Файл: 711сыныптар механика молекулалы физика.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 147

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Неліктен сүңгуір қайық су астында жүргенде электромагниттік толқындар көмегімен радиобайланысты жүзеге асыруға болмайды? (Толқындардың су бетінен шағылуы есебінен)

  2. Қандай жағдайда электромагниттік толқын өзінің жолында орналасқан тербелмелі контурға ең көп энергия береді? (Тербелмелі контур қабылданатын электромагниттік толқынмен резонансқа келтірілген жағдайда)

  3. Тұрақты ток генераторларында ротордың айналу бағыты көрсетіледі.Неліктен машинаны кері бағытта қосуға болмайды? (Индукцияланатын ток индуктордың қалдық магниттелуіне қарама-қарсы магнит өрісін тудырады.Индуктор магниттелмейді, сондықтан машина жұмыс істемейді)

  4. Жер бетіндегі радиолокатордың тарататын электромагниттік толқындарының Жерге қатысты жылдамдығы с. Жерге қатысты  жылдамдықпен с жылдамдық векторына қарсы бағытта қозғалып келе жатқан ұшаққа қатысты электромагниттік толқындардың Х жылдамдығы қандай? (с)

  5. Мұхит тереңіндегі екі сүңгуір қайық арасында радиобайланысты жүзеге асыруға бола ма? (Жоқ , радиотолқындардың суда жұтылуы салдарынан)

  6. Неліктен таулы өңірлерде қысқа толқынды радиобайланыс жасау қиын (қысқа толқындар тауды орағытып өтпейді, олардың артында үнсіздік пайда болады)

  7. Неліктен ғарыш кемелерімен жасалатын радиобайланыстың қашықтығын 2 есе арттыру қуатын 4 есе арттыруды қажет етеді (Беттің бірлік ауданынан өтетін толқынның қуаты толқын көзіне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал)

  8. Неліктен радиолокациялық құрылғы бірдей уақыт аралықтарында бірінен кейін бірі келетін қысқа импульстер түріндегі радиосигналдарды жіберуі керек? (Шағылған импульсті тіркеу үшін)

  9. Неліктен телехабардың сапалы қабылдануы тікелей көріну шегінде ғана мүмкін болады? (Дифракцияның болмауы себебінен)

  10. Неліктен радиолокацияның ұзақтығын 2 есе арттыру таратқыштың қуатын 16 есе арттыруды қажет етеді?(Радиотолқын көзін нүктелік деп алып, ортаның энергияны жұтуын ескермеу керек.) (Жауабы: радиолокация кезіндегі радиотолқынның жүріп өтетін қашықтығы локация обьектісіне дейінгі қашықтықтан екі есе көп болады)

  11. Неон шамы оның электродтарындағы кернеу белгілі бір мәнге жеткенде жана бастайды.Егер шамды кернеудің осы мәні оның әсерлік мәніне тең болатын желіге жалғаса,ол периодтың қандай бөлігін жарықтандырады? (Жартысын)

  12. Бір ғана тізбек бойымен бір уақытта тұрақты және жоғары жиілікті айнымалы ток беруге бола ма (Болады)

  13. Сезімтал электрометрмен айнымалы ток тізбегіндегі кернеуді өлшеуге бола ма? (Болады,айнымалы ток кезінде екі жарты период ішінде жапырақшалар мен корпус арасындағы өзара әрекеттесу күштері бір жаққа бағытталады, сондықтан бір период ішінде күштің орташа мәні нөлден өзгеше болады және жапырақшалар ажырайды)Электрондық сәуленің электромагниттік өрісінің Е электрлік құраушысы ғана байқалатын санақ жүйесін таңдап алуға бола ма? (Болады, санақ жүйесі электрондардың жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалуы керек)

  14. Электрондық сәуленің электромагниттік өрісінің В магниттік құраушысы ғана байқалатын санақ жүйесін таңдап алуға бола ма? (Болмайды)



III Трансформатор


  1. Трансформатор деген не? (Айнымалы токтың кернеуін түрлендіруге арналған құрылғы)

  2. Трансформатордың екінші орамындағы айнымалы электр тогы (айнымалы магнит өрісінің әсерінен пайда болады)

