Файл: Блім Мгілік елді нрлы жолы Кні 29. 03. 2023ж. Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Қазақстанның су ресурстары. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»

Күні: 15.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Қазақстанның су қорлары




Сабақтың мақсаты: 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру; 8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, күшейіткіш үстеулерді орынды қолдану.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Қазақстандағы су қорлары туралы не білесіңдер?

  • Өзен-көлдерді картадан таба аласыңдер ма?

Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтін мазмұнындағы суға қатысты атауларды атаңдар. Олардың мәнін ашыңдар.

Су - құрлықтағы сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едауір мол. Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар.

Каспий теңізі алабына жататын өзендер : Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен Өзен, Кіші Өзен.

Арал теңізі алабына жатады: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.

Балқаш-Алакөл алабына жатады: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан т.б.

Айтылым.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Мәтінде судың қандай түрлері айтылған?

  2. Халық ертеден қандай суды пайдаланған? (еспе судың суретін салыңдар)

  3. Құдық қандай жерлерде ауызсу көзі болған? (құдықтың суртені салыңдар)

  4. Жерасты суы деген қандай су?

Ереже: Заттың сындық қасиетін және қимыл-әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсетеді. Олар етістіктің алдында келіп, қалай? Деген сұраққа жауап береді де, қимылдың сапасын не күшейтеді, не солғындатады. Мысалы:

Шешесі оны әбден таниды екен.




Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді тыңдайды.

Мәнін ашады.

Өзен-көлдермен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.


Ережемен танысады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.



Оқулық


Сабақтың ортасы

Жазылым.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді күшейтпелі үстеулермен тіркестіріп айтып көріңдер.

Үлкен, зор, кең, мол, бай, түсінді, маман, жүйрік.

Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Судың қай түрі туралы ақпарат берілген? Бір-біріңе сұрақтар қою арқылы анықтаңдар.

Артезиан суысу өткізбейтін қабаттардың, немесе жарықтардың және қатты жыныстардың қуысындагы жер асты суы. Ол жер астындағы қысымда тұрады. Бұл — сапасы жағынан да жақсы су. Сондықтан сол аймақтагы елді сумен қамтамасыз етудің ең қолайлы көзі болып саналады

Жерасты суы жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су

Су алабыжекелеген өзендерді, өзен жүйелерін, көлдер мен теңіздерді су қорымен қамтамасыз ететін, су мен мейлінше қаныққан беткі жазықтықты, топырақты және таужыныстардың белгілі бір қабатын біріктіретін ауқымды аймақ.

Жазылым.

5-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді тіркесетін сөздерімен бірге жазып, сұрақтар қойыңдар. Сан есімдердің қайсысы болжалдық сан есім?

300-500 метр тереңдікте, 50 мың шаршы шақырым, 80-300 метр тереңдікте, 100 миллион гектардай, 50 мың гектардай.

Айтылым.

6-тапсырма. Мәтіннен күшейткіш үстеулерді табыңдар.

Аса,орасан зор,

Күшейтпелі үстеулерді қолданып айтады.

Мәтінді оқиды. сұрақтарға жауап береді.

Сан есімдерді тіркесті сөздермен жазады.


Күшейткіш үстеулерді тауып, айтады.


Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Саусақ арқылы бағалайды






Оқулық
Оқулық


Сабақтың соңы

Жазылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

  • Сөздік қорларыңды қанша жаңа сөзбен толықтырыңдар?

  • Күшейіткіш үстеулердің атқаратын қызметін түсіндіңдер ме?

  • Елімізде су тапшылығы қалай шешілмек?



Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық


Үйге тапсырма беру

83-бет 7-тапсырма.












Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Қазақстанның су ресурстары. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»

Күні: 20.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Экологиялық апатқа ұшыраған өзен-көлдер




Сабақтың мақсаты: 8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру; 8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру.

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Елімізде экологиялық апатқа ұшыраған қандай өзен-көлдер, теңіздерді білесіңдер?

  • Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында қандай теңіз суреттелетінін білесіңдер ме?

Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Қандай мәселе көтерілген?

