Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 260

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоғары оқу орындарының студенттерінің СОКП тарихын, марксистік-лениндік философия сияқты қоғамдық ғылым­дарды оқуға ынталары төмендей бастады. Өйткені, шетелдің оқу орындарында саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану сияқты пәндердің оқытылатыны белгілі бола бастады. СОКП тарихының орнына Қазақ­стан тарихы оқытылсын деген тілек-өтініштер туындай бастады. Оның атын «ХХ ғасырдың саяси тарихы» деп өзгерткеннен ештеңе шықпады.

Қазақстан тарихы ол кезде орта мектепте 50 сағаттық бағдар­ла­ма­мен 7, 8, 9, 10 сыныптарда КСРО тарихына қосымша пән ретінде оқы­ты­латын. Егер бүкіл тарихқа 485 сағат бөлінсе, Қазақстан тарихына бөлінген сағаттың тым аз екендігі белгілі. Оның өзін бір мұғалім өткізсе, екіншісі өткізбейтін. Жалпы, мектеп мұғалімдерінің ішінде Қазақ тарихын білетіндердің үлес салмағы тым мардым­сыз болатын. Өйткені, олардың көпшілігі Ресей немесе КСРО-ның басқа республи­ка­ла­рының жоғары оқу орындарын бітіргендер еді.

Қазақстан жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы оқытыла бермейтін. Қазақ, Қарағанды мемлекеттік университеттері мен Абай атындағы педагогика институтында ғана Қазақстан тарихы кафедрасы бар еді. Бұл үш кафедра, бүкіл ка мектепттері үшін Қазақстан тарихы мұғалімдерін дайындап үлгіре алмайтындығы белгілі.

Осы күні қазақ тарихын оқу тәуелсіздікпен бірге келді деген жаңсақ түсі­нік бар. Мұның басында сол кездегі қисық-қыңыр ұлт саясатының қыспа­ғында жүрген Ө. Жәнібек, Ш. Шаяхмет сияқты іс басында жүргендердің азаматтық ерлігі екендігін біреу білсе, біреу білмейді. Қазақ ССР халық ағарту мини­стрлі­гінің 1989 жылғы 14 шілдесіндегі нөмірі 547 бұйрығына сәйкес Қазақ­стан тари­хы бойынша орта жалпы білім беретін мектептер үшін оқу бағдарламасын жас­ау тапсырылды. Арада көп уақыт өтпей, Х.Әбжанов, Қ.Алдажұманов дайын­даған бірінші нұсқа, М.Қозыбаев, Т.Тұрлығұлов дайындаған екінші нұсқа, А.Әбілев, М.Омаров дайындаған үшінші нұсқаны Министірліктің алқа мәжілі­сінің 1990 жылдың 4-інші қыркүйегіндегі нөмірі 12 шешімімен бекітті. 1991 жыл­­дың 14-інші ақпанында Министрліктің келесі бір, нөмірі 76 бұйрығы жар­ық көрді. Онда қоғамтанушылардың республи­калық мә­жі­­лісінің қорытын­ды­лары мен ескерпелерін жүзеге асыру үшін біраз шара­лардың орындалуы қарас­тырылған. Соның бірі ретінде барлық жоғары оқу орын­дарында саяси тарихпен қатар, жеке пән ретінде, міндетті түрде
, отыз алты – жетпіс екі сағат көле­мінде «Қазақстан тарихы» жүргізілсін деген міндет жүктелді.


  1. Өзекті зерттеу аспектлері

1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі баста­лды. Бұл рет­те қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императив­тердің ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теория­лық аппараттарды және не­ғұрлым жетілген тұғырнамалық құрал­дарды мең­геру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерт­теуш­ілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңе­юі жарияланған жұмыс­тар­дың сапа­сы­на оң ықпал етті.

