Файл: Блім Мгілік елді нрлы жолы Кні 29. 03. 2023ж. Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Достық пен татулық- таптырмас бақыт. Т.Айбергенов «Бір тойым бар»


Күні: 25/26.11.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Қазақстан халқы Ассамблеясы. БЖБ




Сабақтың мақсаты: 8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау; 8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Достық пен татулық кең мағынадағы сөздер екенін түсіндіңдер ме?

  • Белгілі тұлғалардың достық, татулыққа қатысты пікірлерін білесіңдер ме?

Тыңдалым.

1-тапсырма. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ю.Поминовтың пікірін тыңдаңыздар. Қандай ой түйдіңіздер?

Біз республиканың барша халқы, бірігіп, бір мақсатты көздейміз. Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ұлтаралық татулық біздің әрқайсысымызға Ұлы Қазақстанның бөлшегі екенімізді айқын сезінуге мүмкіндік береді. Шын мәнінде, Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің біртұтас Отанымыз. Біздің әрқайсысымызға «Мен қазақстандықпын» деп зор мақтаныш сезіммен айтатын күн туды.

Жызылым.

2-тапсырма. Мына сөздердің мағынасын сөйлем құрау арқылы түсіндіріңдер.

Ішкі тұрақтылық, ұлтаралық татулық, ортақ үйіміз, күн туды.


Берілген сұрақтарға жауап береді.


Мәтінді тыңдайды.

Өз ойларын түйіндейді.


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық


Сабақтың ортасы

Оқылым.

3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Автор қандай мәселелерді көтеріп отыр?

Бүгінде Қазақстан халқының «орыстілді» деп аталып жүрген басым бөлігі біздің республикамызға еркінен тыс күштердіңәсерімен келген болатын: жер аудару, көшіру, жұмысқа жіберу, әскери бөлімдерде қызмет ету және т.б. Бұл жаңадан қоныс аударғандардың жергілікті жағдайға тез бейімделуіне жіне қазақстандық менталитетті қалыптастыруға ықпал етті. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан олар үшін өз еліне айналды.

Айтылым.

4-тапсырма. Жұбыңмен ұлтаралық татулық жайында ой бөліс. Сұрақты өзің дайында.

Тірек сөздер: қоныс аударушылар, өз еліне айналды, қазақстандық менталитет, салт-дәстүрлерді қабылдау, тәжірибе алмасу.

Айтылым.

5-тапсырма. Оқылым мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтыңдар.



Жазылым.

6-тапсырма. Қазақстанда 1 наурыз – «Алғыс айту күні». Кімге рақмет айтқыларың келетіндеріңді хат түрінде жазыңдар (ата-анаңа, достарыңа, ұстаздарыңа т.б.)


Мәтінді оқып, сұраққа жауап береді.


Жұптасып өзара ой бөліседі. Сұрақтар дайындайды.

Берілген тәсіл бойынша айтады.

Рақмет айтып, хат жазады.




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Бірін-бірі бағалайды



Оқулық

Оқулық

«Төрт сөйлем» әдісі

Сабақтың соңы

Жазылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. «Шығу парағын» толтырыңдар.

  • Тақырып бойынша не үйрендіңдер?

  • Сендер үшін тақырыптың құнды жақтары қандай болды?

  • Достық пен татулықтың бұзылуына қандай жағдайлар себеп болады?

БЖБ тапсырмаларын орындайды.



Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық


Үйге тапсырма беру

64-бет 7-тапсырма.












Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы

Күні: 02.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Аң аулау тәсілдері




Сабақтың мақсаты: 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру; 8.1.5.1 тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, баяндау.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Аң аулаудың тағы қандай тәсілдерін білесіңдер?

Оқылым.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылымына назар аударыңдар. Әр азатжолда не жөнінде айтылғанын жұбыңа түсіндір.

Қазақтар аңшы итті тазы деп атауы­ның мәні парсылардың «таза, алғыр, шапшаң, жүйрік» сөзі­мен түбірлес және осы мағы­надан шыққан деп жорамалдануда («Саятшылық қазақтың дәс­түрлі аңшылығы» Алматы, 2007 ж. 148-б).

Тазының көру, сезу, есту қабі­леті жақсы дамыған және аңшы­лық қабілеті, амал-айласы басқа иттерге қарағанда көш ілгері. Алғыр тазы секундына 30-40 мың дыбыстық тербелісті, тіпті кей кездерде 70-100 мың тербелісті қабыл­дап, ажы­рата алады. Әрі иіс сезу мүмкіндігі – 1,5 х 1,5 метр (бұл өлшем адамда 5 х 5 см).

