Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 146

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2. Жарығы аса монохроматты болады.

3. Ең қуатты жарық көзі.

4. Энергиясының сапасы жоғары және алыс қашықтыққа жеткізу мүмкіндігі зор

5. Қыздыру шамы сияқты жарық көзі болып табылады

Лазерлік сәуле шығарудың қасиеттеріне жатпайтыны (Жауабы:5)

  1. Лазерлік сәуле шығаруға тән касиеттер:

  1. Жоғары монохроматтылық.

  2. Когеренттік.

  3. Сәуле шығарудың бағыттылығы.

  4. Сәуле шығару қуатының жоғарылығы.


(Жауабы: 1,2,3,4)

  1. Атомның беретін толқын ұзындығының дара шығарылған жарық толқынының ұзындығынан айырмашылығы: (жиілігі, фазасы және поляризациясында)

  2. Комптон эффектісі деген не? (Шашыраған сәуленің толқын ұзындығы, түскен сәуленің толқын ұзындығымен салыстырғанда артады)



II Атомның, ядроның және элементар бөлшектердің физикасы


  1. Реакцияның энергетикалық шығуы деген не? (Реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі ядролар мен бөлшектердің тыныштық энергияларының айырмасы)

  2. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы әр түрлі екі стационар күйлердің арасындағы ауысулар кезіндегі атомның энергия шығару және жұту қабілетін дұрыс сипаттайды? (Энергиясы кейбір мәндерді алатын фотондарды жұта алады және шығарады, шығарылатын және жұтылатын жарық фотонының энергиялары бірдей)

  3. Егер атомдағы электронның қозғалысы классикалық электродинамика заңдарына бағынса, келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс болар еді:

    1. ядроны айнала қозғалған кезде электрон үздіксіз электромагниттік толқын шығару керек;

    2. қозғалыс басталғаннан кейін біраз уақыт өткенде электрон атом ядросына құлап түсу керек;

    3. атомның шығаратын электромагниттік толқынының жиілігі электронның ядроны айналу жиілігіне тең болу керек? (1,2 және 3)

  1. Ядросында 6 протон және 8 нейтроны бар бейтарап атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар? (6)

  2. Атом ядросының зарядының таңбасы қандай? (Оң)

  3. Аталған тұжырымдардың ішіндегі Бор постулатын көрсетіңіз.(Атомдағы электрондар бір стационар күйден екіншісіне өткенде атом энергияны электромагниттік толқын түрінде шығарады немесе жұтады)

  4. Келтірілген тұжырымдардың қайсысы Бор теориясында дұрыс? (Электрондар үшін тек қана импульс моменті h шамасының бүтін сандарына еселік болып келетіндей орбиталармен айналуға рұқсат етілген)

  5. Берілген тұжырымдардың Бор постулатына сәйкес келмейтіні

  1. Атомдағы электрондар дөңгелек орбита бойымен қозғалады және бұл кезде электромагниттік сәуле шығарады.

  2. Атомдар белгілі бір стационар күйде болады және стационар күйдегі атомдар сәуле шығармайды.

3. Атомдар бір стационар күйден екіншісіне өткенде электромагниттік сәуле квантын шығарады немесе жұтады. ( Жауабы 1)

  1. Атомның иондалу энергиясы деген не? (Атомдағы электронды негізгі күйден қосымша кинетикалық энергия бермей, бос күйге көшіру үшін қажетті энергия)

  2. Атомның құрамы қандай? (Оң зарядты ядро мен теріс зарядты электрондардан тұратын бейтарап жүйе)

  3. Атом ядролары қандай бөлшектерден тұрады? (Нейтрондар мен протондардан)

  4. Қандай бөлшектер жұбы нуклондар деп аталады ? (Протон және нейтрон)

  5. Атом ядросындағы нуклондардың (протондар мен нейтрондардың) әрекеттестігі үшін қандай күштер басым? (Ядролық)

  6. Протон мен электронның зарядтары: (шамалары жөнінен тең,таңбалары қарама-қарсы)

  7. Протон массасы мен электрон массасының қатынасы:(протонның массасы электронның массасынан 1836 есе артық)

  8. Екі еркін протон мен екі еркін нейтроннан тұратын жүйені бір гелий атомының ядросына біріктірсе, жүйенің толық массасы қалай өзгереді? (Кемиді)