Айтылым.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Арал теңізінің тартылуына қандай себептер болды?

  2. Аралға құятын қандай сулар күрт азайған?


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық


Сабақтың ортасы

Айтылым.

3-тапсырма. 1-2 сабақта берілген оқылым мәтініндегі ақпараттарды пайдаланып, тыңдалым мәтінін өзгертіп оқып шығыңдар.

Пайдаланатын ақпараттар:

  • Өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істемейді.

  • Суармалы жерлердің аумағы дами түсті.

  • Электр энергиясын өндіруге, ауылшаруашылығында жайылымдарды суландыруға су қажет болды.

  • Суды әртүрлі жүк тасымалдауға, ағаш ағызуға пайдаланды.

Оқылым.

4-тапсырма. Романнан алынған үзіндіні оқыңдар. Не туралы айтылған? Бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.

Айтылым.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Қалай ойлайсыңдар, бас тоқсан деп қай айларды айтып отыр?

  2. Солтүстіктен соққан есірік жел әлсіз мұзды не істеді?

  3. Еламан, Мөңке, Дос, Рай мұз үстіне не үшін шығып жүр?

  4. Олар балық аулайтын ауды қайда салып жүр?

6-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын ашыңдар. Ол үшін сөздердің антонимдерін тауып айтыңдар.

Жазылым.

7-тапсырма. Балықшылардың өмірі туралы шағын мәтін құраңдар. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді ықпалды ескеріңдер.

Керекті сөздер: текше, ауызсу, ау, ағын, тереңдік, ызғарлы, сергелдең.

Мәтінді өзгертіп оқып шығады.
Ақпараттарды пайланады.

Оқып, сұрақтар қояды.


Сұрақтарға жауап береді.

Антонимдерін тауып айтады.

Шағын мәтін құрайды. Ықпалдарды ескереді.



Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.

Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.



Оқулық


Сабақтың соңы

Жазылым.

9-тапсырма. Ойтаразы. «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

  • Арал маңындағы балықшылардың өмірі туралы не білдіңдер?

  • Сендер үшін тақырыптың маңызы неде?

  • Осы тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді?

  • Дыбыстардың үндестігін сақтап оқыдыңдар ма?



Сұрақтарға жауап береді.



ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық


Үйге тапсырма беру

85-бет 8-тапсырма.












Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Қазақстанның су ресурстары. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»

Күні: 21.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Арал теңізі




Сабақтың мақсаты: 8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Арал теңізі қай жерде орналасқан?

  • Арал теңізінің бүгінгі айы туралы не білесіңдер?



Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтін мазмұнындағы детальды ақпаратты анықтаңдар.

Ойхой, дүние! Теңіз жайында әңгіме шерткен қандай ғанибет! Мейлі, өзің сөйле! Мейлі, өзгені сөйлетіп қойып, жұртты тыңда! Өзің сөйлесең де сен, бәрібір, бір құлағыңды көптің әңгімесіне тігіп қоясың да, ойыңды ортаға саласың. ....

Айтылым.

2-тапсырма. Сөз арасында ілгерінді, кейінді ақпалға мән беріп, мәтінді қайта оқыңдар. Мәтінді оқу барысында дауыс мәнеріне көңіл бөліңдер.


Берілген сұрақтарға жауап береді.

Мәтінді тыңдайды.

Ақпаратты анықтайды.


Мәтінді қайта оқиды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық


Сурет


Сабақтың ортасы

Айтылым.

3-тапсырма. Мәтіннен балықшылардың сөйлеу этикеті мен көңіл күйін білдіретін сөздерді тауып айтыңдар.

Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Не туралы білдіңдер? Соңғы сөйлемді аяқтаңдар.

Айтылым.

5-тапсырма. Мәтіндегі қарамен берілген бейнелі сөздер мен тіркестер қандай сөздердің мағынасына жақын келеді? Сәйкестендіріңдер.

