ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 59
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ойлау және тіл. М. Қашқаридың тіл философиясы. ХХ ғасыр философиясындағы «лингвистикалық бетбұрыс»: сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және құрылымдық интерпретациясы). Тіл және ұлт. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі-қазақ ұлтының рухани жаңаруындағы өркениеттік бетбұрыс.
3. Болмыс. Онтология және метафизика.
Болмыс және тіршілік ету (өмір сүру). Болмыстың мәні.
Онтология - болмыс туралы ілім. Тіршіліктің (жаратылыстың) онтологиялық құрылымы. Болмыс және бейболым (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон және Аристотель философиясындағы болмыс мәселелері. Әл-Кинди және Ибн Рушдтың фәлсафасы. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Декарт, Спиноза, Лейбниц). М. Хайдеггердың «фундаменталды онтологиясы». «Материя» ұғымы. Материалдық әлемнің болмысы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт. Шәкәрім қозғалыс туралы.
Философияның негізгі ұғымдары: мән, құбылыс, жеке, ерекше, жалпылық; бүтін, бөлік, сапа, сан, өлшем, терістеу, форма, мазмұн; себеп, салдар; қажеттілік, кездейсоқтық; мүмкіндік, шындық. Болмыс және Абсолют. Абайдың дүниетанымында Құдай және адам болмысы.
«Идея» ұғымы. Платон. «Эйдос» туралы ілім. Болмыс пен ойлаудың арақатынасы мәселесі. Идеялар мен рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды реалдық (шындық) философиялық пайымдау мәселесі ретінде.
4. Таным және шығармашылық.
Таным философия мәселесі ретінде. Әртүрлі философиялық тұжырымдамаларда білімнің мәнін анықтау. Танымның субъектісі мен объектісі. Танымның мүмкіндіктері мен шегі. Әлемнің түбегейлі танымдығы туралы мәселе: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет мектебінің натурфилософиясы және Скифтік Анарыстың скептицизмі. Д. Юмның скептицизмі. И. Канттың классикалық агностицизмі. Гегельдің диалектикалық әдісі. К. Поппердың «субъектсіз» эпистемологиясы.
Ақиқат және жаңылысу (адасу). Білім, ақиқат және жалған білім. Қазіргі Қазақстанды жаңғырту контекстіндегі білімнің салтанат құруы (білім культі). Ақиқаттың тұжырымдамалары. Ақиқаттың өлшемдері (критерийлері). Сезімдік және рационалды таным. Философиядағы рационалистік және эмпирикалық дәстүр. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.
5. Білім, ғылым, техника және технологиялар.
Қазіргі ғылымның жетістіктері және олардың себептері. Философиядағы әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және ғылыми ақиқаттың ерекшелік мәні. Ғылыми және ғылымнан тыс білімнің демаркациясы мәселесі.
Ғылым құндылықтары. Ғылым білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде. Ғылым классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Гегель, О. Конт.
Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім беру философиясы. «Білімді адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогрестің мәселелері және қазіргі ғылымның даму болашағы. Ғылым этикасы. А. Эйнштейн. Қазақстан ғылымының болашағы. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының отандық ғылым мен білім беру саласын дамытуға ықпалы.
6. Адам.
Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды танудағы философиялық зерттеудің ерекшелік мәні. Ежелгі үнді діни-философиялық ілімдерінде адам мәселесі. Конфуциандық және даосизм іліміндегі адам мәселесі: еркектік және әйелдік бастамалар (Инь/Янь). Антикалық философия тарихындағы адам мәселесі (Пифагор, Платон, Протагор, Сократ, Аристотель және т.б.). Христиан антропологиясы: адам - Құдайдың бейнесі мен сынары (А. Августин, Ф. Аквинский). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсініктемесі (Пико делла Мирандола). Жаңа Заманның механикалық антропологиясы: адам – «дене» және адам – «машина» (Ж. Ламетри). Б. Паскаль: адам – «ойлайтын қамыс». Л. Фейербахтың антропологизмі. Адамның мәнін марксистік түсіну. Ф. Ницшенің асқан адам идеясы. Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Әрекетшіл (белсенді) адам: прагматизм. Адам символдық жануар ретінде: Э. Кассирер. Ойнайтын адам: И. Хейзинга. Бір өлшемді адам: Г. Маркузе. ХХ ғ. философиялық антропология (М. Шелер, Х. Плеснер, А. Гелен).