Проблемалық мақалалар, ғылыми конференция мен семинар және «Дөңге­лек үстел­дегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұр­ғы­дан зерттеуші, монографиялық си­пат­тағы еңбектер, энци­кло­пе­дия­лық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-де­ректі басылымдар, қоз­­­ғалыс көсемдерінің шығар­малар жинақтары жарық көре бастады. Ол­а­р­дың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты.

Көптеген шығармалар жекелеген тұлғаларға арналды. Ә.Бокей­ха­нов­тың, А.Бай­тұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтың, А.Ерме­ков­тің, М.Тыныш­баевтың, М.Шо­қайдың және басқа да көптеген қай­рат­кер­лер­дің өмірі мен қызметін жаңаша айқындайтын кітаптар жарық көрді. Атал­ған басылымдар Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын та­­нып білуге, оның саяси бағдары мен мақсатын жаңа көзқарас тұр­ғы­сынан тү­сі­нуге мүм­кіндік туды. Іс жүзінде өткен ғасырдың 90-жыл­дарынан бастап, мемлекеттік кұрылыс т­а­р­ихын зерт­теуде, Қазақ­стан­ның егемен­дік алуына орай, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.

А.И. Солженициннің «Ресейді қалай көркейтеміз: қол жетерлік пайым­даулар» мақаласы, сондай-ақ Л. Васильевтің, Г. Поповтың және басқалардың Алтайдың қазақ­стан­дық бөлігін, Қазақстанның солтүстік облыстары мен батыс аудандарын қайтаруды талап еткен пікірлері ұлы державалық шовинизмнің ашық көрінісі болды. Осыған байланысты тарихшылар еліміздің тұтастығы, он­ың тарихи даму зандылықтарының ғылыми негіздел­ген тұғырнамасын жасады. «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комит­еттің хат­тамалары (1919–1920). Құжаттар жинағы» (А., 1993); М.П. Малышевтің «Сібір мен Қазақ­стан­ның ұлттық-аумақтық межелік бөлінісі (1919–1922)» (Семей, 1999); Т. Рыскұловтың «Үш томдық шығармалар жинағы» (А., 1996,1998) сияқты би­бли­­ографиялық сирек кездесетін еңбектер қайта ба­сылды. Сондай-ақ халықаралық құқық жөніндегі «Халықаралық құқық бойынша құжаттар жинағы»

, 1 том// (А., 1998) және бас­қа да жұмысардың жарық көруі аталған проблеманы теориялық тұрғыдан түсінуге септігін тигізді.


  1. Қазақ тарихнамасының көрнекті өкілдері.

Осындай игі істердің басы-қасында болған тарих және этнология инс­титуты болды. 1988 жылы маусым айында институт директоры бо­лып М.Қ. Қозыбаев сайланды. Міне осыдан бастап институттың қоғам­дағы беделі артты. Манаш Қабашұлы Қозыбаев (1931–2001), 1953 жы­лы Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситеінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қос­танай педагоги­калық инсти­ту­тында ғылыми-педагогикалық жұмы­сы­мен айналысады.

1958 жылы ҚК ОК жанындағы Партия тарихы институтына қыз­мет­ке ша­қыр­ылып, онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылы­мы­ның док­торы (1969), про­фессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961–1970 ж. осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құ­ры­лысы тарихы бөлі­мінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974–1980 жыл­дары ол Алма­ты малдәрігерлік инст­и­ту­тын­да, кейіннен Қаз­МУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылы­м­дар пәндері оқы­ту­шы­ларының біліктілігін жетіл­діру институ­тында кафе­дра меңгерушісі болды.1980 жылдан Қа­зақ совет энциклопе­дия­сын­ың редак­циясын басқарды.

1989 жылы Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сай­ланды. 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, соның ішінде 30 моно­графияның, 50-ден астам ұжымдық еңбектердің, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Оның еңбектері басым көпшілігі Қазақстанның тәуелсіз­дігі жылдарында жарық көр­генін атап айтқан жөн.