  9. Бір еркін протон мен бір еркін нейтроннан тұратын жүйені атом ядросына біріктірсе, жүйенің массасы қалай өзгереді? (Кемиді)

  10. Нейтронның: ( массасы бар, заряды жоқ)

  11. Протонның нейтронға өздігінен айналу нәтижесінде, атом ядросында жүретін реакция: ( позитронды β- ыдырау)

  12. Нейтронның протонға өздігінен айналу нәтижесінде, атом ядросында жүретін реакция: ( электрондық β-ыдырау)


  1. Өздігінен сәуле шығару құбылысының атауы: (радиоактивтілік)

  2. Радиоактивтік құбылысты ашқан ғалым (француз зерттеушісі Беккерель)

  3. Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не? (Ядроның өздігінен түрленуі)

  4. Радиоактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты: (өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау)

  5. Ядроларының массасы еркін протондар мен нейтрондар массаларының қосындысынан артық болатын... (ядролар болмайды)

  6. Атомның ядролық моделін ұсынған ғалым: (Э.Резерфорд)

  7. Қандай тәжірибелердің нәтижесінде Резерфорд атомның ядролық моделін (үлгісін) ұсынды? (Альфа-бөлшектердің металл фольгалардан шашырауы)

  8. Резерфорд тәжірибелерінде -бөлшектердің түзусызықты траекториядан қандай күштің әрекетінен ауытқиды? (Электромагниттік)

  9. Ядроның массалық саны деген не? (Ядродағы нуклондар саны)

  10. Атомның массасының осы атомның ядросының массасына қатынасы жуық шамамен неге тең? (Ж:1)

  11. Қайсы жағдайды Резерфордтың жасаған атомның классикалық үлгісі (моделі) түсіндіре алмайды? (Атомның орнықтылығын)

  12. Сутегінің изотоптарына жататындары (кәдімгі сутегі,дейтерий,тритий)

  13. Атомы ең қарапайым элемент (сутегі)

  14. Бір химиялық элементтің изотоптары деген не? (Ядролары құрамындағы нейтрондардың саны бойынша ғана өзгеше атомдар)

  15. Реакцияның қандай түрі термоядролық болып табылады?(Сутегі ядроларының жылу шығара отырып бірігуі)

  16. Атомның ионизация энергиясы дегеніміз не?(Электронды негізгі күйден кинетикалық энергия жұмсап еркін күйге өткізуге қажетті энергия)

  17. Табиғи радиоактивтілік деген не? (Ядролардың өздігінен түрленуі)

  18. Радиоактивтік апат зонасында противогаз және резеңкеленген киімнің сыртқы фактордан сақтауы:

1. α-сәуле шығарудан.

2. β- сәуле шығарудан.

3. γ- сәуле шығарудан. (1 мен 2 )

36. Уран ядроларының ыдырауының тізбекті ядролық реакциясы жүру үшін қажет емес шарттар:

1. Әрбір ядро бөлінуде екі-үш нейтрондардың шығуы.

2. Уранның көп мөлшерде болуы.

3. Уранның жоғарғы температурада болуы (тек қана 3)

  1. Уран ядроларының бөліну реакциясын жүзеге асыру үшін, төмендегі көрсетілген шарттардың орындалуының міндеттілері

1. Әрбір ядро бөлінген кезде 2-3 нейтрон босап шығып тұруы керек

2. Уранның мейлінше көп мөлшері қажет.

3. Уранның температурасы жоғары болуы қажет. (Ж:1және 2)

  1. α –сәулелену дегеніміз қандай бөлшектер ағыны? (Заряды екі протонның зарядына тең)

  2. α- бөлшектің массасы мынаған тең: (екі протон мен екі нейтрон массасына)

  3. α- бөлшек дегеніміз: (гелий атомының ядросы)

  4. β- сәуле деген не? (Электрондар ағыны)

  5. β- бөлшектің массасы мынаған тең: (m=9,1·10-31 кг)

  6. γ- сәулелену дегеніміз не? (Электромагниттік өріс бөлшектерінің ағыны)

  7. γ- бөлшектің тыныштық массасы неге тең? (Нөлге тең)

  8. γ- бөлшектің заряды неге тең? (0)

  9. α-, β -және γ- сәулеленулердің қайсысының ортадағы өтімділік қасиеті ең төмен? (α –сәулелену)

  10. α-, β- және γ- сәуле шығаруларының өтімділігі үлкені (γ- сәулесі)

  11. α-, β- және γ- сәулеленулердің қайсысының тежелу қасиеті ең жоғары? (α –сәулелену)

  12. α-, β- және γ- сәулеленулердің қайсысы магнит өрісінде ауытқымайды? (γ- сәулелену)

  13. α-, β- және γ- сәулеленулердің қайсысы магнит өрісінде басқаларға қарағанда көп ауытқиды? (β-сәулелену)

  14. Элемент ядросы α-ыдырауға ұшырағаннан кейін оның Менделеев кестесіндегі орны қалай өзгереді? (Екі орынға солға қарай ығысады)

  15. Элемент ядросы бета-ыдырауға ұшырағаннан кейін оның Менделеев кестесіндегі орны қалай өзгереді? (Бір орынға оңға қарай ығысады)

  16.  - ыдырау негізінде нуклондардың өзара түрленуі жатады.Сонда: (нейтрон протон мен электронға ауысады)

  17. Химиялық белсенділігі жоғары ( ультракүлгін сәулелер)

  18. Қандай құрылғы ядролық реактор деп аталады? (Ядролардың басқарылатын бөліну реакциясы өтетін құрылғы)

  19. Ядролық реакторда ауыр атомдардың ядролық ыдырау жылдамдығын реттеуді жүзеге асыру үшін: (жұтушы стерженьдерді төмен түсіру қажет)

  20. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы атомдық реакторларда, әдетте, нейтрондарды жұтқыш ретінде пайдаланылады: 1- уран, 2 –графит, 3- кадмий, 4- ауыр су, 5- бор, 6- плутоний (3 және 5)

  21. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы атомдық реакторларда, әдетте, нейтрондарды баяулатқыш ретінде пайдаланылады: 1- уран, 2 –графит, 3- кадмий, 4- ауыр су, 5- бор, 6- плутоний (2 және 4)

  22. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы атомдық реакторларда, әдетте, ядролық отын ретінде пайдаланылады: 1- уран, 2 –графит, 3- кадмий, 4- ауыр су, 5- бор, 6- плутоний (1 және 6)

  23. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы атомдық реакторларда, әдетте, жылу тасымалдаушылары ретінде пайдаланылады: 1- уран, 2 –графит, 3- кадмий, 4- кәдімгі су, 5- плутоний, 6- сұйық натрий (4 және 6)

  24. Стационар режимде жұмыс істейтін ядролық реактордағы нейтрондардың көбею коэффициенті неге тең? (1)

  25. Гейгер-Мюллер санағышының жұмыстық ортасы қандай? (Газ)

  26. Гейгер-Мюллер санағышының жұмысында қандай құбылыс пайдаланылады?(Газ атомдарының ионизациясы)

  27. Аталған ядролық сәулеленулерді тіркеуге арналған аспаптардың қайсысында шапшаң зарядталған бөлшек өткен кезде газдағы электр тогының импульсі пайда болады? (Гейгер санағышы)

  28. Маңайында радиоактивті препарат жоқ кезде де, Гейгер санағышының иондаушы бөлшектерді тіркеудің себебі ( санағышқа космостық сәулелер әсер етеді )

  29. Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың газдың екпінді иондалуы кезінде ток импульсінің пайда болу құбылысына негізделуі (Гейгер есептегішінде)

  30. Гейгер-Мюллер санағышының жұмысы үшін қандай құбылыс қолданылады? (Газдардағы атомның иондалуы)

  31. Аталған ядролық сәулеленулерді тіркеуге арналған аспаптардың қайсысында шапшаң зарядталған бөлшек өткен кезде газдағы сұйық тамшыларынан тұратын із қалады? (Вильсон камерасы)

  32. Қайсы детекторда (тіркегіште) бөлшектердің тректері (іздері) жазылады? (Вильсон камерасында)

  33. -бөлшегін тіркеу үшін қандай құралдар қолданылады? (Вильсон камерасы)

  34. Вильсон камерасының жұмыстық заты – (судың немесе спирттің қанығуға жақын буы)

  35. Көпіршікті камераның жұмыс істеу принципі... негізделген (аса қыздырылған сұйықта будың пайда болуына)

  36. Аталған ядролық сәулеленулерді тіркеуге арналған аспаптардың қайсысында шапшаң зарядталған бөлшек өткен кезде сұйықтағы бу көпіршіктерінен тұратын із қалады? (Көпіршікті камера)

  37. Аталған ядролық сәулеленулерді тіркеуге арналған аспаптардың қайсысында шапшаң зарядталған бөлшек өткен кезде іздің жасырын кескіні қалады? (Қалың қабатты фотоэмульсия)

  38. Қалың қабатты фотоэмульсия әдісі негізделген принцип (қозғалыстағы зарядталған бөлшектердің эмульсия молекулаларын иондауы)

  39. Қандай реакция термоядролық реакция деп аталады? (Сутегі ядроларының жылу шығара отырып бірігу реакциясы)

  40. Тізбекті реакция деген не? (Реакцияны тудыратын бөлшектер осы реакция кезінде пайда болатын ядролық реакцияның түрі)

  41. Нейтрондардың көбею коэффициентіне қатысы жоқ тұжырым:


1. Ядролық қоспалардың нейтрондарды жұтуы.

2. Реакция аймағынан нейтрондардың шығып кетуі.

3. Ядролық реакция кезінде энергияның бөлінуі.( Жауабы: 3)

  1. Реттік номері Z элемент ядросында альфа-ыдырауы үшін Содди ережесі: (Z-2 )

  2. Радионуклиннің ядросы бес -және төрт  -ыдырауға ұшыраса, ядродағы нуклин саны қанша болады? (20 кемиді)

  3. Сутек атомындағы электронның энергиясы : (әр уақытта теріс)



III Элементар бөлшектер


  1. Электронды ашқан кім, қашан? (Томсон,1897 ж.)

  2. Позитронды ашқан кім, қашан? (1932ж .Поль Дирак)

  3. Субатомдық бөлшектер деген не? (Атомды құрайтын бөлшектер)

  4. Нейтрон қандай бөлшектерге түрленеді? (Протонға, электронға және антинейтриноға)

  5. Кварктың заряды неге тең? ( 2/3q; 1/3q)

  6. Фотон деген не? ( Электромагниттік өрістің кванты, оның тыныштық массасы болмайды)

  7. Лептондар деген қандай бөлшектер? (Бір электрондық заряды бар, үлкен әсерлесулерге қатыса алмайтын бөлшектер)

  8. Адрондар қандай бөлшектерден тұрады ? (Кварктардан )

  9. Нағыз элементар бөлшектер (кварктар, лептондар)

  10. Сутегі ядросы күміс ядросымен соқтығысқанда қандай бөлшектер пайда болады? (Пиондар)

  11. Әсерлесу кезінде ядродағы нуклондар бөлшектердің қайсысына алмасады? мезондарға)

  12. Ядродағы нуклондардың өзара әрекеттесуі қандай бөлшектермен жүзеге асады? (π мезондардың)

  13. Кварктардың өзара әрекеттесуі қандай бөлшектермен жүзеге асады? (Глюондардың көмегімен)

  14. Глюон қай елдің сөзі, оның қазақша мағынасы қандай? ( Ағылшын сөзі, аударғанда желім деген мағына береді)

  15. Нейтронның протонға өздігінен айналу нәтижесінде атом ядросындағы айналу (электрондық β ыдырау )

  16. Мюон қандай бөлшектерге түрленеді: ( электронға және екі нейтриноға )

  17. Атомдардың ядроларымен белсене әрекеттесетін бөлшектер: (пиондар)


Астрономия


    1. Астрономия пайда болды: (уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін)

    2. Ғарыш кеңістігіндегі жекеленген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылымды қалай атайды? (Астрономия)

    3. Астрономиялық денелерге не жатпайды? (Аметистер)

    4. Меркурий құрылымы, рельефі, жылу өткізгіштігі бойынша ұқсас (Айға)

    5. Дүние полюсі бұл (дүние осі мен аспан сферасының қиылысу нүктесі)

    6. Экваторлық координаторлар-(еңістік және тура көтерілу)

    7. Күн меридианы арқылы өту қандай уақытты береді? (Жергілікті)

    8. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасы не тәріздес болып келеді? (Эллипс)

    9. Барлық тұжырымдамаларының қайсысының геоцентрлік жүйеге қатысы жоқ? (Ай Күнді айнала қозғалады)

    10. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы гелиоцентрлік теорияның дұрыстығын дәлелдейді? (Планеталар жердің айналасында қозғалады)

    11. Аспан сферасының үлкен дөңгелегінде өтетін көрінерлік жылдық қозғалыс – (эклиптика)