  3. Егер трансформаторды өзі лайықталған кернеудегі тұрақты ток тізбегіне жалғаса, не болар еді? ( Трансформатор орамалары немесе сақтандырғыш жанып кетеді)

  4. Неліктен жоғарылатқыш трансформатордың екінші реттік орамасында өте жоғарғы кернеудің болуы ораманың өзінде аса көп энергия шығынының болуына әкеліп соқтырмайды (ток күші аз, сондықтан екінші реттік ораманың актив кедергісі де аз болады)

  5. Неліктен трансформатордың өзегін бөлек астарлардан жинайды? (Фуко тогының кемуі үшін)



Оптика
I Жарық құбылыстары Геометриялық оптика Толқындық оптика


  1. Аталған құбылыстардың қайсысын жарық дисперсиясы түсіндіреді? (Найзағайдан кейінгі көкжиектегі кемпірқосақ)

  2. Жарық сәулесі вакуумнен мөлдір ортаға өтеді. Төменде аталған тұжырымдардың қайсысы сәулені сипаттайтын параметрлердің қасиетін дұрыс сипаттамайды? (Жарық сәулесінің жиілігі кемиді)

  3. Алғаш рет лабораториялық тәсілмен жарық жылдамдығын өлшеген ғалым: (И.Физо)

  4. Жарық сәулесі жазық айнаға перпендикуляр түседі. Егер айнаны α бұрышқа бұрса, шағылған сәуле түскен сәуледен қандай бұрышқа ауытқиды? (2α)

  5. Нүктелік жарық көзінен шығатын сәулелену ағынының тығыздығы ... кері пропорционал кемиді. (Жарық көзіне дейінгі ара қашықтықтың квадратына)

  6. Егер жарық ауадан суға өтсе, қандай параметр өзгеріссіз қалады? (Жиілік)

  7. Жарық вакуумнен сыну көрсеткіші n шыныға өтеді. Келтірілген тұжырымдардың қайсысы ақиқат? (Жарық толқынының ұзындығы мен жарық жылдамдығы n есе кеміді)

  8. Аталған құбылыстардың қайсысының заңдылықтары жарықтың толқындық табиғатын дәлелдейді:

1.жұқа қабықшалардағы жарықтың әр түрлі түске жіктелуі

2. көлеңке ортасында жарық дақтың пайда болуы

3. жарық әсерінен электрондардың металл бетінен босап шығуы? (1 және 2)

  1. Көлеңкенің пайда болуы қандай заңның дәлелдемесі? (Жарықтың түзу сызықты таралу заңының)

  2. Қандай құбылыстың көмегімен жарық толқындарының көлденеңдігі дәлелденеді? (Полярлану)

  3. Жарықтың толқындық табиғатына байланысты қай құбылыс микроскопта аса ұсақ заттарды бақылауға шектеу қояды? (Дифракция)

  4. Экранды дифракциялық тордан алыстатса дифракциялық көрініс қалай өзгереді? (Дифракциялық көріністегі максимумдар ара қашықтығы артады)

  5. Тек полярланған жарыққа ғана тән қасиеттерді атаңыз (жарық толқыны – көлденең толқын)

  6. Қандай сәулелер үшін дифракциялық тор ретінде кристалдың кеңістіктік торы қолданылады? (Рентген сәулесі)

  7. Көрінетін жарық қай жиілік диапазонында жатыр? =(4÷8)·1014 Гц)

  8. Қай түске ең үлкен жиілік сәйкес келеді? (Күлгін)

  9. Қай түске ең үлкен толқын ұзындығы сәйкес келеді? (Қызыл)

  10. Жарық дисперсиясы деген не? (Ортаның сыну көрсеткішінің жарықтың жиілігінен тәуелділігі)

  11. Аталған құбылыстардың қайсысы жарық дисперсиясымен түсіндіріледі? а)Сабын көпіршіктерінің кемпірқосақтық бояуымен. в)Найзағайдан кейінгі аспан күмбезіндегі кемпірқосақ. с)Маржандай қабыршақтағы «түстердің ойыны». д) Экранда өте жіңішке саңылаудан өткен ақ жарықтың сәулесінен пайда болған түрлі-түсті жолақтар. (Жауабы:Д)