90-жылдары осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерт­теу­лер­дің барысында ол «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту бай­лап», «Тарих зердесі» (2 томдық), «Проблемы оте­чес­твеннойистории: методо­логия, историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.

Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыс­та­рын дамыта отыр­ып, ол орта мектептер мен жоғары оқу орындарына ар­нал­ған оқулықтар мен оқу құрал­дарын шығарды. («Қазақстан тари­хы» IX сынып оқулығы. А., 1991-2001; «Қазақстан тарихының хрес­томатиясы». А., 1994). Оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы», саяси қуғын-сүргін құрбандары ту­ралы 5 томдық «Аза­лы кітап», мектеп оқу­шы­лары мен көпшілік қауымға арналған «Ил­люстр­ированная история Казахстана» басылып шықты. Оның көптеген еңбектері әлем халық­та­рының тілдеріне аударылған.


1995 жылы оның басшылығымен тарихи сананы қалыптастыру тұ­жырым­дамасы әзірленіп, оны ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат туралы Ұлттық кеңес бекіт­кен болатын. Осылайша тәуелсіздік жылдарында М.Қ.Қозы­баев елімізде тар­ихи сананы қалып­астыруға, рухани өмірдің жаң­ғыруы мен дамуына ұлтаралық жара­сым мен ха­лық­тар бір­лігін нығайтуға зор үлес қосты. Ол қазақ мемлекет­тілігі тари­хы­ның, отаршылдық жә­не ке­ңестік тоталитаризм жағдайындағы Қазақстан тарихының жаңа концептуалдық ба­ғыт­тар­ын қалыптастырудың, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың бастау кө­зін­де тұрды

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты. Қазақ КСР Минис­трлер Каби­нетінің 1991 жылы 28 тамыздағы № 496 «Ә.Х.Мар­ғұ­лан атындағы Археология институтының құрылуы туралы» қаулысы бо­йын­ша Тарих, археология және этнография институтынан бөлініп шық­ты. Еліміздегі археол­о­гия ғылымының басты үй­лестіруші әрі ұйым­дас­тырушысы ретінде институт өз жұмысын абыроймен орындап ке­леді.

Кемел Ақышев – (1924) – археолог, тарих ғылымдарының докто­ры, қазақ архе­ология ғылымының негізін қалаушылардың бірі. 1950 жы­лы Қазақ университетінің тарих факультетін бітір­е­ді. КСРО ҒА Архео­логия инсти­туты­на аспиран­тураға түсіп, 1953 жылы кандидаттық диссер­­тация­сын қорғайды. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археоло­гия, этнография инсти­тутының археоло­гия бөлімінің меңгерушісі, содан кейін ҚР ҰҒА Археол­огия институты­ның бас (негізгі) ғылыми қызмет­кері болады. 2000 жылы, Еураз­ия Ұлттық универ­си­тетінде археология­лық рекон­струкцияның лабораториясын ұйымдас­тырды.

1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табыл­ған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмір­баянынан ерек­ше орын алады. Кө­не жә­не орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлем­дік маңызы зор Есік обасы­нан табылған «Алтын адам» (б.з.б. V–IV ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. VІ–V ғасырлар), Отырар жәді­­герлерін ашып зерт­теді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәде­ниет­терін кезеңдеу және мерзімдеу мә­се­лелерін анықта­ды. Қазақстан тари­хы­ның негізгі тұжырымдарын жа­сау­а белсене қатысты. Орта­лық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын ай­қындауға елеу­лі үлес қосты. 1998 жылдың күзінде Кемел Ақышев басқарған археоло­гия­­лық экспедиц­ия Астана қаласынан 5 шақырым жер­дегі Бұзықты кө­лінің жаға­ла­уы­нан байырғы мекен – Бозоқ қаласының жұртын тапты.

Смағұлов Оразақ (1930) – белгілі қазақ ғалымы. Алғашқы антро­полог, тарих ғылым­дарының докторы (1984), ҰҒА толық мүшесі (1994). Қазақ мем­лекеттік университетінің тарих факуль­тетін бітірген (1955). 1957 жылдан бас­тап ҚР ҰҒА тарих және этнология институтында лабо­рант, кіші ғылыми қыз­мет­кер, аға ғылыми қызметкер, бөлім басшысы, лаборотория басшысы қызмет­терін атқарды. 1956–1957 жыл­дары Алма­ты мемлекеттік медицина инс­ти­­тутын­да, 1958 жылы Москва универ­сите­тінің биология факультеті жан­ын­дағы антро­по­логия ғылы­ми-зерттеу институтында стажерлық іс-тәжрибеден өтті. 1958–1961 жыл­дары КСРО ҒА этнология және антропология институт­ында аспи­рантурада оқыды.


Адамның антропологиялық ерекшеліктерін тарихи дерек ретінде қарас­тырып қазақ халқының шығу тегін анықтауда ғылымға үлкен үлес қосты. Тари­хи зерттеулерде жара­тылыстану ғылымдарың материал­да­рын пайдалана отыр­ып ол қазақ халқының автотондығын,қазақтың био­ло­гиялық тұрғыдан жүз, руға қатысты еш айырмашылығы жоқ екенді­гін, антропологиялық тұрғыдан 4 мың жыл жасап келе жатқан біртұтас бөлуге кел­­мейтін антропогиялық ұжым, гомогендік популяция, яғни қазақ этносының био­логиялық, генетикалық ұлттық бірлігін дәлел­деді.

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап республика өңірлеріне экс­пе­диция ұйым­дастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Үнді-Кеңес (1974–1975), Қазақ-Моңғол (1991–1993), Қазақ-Италия (1993–1994) бірлескен антропологиялық экспедиция жұмыстарына қаты­насты. 1993–1994 жылдарда таулы аймақтардағы тұрып жатқан қазақ, қырғыз халық­тарын зерттеп, әлемдік деңгейдегі конгрес­терде 20-дан артық баяндама жаса­ды. Бұл Орталық Азиядағы тау өңіріндегі халықтардың морфо­фи­зио­логиялық қалыптасуы туралы алғашқы жүргізілген экспедициялық зерттеулер еді. Бұл зерттеулер Италиядағы Болон универ­си­тетінің ан­тро­­пология институтымен бірігіп өткізілді.

100 ден артық ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 9 шы­ғар­ма шет ел тілдер­інде жариияланған. Ғалымның негізгі жетістігі Қазақ­стан жерінің көне замандағы және осы күнгі тұрғындарының гене­ти­калық сабақтастығы,тарихи процестің тұтастығы, қазақ генеқорының бірлігі, халқымыздың тарихи кезең­дерінің реті, жергілікті және кірме популя­ция­лардың қазақ этносының қалып­тасуына әсері жөнінде ғылыми негізделген, антропологиялық материалдармен дәләлденген қорытынды жасауы.

О.Смағұловтың ғылымдағы жолы оңай болған жоқ. Академия және инсти­тут бас­­шылары оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін кейде түс­іне бермеді. Әрбір экс­педицияны ұйымдастыру оңайға түспеді. Оның үстіне кейбір әріп­тестері оның жұмысына кедергі жасауға тырысты. 1977 жылы «Этни­ческая геногеография Казахстана» (серо­ло­ги­­ческие исследовании) деген 10 баспа табақ еңбегі жарық көрді. Адам­ның қан жүйелерін зерттейтін ғылымды серология деп атайды. Сол еңбекте қазақтың айтып жүр­ген үш жүзінің антро­пологиялық, гене­тикалық, популяциялық тұрғыдан айырма­шылығы анықталды. Деген­мен Қазақстан Орталық партия комитетіне «дома­лақ» арыз түсіп, еш дәлел­сіз кітап өртелді. Оған қан жүйелеріне қарап қазақ­тарды руға, жүзге бөліп жатыр деген айып тағылды

Қазақ археология ғылымына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі