ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 15

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Салауатты отбасы

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: отбасындағы сүйіспеншілік, ақкөңілділік, татулық.

Мақсаты: оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйісеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншілікті қадірлеуге үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы ақкөңілділік қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. uzdikter.biz

3. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып,
ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді
түрде жеңе алады.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №15 – сабақ. «Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №16, Ел аузынан «Жаның жеті жаманнан аман болсын» оқып келу.

Сұрақтар:

1. Жан саулығы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Неліктен жаны саудың тәні сау болады?
3. Адамның жаны сау болуы үшін қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы керек?
4. Өз жаныңның саулығын қалай сақтайсың?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Отбасы ар-намыс, қуаныш пен бақыт, тілек пен үміт ұясы.
Қазақ мақалы

Сұрақтар:

1. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыздар?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Сары тауық пен балапандары

М. Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған, балғын еді.

Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

  • Оны неге шығармайсыз? – деп сұрады бір ақ балапан.

  • Ол тым жас.

  • Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.

  • Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

  • Мен,- деді тұңғышы.

  • Мен барайын! - деді оған тетелесі.

  • Кезекті маған беріңіз! – деді одан кішісі.

  • Мен қалам ба сонда? – деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

  • Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! – деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды. Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Сұрақтар:

  1. Алғашқы қарсылық білдірген ақ балапанның әрекетінен қандай сабақ алдыңдар?

  2. Неліктен әлсіз адамдарға сүйіспеншілік танытып, көмектесуіміз қажет?

  3. Риясыз сүйіспеншілік адамдарға қандай көңіл-күй сыйлайды?

  4. Ересек адамдардан қамқорлық сезінгенде қандай күйде боласыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма:

1топ: Кестеге назар аударыңдар. Отбасындағы аға, іні, әпке, сіңлі, қарындастың міндеттерін жазыңдар.

Аға

Іні

Әпке

Сіңлі

Қарындас

2 – топ: Салауатты отбасының ережесін құрастырыңдар.

3 – топ: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып «Бақытты отбасы» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жақсы ой, адал ниет, жақсы іс, көмек, қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік.

6. Топпен ән айту.

Біз осылай өсеміз
Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған
Бізге ашық аспанды.
Жарқын заман бөбегін
Аялайды нұрлы таң.
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.

7. Үй тапсырмасы.

1. №16 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №17, Леонардо да Винчинің «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 17

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау; тілалғыш болу; батылдық.

Мақсаты: оқушыларға өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тілалғыш болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Еркелету» жылулық шеңбері

Педагог балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады.балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріне түсіріп,бір-біріне жы-лы сөздер сыйлайды

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №16 – сабақ. Отбасы туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №17, Леонардо да Винчидің «Қайырымдылық» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Қырандардың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?
2. Неліктен қыран ана «Құрмет пен сыйластықты ешкім күшпен алмайды» деді?
3. Қыран құсты қандай адамдарға теңеуге болады? Неліктен?
4. Адамға қайырымдылық жасау не үшін керек деп ойлайсыңдар?

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Біреуді артық, біреуді кем санамай,
Жұрттың бәрін құрметтей біл.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Өздерің үлкендерге қалай құрмет көрсетесіңдер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Өмір жаңғырығы2

Ф. Тайтелиев

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ” Сен қорқақсың!” – депайқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!”

Сұрақтар:

1. Істеген ісіне жауапты болу дұрыс әрекетке жата ма? Неге?

2. Қандай әрекеттердің жемісін рухани байлыққа жатқызуға болады?

3. Адам өміріндегі дұрыс әрекеттің маңыздылығын дәлелдейтін өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер.

4. Сіздер қандай дұрыс әрекеттер жасадыңыздар? Неге?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына дұрыс қойсаңдар, Мұхтар Әуезовтің нақыл сөзін оқуға болады.
Тапсырманың кілті:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

к

ү

ш

і

ң

е

с

н

б

а

д

л

1

2

3

4

5

6

7

6

8

9

6

,

10

11

10

12

4

7

4

5

6

7

6

8

.

6. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні
Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.

7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. Қайырымдылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №18, Немат Келімбетұлының «Менің әкем» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 18

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау; тілалғыш болу; батылдық.

Мақсаты: оқушыларға өзін және басқаларды құрметтеуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды тілалғыш болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Табиғат аясында саяхат атты сергіту сәті

• «Біз казір нұрын төққен,кең даланың ұзын,соқпақ жолымен жүріп,саяхатымызды бастаймыз»(Балалар аяқтарымен тарсылдатады)
• Алдымызда көк майсалы шалғын,аяғымыздың астында жұмсақ шөптер. (Аяқтарымен көк шөптің үстінде сырғанағандай сыңай танытады.
• Міне мен өзен жағалауына да келіп жеттік,аяғымыздың астында құм сусылдап жатыр,(Алақандарын бір-біріне ысқылайды).
• Мына ағаш көпір арқылы өзеннен өтеміз.(Тізелерін жоғары көтеріп,тізеле-рінің артынан шапалақтайды).
• Өзеннің арғы беті батпақтау екен,бір төмпешіктен екіншісіне секіріп өтейік.(Екі аяғымен секіреді).
• Айналамызда қалың тал өсіп тұр,оның ұзын,майысқан бұтақтарын жел тербейді. (Қолдарын жоғары көтеріп ,ары бері қозғайды)
• Алдымызда үлкен жыра бар,аттап өтейік.(Үлкене адым жасап секреді)
• Оң жағымызбен сол жағымызда алқызыл түске еніп,албырап пісіп,жидектер өсіп тұр,сыйға тарту үшін теріп алайық.(Оңға, солға еңкейіп,отырып тұрады)
• Мына алдымыздағы қалың өскен шалғыннан өтіп көрейік.(Тізелерін жоғары көтеріп жүріп өтеді).
• Міне көздеген жерімізге де келіп жеттік!

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №17 – сабақ. Қайырымдылық туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №18, Немат Келімбетұлының «Менің әкем» әңгімесін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әке неліктен өзгелерге қызмет етті?
2. Өздерің басқаларға жақсылық жасағанда қандай сезімде боласыңдар?
3. Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Қазақ мақалы

Сұрақтар:

1. Ізеттілік неден байқалады?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ізетті бала

Г. Әзімбаева

Көктем мезгілі. Сабақтан соң Жәнібек тура үйіне бет алды. Өздерінің ауласына жақындап қалғанда, есік алдында тұрған қарияны көрді. Маңайда басқа ешкім жоқ екен. Қария үстіне кішкене қалыңдау шапан, басына бөрік киіп алыпты. Ауылдан келген адамға ұқсайды. Ауыр дорбасын орындықтың үстіне қойып, колындағы бір жапырақ қағазға қайта-қайта үңіледі.

Жәнібек қарияның жанына келді:

– Сәлеметсіз бе, ата? – деді.

Қария сөмке асынып, алдындағы тұрған балаға назарын аударды.

– Амансың ба, қайдан келесің? – деді қария.

– Мектептен келемін... – деді Жәнібек.

– Несінші сыныпта оқисың?

– Бірінші...

– Ой жақсы болды. Әріптерді біліп, таңбаларды танып қойған боларсың? Жаңа үйлердің сырттары өте ұқсас екен. Мына жазылған мекен-жайды оқып көрші... — деді қарт.

Жәнібек қағаздағыны мұқият оқып алды да:

– Ата, сіз іздеп жүрген үй, әне тұр ғой, — деді қызыл балконды үйді нұсқап. — Жүріңіз мен ертіп апарайын.

Қария балаға іштей сүйсінді. Көңілі жайланып, оның соңынан ақырын аяңдады. Жәнібек бірінші қабатқа кіріп, лифтінің тетігін басты. Есік ашылып, екеуі ішіне енді. Тағы бір тетікті басып еді, зуылдап жетінші кабатқа жетіп келді.

Ауылдан келген аталарына немерелері қатты қуанды.

– Адаспай қалай таптыңыз?.. – деді ұлы мен келіні танданып.

– Мына балам жетектеп келді, – деп қария бұрылып артына қарап еді, өзі ертіп келген бала көрінбеді.

Бұл кезде Жәнібек төмен түсіп сыртқа шығып кеткен еді.

– Қап, қоржынымдағы сәлемдемеден әлгі балаға бере алмадым-ау!.. – деп кария қынжылып қалды. Сәл үнсіз тұрды да:

Дегенмен өзі бір ізетті бала екен! – деп шын риза болды.

Сұрақтар:

1. Жәнібек қарияға қандай көмек көрсетті?

2. Жәнібектің әрекетінен нені байқауға болады?

3. Қандай адамды ізетті деп айтады?

4. Өздерің өзгелерге көмектесесіңдер ме? Сол кезде қандай сезімде боласыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне, қайсысын судың түбіне жіберер едіңдер. Себебін
түсіндіріңдер.
Сүйіспеншілік, дөрекілік, жанашырлық, қиянат жасамау, еңбекқорлық, сыйластық, әдепсіздік, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамсыздық, сабырлылық, ұстамдылық, қамқорлық.

6. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні
Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз, сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап.
Бөбектерді қуантып,
Құрметтейміз қарттарды.
Өнерге біз құмартып,
Өсіреміз бақтарды.
Шынығамыз, ойнаймыз,
Жас ұрпақпыз талапты.
Жаз қызығын тойлаймыз,
Жақсы оқимыз сабақты.

7. Үй тапсырмасы.

1. №18 – сабақ. Өздері жасаған ізгіліктерін туралы жазып келу.

2. Келесі сабақ. №19, «Шіріген картоп» өсиет әңгімені оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 19

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылығы: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: сыпайылық; ашуланбау; шыдамдылық;

Мақсаты: оқушыларды кешіре білуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ашуланбауға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығуы
Педагог балаларға:тұңжыраған жәнекөңілсіз,жабырқаған және ойланған көңілді және күлкілі;қайрымды және қуанышты,т.б.кейіпке еніп,бір бірімен рольге кіріп,адамдардың бейнесін келтіруге ұсынады.балалар айнаға қарап, әдемі ақкөңіл кейіпте күлімдейді.педагог осы «Мен күлгенді ұнатамын » жаттығуын күніне бірнеші рет қайталап көңіл күйді күлкімен көтеруге бола- тынын түсіндіреді. «Күлкі-көңіл күйдің сиқырлы кілті.Адам күлгенде өз көңіл күйін,өз денсаулығын жақсартады және айналасындағы адамдардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.»

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №18 – сабақ. Өздері жасаған ізгіліктерін туралы жазып келу.

2. Келесі сабақ. №19, «Шіріген картоп» өсиет әңгімені оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?
2. Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?
3. Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?
4. Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ме?
5. Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Кешіре білген адам – күшті адам.
Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. «Кешірім», «кешірімділік», «кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ақымақ өгіз

Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.

– Кемпір, ашықсақ ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін, деді шал.

– Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын.

Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады.

Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады.

Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланды.

Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша ақ түйе болуға тырысып бағады.

Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды.

– Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар деп, өгіз аттанды.Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды.

Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. Бұл ілесе алмай айдалада қалады. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады).

– Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңіреді өгіз.

– Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші!

– Таныс дауыс қой өзі.

– Қайдан шыққан дауыс?

– Жүріңдер, жота асып қарайық,деді сиырлар. 

Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлар қоршауында қалған екен. Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады.

– Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», деген осы екен.

– Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! деп кешірім сұрады өгіз.

Сұрақтар:

1. Жаман қылықтарға кек сақтамай кешірім беру және кешірім сұрау сендердің қолдарыңнан келе ме? Өз өмірлеріңнен мысалдар айтып беріңдер.

2. Осыған ұқсас жағдаяттар туралы әңгімелеп бере аласыздар ма?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Төменде берілген рөлдер бойынша жаңалықтар бағдарламасын дұрыс әрекетке негіздеп жасаңдар.
а) Зерттеуші тілші.
Тәулік бойы кешірімділік жайлы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
ә)Теледидар жүргізушісі.
Кешірімділік жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.
б) Сұхбат алушы тілші.
Әлемдегі барлық адамдар кешірімді болса, онда...

6. Топпен ән айту.

Күн күледі
Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы:
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы – гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.

7. Үй тапсырмасы.

1. №19 – сабақ. Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №20, Иван Василенконың «Өткел» әнгімесін оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 20

Мұғалімі:

Сыныбы: 2

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылығы: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: сыпайылық; ашуланбау; шыдамдылық;

Мақсаты: оқушыларды кешіре білуге үйрету арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларды ашуланбауға үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1. bilim-all.kz

2. www.tarbie.kz

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»
Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандайқысып,
ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп,ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).
• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)
• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)
• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)
• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.
• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды. «Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында ьұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді
түрде жеңе алады.