Қазақтар тазыны жарғақ құ­лақ және шашақ құлақ деп екіге бөледі. Ал тұқымына қарап: құ­май тазы, құны тазы, дүрегей тазы, қайың қаптал тазы деп қарас­­тырған. Соңғысы қасқыр ала­тын тазы­ларға тән атау.



Құмай тазылар

Айтылым.

2-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, «Қансонарда» деген сөзге түсінік беріңдер. Бұл қай кезде болады?

Қансонарда бүркітші шығады аңға – охотники ждали и выходили после выпадения первого пушистого снега, чтобы легко найти ловли.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді түсініп оқиды. ар абзацта не туралы екенін айтады.

Құмай тазылармен танысады.


Түсінік береді, сұраққа жауап та береді.


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.



Оқулық

Сурет


Сабақтың ортасы

Жазылым.

3-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің сыңарын тауып жаз.

Аң аулау, жүйрік тазы, мысын басу, тазыларды топ-тобымен салады, қоянға салады.

Жеке тапсырма (Исаков Д.):



Салыстыру:



Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Оқиға қалай өрбіді? Әңгіменің композициялық құрылымын анықтаңдар (оқиғаның басталуы, өрбуі, аяқталуы).

Айтылым.

5-тапсырма. Аңшылық туралы әңгімелер неліктен күнкөріске келіп соғады? Өз ойларыңды нақты деректермен дәлелдеп жеткізіңдер.

Жазылым.

6-тапсырма. «Кім жылдам?» ойыны. Аңшылықпен саятшылыққа қатысты мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.

Қыран жүйрік пе,
Қиял жүйрік пе?

Қолмен бергенге құс тоймас.

Қаршыға қаз алса,
Ителгі етек қабады.

Қыран қияда өледі.

Ит иесі үшін алады.
Бүркіт жемі үшін алады.

Топтанып ұшқан торғайға
Тұрымтай да бата алмас.

Ажалдан қарға бүркітпен ойнайды.

Ат бегі – аттың тұяғына қарар.
Құс бегі – құстың қияғына қарар.

Қиялдағыны қыран ғана көреді.
Ұядағыны жылан ғана көреді.

Құс бағу да бір қызық,
Құс салу да бір қызық.

Екі сұңқар таласса,
Бір қарғаға жем түсер.

Құстың бәрі сұңқар болмас,
Аттың бәрі тұлпар болмас.

Сұңқар орманға тартар,
Тұлпар қорғанға тартар.
 



Сыңарын тауып жазады.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Салыстырады.

Мәтін бойынша сұраққа жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді. Дәлелдер келтіреді

Саятшылық пен аңшылыққа қатысты мақал-мәтелдер жазып жарысады.


Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.




Оқулық

Сурет


Сурет

Мақал-мәтелдер

Сабақтың соңы

Айтылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді жеткізіңдер.







Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық


Үйге тапсырма беру

73-бет 7-тапсырма.











Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Кәсіп – бақыттың шырағы, еңбек – ырыстың бұлағы

Күні: 06.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: «Жылқышы» әңгімесі




Сабақтың мақсаты: 8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру

8.3.6.1 тақырып бойынша мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Қалай ойлайсыңдар, жылқы өсіру ісі кәсіпке жата ма?

  • Бүгінгі қоғамда жалқышы кәсібі не үшін керек?



Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар.Мәтінде не туралы айтылған?

Жылқы – малдың патшасы. Қазақтың көшпелі тұрмысында жылқының орны ерекше болған. Қазақ халқы жылқыны ерекше бағалаған...

Жылқышы және оның жылқышы – ауыл шаруашылығында еңбегі ауыр еңбек. Жылқышының ең ауыр кезеңі – қыс кезеңі. Қыста олар қоста өткізеді. Жылқышы қосы – күнде көшіп жүретін баспана. Қымызы – шипалы,

таптырмайтын сусын. Қылы арқан, жіп, желі.

Еті - өте жоғары сапалы. Қазысы – тағам, емдік қасиеті мол. Терісі – жүген, үзеңгі бау, қамшы жасайды.

Айтылым.

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Төмендегі ұғым-түсініктердің мәтіндегі қандай сөздердің мағынасын ашып тұрғанын анықтаңдар.

Жылқы жайылатын жер; шөп жеу; әлденіп алу; тың жерге көшіру; кішкентай шаңыраққа айнала қадаған қазықтардың сыртынан киіз қоршалған үйшік.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді тыңдайды. Сұраққа жауап береді.


