңде сақтап алыңдар. - Сөзің мен ісіңе адал бол! - Қарапайым бол! - Парызыңды ұмытпа! - Тәртіпті бол! - Ойың, ниетің жақсы болсын! 2. Келесі сабақ. №14, «Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгімені оқып келу. Сұрақтар: 1. Саудагер неліктен аманатқа қиянат жасамақ болды? 2. Саудагердің жаман ойы неге іске аспады? 3. Адамның ойының күштілігіне сенесіңдер ме? Қалай? 4. Сендердің өмірлеріңде осындай жағдайлар болып па еді? Әңгімелеп беріңдер. | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Асылдың бірі — адалдық. Нақыл сөз Сұрақтар:
| |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ең күшті М. Гумеров Аулада доппен нысана көздеп ойнаған Ерік пен Қайсар шекісіп қалды. – Кезек менікі! Сен допты неге екінші рет лақтырдың?– деді Қайсар. – Доп менікі. Лақтырғым келді, лақтырдым! Қайсар Ерікті кеудеден итеріп жіберіп, допты жерге түсірді. – Көкеме айтам! – деді әзер құламай қалған Ерік. – Айтсаң, қорқам ба?! Менің көкем балуан. Өтірік айтпа! Менің көкем ең күшті! – Жоқ, менің көкем ең күшті! Аулада шұлық тоқып отырған Еріктің әжесі «ең күшті»деген сөздің қанша рет қайталанғанын санай бастап еді, есебінен жаңылды. Ішінен: «Жүз рет қайталаған шығар», – деді де қойды. Сол екі арада ойын тәртібін бұзған серігіне ренжіген Қайсар Ерікті иықтан бір қойды да: – Добың өзіңе! Мен сенімен ойнамаймын! – деп ауладан шығып жүре берді. Өзін досы әрі кеудеден итеріп, әрі иықтан қойып қалғанына қорланған Ерік жылап әжесінің қасына келді. Ол болған жайды айтып: – Әже, Қайсар өтірікші, иә?! Менің көкем күшті, иә?! – деді. – Күнім, сен мынаны ұғып ал. Жеке адамның ешқайсысы да ең күшті бола алмайды. Бәрі біріксе ғана ең күшті бола алады. Оныңмәнінкейінөскенсоңбілежатарсың. Аленді дүниедегі ең күшті не? Ең күшті нәрсе – әділдік. Кейдеол уақытша әділетсіздіктен жеңілуі мүмкін. Бірақ түбінде бәрібір ылғи әділдік жеңіске жетіп жатады. Ендеше, әрбір адам әділ болуға тырысу керек. Ал сен... Мен жаңа бәрін көріп, естіп отырдым ғой. Сен Қайсармен ойнағанда әділ болмадың, әділетсіз болдың. Нысанаға доп лақтырудың кезегін бұздың. Досыңды өкпелетіп жібердің, жалғыз қалдың. Қазір добыңды ал да, досыңның үйіне бар. Әділ ойнаймын де. Сонда та- туласып кетесіңдер. Күштілік – әділдікте, күнім. Соны есіңде сақта, ешқашан ұмытпа. Ерік әжесінің айтқанын екі етпейтін. Ол добын алды да, ауладан шығып, Қайсардың үйіне қарай беттеді. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер. 1 – топ: Үш оқушы бірігіп журналды қаптайды, бірақ Аян: Мен қаптадым,- дейді. Оған Адлет пен Тамерлан оған үндемейді. Мұғалім естуінше, үшеуі істегенін айтқанда Аян: Иә, үшеуіміз жасағанбыз, - дейді.
2 – топ: Маржан – үздік оқушы. Мектептен көңілсіз оралды. Анасына бақылау жұмысынан төрт алғанын, оның әділ қойылмағанын айтты. Анасы оның бұл пікірін немен дәлелдейтінін сұрап еді. Маржан үндемей қалды.
3 – топ: Азамат сыныптастарының барлығының жетістігін, қуаныштарын өзінікіндей көріп, қуанады. Ол басқаларға көмектесуге, оларды қуантуға әзір тұрады. Алайда, сыныптастарының біразы Азаматты түсінбейді. Кейде келемеждеп, күледі.
| |
6. Топпен ән айту. Келші, келші, балашым Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов Қ Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба? Бұл дүниеге келген соң, Сұрауы бар судың да. Айдарыңнан айналдым, Маңдайыңнан айналдым. Торсық шеке, тоқ шеке Бақ болар, деп ойладым. Ашық жанар-көңілің Ақ болар, деп ойладым. Қуанышым-арай жүз, Сөйлесерміз талай біз. Бар ағайын жиналып, Мәз боп саған қараймыз. Сендей бала ешкімде Болмаған деп санаймыз. Жалғыз дара – өзіңсің, Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің, Мен барымды аяман, Ботақаным, сен үшін. Не деп енді мақтайын? Айтуға сөз таппаймын | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №14 – сабақ. Адалдық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №15, «Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгімені оқып келу. | |
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. | |
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№: 15
Мұғалімі:
Сыныбы: 2
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Салауатты отбасы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, татулық.
Мақсаты: оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйісеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілікті қадірлеуге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1. bilim-all.kz 2. uzdikter.biz 3. www.tarbie.kz |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi Әдемiлеп ән салып, Топ - топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк - биiк секiрiп, Ойнап - ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. Тұрып қалмай жантайып, Бiр еңкейiп, шалқайып, Жылдам - жылдам қозғалып, Асқақ әндер айтайық. /Б. Бөрiбаев/ | |
2. Үйге тапсырманы тексеру 1. №14 – сабақ. Адалдық туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №15, «Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгімені оқып келу. Сұрақтар: 1. Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар? 2. Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүруі керек? 3. Өз отбастарыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен? | |
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады. Қазақ мақалы Сұрақтар: 1. Риясыз сүйіспеншілік адамдарға қандай көңіл-күй сыйлайды? 2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер? | |
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Шынайы сүйіспеншілік В.А.Сухомлинский Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.
Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді. Сұрақтар:
| |
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Тапсырма: «Қуанышқа бөленген бақытты отбасы үйі» | |
6. Топпен ән айту. Біз осылай өсеміз Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Таң атады арайлап, Күн күлімдеп туады. Жадырайды бар аймақ, Жарқырайды шуағы. Дала гүлін жинаған, Жазып ерлік дастанды. Аталарым сыйлаған Бізге ашық аспанды. Жарқын заман бөбегін Аялайды нұрлы таң. Алтын бесік өз елім, Туған өлкем Ұлы Отан. | |
7. Үй тапсырмасы. 1. №15 – сабақ. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар. 2. Келесі сабақ. №16, Ел аузынан «Жаның жеті жаманнан аман болсын» оқып келу. | |