    12. Аспан сферасының тәуліктік қозғалу бейнесі мен жұлдызды аспан түрі неге тәуелді? (Бақылаушының тұрған географиялық ендігіне)

    13. Аспан меридианы арқылы өту кезіндегі шырақтардың көкжиектен ең жоғарғы орналасуы қалай аталады? (Жоғарғы шарықтауы (кульминациясы))

    14. Аспан экваторы көкжиекпен салыстырғанда қалай орналасқан, егер бақылаушы жер экваторында тұрса? (Перпендикуляр)

    15. Күн мен түннің алма-кезек ауысуының басты себебі неде? (Жердің осінің төңірегінде үздіксіз айналуы)

    16. Астрономияның ең негізгі зерттеу құралы қалай аталады? (телескоп)

    17. Аспан денелері қозғалысын бақылауға арналған орын қалай аталады? (Обсерватория)

    18. Аспан денесінен қарағанда көру бағытына перпендикуляр орналасқан жер радиусы көрінетін бұрыш – (көкжиектік параллакс)

    19. Белгілі бір орында жылдың кез-келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтау үшін нені қолданады? (Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын)

    20. Қандай планеталарда полярлық бөрігі бар? (Жерде, Марста)

    21. Жер тобындағы серіктері бар бар планеталар – (Шолпан,Марс)

    22. Күн жүесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек? (Юпитерде)

    23. Қандай планеталарда жыл мезгілінің ауысымы бар? (Барлық планеталарда)

    24. Юпитер (Есекқырған) жер тобының ғаламшарларына кіре ме? (Жоқ)

    25. Марс алып планетаға жата ма? (Жоқ ,ол Жер кейіптес планетаға жатады)

    26. Марстағы заттар қандай күйде болады? (Қатты және газ тәрізді)

    27. Айда атмосфера жоқ ,себебі: (Айда ауырлық күші жердегіден аз, сондықтан газ молекулаларын ұстап тұра алмайды)

    28. Күннің тұтылуы неліктен? (Жерге Айдың көлеңкесі түскеннен)

    29. Айдың фазалық ауытқуының ұзақтығы қандай? (Синодтық ай (өліаралық ай))

    30. Айдың ауысу фазасының ұзақтығы 29,53 тәулік. Бұл период (мерзім) – ( синодтық ай)

    31. Ай бетінде сақина таулар – кратерлер пайда болу себебі: (Атмосферасы жоқ, Айда метеориттер Ай бетіне соғылып жарылады да, Ай топырағын жан-жаққа шашыратады)

    32. Қазақстанда қандай күнтізбе қолданылады? (Григориан уақыты)

    33. Ауысу мерзімінің халықаралық сызығы- бұл: (180 меридиан)

    34. Метеориттер неліктен планеталардың атмосферасында жанады? (Метеориттердің температурасы аудағы қозғалыс үйкелісінен он мыңдаған градусқа дейін көтеріледі)

    35. Аспанның нақты шекарасын анықтайтын бөлігі – (шоқжұлдыз)

    36. Шоқжұлдыз дегеніміз не? ( Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі)

    37. Жұлдыздар жарықтығы сипаттамасына қандай түсінікті қолданады? (Көрінетін жұлдыздық шама)

    38. Погсон формуласы қандай жұлдыздық шамалары арасындағы байланысты өрнектейді? (Жұлдыздардың жылтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс)

    39. Жерден бақыланған аспан дененің диаметрі 4 есе артылды. Сондықтан дене мен Жер арасындағы қашықтық: (4 есе кеміді)

    40. Жасанды серігінің айналу периоды қалай өзгеру керек, егер оның планетаға дейін қашықтығы өзгермей, ал планетаның массасы 4 есе артса (2 есе кеміді)

    41. Планета массасын анықтауға болады: (Кеплердің жалпылама заңы бойынша)

    42. Кеплердің екінші заңы – (планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды)

    43. Күн жүйесіндегі қай планетада температураның тәуліктік ауытқуын «булану эффектісі» кезінде сезбейді? (Шолпан)

    44. Күн желі дегеніміз не? (Ғарыштық кеңістікте күн шығаратын, сиретілген ыстық плазманың үздіксіз тасқыны)

    45. Қай планетада жылдамдығы 100м/с –қа дейін сұрапыл жел мен шаң болады? (Марста)