Қандай мағына ашып тұрғанын айтады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық

Сурет


Оқулық



Сабақтың ортасы

Жазылым.

3-тапсырма. Төмендегі жылқы атауларын қатыстырып сөйлем құраңдар.

Жылқыға қатысты атаулар

Сөйлемдер

Құлын (биенің жас төлі)
Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқан жылқы)

Бие (ұрғашы жылқы)

Айғыр (еркек жылқы)

Таңертең бір бие құлындады.

Қорадан жабағы шығып кетіпті.

Ол немересіне тай мінгізді.

Олар бие саууға кірісті.

Анай айғырды қолға үйретіп жатыр.

Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Әңгімеде көтерілген мәселелерді рет-ретімен баяндаңдар.


Айтылым.

5-тапсырма. Мәтінде қарамен берілген сөздердің антонимдері мен синонимдерін тауып айтыңдар.

Жаурайды – тоңады, ыстықтайды.

Балқып тұрады – ыстық, салқын

Күшті – мықты, әлсіз

Тұнық, таза – мөлдір, керемет, лай

Жеке тапсырма (Исаков Д.):

Жазылым.

6-тапсырма. Тақырыбын өздерің таңдап, жылқышының әңгімесіндегі ақпараттардан кластер түзіңдер.





Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Қазақстанның су ресурстары. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»


Күні: 13/14.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Сусыз тіршілік жоқ




Сабақтың мақсаты: 8.2.2.1. түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу; 8.5.1.1. үстеулерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Судыі қандай пайдасы бар?



Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Не туралы айтылған? Судың құрамы жөнінде ме, әлде судың пайдасы туралы ма?

Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.

Су күнделікті шөлімізді ғана қандырып қоймай, сонымен қатар суда жүзіп, жаттығу жасаған ағзамызда едәуір пайдалы. Мысалы, суда жаттығу жасау тек жүректі нығайтып қана қоймай, бүкіл ағзаға да жағымды әсер етеді екен. Жалпы су жаттығулары барлық қан - тамырлар жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Ал біз күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте көп қажеттіліктерге суды пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суды үнемдеп, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек.

Айтылым.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.




Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді тыңдайды. Сұраққа жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық


Сурет

Тірек сызба

Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс: кестені толтырады

Судың пайдасы қандай?




Суды үнемдей аласың ба?




Күніне қанша су ішесің?




Мәтінмен жұмыс: оқып, аудар.



Жазылым.

3-тапсырма. Судың адам ағзасына пайдасын кластер түзіп көрсетіңдер.

Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тірек сөздерді анықтап, тақырыбын қойыңдар.

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор. Су болмаса, өсімдік өспейді. Жануарлар да, адам да сусыз тірішілік ете алмайды. Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет. Сусыз ас дайындау да мүмкін емес. Суды ішеміз, сумен жуынамыз, кір жуамыз. Мұхит, теңіз, өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді. Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.

Жер бетінде су көп. Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді. Адамның пайдалануына тұщы су қажет. Тұщы сулар өзен – көлдерде, мұздықтарда және жер астында кездеседі. Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда. Оның азаюына адамның әсері көп.

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиі. Зауыт, фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс. Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс. Суды үнемді пайдалану керек. Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең, оны бұрап бекіт. Суды ретсіз шашып, ысырап етуге болмайды

Айтылым.

5-тапсырма. «Кім көп біледі?». Топқа бөлініп, судың табиғаттағы және халықшаруашылығындағы маңызын айтыңдар. Қай топ көбірек айтса, сол топ жеңеді.

Жазылым.

6-тапсырма. Су туралы жұмбақтарды мағыналық жағынан сәйкестендіріп жазыңдар.

Жылт-жылт етеді

бірақ тыныш тұрмайды

Сылқ-сылқ күледі

барша тірлік қурайды

Еш тесікке тұрмайды,

жылғадан өтеді

Сақтамасаң – қорын тек

аяғы жоқ жүреді

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

ол жақта жер қурайды





Исаков Д.

кестені толтырады.

Мәтінді оқып, аударады. Суреттер арқылы түсіндіреді.


Кластер түзеді.
Мәтінді оқиды, тірек сөздерді анықтап, тақырып қояды.

Екі топқа бөлініп жарысады.

Мағыналық жағынан сәйкестендіреді.



Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Бірін-бірі бағалайды





Оқулық

Кесте

Сурет

Оқулық


Кесте


Сабақтың соңы

Жазылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. Сусыз тіршілік жоқ екенін қандай мақал-мәтелдермен дәлелдей аласыңдар?




Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық


Үйге тапсырма беру

81-бет 7-тапсырма.