Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 148

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Тербелістер мен толқындар
I Механикалық тербелістер мен толқындар


  1. Толқын дегеніміз ... (тербелістердің кеңістікте таралу процесі)

  2. Толқын ұзындығы деген не? (Ортаның бірдей фазада тербелетін екі нүктесінің ең қысқа ара қашықтығы)

  3. Толқынның жиілігі дегеніміз... (орта бөлшектерінің уақыт бірлігіндегі тербеліс саны)

  4. Толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің ара қашықтығы қалай атайды? (Толқынның ұзындығы)

  5. Көлденең толқын дегеніміз не? (Ортаның бөлшектерінің тербелістері толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын)

  6. Бойлық (қума) толқын дегеніміз ... толқын (ортаның бөлшектерінің тербелістері толқынның таралу бағытында жүзеге асатын)

  7. Аталған толқындардың қайсысы бойлық (қума) болады? (Газдардағы дыбыс толқындары)

  8. Қума механикалық толқындар тарала алатын орталар (қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда)

  9. Механикалық көлденең толқындар тарала алатын орталар (қатты денелерде және сұйықтардың бетінде)

  10. Газдарда қандай механикалық толқындар тарала алады? (Бойлық (қума)

  11. Қандай орталарда: газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде механикалық көлденең толқындар тарала алады? (Қатты денелерде)

  12. Серпімді ортада толқын таралған кезде энергия және зат тасымалы бола ма? (Зат тасымалынсыз энергия тасымалы болады)

  13. Ауадағы дыбыс толқыны дегеніміз -... (ауа бөлшектерінің бойлық тербелістерінің таралуы)

  14. Дыбыстың қаттылығын ... анықтайды (тербелістер амплитудасы)

  15. Тербеліс амплитудасының артуына байланысты дыбыс қаттылығы (Артады)

  16. Дыбыс жиілігін өзгертпей оның амплитудасын 2-есе арттырса,дыбыс тоны қалай өзгереді? (Өзгермейді)

  17. Тербеліс жиілігі өзгермеген жағдайда дыбыстың қаттылығы неге тәуелді? (Тербеліс амплитудасына)

  18. Дыбыстың биіктігін (тонын) ... анықтайды (толқынның жиілігі)

  19. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы – (Реверберация)

  20. Дыбыс толқындарын қоздырушы прибор (дыбыс зорайтқыш)

  21. Дыбыс зорайтқыштың жұмысы неге негізделген? (Тұрақты магниттің магнит өрісінің жылжымалы катушкадағы айнымалы токқа әсеріне)

  22. Дыбыс зорайтқыштың ПӘК-і қандай? (1%-3%)

  23. Газдағы молекулалардың массасы неғұрлым ауыр болса, осы газдағы дыбыстың таралу жылдамдығы соғұрлым ... болады. (Кіші)

  24. Дыбыс ауадан суға өткенде өзгермейтін шама - (жиілік)

  25. Ауадағы дыбыс толқындарында поляризация құбылысы байқала ма? (Жоқ дыбыс толқындары-қума толқындар)

  26. Дыбыс толқындарына тән емес қасиет (дисперсия)

  27. Дыбыс толқыны бір ортадан екінші ортаға өткенде оның толқын ұзындығы 2-есе артады.Осы кездегі дыбыс тоны: (өзгермейді)

  28. Тербеліс дегеніміз: (дене қозғалысының тең уақыт аралығында қайталануы)

  29. Дененің еріксіз тербелісі дегеніміз (сыртқы периодты күштердің әсерінен болатын тербелістер)

  30. Еркін тербеліс дегеніміз: (сыртқы периодты күштердің әсерінсіз болатын тербеліс)

  31. Тербеліс амплитудасы дегеніміз: (тербелуші нүктенің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы)

  32. Егер екі серіппенің тізбектей жалғауын параллель жалғаумен алмастырса, оған ілінген жүктің вертикаль тербелістерінің периоды өзгере ме? (Екі есе кемиді)

  33. Гармониялық тербелістер жасайтын жүйеде қандай күштер әрекет етеді? (Тек серпімді күш)

  34. Қарапайым автотербелмелі жүйе: (маятникті сағат)

  35. Автотербелістердің анықтамасын көрсетіңіз. (Сыртқы периодты күштердің әсерінсіз, жүйедегі энергия қоры есебінен болатын өшпейтін тербелістер)

