Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 263
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Карл Молдахметұлы Байпақов (1940) – тарих ғылымдарының докторы (1991), профессор (1995), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003) Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998). Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан ҒА Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық ортаның жетекшісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археология институтының директоры. «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы»халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айналысатын Халықаралық ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. К.Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Ш.Ш.Уәлихановатындағы сыйлық лауреаты (1986).
Зейнолла Самашев – (1947) қазақтың белгілі ғалымы, архолог, тарих ғылымдарының докторы, екінщі «алтын адамды» тапқан. 1970 жылы Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1970–1980 жылдары ұстаздық қызметте болған. 1980 жылдан осы күнге дейін Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында ғылыммен щұғылданады.
Ғалымның зерттеу тақырыбы – Қазақстанның ерте және орта ғасырларындағы монументальды өнері және тарихы. 10-нан астам монография мен 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 1998 жылы 25-шілде мен 6-қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының Берел қорымында қазақ-француз біріккен археологиялық қазба жұмыстары басқарды. Ежелгі Берелдіктердің ғажайып мәдениетін зерттеу – төл тарихымыз үшін маңыздылығы күн санап арта түсуде.
З. Самашевтің басшылығымен Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Сарайшық қаласының ортағасырлық ірі қолөнер, сауда орталықтарының бірі екендігін дәлелдеді. Тарихи-археологялық ескерткіштердің бірі – «петроглифтер» (тастағы жазу). Жартас суреттері, бір жағынан, адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, яғни «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Қазақстанда 150-ден астам жартас суреттерінің жиынтық орындары белгілі болып отырғанын З. Самашевтің ғылыми еңбектерінен білеміз.
Дәл бүгінгі таңда тарих саласы ғана емес, толайым ғылым түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Бұл – қоғамдағы құбылыстарды қайта зерделеу күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелер қатарына көтеріліп жатқанда, жаңа тарихи пайымдарды қалыптастырудағы әлеуметтік-саяси модельдердің түпкілікті ауысуы екендігі белгілі.
Ғылыми ізденістерді жаңа жолға салған қазіргі тарих ғылымы сапалы сипатқа ие болды. Тарихты зерттеуде еркін шығармашылық ізденіс, сондай-ақ, этногенез, мемлекеттілік, көшпенділертану, дінтану, халықаралық қатынастар мен жалпы тарихи мұралардың мәселелеріне қатысты қызығушылық күшейді.
«Мәдени мұра» бағдарламасының тарихи зерттеулерге игі әсері
Қазір «Мәдени мұра» сияқты бағдарламалардың арқасында тарихымыз бен байланысты көптеген жаңа, тың деректер мәлім болып жатыр. Сонымен қатар бұрын біз көптеген мәліметтерді орыс тіліндегі деректер негізінде ашсақ, қазір Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында Қытай, араб деректерін де көп пайдаланудамыз. Батыс деректерін де назардан тыс қалдырмаймыз. Бұрындары Қасым хан кезінде қазақ елінің Иран мемлекетімен қарым-қатынаста болғандығы туралы айтыла бермейтін. Қазақтар мен қытайлықтар арасындағы қарым-қатынастар да беймәлім болып келген. Қазір солардың барлығы бізге айқын..
Бағдарламаның аясында көп шаруа атқарылды. Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Армения, Венгрия, Швейцария елдерінде археографиялық жұмыстары жүргізілді. Мұндай экспедициялардың нақты нәтижелері осы бағдарлама аясында жарық көрген кітаптарға кірді. Бұлар ұлтымыздың ежелгі және орта ғасырлардағы тарихын зерделеуге тамаша база жасап берді. Осы экспедициялардың нәтижесінде 26 томдық кітап құрастырылды. Оның ішінде «Қазақстан тарихы араб, парсы, түрік, қытай, моңғол, армян дереккөздерінде», «Қазақстан тарихы Шығыс миниатюраларында» кітаптары да бар. Ғылыми экспедициялардың арқасында қолға түскен деректердің халқымыздың әлемдік тарихпен қабысатын тұстары мен рөлін бекемдеудегі орны өлшеусіз.
Біздің тарихымызға қатысты жазба естеліктердің барлығы қазақтардың әлемдік қауымдастықтағы әлмисақтан келе жатқан саяси рөлін көрсетеді. Және жаңа деректер түркі халықтарында жазу мәдениеті, қалалардың дамуы, дипломатиялық қарым-қатынастардың болғанын, сол сияқты көрші елдермен сауда-экономикалық байланыстар орнатқанын айғақтайды. Мәселен, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері Қытайдан шағатай, ойрат тіліндегі 300, мәнжүр және қытай тіліндегі 3 мыңнан астам ғажайып мұрағаттық құжаттарды тапты. Бұлар қазақ хандары мен сұлтандарының көрші мемлекеттермен ресми хаттасулары, қазақ-қытай сауда-саттығы, дипломатиялық байланыстар жайлы мәліметтер. Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатынан табылған осынау архивтік құжаттар Қазақ хандарының кеңсесі және дипломатиялық хаттасулары болғанын және елші алмастырып отырғанын тарихи тұрғыда дәйектейді.
Орталық Азия мен Қазақстан географиялық жағдайына байланысты, батыс-еуропалық саяхатшылардың назарынан тыс қалып көрмеген. Сондықтан, қазіргі таңда Еуропа мен Американың музейлері мен мұрағаттық қорларында сақталған батыс саяхатшыларының мәдени артефактілерінің бай коллекциясы, мемуарлары тарихымызды зерделеуге зор мүмкіндік береді. Мәселен, Будапештегі Этнография музейінің қорында ХІХ ғасырдағы венгр саяхатшысы Джордж Алмашидің жинағандары сақталған. Сол қазақ экспонаттарының ішінде зергерлік, теріден, ағаштан жасалған бұйымдар, ат әбзелдері, кестелі дүниелер бар. Ең бастысы, біздің ғылым үшін белгісіз болып келген экспонаттар да табылады. Әсіресе, қыпшақ мәдениетіне қатысты жәдігерлердің құны өлшеусіз.
Швейцарлық саяхатшы Анри Мозердің (1844–1923 жылдар) мұрағаттық қорындағы шығыс жазбалары, фотосуреттер, этнографиялық және нумизматикалық артефактілер қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге ғана емес, Қазақстанның шығыс елдерімен өзара қарым-қатынасы болғанын нақты деректермен дәйектей алатындығымен құнды. Ол өмір бойы өз саяхаттарында коллекцияларын толықтырып қана қоймай, Орталық Азияның да тарихы мен мәдениетін зерттеген. 1914 жылы ол бар жиып-терген жеке байлығын Берн қаласындағы Тарихи музейге тапсырады және ол қазірге дейін сақтаулы тұр. Бұл тарихи жәдігерлердің әрқайсысы жеке зерттеуге, суреттеуге, ғылыми қорытындылар жасауға тұрарлық.
Соңғы жылдары бұрын жарияланбаған талай мұрағаттық материалдар, шығыс қолжазбалары табылды. Шетелдік кітапханалар мен музейлерде, мұрағаттарда сақталған жазба деректерге кешенді зерттеулер жүргізілді, ғылыми аудармалар мен сараптамалар жасалды.
М. Тәжин ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан тарихын зерттеудің басым бағыттарын белгілеп, тарих ғылымының алдына маңызды міндеттер қойды. Ол пәнаралық және объективтік тәсілдің негізін қалауда мемлекеттілік, ұлттық идея және ұлттық ұқсастық проблемалары назардан тыс қалмауы керек екеніне тоқталып, аймақтық интеграция мен мәдени мұраны сақтау мәселесіне мән берді.
Тарихнамалық зерттеулердің сипаты, мазмұны мен мәні әрбір тарихшыдан тарихи әдебиетті тегіс қамти алумен қатар, тарихнамалық зерттеулердің қазіргі методологиялары мен әдістемелерін толық меңгеруді талап етеді.
Тарихи зерттеулердің методологиялары мен әдістерін дайындамай, тарих ғылымының жемісті өркендеуі мүмкін емес. Мәселен, біз тарихты зерделеуде ұзақ жылдар бойы формациялық тәсілге иек артсақ, дүниежүзілік ғылым оның өркениеттік, ментальдық, логикалық, реконструктивтік әдістерін қолданып келді. Ғалымдар ертеректе мемлекеттілік пен мәдениет тарихына зер салғанымен, формациялық методологиялар мен кеңес идеологиясының аясынан шыға алмады. Бұл ретте қазақ халқының тарихы, ұлттық мәдениет байлығының жергілікті ерекшеліктері жоғалып, жалпылама әмбебап тарих түрінде түсіндірілді. Қазақ мемлекеттілігі генезиссіз, эволюциясыз, мемлекеттік құрылымдар типологиясының дамуынсыз, жанамалай сипатталды.
Бекіту сұрақтары:
1.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдардағы тарихққа қызығушылқтың себебі неде?
2.90-жылдардағы кәсіби тарихшылардың дәрменсіздігінің себептерін ата?
3»Қазақстан тарихы» пән ретінде мектептерде қай уақыттан бастап оқытыла бастады?
4.Қазақ тарихнамасындағы академик М.Қ.Қозыбаевтің орны?
5.Қазақ анторопологисының негізін салушы ғалым?
6.Қазақ археология ғылымының биік дәрежеге жетуіне ат салысқан ғалымдарды ата?
7.Қазақ тарихнамасының алдында тұрған қандай келелі мәселелер бар?
Тарихнамалық деректер:
Байпаков К.М.Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. А.-А., 1986; По следам древних городов Казахстана (Отрарский оазис). А.-А., 1990;Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992.
Самашев З.Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата, 1987.; Археологические памятники на Великом Шелковом пути. Алматы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тарихнамасы қазір жаңа кезеңді басынан өткізуде. Ғалым– тарихшылар ізденіс үстінде. Өкінішке қарай әлемдік тарих ғылымы ХХ ғасырдың басында кірген дағдарыстан әлі шыға алмай келеді. «Айтпаса сөздің атасы өледі» дейді қазақ. Қазақ тарихнамасы әлі қалың ұйқыда, тарих ғылымын ұйымдастыратын мекемелердің әрекеті самырқау, кадр дайындау ісі тұмшаланған күйінде, үкімет әзір той–томалақ пен ешкімге не пайда бермейтін, не аброй әпермейтін конференция, симпозиум, семинар өткізуден жалықпауда.
«Қазақтың тарихын қазақтың өздері қазақша жазуы керек», – дейді белгілі тарихшы Т.Омарбеков. «Қазір де мынау 20 кітаптан тұратын 10 томдық орысша жазылмақ. Осының бәріне қарап отырып, ойлайтыным, қоғам түзелмей, бізде мықты тарихшылар қалыптаспайды. Ал, мықты тарихшы дейтін біздердің сиқымыз, міне, осындай. Тарихшылардың жаңа ұрпағы қазақтың тарихын жазуы үшін оларға жағдай жасау керек», деп ойын одан әрі өрбітеді ол («Заң» газетінен, 17–қазан, 2012 ж).
Тарихи зерттеулерді ұйымдастыратын Шоқан атындағы тарих және этнология, Р. Сүлейменов атындағы шығыстану, Мемлекет тарихы институттары археографиялық жұмыстар мен өткен жылдары жарық көрген тарихи шығармаларды қайта бастырумен шектеліп отыр. Шет елдерден әкелінген бай деректемелік материалдар ғылыми сараптамамен талдаудан өткізілген жоқ. Ә.Марғұлан атындағы археология институты «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны игеруден аса алмай отыр.
Тарихи зерттеулер жүргізуге сөз жүзінде қомақты қаржы бөлінеді. Іске келгенде ол талан–таражға түсіп, іскер, талапты, ғылыми жұмыстың әдістерін игерген зерттеушіге мардымды ештеңе тимейді. Жарияланған конкурстың сарапшылары сол жоғарыда аталған институт қызметкерлері. Жеңетін де солар. Ал оның қортындысы айтпасада түсінікті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тез арада халықтың тарихи санасын қалыптастыру қажет болды. Халықтың да тарихи шығармаларға сұранысы өте жоғары еді. Не жасыратыны бар кәсіби тарихшылар, тарих ғылымындағы ақсақал ғалымдар жол таппай абдырап қалған жағдайда жас ғалымдар, жазушы, журналист әріптестеріміз қызықты–қызықты шығармаларды дүниеге әкелді. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені ғылым ваккумды қажетсінбейді. Осы күнгі кейбір ғалымдар оларды тарихты аңызға айналдырды деп сынайды. Олар ол кезде халықтың, әсіресе, жастардың тарихқа деген зор сұранысын өтеуге тырысты.