  12. Жұқа бензин қабатымен жабылған су бетіндегі түрлі-түсті дақты қандай оптикалық құбылыспен түсіндіруге болады? (Жарық интерференциясымен)

  13. «Ньютон сақинасы» қондырғысында жұқа қабықша қызметін не атқарады? (Линза мен шыны пластинка арасындағы ауа қабаты)

  14. Қандай түске сәйкес келетін жарық спектроскоп призмасында басқалардан көп ауытқиды? (Күлгін)

  15. Ауадан шыныға өткенде қандай түске сәйкес келетін жарық толқыны үшін ортаның сыну көрсеткіші ең үлкен? (Күлгін)

  16. Ауадан шыныға өткенде қандай түске сәйкес келетін жарық толқыны үшін ортаның сыну көрсеткіші ең кіші? (Қызыл)

  17. Ақ жарық фонда текстің әріптері көкпен жазылған.Егер оларды қызыл шыны арқылы қараса әріптер қандай болып көрінеді? (Қара көлеңке болып)

  18. Қызыл мен күлгін шынылар бірге қойылған. Осы екі шыныдан қандай сәуле өтеді? (Ешқайсысы)

  19. Ақ жарық призмадан өткенде спектрге жіктелуі...байланысты: (жарық дисперсиясына)

  20. Қандай түске сәйкес келетін жарық спектроскоп призмасында басқалардан аз ауытқиды? (Қызыл)

  21. Аталған сәулеленулердің қайсысының толқын ұзындығы ең қысқа: 1 –ультракүлгін сәулелену; 2 –инфрақызыл сәулелену; 3 –көрінетін жарық; 4 – радиотолқындар; 5 –рентген сәулелері? (Ж:5)

  22. Аталған сәулеленулердің қайсысының жиілігі ең төмен: 1 –ультракүлгін сәулелену; 2 –инфрақызыл сәулелену; 3 –көрінетін жарық; 4 – радиотолқындар; 5–рентген сәулелері? (Ж:4)

  23. Химиялық белсенділігі жоғары (ультракүлгін сәулелер)

  24. Жақтары параллель шыны пластинаға ауадан 300 бұрыш жасай түскен, жарық сәулесінің ығысуы (пластина материалына және жарық сәулесінің түсіне байланысты)

  25. Аспандағы екі жұлдыз когерентті жарық көздері бола ма? (Жоқ)

  26. Екі жарық көзінің когеренттілік шарты қандай? (Толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырмасы тұрақты)

  27. Линзаның көмегімен экранда электр шамының шын кескіні алынған. Егер линзаның жоғарғы жартысын жауып тастаса, кескін қалай өзгереді? (Кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы кемиді)

  28. Линзаның көмегімен экранда электр шамының шын кескіні алынған. Егер линзаның төменгі жартысын жауып тастаса, кескін қалай өзгереді? (Кескін орнында қалады, бірақ жарықтылығы кемиді)

  29. Линзаның көмегімен экранда электр шамының шын кескіні алынған. Егер линзаның сол жақ жартысын жауып тастаса, кескін қалай өзгереді? (Кескін сол орнында қалады, бірақ жарықтылығы кемиді)

  30. Жинағыш линзаның оптикалық осіне параллель келген бірнеше сәулелер (сынғаннан кейін линзаның фокусында қиылысады)

  31. Шашыратқыш линза қандай кескін береді? (Қоршаған ортаға байланысты шын немесе жалған)

  32. Линзаның көлденең үлкейтуі


1. линзадан денеге дейінгі қашықтыққа;

2. линзадан кескінге дейінгі қашықтыққа;

3. линзаның фокус аралығына;

4. дененің мөлшеріне;

5. кескіннің мөлшеріне тәуелді.