  36. Математикалық маятниктің амплитудасы деген не? (Тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқу)

  37. Математикалық маятник лифт ішінде а(Артады)

  38. Математикалық маятниктегі кішкене шар тепе-теңдік күйінен өтіп бара жатқанда жіпті күйдіріп үзсе, ол қандай траекториямен қозғалады? (Парабола бойымен)

  39. Маятниктің тербеліс периоды оның массасына тәуелді болатынын немесе болмайтынын анықтаңыз (тәуелді емес)

  40. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалык шамалар (маятниктің массасына және қатаңдығына тәуелді )

  41. Алтыбақанда тербеліп отырған бір баланың қасына екінші бала отырса, оның тербеліс периоды қалай өзгереді? Алтыбақанды математикалық маятник деп санаңыз. (Өзгермейді)

  42. Серпінді деформациялар дегеніміз (сыртқы күштер әсері тоқтағанда толық жойылатын деформациялар)

  43. Механикалық резонанс дегеніміз (Тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі мәжбүрлеуші күштің жиілігімен теңескен кезде, еріксіз тербелістің амплитудасының күрт артуы)

  44. Телескоппен бақылағанда, бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздарды ажыратуды қиындататын құбылыс (дифракция)

  45. Интерференция дегеніміз ... (Толқындардың қабаттасуы және кеңістікте тербеліс амплитудаларының қайта таралуы)

  46. Интерференция нәтижесінде ... болады. (Кеңістікте энергияның қайта таралуы)

  47. Екі көзден таралған толқындардың интерференция құбылысы байқалу үшін қандай шарт міндетті емес (амплитудалары бірдей)

  48. Екі құбылыс байқалуда:


I. Аспандағы кемпірқосақ.

II.Сабын көпіршіктерінің түрлі түске боялуы.

Бұл құбылыстардың түсіндірілуі: ( I-ші жарық дисперсиясымен, II-ші жарық интерференциясымен)

II Электромагниттік тербелістер мен толқындар


  1. Тербелмелі контурда пайда болатын тербеліс (еркін электромагниттік тербеліс)

  2. Тербелмелі контурда тербелетін шама - ... (заряд)

  3. Тербелмелі контурдың тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шама: (конденсатордың сыйымдылығы мен катушканың индуктивтігі)

  4. Егер тербелмелі контурдағы катушка ішіне темір өзекше енгізсе, электромагниттік тербелістердің жиілігі қалай өзгереді? (Артады)

  5. Тербелмелі контурдың сыйымдылығы мен индуктивтілігін 2 есе артық сыйымдылыққа және индуктивтілікке алмастырған. Контурдағы еркін тербелістердің периоды қалай өзгереді? (2 есе артады)

  6. Айнымалы электр тогы (еріксіз электромагниттік тербеліс)

  7. Радиолокаторда қолданылатын тербеліс (аса жоғары жиілікті)

  8. Электромагниттік толқынды ... шығарады (үдеумен қозғалатын заряд)

  9. Электромагниттік толқындар .... болып табылады (көлденең)

  10. Электромагниттік толқын кезінде тербелетін шама ( Е және В векторлары)

  11. Электромагниттік толқынның пайда болуының басты шарты: (Зарядталған бөлшектің үдей қозғалуы)

  12. Үш еркін электр заряды бар. Олардың біріншісі бірқалыпты түзу сызықты, екіншісі тұрақты үдеумен түзу сызықты, үшіншісі гармониялық тербелістер жасайды. Қайсы заряд электромагниттік толқын шығарады? (Екінші және үшінші)

  13. Егер тербелмелі контурдағы катушка ішіне темір өзекше енгізсе, электромагниттік тербелістердің жиілігі қалай өзгереді? (Артады)

  14. Жарық толқынының ұзындығы λ, жиілігі ν және таралу жылдамдығы υ. Бір ортадан екінші ортаға өткенде, осы параметрлерінің өзгермейтіні: (тек қана ν)

  15. Электромагниттік толқынның берілген нүктесіндегі магнит индукциясы мен электр кернеулігі тербелістері арасында фазалар айырмасы (екі шама да бірдей фазалы)

  16. Космостық байланыс үшін қолданылатын радиотолқын (ультрақысқа толқын)