қаптай соққан

күшейіп

ұласты

қатты соққан

түтігіп

өте терең

үйдей-үйдей

батып келе жатқан

түпсіз құрдым

жалғасты

малтығып

үлкен

6-тапсырма. Рөлдік ойын (журналист пен эколог маман). Арал теңізінің бүгінгі жай-күйі туралы эколог маманнан сұхбат ал. Сұхбат сұрақтарын өзің дайында.

Балықшылардың көңіл күйін білдіретін сөздерді табады.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтады.

Сәйкестендіреді

Сұхбат жүргізеді. Сұрақтарын дайындайды.


Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.





Оқулық

Кесте


Сабақтың соңы

Айтылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. Қосымша ресурс көздерін пайдаланып, Арал теңізі туралы ақпараттарды толықтырыңдар. Өздерің сөйлеңдер және өзгені сөйлетіңдер. Бір-біріңді бағалаңдар





Бір-бірін бағалайды.

ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық



Үйге тапсырма беру

87-бет 7-тапсырма.











Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың барысы:

Бөлім: Қазақстанның су ресурстары. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер»

Күні: 22/23.12.2021ж.

Педагогтің аты-жөні: Ахмедова Ш.Б.

Сынып: 8 Б,В (мектеп баспасы)

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тықырыбы: Балықшылар өмірі




Сабақтың мақсаты: 8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау

8.2.6.1 кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ойтүрткі

  • Оқиға әрі қарай қалай өрбиді деп ойлайсыңдар?

Тыңдалым.

1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Мәтіннің мазмұны бойынша сурет салыңдар.



Айтылым.

2-тапсырма. Мәтінді қайталап тыңдаңдар. Қарамен берілген фразеологизмдердің мағынасын «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы түсіндіріңдер.

Фразеологизмдер

Мағынасы

көз ұшында

алыста

күші бойын сыймай

тасып тұрған теңіз

тағат таппаған

шыдамаған

бір жығылып, бір тұрып

қайта-қайта құлап

аузына тыңылған өкпесін

ентігін әзер басып





Берілген сұрақтарға жауап береді.


Мәтінді тыңдайды.
Қайталап тыңдайды. Фразеологизм-дердің мағынасын ашып жазады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Оқулық
Сурет

Кесте


Сабақтың ортасы

Айтылым.

3-тапсырма. Ақбала тап болған жағдаятты өз жұбыңа әңгімелеп бер. Әңгімеңде еліктеуіш сөздер болсын.

Мысалы: тарс-тұрс, жалт-жұлт, сытыр-сытыр, гүрс-гүрс т.б.

Оқылым.

4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тірек сөздерді анықтап, тақырыбын қойыңдар. Диалог кімдердің арасында өтті?

Диалог: Кәлен мен Достың арасында

Тірек сөздер: балықшылар ауылы, алты-алты қаптан, үйіп тастады, Кәленнің үйі, жүзі сынық, малы жұтқа ұшырап, қырдан көшіп келген, іші сезіп отыр, еңбекақы сұрамайды, бергенге риза, аузын ашып отыр, тапқанын ішеді, жалғыз үй, бөліп берді.

Айтылым.

5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Балықшылар ауылы не нәрсеге қарқ болды?

  • Ауыл адамдарына астық үлестірген кім?

  • Кәлен мен Достың арасындағы әңгіме не туралы болды?

  • Кәлен Доқа не деді?

7-тапсырма. Адамдар арасындағы ынтымақтастық пен достықты кімнің әрекетінен көруге болады? Пікірлеріңді дәлелдеп айтыңдар.


Еліктеуіш сөздерді қолданып, әңгімелейді.


Тірек сөздерді анықтайды. Сұраққа жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.




Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.


Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.




Оқулық


Сабақтың соңы

Жазылым.

8-тапсырма. Ойтаразы. «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

  • Бүгін қанша сөз үйрендіңдер?

  • Қандай кәсіптің түрінен ақпарат алдыңдар?

  • Сабақ бойынша қандай сұрақтарың бар?

  • Сөйлеуде күшейтпелі үстеуді дұрыс қолдана алдыңдар ма?



Сұрақтарға жауап береді.


ҚБ:Қошемет арқылы бағалау




Оқулық



Үйге тапсырма беру