(Жауабы: 1,3 және 4)

  1. Қандай кескін жалған деп аталады? (Линзаға қатысты дене жатқан жақта алынатын кескін)

  2. Линзаның фокусы арқылы өтіп, линзаға түскен сәуле линзадан өткен соң қалай жүреді? (Бас оптикалық оське параллель өтеді)

  3. Оптикалық бас оське параллель келіп, линзаға түскен сәуле линзадан кейін қалай жүреді? (Линзаның фокусынан өтеді)

  4. Сау адамның көз қарашығының пішіні ...ұқсас (қос дөңес линзаға)

  5. Судың, шынының және алмастың ауаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіштері сәйкесінше 1,33; 1,5; 2,42. Осы заттардың қайсысында ауаға өткен кездегі толық ішкі шағылудың шекті бұрышы ең кіші? (Алмаста)

  6. Судың, шынының және алмастың ауаға қатысты салыстырмалы сыну көрсеткіштері сәйкесінше 1,33; 1,5; 2,42. Осы заттардың қайсысында ауаға өткен кездегі толық ішкі шағылудың шекті бұрышы ең үлкен? (Суда)

  7. Адамның көз бұршағында алынатын кескін қандай болып табылады? (Шын, кішірейтілген)

  8. Көздің оптикалық жүйесінің көмегімен алыс тұрған нәрсенің кескіні торламаның бергі жағында пайда болады.Көздің кемістігін және бұл жағдайда көзілдірікке қажетті линзаны анықтаңыз (жақыннан көргіштік, шашыратқыш линза)

  9. Егер тар саңылаудың алдында орналасқан көк жарық сүзгісін (фильтр) қызылмен алмастырса, экрандағы дифракциялық суретте қандай өзгерістер болады? (Нөлдік емес максимумдар дифракциялық суреттің ортасынан алыстайды)

  10. Дифракциялық спектрдің реті дегеніміз -... (орталық максимумның оң және сол жағында орналасқан максимумдардың реттік номері)

  11. Егер дифракциялық тордан ақ жарық (табиғи жарық) өтсе, оның дифракциялық суретіндегі орталық максимум қандай болып табылады? (Айқын ақ жолақ)

  12. Рентген спектріне тән толқын ұзындығы қандай? (λ=10-10 м)

  13. Егер экранды дифракциялық тордан алыстатсақ, дифракциялық спектр қалай өзгереді? (Спектрлер кеңейеді, олардың ара қашықтығы ұлғаяды)

  14. Төменде аталған құбылыстардың қайсысы жарық дифракциясымен түсіндіріледі: 1 – сабын көпіршігінің немесе су бетіндегі майдың жұқа қабықшасындағы жарықтың түске жіктелуі; 2 – Ньютон сақиналары; 3 – кішкене мөлдір емес дискінің көлеңкесінің ортасында жарық дақтың пайда болуы; 4 – жарық сәулелерінің геометриялық көлеңке аймағына ауытқуы? (3 және 4)

  15. Оптикалық шынылардың жарықталынуы қандай құбылысқа негізделген? (Жарық интерференциясына)

  16. Оптиканың жарқындануы дегеніміз - ... құбылысының практикалық қолданылуы (интерференция)

  17. Толқын ұзындықтары әр түрлі екі жарық шоғырынан қандай жағдайда интерференциялық сурет алуға болады? (Ешқандай жағдайда)

  18. Төменде аталған құбылыстардың қайсысы жарық интерференциясымен түсіндіріледі: 1 – сабын көпіршігінің немесе су бетіндегі майдың жұқа қабықшасындағы жарықтың түске жіктелуі; 2 – Ньютон сақиналары; 3 – кішкене мөлдір емес дискінің көлеңкесінің ортасында жарық дақтың пайда болуы; 4 – жарық сәулелерінің геометриялық көлеңке аймағына ауытқуы? (1 және 2)

  19. Аталған сәулеленулердің қайсысы үшін интерференция құбылысы болады: 1 –көрінетін жарық; 2 – радиотолқындар; 3 – рентген сәулелері; 4 – инфрақызыл сәулелену? (Ж:1,2,3 және 4)

  20. Жарықтың интерференцияның анықтамасын көрсетіңіз. (Екі когерентті жарық толқыны кеңістікте қабаттасқан кезде осы кеңістіктің әр түрлі нүктелерінде жарық толқындарының күшеюі және әлсіреуі)

  21. Неліктен қабыршақтарда интерференциялық көрініс алу үшін олар жұқа болуы керек? (Жұқа қабыршақтың жоғарғы және төменгі беттерінен шағыла отырып, когерентті екі сәуле пайда болады)