  17. Жоғарғы жиілікті электромагниттік толқындар болып табылатыны (гамма сәулелер)

  18. Электромагниттік толқындарды шығарып және қабылдау үшін ашық тербелмелі контурдың қолданылу себебі (Ашық тербелмелі контур электромагниттік толқындарды жақсы шығарады және қабылдайды, себебі электромагниттік өріс контур маңындағы кеңістікті түгел қамтиды)

  19. Радиоқабылдағыштың антеннасының қызметі (барлық электромагниттік толқындарды қабылдайды)

  20. Таулы аймақта қысқа толқынды радиобайланыс орнатқан жағдайда (Қысқа толқындар тауды орағытып өте алмайды)

  21. Төмендегі құбылыстардың қайсысы электромагниттік толқындардың көлденеңдігін дәлелдейді? (Поляризация)

  22. Тербелмелі контурда өтетін энергия түрленулері ( электр өрісінің энергиясы магнит өрісінің энергиясына)

  23. Айнымалы ток генераторының жұмысы кезінде энергияның түрленуі (механикалық энергия электр энергиясына айналады)

  24. Электромагниттік толқынның таралу бағыты (оң бұрғы ережесімен анықталады)

  25. Екі когерентті көзден шыққан толқындар ортаның берілген нүктесіне қарама-қарсы фазада келеді. Егер осы нүктедегі әрбір толқынның амплитудасы А0 болса, осы нүктедегі қорытқы тербелістің амплитудасы А қандай? (А=0)

  26. Электрондардың төменде берілген екі жағдайдағы қозғалысын қарастырайық:


1. электрон бірқалыпты және түзусызықты қозғалады;

2. электрон бірқалыпты үдемелі және түзусызықты қозғалады. Екі жағдайдың қайсысында электрон электромагниттік толқын шығарады? (Тек 2-де)

  1. Ультрадыбысқа қандай толқындар жатады? (жиілігі 20000 Гц-тен жоғары)

  2. Электрон қозғалысының екі жағдайын қарастырайық:

1. электрон бірқалыпты шеңбер бойымен қозғалады;

2. электрон тербелмелі қозғалыс жасайды. Ол қай жағдайда электромагниттік толқындар шығарады? (1 және 2-де)

  1. Контур катушкасындағы ток күші максимум болған кездегі конденсатордың энергиясын анықтаңыз. Контурдың кедергісі өте аз ( энергиясы нөлге тең)

  2. Қабылдаушы тербелмелі контурдағы конденсатордың сыйымдылығын 4 есе арттырған. Радиоқабылдағыш келтірілген толқын ұзындығы қалай өзгерген? (2 есе артқан)

  3. Қабылдаушы тербелмелі контурдағы катушканың индуктивтілігі 4 есе арттырған. Радиоқабылдағыш келтірілген толқын ұзындығы қалай өзгерген? (2 есе артқан)

  4. Қандай жағдайларда тербелмелі контурда өшпейтін электромагниттік тербелістер пайда болады? (Егер R0 болса немесе контурға периодты түрде автотербелістердің орнын толтыратын энергия берілсе)

  5. Радиоқабылдағыштың тербелмелі контурындағы сигналдың қабылдануы негізделген физикалық құбылыс (резонанс)

  6. Резонанс кезінде тербелмелі контурда (ток күшінің тербеліс амплитудасы артады)

  7. Телевизиялық сигналды таратуда қолданылатын принцип (кескінді тізбекті электр сигналына түрлендіру)

  8. Модуляция деген не? (Жиілігі жоғары тербеліс амплитудасын дыбыстікіндей жиілікпен өзгерту)

  9. Детектрлеу деген не? (Қабылдағыш ішіндегі жиілігі жоғары модуляцияланған тербелістерден жиілігі төмен тербелістерді айырып, бөліп алу)

  10. Темір шатырдың астына антенна орнатқан жағдайда (темір шатыр радиотолқындарды өткізбейді)

  11. Телестанцияның әсер ету аймағы көкжиек жазықтығымен шектелу себебі (телеорталықтар ультрақысқа толқында жұмыс жасайды. Бұл толқындар дифракцияланбайды)

  12. Телехабар үш физикалық процестен тұрады:

1. Электрлік сигнал байланыс каналы арқылы жіберу;

2. Электрлік сигналды оптикалық кескінге айналдыру;

3. Оптикалық кескінді электрлік сигналға айналдыру.

