Файл: Мен зерттеушімін 1 ылым мен зерттеушілерді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 19.10.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


1

Бөлім/бөлімше

Мен зерттеушімін/ 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зерттеу кезеңдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, процестері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

айналадағы құбылыстарға, нысандарға зерттеу жүргізудің маңыздылығын түсіну

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал Қызығушылығын ояту

«Жүрек жылуы» әдісі бойынша бір-біріне жылу сыйлауды ұсынады.

Оқушыларға «Мен не білемін?» сұрағын қояды. Тақтада табиғат, өсімдік, жануар, аспан әлемі, адам суреттері бейнеленген, бөліктерге бөлінген карточкалар ілулі тұрады.

Сыныпқа енген оқушылар 1-ден 6- ға дейін санау арқылы немесе карточка артындағы санға сәйкес топқа бөлінеді. Әрбір топ өздері алған құрастырма сурет бойынша не білетінін топта талқылайды.

Оқушылардың жауаптарын құрастырма суреттеріне қарап бағалайды. Мақтау сөздер айтады.

Жүректің макеті

Оқулықпен және шартты белгілерімен таныстырады.

Оқулықпен және шартты белгілерімен танысады.

Оқулық

Сабақтың ортасы

– Жаратылысты қалай танимыз?

Етістіктермен жұмыс

  • Кітап – білім

  • Сағат – уақыт

  • Күнтізбе – жыл, ай, күн


ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері











Оқулықтың 7-бетіндегі заттарды атау, олардың не үшін қажет екендігін анықтауға мүмкіндік жасау.

  • Сағат

  • Сызғыш

  • Қарындаш

  • Күнтізбе

  • Кітап

  • Лупа

Осы заттарды зерттеу барысында айтылған етістіктермен байланыстырып, ой қорытуға жағдай туғызу. Етістіктерді пайдалана отырып, сөйлем құрау.

Әрбір топқа «көресің, ұстайсың, болжайсың, салыстырасың, сипаттайсың, бақылайсың, тәжірибе жасайсың, анықтайсың, дәлелдейсің, қорытындылайсың» деген етістіктерді пайдалана отырып, өз құрастырма суреттері арқылы ойларын ортаға салуды ұсынады.

  • Сызғыш – өлшеу

  • Қарындаш – сызу, сурет салу

  • Лупа – үлкейтіп көру;

Осы заттардың айналаны тануға көмегі бар екенін анықтайды.

Мысалы, гүл.

«Мен гүлді көзбен көремін. Мен гүлдің иісін сеземін. Мен біреуді қуанту үшін, сыйлыққа гүл беремін. Гүлді өсіруге болады. Мен оған су құямын».

Әрбір топтағы оқушы бірін-бірі қайталамай бір сөйлемнен айтып шығады. Әр оқушы өзінің сөйлемін айтқан кезде қолындағы суреттің қиындысын тақтаға іледі. Осындай ретпен өз тобы құрастырған суретті басқа топ мүшелеріне көрсетеді. Барлық топ етістіктерді пайдалана отырып, осы бағытта жұмыс жасайды.

  1. топ – гүл

  2. топ – аю

  3. топ – зымыран

  4. топ – адам





Суреттер




Оқулықтағы «Кім көмектеседі?» тапсырмасымен жұмыс

Айналадағы адамдармен (ата, әже, әке, шеше, аға, мамандық иелері)

Оқушылар:

  • Атам ... түсіндіреді.

  • Әжем ... үйретеді.

  • Әкем ... көрсетеді.

  • Анам ... көмектеседі.













қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіреді.

  • Ғарышкер ...

  • Дәрігер ...

  • Мұғалім ...

Осы бағытта айналадағы тағы басқа адамдардың өздеріне жасаған көмегі жайлы ой қозғайды.