  22. Жұқа қабыршақты ақ жарықтың параллель сәулелерімен жарықтандыру барысында онда кемпірқосақ түстері байқалады.Мұны қалай түсіндіруге болады? (Қабыршақтың қалыңдығының бірдей болмайтынымен түсіндіруге болады)

  23. Неліктен су бетіндегі май дақтары кемпірқосақ түстес болады? (Қабыршақтың қалыңдығы әр түрлі)

  24. Инеліктің, қоңыздың және т.б. жәндіктердің қанаттарының түсі әр түрлі болатыны (жәндіктің қанаттарын жауып тұратын және әр жеріндегі қалыңдығы әр түрлі болатын мөлдір қабыршақтағы күн сәулесінің интерференциясының нәтижесі)

  25. Екі электр шамынан экранда интерференциялық сурет алуға бола ма? (Алуға болмайды,екі электр шамы когерентті емес жарық көздері болып табылады)

  26. Қызыл жарықты пайдаланып, Френель айналары арқылы интерференциялық жолақтар алынды. Егер күлгін жарықты пайдалансақ , интерференциялық жолақтар көрінісі қалай өзгереді? (Интерференциялық жолақтар арасындағы қашықтық кемиді)

  27. Ньютон сақиналарында бірінші сақинаның радиусы неге тәуелді (линзаның қисықтық радиусына және жарық толқынының ұзындығына)

  28. Неліктен фотоаппарат обьективін белгілі бір минимал шекке дейін ғана диафрагмалауға болады? (Оның шегі дифракция пайда болатын өлшемдегі диафрагма болып табылады)

  29. Дифракциялық торды экраннан алыстатқанда дифракциялық көрініс қалай өзгереді? (Максимумдар арасындағы қашықтық ұлғаяды)

  30. Дифракциялық торды ақ жарықпен жарықтандырғанда экранда пайда болатын спектрдің ортаңғы бөлігінде неліктен ақ жолақ байқалады? (Барлық ұзындықтағы толқындар үшін максимум шарты орындалады)

  31. Дифракциялық тор қайда пайдаланылады? ( Дифракциялық тор оптикалық аспаптарда спектрлерді алу үшін пайдаланылады)

  32. Неліктен қызыл жарық басқа түсті жарыққа қарағанда тұманды аз сейілтеді? (Қызыл жарықтың сыну көрсеткіші өте аз, сондықтан ол ортада ең аз шашырайды. Қызыл жарықтың толқын ұзындығы өте үлкен, сондықтан ол тұман тамшыларын орағытып кетеді)

  33. Дифракциялық торды ақ жарықпен жарықтандырғанда экранның орталық бөлігінде әрқашан ақ жолақ байқалатыны неліктен? (Спектрдің орталық бөлігінде барлық түстер қосылады да біз ақ жолақ көреміз)

  34. Жердегі толық Ай тұтылуы кезінде Айдағы ғарышкер нені байқайды? (Күннің тұтылуын)

  35. Экрандағы көлеңкенің контуры жазық дененің контурына ұқсас болу үшін нүктелік жарық көзін, денені және экранды қалай орналастыру керек? (Оларды дене мен экран бір-біріне параллель болатын етіп, бір түзудің бойына орналастыру керек)

  36. Қандай шарттар орындалғанда мөлдір емес дененің артында ала көлеңкесіз көлеңке пайда болады? (Жарық көзі нүктелік болған жағдайда)

  37. Қандай шарттар орындалғанда дененің артында тек ала көлеңке пайда болады? (Жарық көзі денеден үлкен болып және экран денеден толық көлеңке конусының төбесіне қарағанда қашық орналасуы керек)

  38. Адам өзінің көлеңкесінен жылдам жүгіре ала ма? (Иә,егер көлеңке адам параллель жүгіріп келе жатқан қабырғада пайда болса және жарық көзі адам жүгіріп бара жатқан бағытта әрі одан жылдам қозғалса)

  39. Жарық ағынын мейілінше алысқа бағыттау үшін шамды автомобиль фарасына қалай орналастыру керек? (Айнаның негізгі фокусына орналастыру керек)

  40. Жарық ағынын мейілінше жақынға бағыттау үшін шамды автомобиль фарасына қалай орналастыру керек? ( Негізгі фокустан жоғары орналастыру керек)