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Абай философиясындағы адам мәселесі. Адам өмірінің мән-мағынасы туралы Шәкәрімнің экзистенциалды ой-толғаныстары.
Адам, индивид (дара адам), жеке даралық, тұлға.
7. Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Адам, оның өлімі және өлместігі. Өмір және өлім мәселелерімен іргелі философиялық мәселелердің өзара байланысы: метафизика және моральдық философия. Дүниенің мәңгі еместігін түйсіну - өмірдің мәнін түсіну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы өлместік мәселесі. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ой тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні қазақ философиясының негізгі категориясы ретінде. Махаббат адам өмірінің мәні ретінде. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидың мистикалық дүниетанымы. Абай философиясында махаббат өмірдің мәнін анықтайтын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат...».
8. Этика. Құндылықтар философиясы.
Аксиология және адамгершілік (өнегелік). Этикалық ілімдердің тарихи түрлері. Құндылық теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Мән және болуға тиісті. Этикалық нормалар және құқық нормалары. Этикалық категориялар (борыш, игілік, мән және болуға тиістік, ар-ұждан, еркіндік). Конфуций адамгершіліктің алтын ережесі туралы. И. Канттың категориялық адамгершілік императиві.
Адами адамгершіліктің бастауларын түсіну тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (борыш теориясы). Пайдалық және принциптер. Құндылық санасының табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Жүсіп Баласағұн философиясындағы әділдік мәселесі. «Құт», «қанағат», «тәуба», «әділет», «сабыр» категориялары. Ұрпақтар дискурсіндегі адамгершілік құндылықтар. Қазақ халқының бірегей ұлттық этикалық құндылықтарын сақтау және дамыту қоғамдық сананы жаңғырту жетістігінің алғышарты және шарты ретінде. Саяси этика. Зорлық-зомбылық. Төзімділік (толеранттылық). Адам құқықтары. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.
9. Еркіндік философиясы.
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза). М. Хайдеггер еңбектеріндегі еркіндік пен ақиқат байланысы. Еркіндік және жауапкершілік: Ж. П. Сартр. Еркіндік және абсурд (Альбер Камю). Еркіндік тұжырымдамалары (Бердяев Н. А.).
Ерік бостандығы. Еркіндік иерархиясы. Оңды (позитивті) және теріс (негативті) еркіндік. Адамның еркіндігі, әділдігі, өмірі мен қадір-қасиеті адамгершілік-құқықтық құндылықтар ретінде. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Жеке еркіндік және табиғи құқықтар.
Өмірді, табиғат пен мәдениетті қорғау аясында адам тұлғасын, оның бостандығы мен жауапкершілігін қалыптастыру шарттары. Сөз бостандығы және өзін-өзі көрсету. Еркіндік пен шығармашылық мәдениеттегі адамның шынайы өмір сүруінің тәсілі ретінде. Абайдың «толық адам» тұжырымдамасы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік пен тәуелсіздік идеялары.
10. Өнер философиясы.
Философия және өнер. Мәдениет феномені ретінде өнердің өзіндік ерекшелігі, оның жеке тұлғалық және әлеуметтік функциялары. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам.
Антикалық философиядағы өнер философиясы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.). Фәлсафа дәстүріндегі өнер философиясы (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн-Рушд, Ибн-Араби, Руми). Христиандық ортағасырдың көркем-эстетикалық әлемі (Аугустин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы және көркемдік практикасы (Л. Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А. Дюрер, М. Монтень, Эразм Роттердамский). Жаңа еуропалық эстетика және XVII-XVIII ғасырлардағы көркем практикасы (Д. Локк, Р. Декарт, Вольтер, Д. Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетика негіздері (И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг). XIX ғ. екінші жартысы - XX ғасырдағы өнердің классикалық емес философиясы (Ф. Ницше, Дж. Дьюи, Ж. П. Сартр, М. Хайдеггер).
Қазіргі философиядағы өнерді зерттеу стратегиялары. Өнер философиясының негізгі категориялары: әлемнің эстетикалық бейнесіі, еліктеу және ынталандыру, әдемілік, көркемдік бейне, көркемдік стиль, көркемдік талғам, символ, мимезис, катарсис, симулякр және т. б. Қазақ халқының өнер философиясы. Қобыз, домбыра атты ұлттық аспаптар көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақтың дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй - қазақ өнерінің феномені.
11. Қоғам және мәдениет.
Қоғам философиялық ұғым ретінде.
Классикалық антиканың әлеуметтік ой-толғаныстары: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Саясат» ережелері. Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде. Аугустин: «Құдай шаһары» және «Жер шаһары». Қайта өрлеу дәуірінің утопиялық теориялары: Т. Мор және Т. Кампанелла. Н. Макиавеллидың әлеуметтік-саяси теориясы. «Табиғи құқық» идеясы, қоғамдық келісім теориялары, Т. Гоббс ілімінде билікті бөлу принципі. Ағартушылық дәуірінің қоғамдық-саяси доктриналары. Ж. Ж. Руссоның теориясы. Таптық қоғамның маркстік теориясы. К. Поппер және «ашық қоғам» идеясы. Қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам. Постиндустриалды қоғам. Ашық қоғам. Желілік қоғам. Жаңғырту. Урбанизация. Мәдениет, оның табиғаты. Философия тарихындағы мәдениет теориялары (З. Фрейд, Н. Данилевский, О. Шпенглер, К. Леви-Строс). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. Мәдениантропологиялық зерттеу тәсілі: адам мен мәдениеттің мәнді және онтологиялық бірлігін тұжырымдау. Қазақтардың ұлттық мәдениеті ұлттық бірегейліктің негізі ретінде. «Рухани жаңғыру» жобасы аясында рухани жаңғырту мәселелері.
12. Тарих философиясы.
Тарих философиялық зерттеу пәні ретінде. Уақыт туралы философиялық түсініктердің тарихты түсінумен байланысы. Мифтегі «уақыт» түсінігі. Уақыттың антикалық түсінігі және тарих циклдігі. Гесиод ілімінде тарихи үрдістің регрессивтілігі. Христиандықтағы «киелі тарих» ұғымы, эсхатология. Аугустиннің тарихнамасы. Д. Виконың тарихи айналым теориясы. Тарихты десакрализациялау: ағартушылық тұжырымдамалар. Г.Гегельдің тарих философиясы. Тарих және оның қозғаушы күштерінің маркстік теориясы. «Сыншыл» тарих философиясы: В. Дильтей, Г. Риккерт. К. Ясперс және осьтік заман («осевое время») ұғымы. О. Шпенглер мен А. Тойнбидың тарих философиясы. К. Поппердың антиисторицизмі. Қазіргі философиялық пікірталастардағы тарихтың мәні, «тарихтың соңы», посттарих мәселелері. Тарихтың бағытталуы және оның мәні. Адамзат тарихы: өткені – қазіргі кезеңі - болашағы. Адамзат тарихының бірлігі мен көптүрлілігі. Тарихи процестегі революциялық пен эволюциялық. Формациялар және өркениеттер. Шығыс - Батыс. Өркениеттердің қақтығысы. Біртұтас адамзат және әлемдік тарихтың қалыптасу процесі. Қазіргі өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары. Адамзаттың даму үдерістері. Асан Қайғының «Жерұйық» философиясы. Тәуелсіз Қазақстанның философиясы.
13. Дін философиясы.
Дін ұғымы. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. «Әлемдік діндер» феномені. Діннің ертетегі формалары. Діннің ертедегі тарихи формаларына көзқарастың көптүрлілігі: эволюционизм (Э. Тейлор), структурализм (К. Леви-Строс). Буддизм, оның негізгі бағыттары. Христиандық, оның пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламның пайда болу тарихы, оның догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Әл-Ғазали, Қожа Ахмет Яссауи). ХІХ ғасырдағы діннің философия ретінде қызмет ету мүмкіндігі мәселесі, оның себептері. Неміс романтиктерінің діни-философиялық тұжырымдары (Ф. Шлейермахер). С. Кьеркегордың діни философиясы.
14. «Мәңгілік ел» мен «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстанның философиясы.
Кеңістік – уақыт континуымдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары. Қазіргі Қазақстандағы жаңғырту үрдістері: әлеуметтік-саяси, экономикалық және мәдени аспектілер. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру.
ХХІ ғасырдағы ұлттық сана-сезімнің қалыптасу мәселелері. Еуразиялық және Қазақстанның дамуы. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік бірегейлігі. «Мәңгілік ел» идеясы. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы ХХІ ғасырдағы Қазақстанның даму болашағын айқындайтын тағдыршешті құжаттар ретінде. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.