Зерттеудегі сенің көмекшілерің

(Ұжымдық)

– Балалар, жаңа білім алудың тағы бір қызықты әрі қолжетімді тәсілі – бақылау. Адамның айналадағы ортаны зерттеуге талаптануы көптеген аспаптардың пайда болуына әкелді. Ойланып, болжап көріңдерші, бақылауды ненің көмегімен жүргізуге болады? Мысалы, қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп, перископ, түнде көруге арналған аспаптарды атауға болады. Біздің дыбыстарды, тіпті электрмагниттік толқындарды айыру қабілетімізді арттыратын құрылғылар да бар, олардың барлығын зерттеулерде қолдануға болады.

Балалар еркін жүріп, зерттеу құрылғылармен танысады. Құрылғы туралы туындаған сұрақтарын қояды, ол сұраққа мұғалім немесе сынып оқушылары жауап береді.

Құрылғылар: қарапайым лупа, дүрбі, микроскоп.
Дәптермен жұмыс

«Жұбын тап» тапсырмасы Жұбын тауып сәйкестендір. Қай

суреттердің зерттеуге қатысы бар?

Тек сол суреттерді белгіле. Дәптер – қалам

Балға – шеге Глобус – карта Аспан – телескоп Мәшине – руль т.б.
2-тапсырма

Зерттеушіге не қажет? Белгіле.
Зерттеушіге телескоп, сағат, сызғыш, дәптер керек.


– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін

анықтай алады, ойын толық жеткізеді.
– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін

анықтайды, ойын жеткізуде қиналады.

– зерттеуге қажетті құралдарды таниды, қажеттілігін

анықтауда қиналады, ойын жеткізе алмайды.








Тірек сөздермен жұмыс:

  • зерттеу;

  • зерттеуші;

  • бақылау;

  • тәжірибе.

  • Айналаны қалай тануға болады?

  • Біз бүгін нені бақыладық?

  • Бақылауға не қажет?

  • Зерттеуші кім?

  • Тәжірибені қалай жасауға болады?

Тірек сөздермен жұмыс

  • Айналаны бақылап білуге болады.

  • Бақылау үшін серуенге шықтық.

  • Бақылауға сыныптасым, досым, мұғалім, ата-анам көмектеседі.

  • Тәжірибе жасауға арнайы құралдар керек.

  • Тәжірибе жасауға үлкендер көмектеседі.




Мұғалімнің бақылау жүргізу, эксперимент жасау пиктограмма- ларын сынып бұрышына ілуіне болады.

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Өзіңді тексер» әдісі. Бұл әдісте өтілген тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Оқушылар мұғалім айтқан мәліметтердің ақиқат не жалған екенін анықтайды. Балаларға қызыл және көк түсті таяқшалар таратылып беріледі. Егер «иә» деген жауап болса, қызыл түсті таяқшаны көтереді, ал егер «жоқ» жауабы болса, көк таяқшаны көрсетеді. Оқушыларға ұсынылатын мәліметтер:

  • Өсімдіктер суда өседі.

  • Сызғыштың көмегімен заттың ұзындығын тексеруге болады.

  • Сағаттың көмегімен уақытты анықтауға болады.

Оқушылар ұсынылған сұрақтардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды. Таяқшаларды пайдалана отырып жауап береді.

  • Өсімдіктер суда өседі.

(Иә)

  • Сызғыштың көмегімен заттың ұзындығын тексеруге болады. (Жоқ)

  • Сағаттың көмегімен уақытты анықтауға болады. (Иә)







2

Бөлім/бөлімше

Мен зерттеушімін/ 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғатты танып-білу әдістері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

        2. көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты

қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну



Сабақтың барысы


Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы

Психологиялық ахуал (Ұжымдық) Білгенің жөн

– Бақылау жүргізу – танып білуді ең қарапайым әдісі. Бақылауды сырттай немесе тәжірибе жасау арқылы жүргізесіңдер.

Тәжірибе жүргізу – бір затқа әртүрлі әсер ету барысында оның өзгеруін анықтау.
Оқушыларды айналадағы табиғатты бақылау мақсатында мектеп ауласына саяхатқа алып шығу. Оқушыларға берілетін нұсқаулар:

  1. Ағаш, бұта, өсімдіктердің өзгерісін бақылау.

  2. Құстардың тіршілігін бақылау.