  41. Неліктен құлақты, тамақты және мұрынды емдейтін дәрігер ауруды қарау барысында центрінде үлкен емес дөңгелек тесігі бар ойыс айнаны пайдаланады? (Айна-жарықтандырғыш. Дәрігер саңылау арқылы қарайды)

  42. Неліктен автомобильдегі жүргізуші отыратын орынның жанына үлкен емес айна қойылады? Ол қандай айна? (Дөңес айна; одан жүргізуші арт жақта не болып жатқанын көре алады)

  43. Неліктен кейбір жолдардың немесе көшелердің қиылысына үлкен дөңес айналар қойылады? (Жүргізуші одан қиылысатын көшемен келе жатқан көлікті көре алады)

  44. Затты дөңес айнадан алыстатуға байланысты зат кескінінің өлшемі қалай өзгереді? (Кішірейеді)




II Салыстырмалық теориясының элементтері


  1. Арнайы салыстырмалық теориясы дегеніміз ... зерттейтін физиканың тарауы (кеңістік пен уақыттың негізгі қасиеттерін)

  2. Арнайы салыстырмалық теориясында ... жайлы айтылады. (салыстырмалық принципінің орындалатындығы және оның барлық физикалық құбылыстарға таралатындығы)

  3. Төмендегі фактілердің қайсысын Эйнштейннің салыстырмалық принципі постулат түрінде береді? (Табиғаттың барлық заңдары барлық инерциялық жүйелерде бірдей жүреді)

  4. Релятивистік эффект деген не? (Қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына жақын болған кезде байқалатын эффект)

  5. Айтылған тұжырымдардың қайсысы Эйнштейннің салыстырмалы принципімен түсіндіріледі? (Барлық инерциялдық санақ жүйелерінде табиғаттың барлық заңдары бірдей болады)



III Сәуле шығару және спектрлер


    1. Спектрлік талдау (анализ) дегеніміз... (заттың атомдары мен молекулаларының спектрлерін талдау)

    2. Егер газ атомдардан емес, молекулалардан құралған болса, онда ол қандай спектр береді? (Жолақты шығару спектрі)

    3. Газдағы разряд қандай жарықтың шығару көзі болады? (Электролюминесценция)

    4. Қатты дененің бетін электрондармен атқылау процесі қандай жарықтың шығару көзі болады? (Катодолюминесценция)

    5. Үздіксіз (тұтас) спектрлерді беретін денелер: (жоғары температураға дейін қыздырылған қатты немесе сұйық күйдегі денелер, сонымен қатар қатты сығылған газдар)

    6. Заттың газ тәрізді атомдық күйін оның сұйық немесе қатты күйінен сәуле шығару спектрі бойынша қалай ажыратуға болады? (Сәуле шығару спектрі - сызықты)


Квант физикасы
I Жарық кванттары


  1. Қандай сәулелену әсерінен мына құбылыстар болады:

А) физиотерапевтік бөлмеде кварц шамдары жанғанда озон иісі шығуы

Б) биік тауларда адам терісінің күюі

В) электр доғасына қара көзілдіріксіз қарағанда көздің қарығуы (ультракүлгін)

  1. Аталған құбылыстардың қайсысы жарықтың кванттық табиғатының салдары болады? (Фотоэффект)

  2. Қызыл, ақ және қара беттерге күн сәулесі түседі. Барлық жағдайлар бірдей болғанда, қандай бетке түсірілетін жарық қысымы ең үлкен? (Ақ)

  3. Қай жағдайда қызыл түс тек сәулелену құбылысының нәтижесінде алынған? (Балқыту пешінде қызған металдың қызыл түсі)

  4. Қай жағдайда жарықтың қысымы үлкен: қара бетке түскенде ме, әлде айналық бетке түскенде ме? (Айналық бетке)

  5. Сыртқы фотоэффект деген не? (Жарық әрекетінен заттан электрондардың жұлынып шығуы)

  6. Қай аспаптың әрекеті тек қана сыртқы фотоэффектіге негізделген? (Вакуумдық фотоэлемент)

