Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 258

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

АМАНЖОЛ КҮЗЕМБАЙҰЛЫ
ЕРКІН ӘБІЛ

Т А Р И Х Н А М А

Қ останай, 2016

ӘОЖ 373.1671:94 (0758)

Б БК 63.3 (0) я73

К 82
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Ғылыми кеңесінің 2015 жылдың 28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды.
Сын–пікір жазғандар:

Қ.ӘБУОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

З.ҚАБЫЛДИНОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор

С.ҚОЛДЫБАЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор

Э.НАУРЫЗБАЕВА, тарих ғылымдарының кандидаты


К 82

Күзембайұлы А., Әбіл Е.

Тарихнама: оқу құралы // А.Күзембайұлы, Е.Әбіл. – Қостанай, ҚМПИ. – 2016. – 209 бет.



ISBN 978–601–7839–08–6
Оқу құралы тарихшы мамандарды дайындауда ерекше орын алатын тарих­нама пәніне арналған. Кітапта әлемдік тарихнамалық процеске толық сипаттама бе­рі­леді. Сонымен қатар авторлар ХҮІІІ ғасырда қалыптасып осы күні әлемдік дең­гей­­­ге көтерілген Ресей тарих­намасының негізгі кезеңдеріне де тоқталады. Қазақ ұлт­тық тарихнамасы қазір алғашқы қа­дам­дарын жасауда. Дегенмен қазақ тарихы көп­теген шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқаны белгілі. Сондықтан оқу құралының әрбір тарауында қазақ тарихына қалам тар­тқан тарихшылар мен олар­­дың шығармаларына аннотациялық талдау беріледі. Қазақ ті­лін­де жазылған оқу­лықтың жоқтығын ескерсек оқу құралының тарих факультетінің студент­теріне, магис­трлеріне, жоғары жəне орта оқу орындарының оқытушылары мен мұғалім­де­рі­не көмегі тиері анық.
ӘОЖ 373.1671:94 (0758)

ББК 63.3 (0) Я73

ISBN 978–601–7839–08–6
© Күзембайұлы Аманжол,

Әбіл Еркін, 2016




ТАРИХНАМАҒА КІРІСПЕ
Термин түсінігінің қалыптасуы. Ғылымда тарихнама терминінің бір­­­­­­­­­­­не­­­ше түсінігі бар. Тарихнама термині екі сөздің қосындысынан пайда бо­лған. Біріншісі – тарих көне араб тілінен аударғанда «уақыт» ұғы­мын білдіре­­­­­­­­­ді. Екін­шісі – наме көне парсы тілінде «кітап», «сөз» де­ген­ді білді­реді. Орысша «историография» сөзі де екі бөлшектен тұрады. «
Ис­­­­то­рия» – өткен заман жөніндегі зерттеу, «графос» – жазамын.

«Тарихнама» сөзін әр заманда, әр уақытта әртүрлі мағынада пайда­лан­­­ған. Кейде бұл термин тарихтың синонимі ретіндеде пайдаланы­ла­ды. Ресей елінде ХҮІІІ ғасырдың басында тарих ғылым болып қалыпта­су ке­зін­де алғашқы тарихшыларды «тарихнамашылар» деп атады. Мы­­­­­­­са­лы Г.Ф. Миллер (1748 ж.),1767 ж. – М.М. Щербатов, 1803ж. Н.М.Ка­­­ра­м­зин осындай атаққа ие болды.

Кәсіби тарих ғылымының дамуына байланысты аталған терминнің ау­қы­мы тарыла бастады. Тарихшылардың зерттеу тәжрибесін жинақтау, ғылыми библиография жасау, тарихшылардың өмірбаянын жазу, олар­ды насихаттау қа­жет­тілігі туындайды. Оқу орындарында тарих ғылы­мы­ның тарихы жөнінде лекция курстарын оқу да кезек күттірмейтін мә­се­леге айналды. ХХ ғасырдың 40–жылдарында Қазан университетінде проф. Ива­­нов, Киев университетінде проф. Лошняков тарихнама кур­с­ы­­­нан лек­ция оқи бастады.

Алғашқы уақытта тарихнамашылар тарихшылардың өмірбаяны және олардың жазған еңбектерін тізіп шығумен қанағаттанды. Мұндай жағ­дай кітап­тардың атынан-ақ көрініс тапты. Орыстың белгілі тарихшысы С.М. Со­­­­­ловье­­ва өз кітабын «Писатели русской истории XVIII в.» деп ата­са, К.Н. Бестужев–Рюмин «Биографии и характеристики» деп ата­ла­тын кітабын жариялады.

Бірте–бірте 1884 жылы М.О. Коялович деген орыс тарихшысының «Ист­о­рия русского самосознания по историческим памятникам и научным сочи­нениям» атты кітабы жарық көрді. Мұнда автор алғаш рет тарихи ой–пікірдің қалыптасуына көңіл аударады. Ол тарихи сана ұлттық сананың негізі екендігін дәлелдеді. В.С. Иконников деген екінші бір тарихшы өзінің «Опыт русской историографии» деп аталатын ең­бе­гінде әртүрлі деректердің ғылыми айналымға кіруін, архив мекеме­ле­рі­не шолу жасап, археография ғылымының қалыптасуына және униве­р­си­тет қызметіне тоқталды. Автордың пікірінше тарихнама ғылымының не­гізгі мақсаты деректану, тарихтың теориясы және археография мәсе­ле­­лерімен айналысуымен шектелуі тиіс. Оның бұл пікірін П.Н. Ми­лю­ков, В.О. Клю­чев­ский, А.С. Лаппо-Данилевский сияқты сол замандағы Ре­сей­дің беделді тарихшылары қолдады. П.Н. Милюков өзінің 1913 жы­лы жазған белгілі шығармасы «Главные течения русской истори­чес­кой мысли» тарих­на­маны деректер корпусын жасау, ғылыми жұмыс­тар­ды ұйым­дас­тыру сияқты бөгде әрекеттермен айналыспауы қажет екен­ді­гін дәлелдеді. Ал А.С. Лаппо-Данилевский тарихнама мен тарих тео­рия­сы­ның арасында ай­ыр­машылық жоқ деді. Сонымен төңкеріске дейінгі орыс тарих ғылы­мын­да тарих­на­­маның негізгі мақсаты жөнінде ортақ пі­кір болмады.



Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары төңкеріске дейінгі тарих ғылы­мы­­­ның жетістіктері ескерілмеді. ХХ ғасырдың 40–жылдарына дейін тар­и­­х­­­намалық зерт­­теулерге көңіл аударылмады. Кеңес ғалымы М.Н. По­­кров­ский тарих саясат­тың негізі деген идея бойынша тарихи процесс тап күре­сі­нің пәрменді құра­лына айналды. 1941 жылы жарық көрген Н.Л. Рубин­штейннің «Русская исто­риография» атты еңбегі кеңестік та­­рих­­­­намалық шығармалардың бастауы бол­ды. Автор тарихнама ғы­лы­мы­ның негізгі мақ­саты тарих ғылымының тарих­ын жан-жақты баяндау деп көрсетті.

1955 жылы «Очерки истории исторической науки в СССР» деп ата­­латын академиялық басылым жарық көрді. Мұнда «...исто­рио­гра­фия это наука, изучающая историю накопления знаний о развитии че­­ло­ве­че­ского об­щес­тва, историю совершенствования методов ист­о­­ри­ческого ис­сле­до­вания, историю борьбы различных течений в об­ла­сти истолкования общес­твенных явлений» деп тарихнама ғылы­мы­­ның пәнін осылайша ай­қын­дайды. Ғылыми концепцияларды тал­қы­лау­дың орнына авторлардың қоғамдық–тарихи көзқарастарына көбі­рек кө­ңіл аударды. «Очерктің» ав­торлары революция қай­рат­керлері­нің та­ри­­­­хи пікірлеріне баса тоқталды. Яғни тарихнама қоғамдық ой–пікір та­ри­хы­ның ықпалынан шыға алмай қалды.

