ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Рентгенологиялық зерттеу кезінде - қиғаш шекарамен төменгі өкпе аймағының қараюы, зақымдану жағында кеуде куысы экскурсиясының шектелуі, көкірек ағзаларының сау жаққа жылжуы.

Проблемалары: кеуде ауырсынуы, қалтырау, жөтел, әлсіздік, ентігу, қызба, бас ауруы, терлеу, нашар ұйқы және тәбет.

Күтім және емдеу. Медбике: - дәрігердің тағайындауларын уақытылы және нақты орындауды; - санитариялық-эпидемияға қарсы режимді (ылғалды жинау, кварцтау, палаталарды желдету, жеке түкіргішпен қамтамасыз ету, оны дезинфекциялау) қамтамасыз етеді;

- теріні, шырышты қабықтарды күту, іш киім мен төсек-орынды уақытылы ауыстыру;

- физиологиялық жөнелтімдер кезінде гигиена ережелерін сақтау;

- қыша қағазын, банкаларды, жылыту компресстерді қою;

- жалпы жағдайды, тамыр соғу жиілігін, ТАЖ, АҚ, дене салмағын, тәуліктік диурез шамасын бақылау.

Өзара тәуелді және тәуелді араласулар:

- науқасты зертханалық және аспаптық зерттеулерге дайындау және биологиялық материал алу( тамырдан қан алу, рентгенологиялық);

- тағайындалған дәрілік препараттарды уақытылы және дұрыс енгізу;

- плевралық пункция жүргізу кезінде дәрігерге көмек көрсету;

Сондай-ақ, мейірбике қозғалыс белсенділігі режимін сақтау ережелері туралы әңгімелер жүргізеді, науқастарды плеврит кезінде ЕДШ әдістеріне үйретеді (дем шығаруға баса назар аудара отырып, динамикалық тыныс алу жаттығулары, диафрагманың қозғалғыштығын арттыру).

Режим мен диета негізгі ауруға сәйкес тағайындалады. Емдеу қабынуға қарсы препараттарды (негізгі ауруды ескере отырып), десенсибилизациялайтын және иммуностимуляциялайтын дәрілерді қолдануды қамтиды. Плевралық қосылыстардың және экссудаттың іріңдеуінің алдын алу мақсатында емдеуші дәрігер диагностикалық және емдік плевралық пункциялар жүргізеді, гиалуронидаза (Лидаза) инъекцияларын тағайындайды, оттегімен емдеу, сіңіргіш дәрілермен электрофорез. Медбике банкаларды, қыша қағаздарын қояды, кеудеге тығыз оралған жылы компресстерді қояды, йод тұнбасымен тор түрінде кеуде қуысының терісін майлайды. Жалпы жағдайды жақсарту кезінде жаттығу терапиясы, кеуде массажы өткізіледі.

Жүре пайда болған жүрек ақаулары - бұл гемодинамиканың бұзылуына әкелетін жүрек клапанының анатомиялық өзгерісі.

Жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінде ревматикалық сипаттағы ақаулар жиі кездеседі.

Митральды (сол жақ атрио-вентрикулярлы) клапанның және аорта қақпақшасының ақаулары жиі кездеседі.

Клапан аппараттарының өзгеруінің екі түрі бар:

1. қанның кері ағынын анықтайтын клапанның жеткіліксіздігі;

2. қан ағынын қиындататын клапан тесігінің стенозы (тарылуы).

Митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі. Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі органикалық немесе функционалдық себептерден пайда болады. Олар: а) қақпақшалар жармасының органикалық зақымдалуы кезіңде (атеросклероз, ревматизм және басқалары) Қарыншалық систола кезінде қанның бір бөлігі сол жақ қарыншадан дұрыс жабылмаған қақпақшалар арқылы сол жақ жүрекшеге оралады. Науқаста митральды қақпақшаны тыңдау нүктесінде систолалық шу анықталады.

Сол жақ жүрекшедегі қан мөлшері артады, оған деген жүктеме артады, нәтижесінде сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы дамиды. Қан көлемі көбейгендіктен сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға түседі. Жүктеменің жоғарылауына байланысты оның қабырғасының гипертрофиясы пайда болады. Бұл өзгерістер жүрек шекараларының жоғары және солға қарай кеңеюімен көрінеді.
Аритмиялар деп жүрек ырғағының бұзылуын айтады. Жүрек ырғағының бұзылуының басты себепкері – жүректе импульстің пайда болуының нашарлауы. Синустық түйіннің автоматизмі күшейгенде синустық тахикардия, ал автоматизмі төмендесе – синустық брадикардия байқалады.

Жіктелуі.(И.И.Искаков, 1984ж)

І. Импульстің пайда болуының бұзылуы:

А. Автоматты механизмдер (синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, синус түйіні әлсіздігігің синдромы).

Б. Автоматты емес механизмдер (экстрасистолиялар, пароксизмді аритмиялар, жүрекше және қарынша жыбыры)



ІІ.Импульс өткізудің бұзылуы:

А. Блокадалар

Б. Қарыншалардың мерзімінен бұрын қозуы (WPW синдромы)

ІІІ.Импульстің құрылуы мен өткізілуінің қабаттаса бұзылуы (парасистолиялар).

Синустық тахикардия жүрек соғуының минутына 90-нан артық жиілеуімен сипатталады. Әкеліп соқтыратын себептерге қозу, физикалық күш түсу, қызба, қан аздық т.б. жатады. Науқас жүректің жиі соғуына шағымданады. Жүрек соғуы минутына 120-дан асып кетеді.

Емі. Синустік түйіннің автоматизмін төмендететін дәрі-дәрмектер тағайындайды (В-адреноблокаторлар: атенолол, бисопролол, метопролол т.б.)

Синустық брадикардияжүрек соғуының минутына 60-тан азаюымен сипатталынады. Әкеліп соқтыратын себептерге синустық түйіннің зақымдануы, парасимпатикалық жүйенің артуы т.б. жатады. Сонымен бірге кейбір дәрілердің әсерінен де пайда болуы мүмкін, мысалы, жүрек гликозидтері, В-адреноблокаторлары. Синустық брадикардияда науқастар аса денсаулығына шағымданбайды, кейде ғана басының айналуын сезеді.

Емі. Негізгі аурудың емі болып табылады. Тіл астына изадрин қою, тері астына атропин ерітіндісін егу науқастың жағдайын жақсартады.

Синустық аритмия – синустық импульстың кезектесіп келуінің бұзылуымен сипатталынады. Көбінесе синустық аритмия тыныс алумен байланысты. Дем жұтқанда жүрек соғуы жиілейді, ал дем шығарғанда – сирейді. Синустық аритмия кезбе жүйенің қозуынан болады. Аритмияның бұл түрі балалық кезеңінде жиі кездеседі.Тыныс алумен байланысты синустық аритмия емді қажет етпейді.

Экстрасистолия – жүректің қосымша/уақытынан ерте жиырылуы. Қосымша импульстің пайда болған жеріне байланысты экстрасистолиялар синустық, жүрекшелік, атриовентрикулярлық және қарыншалық болып бөлінеді. Науқастар жүректің қатты соғып, содан кейін тоқтап қалғанын сезінеді.

Емі. Экстрасистоланы тудырып отырған себебтің емі болып табылады.


Пароксизмді тахикардия – бұл кенеттен басталып және дәл солай басылатын жүрек соғысының жиілеуі. Ұстама кезінде жүрек соғысы минутына 160-220-ға дейін барады. Әкеліп соқтыратын себептерге қозу, физикалық зорығу, ішімдік қолдану т.б.жатады. Жүрек соғуы бірден жиілеп, көкірек тұсын соққандай сезім пайда болады. Егер ұстама ұзақ уақытқа созылса, жүректің қанды айдау күші әлсізденіп, қан қысымы төмендейді. Науқас әлсізденеді, естен танады, жүрек әлсіздігі байқалады (стенокардия, миокард инфарктісі)

Емі. Ұстаманы басу үшін кезбе жүйкесінің тонусын жоғарылататын шаралар қолданады: каротид синусының аймағын уқалау, күшену, көз алмасын қолмен басу. Ауыр жағдайларда көк тамырға кордорон 300 мг 5 минут кем емес, новокаинамид 1гр 5 минут кем емес енгізеді.

Жүрекше жыбырыБұл жағдай жүрекше мен қарыншаның үйлесімді жұмысының бұзылуымен сипатталынады. Осы себептен қан айналымы нашарлап, оның жеткіліксіздігі дамиды. Жүрекше жыбыры көбінесе жүрек ақауларында, атеросклерозда, тиреотоксикозда кездеседі. Науқастар жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек соғуына шағымданады.

Жүрекше діріліЖүрекшенің систоласы сақталады, бірақ жүрекше жиырылуының тым жиілігінен ол әлсіз болады. Науқас ентігуге және жүрек маңайында жағымсыз сезімнің пайда болуына шағымданады.

Емі. Жүрек жыбыры мен дірілінің ұстамасын басу үшін көк тамырға кордорон 300-450мг, изоптин 10-15мг, новокаинамид 500мг, аймалин 50-100мг (5-7-10 мин. кем емес). Барлық аталған дәрілерді 20мл NaCl ерітіндісімен қосып енгізеді. Жүрек жыбыры мен дірілін алдын алу үшін хинидин, В-блокаторларды, изоптин препараттарын қолданады.

Қарыншылар жыбыры мен дірілі. Қарыншылардың жеке талшықтарының үйлесімсіз жиырылуымен сипатталынады. Электр тоғының, уланудың, миокард инфарктісінің әсерінен болуы мүмкін. Науқас есінен танады, қан қысымы білінбей кетеді, пульс анықталмайды, жүрек дыбыстары естілмейді. Бұл жағдай 5 минуттен асып кетсе, науқас өліп кетуі мүмкін.

Емі.
Шұғыл шараларға жүректің массажы, жасанды дем алдыру және электрлік дефибрилляция жатады.

Жүректің өткізгіштік қасиетінің бұзылуы. Бұндай жағдай (блокадалар) электрлік қозу процессінің миокардқа тарауы бұзылғанда байқалады. Әкеліп соқтыратын жағдайларға миокардит, миокард инфарктісі, атеросклероз т.б. аурулар жатады. Блокадалардың бірнеше түрлері бар: синоаурикулярлық, жүрекшелік, атриовентрикулярлық, Гис тармақтарының блокадасы. Науқастың жағдайы блокаданың дәрежесіне байланысты. Неғұрлым импульстар сирек өтсе, соғұрлым қан айналымы нашарлайды. Жүрек қызметінің үзілісі өте созылған кезде Морганьи –Эдем - Стокс синдромы дамиды (науқас есінен танады, қан қысымы анықталмайды, брадикардия).

Емі. Айқын жағдайларда атропин, симпатомиметиктерді қолданады. Морганьи–Эдем - Стокс синдромында науқастарға жасанды ырғақ жетекшісін имплантациялайды.

Артериалды гипертония - систолалық АҚ (САҚ) ≥ 140 мм сын. бағ. және / немесе диастолалық АҚ (ДАҚ) ≥ 90 мм сын. бағ. жоғары болу синдромы.

  Дамуына байланысты екі түрі бар. Эссенциалды (біріншілік) артериялық гипертония - бұл ағзадағы қандай да бір аурулардың сәйкессіздігінен дамитын сырқат (гипертония ауруы). Симптоматикалық (екіншілік) артериялық гипертония – бұл ішкі ағзалардың ауруларының әсерінен (мысалы, бүйрек, эндокринді безінің аурулары) артериялық қысымның көтерілуі.

Біріншілік (эссенциалды) АГ экономикалық дамыған елдердің барлық ересек халқының жартысынан астамынан зардап шегеді. 40 жасқа дейін АГ ерлерде, 50 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі. Алайда, ерлердің тек 37,1% - ы АГ бар екенін біледі, олардың шамамен 21,6% емделеді және тек 5,7% - ы тиімді емделеді. Әйелдер арасында 58,9% АГ бар екенін біледі, олардың 45,7% емделеді және пациенттердің 17,5% - ы тиімді емделеді. АГ халықтың денсаулығына үлкен зиян келтіреді, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім қаупінің айқын факторы болып табылады. Біріншілік АГ дамуының негізгі қауіп факторлары:

- 55 жастан асқан ерлердің, 65 жастан асқан әйелдердің жасы;

- темекі шегу;