  7. Фотоэлементтің анодына келіп жететін электрондардың энергиясының шамасына қай фактор әсер етпейді? (Катодқа түсетін жарықтың жиілігі)

  8. Қатты дененің бетін электрондармен атқылау процесі қандай жарықтың шығару көзі болатынын анықта (катодолюминесценция)

  9. Сыртқы фотоэффектіге қандай заңдылық тән емес? (Берілген материалдан электрондарды кез-келген жиіліктегі жарық сәулесі жұлып шығара алады)

  10. Қандай қасиет фотонға тән емес? (Тыныштық массасы нөлге тең емес, электр заряды бар)

  11. Фотоэлемент деген не? (Фотоэффект салдарынан жарық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін аспап)

  12. Басқа денелерден оқшауланған бейтарап пластинкаға ультракүлгін жарық түсіріледі. Фотоэффект нәтижесінде осы пластинка қандай заряд алады? (Оң)

  13. Аталған құбылыстардың қайсысы алғаш рет жарықтың кванттық теориясы негізінде түсіндірілді? (Фотоэффект)

  14. Фотоэффектіге арналған Эйнштейн теңдеуінің негізінде қандай заң жатыр? (Энергияның сақталу заңы)

  15. Зарядталмаған, басқа денелерден оқшауланған металл пластинкаға ультракүлгін жарық түсіргенде, фотоэффект әсерінен пластинканың заряды қандай болады? (Оң)

  16. Фотоэлементтің тежеуші потенциалы деген не? (Фототок жойылатындай тежеуші электр өрісінің потенциалдар айырмасы)

  17. Фотон деген не? (Электромагниттік сәулелену кванты)

  18. Вакуумды диодта электрондарды тудыратын құбылыс (термоэлектрондық эмиссия)

  19. Қалыпты атмосфералық қысым кезінде пайда болатын газдың разрядтық түрі: (тәж разряд, ұшқын разряд және электр доғасы)

  20. Аталған сәулеленудің қайсысы жылулық сәуле шығаруға жатады? (Күннің сәуле шығаруы)

  21. Денелердің жылулық сәуле шығару спектрі қандай, тұтас па әлде сызықтық па? (Тұтас)

  22. Аталған параметрлердің қайсысы фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтайды: 1 –жарықтың жиілігі, 2- катод затының қасиеттері, 3- катодтың ауданы, 4- жарық ағынының тығыздығы? ( 2)

  23. Аталған параметрлердің қайсысы фотоэффект кезінде фотоэлектрондардың жылдамдығын анықтайды: 1 –фотокатодқа түскен фотондар саны,2- жарықтың жиілігі, 3-сәуле түсетін беттен электронның шығуы (2 және 3)

  24. Вакуумдық фотоэлементтің катодына жарық сәулесін түсіргенде одан фотоэлектрондар босап шығады. Жарық интенсивтілігін 4 есе кемітсе, 1 с ішінде металдан шығатын фотондар саны қалай өзгереді? (4 есе кемиді)

  25. Теріс зарядталған металл пластинаға электр доғасынан жарық түсіргенде ол фотоэффект нәтижесінде біртіндеп зарядын жоғалтады. Егер жарық жолына тек инфрақызыл жарық ұстайтын жарық сүзгісін қойса, разрядталу жылдамдығы қалай өзгереді? (Өзгермейді)

  26. Теріс зарядталған металл пластинаға электр доғасынан жарық түсіргенде ол фотоэффект нәтижесінде біртіндеп зарядын жоғалтады. Егер жарық жолына тек ультракүлгін жарықты ұстайтын жарық сүзгісін қойса, разрядталу жылдамдығы қалай өзгереді? (Кемиді)

  27. Бірдей екі металл пластинаның біріншісі оң зарядпен, ал екіншісі теріс зарядпен зарядталған. Электр доғасынан жарық түсірсе, олардың қайсысы бірінші разрядталады? (Екінші)

  28. Күн қандай жарық көзі болады (жылулық сәуле шығару)

  29. Төменде келтірілген сәуле шығару түрлерінің қайсысы заттың ішінде нашар жұтылады? (Рентген сәулелері)

  30. 1. Ажырату бұрышы өте кішкене ( өте жіңішке) жарық шоғын тұғыза алады.