1961 және 1971 жылдары «Историография истории СССР с древ­ней­­­ших времен до Великой Октябрьской социалистической револю­ции» атты оқу­­­лық жарық көрді. Редакциясын басқарған белгілі тарих­шы­­лар В.Е. Ил­лер­иц­к­ий және И.А. Кудрявцева. Онда тарихнама пәні бы­­­­­лай­­­ша көрсетіледі: «уста­но­вление классовой сущности исто­ри­чес­ких тео­рий». Оның кем­ші­лігі тарих бағыттардың күресі марксистік–ле­нин­­дік методоло­гия­­ның жеңі­сі­не әкелді деген тезис. Оқулықта негізгі ак­цент тарих­нама ғылымының ревлю­циялық бағытын насихаттауға бағыт­талды.

ХХ ғасырдың 60–жылдарында «Истори СССР» журналы беттерінде тарих­нама ғылымының пәні жөнінде пікірталас басталды. Журнал бе­тінде бел­гілі тарихшылар өз пікірлерін білдірді. 1962–1963 жылдары «Во­п­­росы исто­рии» журналы да осы тақырыпқа пікірталас ұйым­дас­тыр­ды. А.Л. Ша­­­пи­ро, С.О. Шмидт, А.М. Сахаров, М.В. Нечкина, Е.Н. Го­ро­децкий, Л.В. Череп­нин сияқты ғалым­дар өз пікірін білдірді. Осы­ның нәтижесінде ХХ ғасырдың 50–60 жыл­дарында тарихнама ғы­лы­мы­ның пәні туралы бірнеше пікір айтылды. Оларды шамамен үш топқа бө­луге болады.


1. Тарихнама дегеніміз тарихи ой–пікірдің тарихы. Философия та­ри­хы, әлеуметтану және қоғамдық ой–пікірдің тарихымен сабақтасып жатыр.

2. Тарихнаманың ауқымы кең. (А.Л. Шапиро, С.О. Шмидт, Л.В. Че­ре­пнин) Оған тарихи білімнің тарауы, өткен заман уақиғаларының көр­кем әдеби­етте, өнерде көрініс табуы, яғни тарихнама дегеніміз тарихи білім­­­­­нің тарихы.

3. Тарихнама – тарих ғылымының тарихы (А.М. Сахаров, М.В. Неч­ки­на, Е.Н. Городецкий и др.). Бұл пікірлердің барлығына да қосылуға болады. Өйтке­ні, тарихнама ғылымының дамуына әсер еткен факторлар әр­қилы. Осы күні ғалымдардын көпшілігі Кеңес заманының белгілі та­рих­­шысы А.М. Сахаровтың концепсысын ұстанады. Ол дискуссияны қор­тындылай келе тарихнама пәніне мынандай анықтама берді: «Под историей исторической науки понимаем процесс развития истории­ческой науки и всех её под­сис­тем, а под истори­ографией науку, изу­чающую этот процесс. Таким об­ра­зом, в широком смысле исто­рио­­гра­фией называют специальную исто­ри­ческую дисциплину, которая изу­чает сложный, многогранный и про­ти­и­­­воречивый процесс разви­тия исторической науки и его зако­но­мер­нос­ти».

Дегенмен Мәскеу университетінің профессоры И.Ковальченко­ның «М­е­­­­­­тоды исторического исследования» монографиясындағы тарих­на­ма ан­ық­тамасы көңілге қонымды. Ол тарихнама пәнінің мынандай нұс­қа­­сын ұсы­на­ды:

1.Историография как совокупность научных трудов о какой либо про­б­леме или периоде, общественно–исторического развития (исто­рио­­­­­гра­­фия народничества и т.д.). В этом случае под исто­рио­гра­фи­ей­ понимается вся историческая литература, созданная по данному воп­росу на протя­жении времени его научного изучения;

2.Историография как совокупность исторических трудов, соз­дан­­­ных в ту или иную эпоху, на том или ином этапе исторической нау­ки без­от­но­си­тельно к их тематическому содержанию (историо­гра­­фии советского обще­ства);

3. Историография как работы по истории исторической науки.


Сонымен, тарих деп аталатын көп салалы ғылымның өз тарихы, жү­ріп өт­кен жолы, шыққан белестері, көтерілген биігі бар. Міне осы күр­де­лі де, терең процесті зерттейтін ғылымның саласын тарихнама деп атай­­мыз.

Тарихнама білімнің ғылымға айналу процессін, әр заманда, әр елде пай­да бол­ған тарихи ой–пікірлер мен концепцияларды, тарихи–зерттеу ме­­­­ке­­­­­­ме­лерін, осы салада кадр дайындау мәселелерін шешу сияқты қа­дау–қа­дау пробле­маларды да қарастырады. Бұл тарихнаманың алғашқы түсіні­гі.

Белгілі бір тақырыптың немесе елдің, континентің, ұлттар мен ұлыс­тар­­дың зерттелуі де тарихнаманың құзырында. Бұл оның екінші мағына­сы.

Сонымен, тарихнама деп тарих ғылымының даму белестеріне ба­ға беретін, әртүрлі ғылыми ой–пікір мен концепциялардың, та­рихи мек­­­­теп­тер­­дің, тарихшылардың ғылымға қосқан үлесін, үлкен проб­ле­­ма­лар мен ұс­ақ тақырыптардың зерттелу деңгейін анықтай­тын ғы­­лым­­ның бір саласын атаймыз.

Тарих ғылымы басқа да ғылымдар сияқты күнделікті дамып келе жатқан ғылым. Әсіресе соңғы жылдары тарихқа деген көзқарас мүлде өзгерді. Қазақ тарихы бойынша әр елдердің мұрағаттары мен кітапхана­лары­­нан табылып жат­қан құнды деректер біздің тарихқа деген дәстүрлі көз­қарастарымызды жоққа шығарды. Сондықтан да тарихнама ғылымы­ның алдында тұрған міндеттер шаш етектен.

  1. Тарихнаманың ғылым ретіндегі алдына қойған негізгі мақсаты та­ри­хи білімнің жинақталуы, оның уақыт өте келе ғылымға айналу про­цес­сі, оған әсер еткен қоғамдағы мәдени–рухани ахуал, филосо­фия­лық ой–пікірлердің ықпалы сияқты проблемаларға жауап іздеу.

Осы мақсатты орындау жолында мына төмендегі міндеттерді жүзе­ге асыру қажеттілігі туындайды.

  • Тарих ғылымының даму барысындағы методологиялық дәстүр­лер­дің эволюциясын, тарихи ой–пікірлердің таласын, күресін, белгілі бір күрделі тео­риялық мәселелерге көзқарастың өзгеруі процессін зерт­теу.

  • Тарих ғылымындағы әртүрлі кезеңдер мен дәуірлердегі зерттеу­ші­лер­ді қызықтырған тақырыптар мен проблеммаларды анықтау.

  • Деректерге сыни, ғылыми көзқарастың қалыптасуы процессін зерт­теу.

  • Тарих ғылымындағы зерттеу әдістері, оның заманауи түрлерін, та­рихи шығармалардың жаңа жанрларын пайдалану–тарихнаманың мәр­тебелі міндеті.

  • Тарихи білім беру ісін, тарихшы–кадрларды дайындау, олардың кә­сі­би біл­ік­тілігін арттыру, тарихи зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру процессін анық­тау.

  • Қазақ тарихшыларының шетел ғалымдарымен байланысын, олар­мен ғылыми поблемаларды шешудегі қарым–қатынасының тиімділігін анықтау.

  • Тарих ғылымындағы шешімін таппаған проблемаларды айқын­дау.

  • Міне осы көрсетілген теріске асқан жағдайда тарих ғылымы қо­ғам­­­дағы өз орнын тауып, халқымыздың тарихи санасын қалыптастыру­да­ғы мәртебелі мін­детін абыроймен орындап шығатыны белгілі.