Осы процестердің дұрыс ретін анықтаңыз.

(Жауабы: 2-3-1 )

  1. Контурдағы индукцияның ЭҚК-і анықталатын шама ( контурдан өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен)

  2. Магнит өрісіне перпендикуляр осьті айнала раманың бірқалыпты қозғалысы кезіндегі ЭҚК-нің уақытқа тәуелділік графигін синусоида деп алуға болады. Егер айналу жылдамдығын екі есе арттырса, график қалай өзгереді? (Тербелістер периоды 2 есе кемиді және ЭҚК-інің амплитудасы сонша есе артады)

  3. Жоғарғы жиілікті тербелісті детектрлеу процесінің мәні (жоғарғы жиілікті модуляцияланған сигналдан төменгі жиілікті тербелістерді бөліп алу)

  4. Корпускулярлық теориямен жақсы түсіндірілетін жағдай: (қызған денелердің жылулық сәуле шығаруы, фотоэффект, фотосинтез)

  5. Жарық сәулесі дегеніміз (жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық)


  1. Жарықтың табиғаты жайлы қазіргі кездегі көзқарас қандай? (Толқын ұзындығы ( 04 - 0,8 ) мкм диапазонындағы электромагниттік толқын)

  2. Фотон қозған атомға соқтығысқан кезде, осы атом индукциялық сәуле шығарады. Екеуіне де ортақ шамалар: (жиіліктері ,қозғалу бағыттары, фазалары және поляризация жазықтықтары)

  3. Комптон тәжірибесі арқылы анықталғаны - (электрондардың толқындық қасиеттері және жарықтың корпускулалық қасиеттері.)

  4. Вакуумдегі жарық жылдамдығы неге тең? =3·108 м/с)

  5. Екі когерентті көзден шыққан толқындар ортаның берілген нүктесіне бірдей фазада келеді. Егер осы нүктедегі әрбір толқынның амплитудасы А0 болса, осы нүктедегі қорытқы тербелістің амплитудасы А қандай? (А=2А0)

  6. Бастапқы фазалары бірдей, екі когерентті көзден шыққан толқындардың ортаның берілген нүктесіне дейінгі жолдар айырмасына толқын ұзындығының бүтін саны келеді. Егер осы нүктедегі әрбір толқынның амплитудасы А0 болса, осы нүктедегі қорытқы тербелістің амплитудасы А қандай? (А=2А0)

  7. Қандай құбылыс сабын көпіршігінің түрлі-түсті болып боялуына себепші? (Интерференция)

  8. Аталған сәулеленулердің қайсысы үшін дифракция құбылысы байқалады.

1. көрінетін жарық

2. радиотолқындар

3. рентген сәулелері

4. инфрақызыл сәулелер (1,2,3 және 4)

  1. Электромагниттік сәулелену ағынының Ј тығыздығы дегеніміз - (S ауданнан Δt уақыт ішінде өтетін W энергияның S·Δt көбейтіндісіне қатынасы)

  2. Айнымалы ток тізбегіндегі ток күшінің тербелістері конденсатордағы кернеу тербелістерінен ... (π/2 бұрышқа озады)

  3. Контур катушкасындағы ток күші максимум болған кездегі конденсатордың энергиясын анықтаңыз. Контурдың кедергісі өте аз. (Энергиясы нольге тең)

  4. Егер контурдың сыйымдылығын 3 есе арттырса, оның өздік тербелістерінде қандай өзгеріс болады?Контурдың активті кедергісі ескерілмейді (Ештеңе өзгермейді)

  5. Тербелмелі контурға жалғанған жазық конденсатордың астарларын жақындатқанда контурдың тербелістер жиілігі қалай өзгереді? (Кемиді)

  6. Жабық тербелмелі контур ашық тербелмелі контурмен алмастырылған. Неліктен осы жағдайда контурдағы еркін электр тербелістері тезірек өшеді? (Контурдың энергия шығаруы артады)

  7. Тербелмелі контурда электромагниттік толқындар түріндегі сәулеленуге жұмсалатын энергияны қалай арттыруға болады? (Антеннаны қосып, жиілікті арттыру керек)

  8. Электромагниттік толқындар мына заттардың қайсысынан шағылады: металдардан әлде диэлектриктерден? (Металдардан)