ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.10.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11– сынып, 4-тоқсан
№2-сабақ
Қысқа мерзімді жоспары | |
Бөлім | Сандық сауаттылық |
Педагогтың аты-жөні | Шарипова А.А. |
Күні | 08.04.2022ж |
Сынып | 11 Б |
Сабақтың тақырыбы: | Ақпаратты құқықтық қорғау |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.6.2.1 - ақпарат және интеллектуалды меншікті қорғау қажеттілігін негіздеу (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңдары) |
Сабақтың мақсаты: | Қолданушының деректер қауіпсіздігінің шараларын қолдануды түсіндіреді: құпия сөздер, тіркеу жазбалары, аутентификация, биометрлік аутентификация; |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушымен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. | Жұлдыз 2 балл | Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы | Сабақ мақсаттарын хабарлау: ақпаратты және интеллектуалды меншікті не үшін қорғауды; ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды қандай заңдар реттейтінін білетін боласың. Жаңа материалды меңгеру –Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға көшірудің тек артықшылықтары ғана болмайды. Оқулықпен жұмыс Оқушы НМШЖ әдісін қолданып, оқулықтағы мәтінді оқып шығады. Н – негізгі ойлар (мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтіннің негізгі ойын анықтау). М – мұқият оқу (қайтадан мұқият оқып шығу, толық ақпараттың негізгі оймен үйлесуі). Ш – шолу жасау (бар біліммен қатар салыстыра байланыстыру). Ж – жетілдіру (мәтін жадысы бойынша қайталау, толық қарап шығу: Нені жіберіп алдыңыз? Бұлқалай орын алды?). Білу және түсіну 1. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? 2. Ақпараттық қауіпсіздікке төндіретін ең басты қауіптерді ата. 3. Ақпараттардың мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата. 4. Ақпараттарды қорғау үшін қандай нормативті-құқықтық құжаттар қолданылады? №1 тапсырма: Ақпарат иесіне сол ақпаратты кімге қолжетімді етуді шешуге мүмкіндік беретін құқық. Меншік құқығы Пайдалану құқығы Құқықты өзгерту Билік ету құқығы Жоғарыда айтылғанның бәрі 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. »Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып, «Ақпаратты құқықтық қорғау» деген тақырыпта ақпарат іздеп тауып, кестені толтыр (кестенің үлгісі оқулықта берілген). В деңгейі. Параграфта ақпаратты қорғаудың үш негізгі бағыты сипатталды. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін қатынастарды қандай заңдар реттейтінін анықта. С деңгейі. Қандай жағдайда ақпараттарда азаматтардың құқығы бұзылатындығын талдап, анықтаңдар. Мәжіліс депутатынан өткен жыл бойынша өзі және оның отбасы мүшелерінің кірістері, сондай-ақ бір жылғы алған кірістерінің шамадан асып кеткені және оларды алған кіріс көзі туралы мәлімет талап етілді. | Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды | | Презентация |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик» барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы | «Неліктен құқықтық қорғау заманауи қоғамның қажетті атрибуты болып саналады?» | | | |
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | | |||
Педагогтың аты-жөні | | |||
Күні | | |||
Сынып 11 | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Ақпаратты құқықтық қорғау | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.6.2.1 - ақпарат және интеллектуалды меншікті қорғау қажеттілігін негіздеу (Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңдары) | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Қолданушының деректер қауіпсіздігінің шараларын қолдануды түсіндіреді: құпия сөздер, тіркеу жазбалары, аутентификация, биометрлік аутентификация; | ||||
Көптеген оқушылар: | ||||
Ақпаратты немесе интеллектуалды меншікті қорғау заңдарын сақтау дәлелдерін береді. | ||||
| ||||