  3. Адамдардың күзгі киім үлгісін бақылау.

Бақылау жүргізуге байланысты дене мүшелері туралы сұрақтар ұсынылады.

– Әсем табиғат сұлулығын бақылауға не көмектеседі?

Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша бақылау жүргізеді.

  1. Ағаш, бұта, өсімдіктердің өзгерісін бақылау.

  2. Құстардың тіршілігін бақылау.

  3. Адамдардың күзгі киім үлгісін бақылау.

Бақылау жүргізуге байланысты дене мүшелері туралы сұрақтарға жауап беред


  • Әсем табиғат сұлулығын бақылауға көз көмектеседі.




  • Табиғаттағы түрлі дыбыстарды ажыратуға құлақ көмектеседі.




  • Айналадағы алуан иісті ажыратуға мұрын көмектеседі.


Оқушылар нұсқаулық бойынша қалай бақылау жүргізгенін бақылайды. Оқушыларға қолдау жасалады.



Оқулықтағы дене мүшелерінің суреттері












  • Табиғаттағы түрлі дыбыстарды ажыратуға не көмектеседі?

  • Айналадағы алуан иісті ажыратуға ше?

  • Ауызға салып дәмін көруге болатын заттардың дәмін қалай сеземіз?

  • Кез келген заттың сыртқы сипатын тануға не көмектеседі?




  • Ауызға салып дәмін көруге болатын заттардың дәмін тіл арқылы сеземіз.

  • Кез келген заттың сыртқы сипатын тануға екі алақанымыз көмектеседі.







Сабақтың ортасы

(Топтық) Зерттейік

Оқушыларды шеңбер бойына қою. Күзгі табиғатты бақылауға уақыт беру.

(Ұжымдық) Сергіту сәті

Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында жүргізіледі.

Сергіту сәті сабақ мақсатына бағытталады. Мұғалім қимыл- әрекетке бағыттайтын өлең жолын оқиды.

Оқушылар шеңбер бойына тұрып, күзгі табиғатты бақылайды.

  1. бақылау – ағаш жапырақтарын бақылайды.

  2. бақылау – құстардың тіршілігін бақылайды.

  3. бақылау – айналадағы адамдардың киімдерін бақылайды.



Сергіту сәті

Мұғалім ұсынған өлең мазмұны негізінде қимыл-әрекеттер жасайды.

Алаңқайда ағаштар Өсіп тұр еркін жайқала! (Қолды екі жаққа созу) Ұмтылады жоғары,

Аспанға, күнге жетсем деп.

(Қолды жоғары созу) Желпіп өтті самал жел, Тербетілді бұтақтар.















Бұл бақылауды мектеп ауласында жүргізеді. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, бір мәліметті айтады да, қолындағы таяқшаны шеңбер бойында тұрған балаға ұсынады.

Бақылау түрін ауыстырып тұрады.

Бұл саяхаттың мақсаты – оқушылардың күзгі табиғатты бақылауы.

Бақылауға көмектескен адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар жасырылады.

(Қолдарын ары-бері бұлғау)

Тіпті жуан діңдер де Жерге қарай иілді. (Алға еңкею)

Оңға-солға, алға-артқа Жел ағашты иеді.

(Оңға-солға, алға-артқа иілу) Күшейіп жел тағы да, Ағаштар бір орнында Шыркөбелек айналды, Қашан тыным табады?

(Бүкіл денесімен айналу) Жел басылып, күн батты, Тым-тырыс болды айнала.

(Шеңбердегі орындарына тұру)
Таяқша ұстаған бала айналадағы табиғатты бақылауын бір сөйлеммен айтып, таяқшаны келесі балаға ұсынады.

Ойын аяқталған соң, оқушылар бірнеше жапырақты алып, сыныпқа кіреді.

Оқушылар бірнеше ағаш жапырағын қолдарына ұстап, оны бақылайды.

Оқушылар бақылауға көмектескен адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар шешеді.

Көреді бәрін өзгенің, Көре алмайды өздерін.

(Көз)



Оқушылардың дұрыс сөйлем құрауына көмектеседі.


Таяқша