Файл: 1. Пн туралы апарат Пнні атауы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырып бойынша семинар сабағына жақсылап дайындалып, ауызша талдау қажет. Тақырыпты ауызша еркін талдаған білім алушы жоғары бағаланады. Әр аптаның тақырыптарын уақытымен орындап отыру қажет.

Әдебиет: 1-7 негізгі, 1-31 қосымша
Семинар тақырыбы 14. Дін философиясы. (14 апта)

Тапсырма:

1. Адамзат мәдениеті тарихындағы дін феномені. Дін және қоғам.

2. Дін ұғымы. Дін рухани қызмет түрі, қоғамдық сана формасы және әлеуметтік институт ретінде.

3. Дінің іргелі мәселелерін философиялық тұжырымдаудың мәні мен маңызы.

4. Суфизм (Әл-Ғазали, Қожа Ахмет Яссауи).

5. Батыс мәдениетіндегі дін философиясы (Ф. Шлейермахер, С. Кьеркегор).

Семинар тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Ғылыми зерттеу кітаптарымен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Тақырып бойынша семинар сабағына жақсылап дайындалып, ауызша талдау қажет. Тақырыпты ауызша еркін талдаған білім алушы жоғары бағаланады. Әр аптаның тақырыптарын уақытымен орындап отыру қажет.

Әдебиет: 1-7 негізгі, 1-31 қосымша
Семинар тақырыбы 15. «Мәңгілік ел» мен «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстанның философиясы. (15 апта)

Тапсырма:

1. «Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Рухани жаңғыру» жобасы Қазақстанның тарихи дамуының жаңа бағыттары.

2. Жаһандық әлемдегі Қазақстанның өркениеттік бірегейлігі.

3. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары.

Семинар тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Ғылыми зерттеу кітаптарымен жұмыс. Семинар сабағын білім алушы ауызша және жазбаша көрсетілген тақырыптың әр сұрақтарына дайындалып келуі керек. Тақырып бойынша семинар сабағына жақсылап дайындалып, ауызша талдау қажет. Тақырыпты ауызша еркін талдаған білім алушы жоғары бағаланады. Әр аптаның тақырыптарын уақытымен орындап отыру қажет.

Әдебиет: 1-7 негізгі, 1-31 қосымша

8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма



Тақырып атауы

БАӨЖ мен БОӨЖ үшін тапсырма мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

Тақырып 1

Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философия пәні мен әдісі.





«Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асырудағы философияның рөлі» атты тақырыпқа эссе дайындау.

жазбаша

ауызша

1-2 апта

Тақырып 2

Сана, жан және тіл.


1. «Үңгір аллегориясы: қазіргі түсінігі» тақырыпқа талдау жұмысын (эссе, реферат, баяндама) дайындау (Д. Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» жұмысын пайдалану ұсынылады).

2. «Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі сыни ойлау» тақырыпқа шығармашылық жоба дайындау (Б. Расселдің «Сыни ойлаудың 10 өсиеті» еңбегін пайдалану ұсынылады).

жазбаша

ауызша

3 апта

Тақырып 3

Болмыс. Онтология және метафизика.

«М. Хайдеггердің онтологиясының басты категориялары» атты тақырыпқа шығармашылық жұмыс дайындау

жазбаша

ауызша

4 апта

Тақырып 4

Таным және шығармашылық.





Бір ойшылдың (тізімнен таңдау бойынша) жұмыстары негізінде индуктивті және дедуктивті ойлау жүйесіне салыстырмалы талдау жасаңыз.

жазбаша

ауызша

5 апта

Тақырып 5

Білім, ғылым, техника және технологиялар.


1. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы конекстінде қазіргі қоғамда ақпараттың атқаратын міндеттеріне танымдық (гносеологиялық) талдау жасау негізінде «білім - ақпарат» салыстырмалы кестесін құрастырыңыз.

2. Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі интерпретациясы негізінде және оның қазіргі ғылым мен күнделікті сана үшін маңызын анықтай отырып эссе – негіздеме дайындаңыз.

жазбаша

ауызша

6 апта

Тақырып 6

Адам.





1. Абай философиясындағы адам мәселесіне эссе-негіздеме жазыңыз.

2. Түпнұсқа әдебиет негізінде адамның экзистенциалдық түсінігіне талдау жасаңыз (таңдау бойынша).

жазбаша

ауызша

7 апта

Тақырып 7

Өмір және өлім. Өмірдің мәні.





1. Қазақ философиясы бойынша әдебиеттерге салыстырмалы талдау жасау негізінде «Өмірдің мәні қазақ философиясының басты тақырыптарының бірі» тақырыпқа ғылыми жоба дайындаңыз.

2. Стоицизм и гедонизм: қазіргі заманғы түсінігі (интерпретациясы) негізінде эссе-негіздеме дайындаңыз.

жазбаша

ауызша

8 апта

Тақырып 8

Этика. Құндылықтар философиясы.


1. «Қазіргі қазақстандық жастардың этикалық құндылықтары» тақырыпқа эссе жазыңыз.

2. Этикалық жағдайды кейс-талдау және негіздеу (моральдық қиындық, қоғам алдында тұрған әлеуметтік жағдайлар, өзекті этикалық мәселе, тұлғааралық немесе тұлғаішкілік жанжал).

жазбаша

ауызша

9 апта

Тақырып 9

Еркіндік философиясы.





«Қазіргі қоғамда дәстүрлі құндылықтардың рөлі» атты тақырыпқа шығармашылық жұмыс дайындаңыз (эссе, реферат, баяндама).

жазбаша

ауызша

10-апта

Тақырып 10

Өнер философиясы.





«Адамның қазіргі өмірінде өнердің рөлі» тақырыпқа эссе дайындаңыз.

жазбаша

ауызша

11-апта

Тақырып 11

Қоғам және мәдениет.





«Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары (приоритеттері) контекстінде прагматизм философиясы» тақырыпқа шығармашылық жұмыс дайындаңыз (эссе, реферат, баяндама).

жазбаша

ауызша

12-апта

Тақырып 12

Тарих философиясы.


1. Әдебиеттерге талдау жүргізу негізінде ақпараттық қоғамның қазіргі дамуын сипаттайтын негізгі тұжырымдарға сараптамалық шолу жүргізіңіз.

2. «Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне менің үлесім» тақырыпқа эссе дайындаңыз.

жазбаша

ауызша

13-апта

Тақырып 13

Дін философиясы.

1. «Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін түсінуге және шешудегі философияның рөлі және мүмкіндіктері» тақырыпқа ғылыми жоба дайындаңыз.

2. К. Армстронгтың «Иудаизм, христандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегі негізінде эссе жазыңыз.

жазбаша

ауызша

14-апта

Тақырып 14

«Мәңгілік ел» мен «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстанның философиясы.

«Өзекті философиялық мәселелер» (студенттің болашақ кәсіби қызмет саласы бойынша) ғылыми жоба дайындаңыз.

жазбаша

ауызша

15-апта



Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру ағымдағы семестр бойынша БОӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Ұпай қою саясаты

Кредиттік технология жағдайында оқу процесін ұйымдастыру элементтерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану болып табылады. Ұпай қою саясаты объективтілік, ашықтық, икемділік және жоғары саралаушылық принциптеріне негізделеді.

Пәнді оқыту барлық өтілген материалды қамтитын, әртүрлі формада (жазбаша немесе ауысша емтихан, тестілеу) емтихан қабылдаумен аяқталады. Емтихан тапсыруға рұқсат алудың негізгі шарты – бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды орындау.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.



Жұмыс түрі

Бір тапсырмаға қойылатын баға (max балл)

Тапсырма саны

Жиынтық баға

Рейтинг 1

1

Семинар сабақтарын орындау

100

7

700

2

Жеке тапсырмаларды орындау

100

6

600

3

Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар

100

2

200

Барлығы 1500/15=100

Рейтинг 2

1

Семинар сабақтарын орындау

100

8

1000

2

Жеке тапсырмаларды орындау

100

6

600

3

Бақылау жұмыстары және коллоквиумдар

100

2

200

Барлығы 1500/15=100


Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы академиялық кезең бойынша алынған барлық ағымдық және аралық бақылаулар бағасы қосындысының орташа арифметикалық мәні болып табылады:

ЖР = (АБ1 + АБ2 + АБ3 +…. +АБn + АрБ1 + АрБ2) / (n+2), мұндағы ЖБ –емтиханға жіберу рейтингісі; АБ – ағымдық бақылау; АрБ – аралық бақылау; n – ағымдық бақылаулар саны; 2 – аралық бақылаулар саны

.

Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинарлық, зертханалық) жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаған және тапсырған), емтиханға жіберу рейтингісін (50 баллдан кем емес) жинаған білім алушы жіберіледі. Пән бойынша емтиханға жіберу рейтингісі оң баға емес білім алушылар емтиханға жіберілмейді.

Пән бойынша қорытынды баға автоматты түрде төмендегі формула бойынша есептеледі:

Қ = (Р12)/2*0,6+емтихан бағасы*0,4, мұндағы Р1 – бірінші аралық бақылау бағасы; Р2 – екінші аалық бақылау бағасы.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушы тек емтиханға жіберу рейтингісі бойынша да, қорытынды бақылау бойынша да оң баға алған жағдайда есептеледі. Қандай да бір дәлелді немесе дәлелсіз себептермен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда «Емтихан бағасы» бағанасына «0» (нөл) қойылады. Пән бойынша аралық аттестация нәтижелері білім алушыға сол күні хабарланады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың төрт баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалар

Баллдардың сандық эквиваленті

Баллдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24



10. Оқытушы талабы, саясаты мен тәртібі

Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді.

Берілген курстың студенттер контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады.

Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін беріледі.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.

Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын (БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі:

- бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді;

- екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді.

Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі;

- студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау.

Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды;

- студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді.
12. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Ғабитов Т. Х. Философия негіздері: оқулық / [құраст. Т. Х. Ғабитов]. - Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2019.

2. Ғабитов Т. Х. Философия: оқулық / [құраст. Т. Х. Ғабитов]. - Алматы: TechSmith.- Т.1. – Т.2. - 2018.

3. Сағатова Ә.С., Сарсенбеков Н.Ж. Философия: оқу құралы.- Алматы: ЖШС Лантар Трейд, 2020.

4. Нұрышева Г.Ж. Философия: оқу құралы. - Алматы: Інжу-маржан, 2018.

5. Сәрсенова Ж. Философия: оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2019.


6. Абдрасилова Г. Философия: тарихи, теориялық дискурс: оқу құралы / Г. Абдрасилова. - Алматы: Қазақ университетi.- Т. 1. – Т.2. - 2018.

7. Мәдени-философиялық энциклопедия / [құраст. Т. Х. Ғабитов]. - Алматы: Лантар-Трейд, 2019.

Қосымша әдебиеттер:

1. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы: [оқулық] / Р.Хесс. - [б. м.]: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2018. - 360 бет.

2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін: [оқулық] / Д. Джонстон. - [б. м.]: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2018. - 216 бет.

3. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы: [оқулық] / Э. Кенни: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры. - Т.1. - [б. м.]. - 2018. - 408 бет.

4. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы: [оқулық] / Э.Кенни: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры. - Т.2. - [б. м.]. - 2018. - 400 бет.

5. Кенни, Энтони. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл – 412 бет.

6. Карен Армстронг Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны/ Научн.редактор Кенжетай Д. – Астана, 2018. – 496 с.

7. Ислам философиясы: оксфорд оқулығы: [оқулық] / Ред. Х. Әл-Руайхеб, С. Шмидткен. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020. - 828 бет.

8. Үнді философиясының тарихы: [оқулық] / Бас ред. П. Билимориа: жауапты ред. Дж. Н. Моханти және т. б. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

9. Юлән Ф. Қытай философиясының қысқаша тарихы: [оқулық] / Ф. Юлән. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

10. Касулис Т. П. Жапон философиясының қысқаша тарихы: [оқулық] / Томас П. Касулис. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

11. МакГиннис Д. Классикалық араб философиясы: антология: [оқулық] / Д. МакГиннис, Д. С. Райсман. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

12. Маккиннон Б. Этика: [оқулық] / Б. Маккиннон, Э. Фиала. - 9-шы бас. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

13. Элдридж Р. Өнер философиясы. Кіріспе: [оқулық] / Р. Элдридж. - 2-ші бас. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

14. Борев Ю. Эстетика: [оқулық] / Ю. Борев. - Нұр-Сұлтан: Ұлттық аударма бюросы. Қоғамдық қоры, 2020.

15. Есіркепова Г.К. Философия: оқу құралы. - Алматы: Альманах, 2017.

16. Ғылым тарихы мен философиясы: магистранттар мен студенттерге арналған оқулық / құраст. Т. Х. Ғабитов. - Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2019.

17. Кабдрахманова Ф. К., Шуршитбай М., Есдаулетова Б.О. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының ізгілік – этикалық тәрбие негізі