2. Үйге тапсырманы тексеру

1. №19 – сабақ. Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №20, Иван Василенконың «Өткел» әнгімесін оқып келу

Сұрақтар:

1. Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?
2.Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?
3. Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?
4. Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан..
Нақылсөз

Сұрақтар:

1. Біреуден кешірім сұраған кезіңіз болды ма?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Ханшайым мен Күлше қыз

ертегі

Ерте, ерте, ертеде құлпырған гүлдері, биік ағаштары, сайраған құстары бар әдемі орманның ішінде сарқыраған судың жанында үлкен шаһар болыпты. Сол шаһардың ішінде ай десе аузы, күн десе көзі бар ханшайым өмір сүріпті. Қаншалықты сұлу шаһарда тұрсада, ханшайым шаһардан шығып сырттағы қарапайым өмірді көргісі келеді екен. Орманға шығып құстардың ұшқанын, биік ағаштарды, құлпырған гүлдерді және сұлу табиғатты, жан-жануарды көріп,өзіне қарапайым дос кезіктірсем деп армандайды екен. Бірақ оның әкесі шаһардың ханы ханшайымға рұқсат бермейді.

Бірақ біркүні шыдамы таусылған ханшайым шаһардан шығуға бекінеді. Орманға келіп жұпар аңқыған гүлдерді иіскеп, құстардың әсем дауысын тыңдап, табиғаттың сұлуығына таңданып тұрғанда жанына бір күшік келеді. Ханшайым қатты қуанып кетеді. Күшікті қолына алып иіскеп:

- Бүгін қандай тамаша күн, менің арманым орындалды! -деп тұрғанда,«Ақтөс»деген дауыс естіледі.

Бір кезде қарапайым киінген сұлу Күлше қыз:

-Ақтөс, мен сені іздеп жүрмін ғой, - деп, Ханшайымның қолынан күшікті алады.

Сонда ханшайым:

-Өтінем, мен біраз ұстай тұрайыншы, мен осы уақытқа дейін шаһардан шықпай осы әдемі орманды, жұпар иісі аңқыған гүлдерді, биік ағаштарды, сарқыраған суды, Ақтөстей күшікті көруді және мені түсінетінжан досым болғанын армандадым, -дейді.

Сол кезде Күлшеқыз:

- Менсенбеймін, осындай үлкен шаһарда сенің өмірің жаман дегенге, мен сен сияқты ерігіп жүрген жоқпын,- деп Ақтөсті алып кетіп қалады.

Ханшайым өзінің бұл ормандағы көргендерінің барлығы сонда арман болғаныма:

- Мен енді ешқашан Ақтөс пен Күлше қызды кездестіре алмаймын ба? – деп мұңайып қалады.

Қарапайым киінген Күлше қыз жолда келе жатып:

- Ақтөс,мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғойдейім,- дегенде Ақтөс үріп жібереді.
-Ақтөс, сенде солай ойлайсың ба? Ендеше Хайшайымнан барып кешірім сұрайын,- деп

Күлше қызартқа қайтады. Ханшайымның жанына келіп:

- Мені кешір, мен шаһарда тұрғанның бәрі бақытты деп ойлайтынмын,- деп кешірім сұрап, Ақтөсті өзінің күшігіңдей көріп,өзімен де досболуға шақырады.

Ханшайым қатты қуанып келіседі. Осыдан кейін Ханшайым мен Күлше қыз мәңгілік жан дос болып қалған екен.

Сұрақтар:

1. Күлше қыздың Ақтөске: «Мен бағана Ханшайымға қатты сөйлеп қойдым ғой дейім» дегені нені білдіреді?

2. Оның кешірім сұрағаны қандай қасиетке жатады? Сіздер біреуден кешірім сұраған кездеріңіз болды ма?

3. Сабырлы, шыдамды, кешірімді болу үшін өз-өздеріңді қалай тәрбиелейсіңдер?

4. Үй жануарларына қандай күтім жасайсыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.
Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде, оның жаны ... .
Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол-... .
Ренжу деген-... .
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады; кешірімді болу; білместік.

6. Топпен ән айту.

Күн күледі
Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев
Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы:
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы – гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.

7. Үй тапсырмасы.

1. №20 – сабақ. Кешірімділік туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу.