ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.10.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың соңы | Тірек сөздермен жұмыс: табиғи дыбыс көзі – Табиғи дыбыс көздері дегеніміз не? | Дыбыс шығаратын денелер дыбыс көздері деп аталады. Адамның дауысы, жапырақтың сыбдыры, судың сылдыры, самал жел, найзағайдың күркіреуі, шегірткенің шырылы, құстардың сайраған үні – бұлар табиғи дыбыс көзіне жатады. | | |
Рефлексия | (Ө, Қ) Бірін-бірі жеке бағалау: «Гүлдер». Оқушыларға қағаздан жасалған гүлдер үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша сабаққа белсенді қатысқан, ең көп пікір айтқан, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыға гүлді беруі керек. Ең көп гүл шоғы кімде болар екен? | Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. | ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі | Гүлдер |
№ 32 сабақ
Бөлім/бөлімше | Дыбыс / 5.1 Күш және қозғалыс |
Педагогтің аты-жөні | |
Күні | |
Сыныбы | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жасанды дыбыс көздері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты | Жасанды дыбыс көздеріне не жататынын түсіндіру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | (Ұ) Эмоционалдық жағымды орта тудыру: Біз дыбысты тыңдаймыз, Айғайлаймыз, шулаймыз, Дыбыстап ән саламыз, Дауыс шықса, барамыз. Тыныштықты тыңдаймыз, Жел мен судың дауысын Домбыраға сап жырлаймыз. Болмаса дыбыс сан алуан Мына әлем не болмақ?! (Ұ) Мұғалім балалардан сұрайды: Не байқадың? Неліктен қыз есікті ашуға ыңғайланды? Есіктің қоңырауы табиғи дыбыс көзі бола ма?
Сабақ тақырыбын анықтау: «Дыбыс көздері» | Оқушылар топқа бөлінеді. Шаттық шеңберін орындайды. Оқушылар бейнежазбаны тамашалай отырып топтық тапсырмаларды орындайды. Мүмкін, дыбыстар әртүрлі заттардан шығатын шығар. | Әр оқушының сабаққа дайындығын бағалайды. Оқушылардың пікірін қолдайды, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың пікірін қолдайды, бағыт-бағдар береді. | Қимыл қозғалыс жаттығулары «BILIMland» Оқулықтағы кесте (кестені флипчартпен тақтаға шығаруға болады). |
| Балалар тұжырымдама жасайды: – Табиғи дыбыстар мен музыкалық дыбыстар бар деп болжайық. | Әр дыбыстың көзі әртүрлі болады. | | |
Сабақтың ортасы | Ұ) Оқулықпен жұмыс Білгенің жөн Сыртқы күштің әсерінен дыбыс шығаратын денелер жасанды дыбыс көзіне жатады. Мысалы: музыкалық аспаптардың дыбысы, телефон шырылы, мәшиненің дабылы, ысқырық, қауіп-қатер дабылы, қоңырау үні. Жасанды дыбыс көзін адам ойлап тапты. Жасанды дыбыс көздерін күнделікті тұрмыста қолданамыз. Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқулықта берілген суреттерді қарап шығып, табиғи және жасанды дыбыс көздерін табуды ұсынады. Мұғалім сарқыраманың дүрілі, жапырақтың сыбдыры, бұлбұлдың әні, жел гуілі – табиғи дыбыстар екенін түсіндіреді. Түрлі дыбыс шығаратын заттардың – қоңыраудың сыңғыры, шаңсорғыштың шуылы, трамвай дөңгелектерінің тарсылы, | Оқушылар дыбысты естиді ажыратады. Оқушылар табиғи және жасанды жарық көздерін ажыратады. | Дескриптор:
ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі Оқушылардың пікірін қолдайды, бағыт-бағдар береді. | Суреттер |
| радио, патефон, магнитофон, компьютер – барлығы жасанды дыбыс көздері екенін де түсіндіріп, айқындайды. (Т) «Төлдер қалай дыбыстайды?» өлеңін оқып, талдау. (О) Мұғалім енді нағыз физик-ғалымдар сияқты тәжірибе жасауға шақырады. (Мұғалім, сондай-ақ, дыбыс түріне ғана емес, дыбыс көзіне де назар аударуы керек). Балалардың алдына мәселе қою:
Зерттейік 1-тәжірибе: Мұғалім түрлі дыбыстарды тыңдап, сол дыбыс көздерін ажыратуды ұсынады.
2-тәжірибе. Мұғалім сыныптағы қай заттардан ағаш дыбысын шығаруға болады деп | Оқушылар дыбыстардың қандай дыбысқа жататынын ажыратады. Оқулықпен жасайды. | | Тақырып бойынша иллюстрациялық- демонстрациялық материал. |
| сұрайды. Балалар іздеп тауып, зерттейді. 3-тәжірибе. Мұғалім сыныптағы қай заттардан металл дыбысын шығаруға болады деп сұрайды. Балалар іздеп тауып, зерттейді. Темір аспаптарды әкеліп, ойнатып көрсетуге болады. Скрипка – ысқымен ойналатын iшекті музыкалық аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка корпусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар. Заттан шыққан дыбыс толқынға ұқсас, тас суға түскенде барлық бағыттарға бірдей толқын жайылып таралады. Дыбыс көзі – секундына 16- дан 20 000 ретке дейін жиілігі бар тербелетін және дірілдейтін, теңселетін физикалық денелер. Сергіту сәті. Көлбең, көлбең көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Мысық қалай жүреді? Кім көрсете біледі? Мысық былай жүреді? Көлеңкем де біледі. Күшік қалай үреді? | Оқушылар қорытынды жасайды: дыбыстар музыкалық болады (оларды біз музыка әуенінен естіп, оркестрде қолдана аламыз), ал күнделікті еститін дыбыстарды (мәшине дауысы, теледидар, құрылыс дыбыстарын) музыкалық емес дыбыстар деп айтамыз. Оқушылар қорытынды жасайды: дыбыс көздері әртүрлі болады екен. Бірақ, кейде бір зат түрлі дыбыстар шығара алады. Берілген дыбыстар қай дыбыс көзіне жататынын айтады. Сәйкестендіреді. Берілген суреттен табиғи және жасанды дыбыс көздерін тауып жазады. | | |
| Кім көрсете біледі? | | | |
Күшік былай үреді. | | |||
Дәптермен жұмыс | | |||
Берілген дыбыстар қай дыбыс көзіне жатады? Сәйкестендір. | Тапсырмаларды ретімен орындайды. | |||
Берілген суреттен табиғи және жасанды дыбыс көздерін тауып жаз. | Берілген суреттен табиғи және жасанды дыбыс көздерін тауып жазады. Мысалы: Құстың дауысы, балалардың күлкісі – табиғи дыбыс көздері. Мәшиненің гүрілі –жасанды дыбыс көзі т.б. | |||
Сабақтың соңы | Тірек сөздермен жұмыс: жасанды дыбыс көзі, дабыл. – Жасанды дыбыс көзі туралы не білесің? | Сыртқы күштің әсерінен дыбыс шығаратын денелер жасанды дыбыс көзіне жатады. | | |
Рефлексия | Егер бала тақырыпты жақсы түсініп, | Оқушылар қандай дыбыстарды біледі, соларды стикерге жазады. | ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі Оқушылардың үлгерімін өзін-өзі бағалау. Оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдайды. | Дәптер, түрлі түсті қарындаштар |
| алған білім-біліктерін қолдана алса, үш | |||
| толқынды да бояйды. Егер тақырыпты | |||
| түсінгеніне күмәнданса, екі толқын, | |||
| мүлдем түсінбесе, бір толқынды | |||
| бояйды. |
№ 33 сабақ
Бөлім/бөлімше | Дыбыс / 5.1 Күш және қозғалыс |
Педагогтің аты-жөні | |
Күні | |
Сыныбы | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Дыбыстың таралуы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты | Дыбыстардың қалай таралатынын түсіндіру |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал: «Өтінемін» ойыны
«Өтінемін» сөзі айтылмаған жағдайда берілген тапсырманы орындамайды. Топқа бөлу: «Суретті сөйлетіп көрейік»
| Оқушылар топқа бөлінеді. Шаттық шеңберін орындайды. 1-топ: Табиғат құбылыстарының дыбыстары (найзағай, жел, боран, жаңбыр). | Әр оқушының сабаққа дайындығын бағалайды. | Қимыл-қозғалыс жаттығулары «BILIMland» https://www.you tube.com/watch?v=Y nNm3wAKmn o |
| |
мысық)
Оқушылар берілген суреттерді сөйлетеді. | | |
Сабақтың ортасы | Жұмбақ шешейік Естиміз, ұстай алмаймыз, Айтамыз, бірақ жаза алмаймыз. Бұл не? «Дыбыстарды ажырату» ойыны Желдің, жапырақтың, судың, жаңбырдың тырсылын, есіктің сықырын.
«Кел, ойланайық» Саққұлақ қай ертегінің кейіпкері? Саққұлақ алыстан дыбысты қалай естиді? Оқулықпен жұмыс. Дыбыс ауада, суда және қатты денелерде таралады. Қатты ортада дыбыс өте жылдам таралады. Таралу жағынан одан кейінгі орында сұйық заттар тұр. Ал ауада дыбыс баяуырақ таралады. Ауа жоқ жерде дыбыс мүлдем таралмайды. Дыбыстың таралуына ауа райының, желдің соғуы | Оқушылар тәжерибе жұмысын | Дескриптор: | |
| жасайды. Нәтижесін талдайды. | -дыбыстың таралуына байланысты тұжырым айтады | | |
| | ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі | | |
| Балалар табиғи және жасанды дыбыстарды ажырата алады. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, дыбыстарды салыстырады. | ҚБ: «Бағдаршам» әдісі Мұғалім оқушылардан өз жұмыстарының нәтижелері бойынша оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді сұрайды.
| Суреттер | |
| | жеткізілді, сенімді алға | | |
| | жүреді. | | |
| | | |
| да әсер етеді. Дыбыс барлық бағыттарға бірдей тарайды. Бақылайық Өзенге тас лақтырғанда бала қандай құбылысты байқады? Нені көреді? Қандай дыбыс естиді? | Оқушылар берілген нұсқаулық бойынша бақылау жүргізеді. Мұғалім таратып берген парақшаларға жазады. |
бойынша табысқа қол жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
мұғалімге мәлімдейді. Бұл әдіс мұғалімге қиындықтарды ерте анықтауға, ал оқушыларға мұғалімнен алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді. Оқушылардың пікірін қолдайды, бағыт-бағдар береді. | Су толтырылған ыдыс, әртүрлі тастар Қоңырау, мойынорағыш Түрлі түсті қағаздар, қарындаштар, қайшы |
| Дәптермен жұмыс Әр суреттегі заттардан шығатын дыбыстың таралу жолын сал. Келісетін пікірге «+» таңбасын қой | Әр суреттегі заттардан шығатын дыбыстың таралу жолын салады. Келісетін сөйлемге «+» таңбасын қояды: Дыбыс барлық бағытқа таралады. | | |
| Суреттегі теледидардың дыбысын қатты естіп отырған адамдардың тұсына «+» белгі қой. Түсіндір. | Суреттегі теледидардың дыбысын қатты естіп отырған адамдардың тұсына «+» белгі қояды, түсіндіреді. Теледидарға жақын отырған екі баланың жанына белгіні қояды, дыбыс көзіне жақын отырған адамға дыбыс қатты естілетіндігін, ал алыс отырған адамға бәсең, ақырын естілетінін түсіндіреді, сонымен қатар теледидардың алдына жақын отыру зиян екенін айтады. | | |
Сабақтың соңы | Тірек сөздермен жұмыс: ауа, дыбыс, толқын. – Дыбыстың таралуы | Дыбыс ауада, суда және қатты денелерде таралады. | | |
Рефлексия | Қоршаған әлем дыбыстарын түртіп ал. Алыстан, жақыннан естілетін дыбыстарды кестеге ажыратып жаз. «Конверттегі сұрақ» тәсілі Дыбыс қалай таралады? Берілген тұжырымдарды мұқият оқы. Дұрыс тұжырымдардың тұсына «+» таңбасын қой. | Оқушылар алыстан естілетін және жақыннан естілетін дыбыстарды екіге бөледі. | ҚБ: «Ду қолшапалақ» әдісі Оқушылардың үлгерімін өзін-өзі бағалау. Оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдайды. | |