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/ | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. 5.Бағалайды. | Жұлдыз 2 балл | Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы | Сабақ мақсаттарын хабарлау: ақпаратты және интеллектуалды меншікті не үшін қорғауды; ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қатынастарды қандай заңдар реттейтінін білетін боласыңдар. Жаңа материалды меңгеру –Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға көшірудің тек артықшылықтары ғана болмайды. Белгілі бір қиындықтар да бар. Маңызды мәселелердің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қызмет көрсету салаларын цифрландыруға байланысты ақпараттық қауіпсіздік үшін негізгі тәуекелдерді атаңдар. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай негізгі ұғымдарын білесің? Оқулықпен жұмыс Оқушылар НМШЖ әдісін қолданып, оқулықтағы мәтінді оқып шығады. Н – негізгі ойлар (мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтіннің негізгі ойын анықтау). М – мұқият оқу (қайтадан мұқият оқып шығу, толық ақпараттың негізгі оймен үйлесуі). Ш – шолу жасау (бар біліммен қатар салыстыра байланыстыру). Ж – жетілдіру (мәтін жадысы бойынша қайталау, толық қарап шығу: Нені жіберіп алдыңыз? Бұл қалай орын алды?). Білу және түсіну 1. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? 2. Ақпараттық қауіпсіздікке төндіретін ең басты қауіптерді ата. 3. Ақпараттардың мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата. 4. Ақпараттарды қорғау үшін қандай нормативті-құқықтық құжаттар қолданылады? Білу және түсіну 1. Ақпараттық қауіпсіздік деген не? 2. Ақпараттық қауіпсіздікке төндіретін ең басты қауіптерді ата. 3. Ақпараттардың мемлекеттік қорғау жүйесінің негізгі міндеттерін ата. 4. Ақпараттарды қорғау үшін қандай нормативті-құқықтық құжаттар қолданылады? Қолдану 1. Нақты жағдаяттарды оқы, талда және қандай жағдайда азаматтардың ақпараттар бойынша құқықтары бұзылады? • сынып жетекшісі ұсынған сауалнамада ата-аналарға қатысты сұрақтар бар: «Тегі, аты, әкесінің аты, үйдің мекенжайы, телефон номері, сотталғаны туралы анықтама, күнкөріс қаражатының көзі, саяси партияларға мүше болуы». • Дүкеннің зергерлік бөліміне жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші жұмысқа орналасуға келген кондидаттан тиісті мемлекеттік органдардан сотталғандық туралы анықтама, кредиттерінің саны, басқа кіріс көзі туралы деректер, салық деклорациясын талап етті. • Тергеу барысында экономикалық қылмыс жасаған К. деген азамат жұбайының кірісі туралы ақпаратты хабарлаудан бас тартты. • Мәжіліс депутатынан оның отбасы мүшелерінің өткен жыл бойынша кірістері, сондай-ақ бір жылғы кірістерінің шамасынан асып кеткен шығындары және оларды алу көзі туралы мәліметтер талап етілді. Жұптық жұмыс. №1 тапсырма: Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қорғаудың қандай салаларды немесе әрекеттерді қамтитынын анықта. Бірінші бағыт Екінші бағыт Үшінші бағыт Түйін сөздер: Ақпаратты беру құқығы. Ақпараттық ресурстарға меншік құқығы. Төтенше жағдайлар туралы қоғамды ескерту. Мемлекет тұрғындарын күмәнді және жалған ақпараттан қорғау. Жеке мәліметтерге кіруді шектеу. Байланыс құралдарын рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғау. 2. Деңгейлік тапсырмаларды орында. А деңгейі. »Интернет желісінің ресурстарын пайдалана отырып, «Ақпаратты құқықтық қорғау» деген тақырыпта ақпарат іздеп тауып, кестені толтыр (кестенің үлгісі оқулықта берілген). В деңгейі. Параграфта ақпаратты қорғаудың үш негізгі бағыты сипатталды. Осы бағыттардың әрқайсысы үшін қатынастарды қандай заңдар реттейтінін анықта. С деңгейі. Қандай жағдайда ақпараттарда азаматтардың құқығы бұзылатындығын талдап, анықтаңдар. Мәжіліс депутатынан өткен жыл бойынша өзі және оның отбасы мүшелерінің кірістері, сондай-ақ бір жылғы алған кірістерінің шамадан асып кеткені және оларды алған кіріс көзі туралы мәлімет талап етілді. | Мұғалімді тыңдайды Анықтамасын дәптерге жазады | | Презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик» барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | Плакат /слайд/ |
Үй тапсырмасы | «Неліктен құқықтық қорғау заманауи қоғамның қажетті атрибуты болып саналады?» тақырыбында хабарлама жаз. | | | |
Қысқа мерзімді жоспары | ||||
Бөлім | | |||
Педагогтың аты-жөні | | |||
Күні | | |||
Сынып | Қатысушылар саны | | Қатыспағандар саны | |
Сабақтың тақырыбы: | Электрондық цифрлық қолтаңба және сертификат | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 11.6.2.2 - электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттау 11.6.2.3 - электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану | |||
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: | |||
Қолданушының деректер қауіпсіздігінің шараларын қолдануды түсіндіреді: құпия сөздер, тіркеу жазбалары, аутентификация, биометрлік аутентификация; электрондық цифрлық қолтаңбаның және сертификаттың мақсатын сипаттайды. | ||||
| | | | |
| | | | |
| | | | |
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. ҚБ: жұлдыз / 2 балл/ | 1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді. 5.Бағалайды. | Жұлдыз 2 балл | Жұмыс дәптері |
Сабақтың ортасы | Кумулятивті әңгіме. Оқушылардың электрондық цифрлық қолтаңба туралы білетіндері сұралады. ЭЦҚ деген не? ЭЦҚ арқылы қандай қызмет түрлерін алуға болады? ЭЦҚ-ны ауыстыруға бола ма? Жаңа материалды меңгеру Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қою. Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің командасымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндіреді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Есептеу жүйелері ұғымы) тұратын ортақ тақырыпты талқылайды. Топта ЭЦҚ-ны қолданудың тағы бір нұсқаларын ұсынып, оларды талдаңдар. Осы нұсқаларды физикалық және заңды тұлғаларға ұсыныңдар Білу және түсіну 1. ЭЦҚ деген не? 2. ЭЦҚ не үшін керек? 3. ЭЦҚ мен сертификаттың қандай айырмашылығы бар? 4. Неге ЭЦҚ-ны жабық кілтпен қорғау керек? 5. ЭЦҚ сертификаттың мерзімі қандай? 6. ЭЦҚ-ны берумен қандай мемлекеттік орган шұғылданады? 7. ЭЦҚ-ны қандай жағдайда қайтадан шығарады? Қолдану Жұптық жұмыс. №1 тапсырма: Электрондық сандық қолтаңба дегеніміз не? Құжаттардың тұтастығын сақтау мақсатында ақпаратты түрлендіру әдісі. Бірнеше қатысушының ақпараттық өзара әрекеттесуін құратын алгоритмдер жиынтығы. Құжатты сақтауға арналған электрондық құжат реквизиті. Құжаттың түпнұсқалығын және меншік құқығын растайтын цифрлық белгілер жиынтығы. Сандық құжаттарды өңдеу әдісі. Пайдаланушыны сәйкестендіру құралы. Egov.kz порталында қызметтерді алу әдісі. №2 тапсырма: ҚР-ның Ұлттық куәландырушы орталығының сайтын белгіле. Egov.kz Pki.gov.kz Digital.kz Nuc.kz Pki.gov Nitec.kz Деңгейлік тапсырмалар: А деңгейі. ҚР-ның pki.gov.kz сайтынан «Пайдаланушыға нұсқаулық» деген файлды жүктеп ал. Интернеттен өзіңнің ЭЦҚ-ыңның кілтіне қандай талаптар қойылатыны туралы ақпарат ізде. Егер құпиясөзді ұмытып қалсаң, не істеу керек? В деңгейі. Сертификаттар қорын салыстырып, кестені толтырыңдар. Сертификаттар қоры Артықшылықтары Кемшіліктері С деңгейі. Кестені толтыр. Жеке тұлғалардың ЭЦҚ қолдану мүмкіндіктері Заңды тұлғалардың ЭЦҚ қолдану мүмкіндіктері Жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар 1. Қолданушы ЭЦҚ-ны жоғалтса, онда қандай қатер болуы мүмкін? 2. ЭЦҚ-ны қай жастан бастап алуға болады? Топтық жұмыс Топта ЭЦҚ-ны қолданудың тағы бір нұсқаларын ұсынып, оларды талдаңдар. Осы нұсқаларды физикалық және заңды тұлғаларға ұсыныңдар. | Мұғалімді тыңдайды 1-тапсырманы орындайды 2- тапсырманы орындайды | Жұлдыз 2 балл | Презентация |
Сабақтың соңы | 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Смайлик» барлығын түсіндім менде сұрақтар қалды | Өзін-өзі бағалау. | | Плакат /слайд/ |