Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 261

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тарихнама курсын игеру барысында студенттер мына төмендегі талаптарды орындауы қажет:

  • тарихи ілімдердің, ой–пікірлердің және концепциялардың мәнін, маз­мұнын, негізгі методологиялық ағымдардың заңдылықтары мен эво­лю­­ция­сын білу.

  • Тарих ғылымына елеулі үлес қосқан ірі тарихшылардың еңбек­тері­мен танысу.

  • Тарихи мәтіндерге тарихнамалық талдау жасау әдістерін мең­геру.

  • Ғылымдағы ағымдар мен тарихи концепциялардың бағыты мен маз­мұнын салыстыру әдістерін үйрену.




  1. Тарихнаманың ғылыми пән ретінде негізгі зерттеу аспектілері.

  • Тарихтың әр кезеңіндегі тарихи танымның әлеуметтік алғы шарт­та­рын ескере отырып, қоғамдағы тарихи ой–пікірлер мен концепциялар­дың сол қоғамдағы саясат пен биліктің ықпалының әсерін анықтау зерт­теушінің алға­шқы міндеттерінің бірі. Мұның өзі тарихшының саяси және әлеуметтік пози­ция­сын анықтауға септігін тигізеді.

  • Тарихи ой–пікір бағытының теориялық–методогиялық ұстанымда­рын анықтау тарихнамашы ғалымның келесі міндеті. Бұл үшін тарих ғы­лы­­мы мен фил­ософияның, әлуметтанудың, экономикалық теорияның бас­қа да қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арақатынасын зерт­теу қажет.

  • Тарихи шығармалардың деректемелік базасына баға беру, тарих­шының нақтылы зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін анықтау тарихнама­шының үшінші міндеті. Ғылымдағы сан алуан мектептер мен бағыттар­дың зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін,олардың деректер мен дәйек­тер­ді пай­да­ла­ну тәжірибесін бағам­дау қажет.

  • Әр заман, әр қоғам тарих ғылымынан өз күтері бар.Соған байла­ныс­ты ғы­лым да сол қоғамның сұранысын қанағаттандыруға тыры­сады. Қалып­тас­қан саяси–экномикалық ахуалға байланысты ғылымның тақы­ры­бы өзгереді. Та­рихты қалайда ғылым дегенмен ол қоғамның қажет­ті­лігін өтеуге икем­де­ле­ді. Осы процесске объективті баға беру де тарих­намашының мәртебелі мінде­ті.

  • Әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептердің тарихи процесс жө­нін­дегі концепциялары мұқият зерттеуді қажет етеді. Өйткені олардың пікір­леріне тал­дау жасау тарих ғылымының даму процессін қадағалауға мүмкіншілік береді. Уақыт өте келе тарихи уақиғаларға, құбылыстарға көзқарас өзгеруі мүмкін. Тарихшылар арасындағы пікірталас ғылымның алға жылжуына алғы шарттар жасайды. Ескі пікірлердің орынына жа­ңа­сы келеді. Бірақ ғылымдағы дәстүр үзілмейді, өз жалғасын табады. Міне осы ғылымдағы қарама–қай­шы­лық­тарды нақтылы мысалдар арқылы ай­қын­дау ­да тарихнама ғылы­м­ның мой­нындағы міндет. Осы жоғардағы мін­деттерді іске асыратын тарих­шы–ма­ман. Олар­ды заман талабына сәйкес дайындау, ғылыми зерттеу жұ­мыс­тарын тиім­ді ұйым­дас­тыру, біт­кен шығармаларды жарыққа шығару ғылымның же­дел дамуына ық­пал етеді. Сондықтан бұл мәселе де тарихнама ғылымының зерт­теу аспек­тісіне жатады.


Жоғарыда түгенделген тарихнамалық зерттеулердің аспектілері бір– бі­рі­мен тығыз байланысты. Зерттеуші осыларды кешенді түрде қарас­тыр­­­ғанда ғана айтулы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Тарихнамашы жан-жақты дайындықтан өтуі керек. Тарих ғылымы көп са­лалы. Кез келген тарихи шығарманы ғылыми талдаудан өткізу үшін тарих­шы осы салалардан хабардар болуы қажет. Ол тек ғылыми сыншысы ғана емес, сонымен қатар ғылымның келешек жаңа бағыт­та­рын да анық­тай алады. Соң­­ғы жылдары тарих ғылымының теориялық мә­­селелері мен әдіснамасына аса көңіл бөлінуде. Соған байланысты та­рих факультетте­рін­де теориялық бі­лім беретін пәндердің пәр­мен­ді­лі­гін күшейту абзал. 


  1. Тарихнама ғылымының принциптері. Басқа да тарих ғылы­мы­­ның са­ла­лары сияқты тарихнаманың да өз ұстанымдары мен әдістері бар. Оның не­гіз­гілерінің бірі – тарихилық приципі. Оның мәні мына­да: кез– келген та­рих­намалық құбылыс қоғамда қалыптасқан фак­тор­лар­ға байла­ныс­ты даму процесінде зерттелуі қажет. Яғни, белгілі бір ға­лым­ның тари­хи концепциясы немесе ғылыми бағыттың ой–пікірінің ту­уы, дамуы және оның ғылымда түп­кі­лікті орын алу процесі өз кезегімен баян­далады. Орыс тарихнамасында бұл прин­ципті ұстанған XIX ға­сырдың белгілі тарих­шысы С.М. Соловьев.

Соңғы жылдары тарихшылар арасында тұтастық принципы орын алып отыр. Тарихтың кезеңдерін немесе тарихнамалық бағыттың бірін зерт­теу ба­ры­­сында тарихи білімнің барлық элементтерінің байланысын бір жүйе ретінде қарастыру. Кез келген тарихшының ғылыми көзқа­ра­сын анықтау үшін оның таң­даған тақырыбы, жинаған деректер кор­пу­сы­ның толықтығы, дерек­терді талдау әдістері сияқты оның зерттеу ла­бо­ротория­сын­дағы тағы да басқа ұсақ–түйектерге баса назар аудару қа­жет. Оның шығармасының кон­тек­стісінен өзіңе керек цитатаны жұлып алып өз тұжырымыңызды дәлел­деу­ге пайдаланатын бол­саңыз қателікке ұры­нуы­ңыз мүмкін.

Кеңес заманында тарихшылар міндетті түрде ғылыми зерттеу проце­сін­де таптық принципті ұстанды. Тіпті бұл принципті пайдалана оты­рып жа­зыл­­ған шығарманың ғылымилығына шүбә келтірілмеді. Сон­дық­тан тарих­шы­ның ғы­лыми еңбегін талдамас бұрын оның авторының тап­­тық көз­қа­ра­сы­на көңіл ау­дарылатын еді.

Қазақ тарихына байланысты еңбектерді талдағанда автордың ұлттық көз­қарасы ескерілуі керек. Өйткені күні бүгінге дейін қазақ тарихы бө­тен ұлт­­тың дүниетанымы негізінде жазылып келеді. Белгілі бір ұлттың ті­лін, ділін, дінін, әдет–ғұрпын жете білмей оның тарихы жөнінде тұ­шы­мды еңбек жазу мүм­­кін емес. Сондықтан егер басқа бір халықтың та­ри­хына терең бойлау үшін

ұлттық принцип сенің негізгі ұста­ны­мын.


  1. Тарихнама ғылымының әдістері. Тарихнама ғылымының өзіне тән әдістері бар. Ғылымның тарихын зерттеуде, концепциялар мен әр та­­рих­­шы­ның ой–пікірін анықтау үшін көптеген әдіс–тәсілдерді пай­да­ла­нуға тура келеді. Солардың кейбіріне тоқтала кетелік:

Салыстырмалы–тарихи әдісті көбіне әртүрлі концепциялардың ортақ белгілері мен айырмашылықтарын, бірінен бірі нені алды немесе оның басқа­ларға ұқсастығы жоқтығын анықтау үшін пайдаланады.

Проблемалы–хронологиялық әдісті пайдалана отырып ғылым тари­хындағы үлкен проблемаларды бөлшектеп зерттеу, әрбір проблема­ның хроно­логиялық ретпен қарастырылуын анықтайды.

Тарих ғылымының тарихын уақыт бойынша бөлшектеп зерттегенде ғана жақсы нәтиже алуға болады. Әр заманда ғалымдардың зерттеу әдіс­тері, дерек­терге деген көзқарасы, өзекті тақырыптары болған. Мұны тек ке­зең­деу әдісін пайдалана отырып шешу мүмкіндігі бар.

Ретроспективті әдіс ғылымның бүгінгі өскелең шағында өткенге көз жү­гірту. Өткен заман авторларының еңбектеріне ғылымның бүгінгі нәтиже­лерін пайдалана отырып оның дұрыс–бұрыстығын анықтау, сөй­тіп өт­кен заман авто­ры­ның ғылыми нәтижесіне баға беру.

Перспективті–талдау әдісі тарих ғылымының өткені мен бүгінгі же­тіс­­тік­терін талдай отыра оның келешегін анықтау. Бұл әдіс негіз­гі­лер­­дін бірі бо­лып есептеледі, өйткені ғылымдағы тың проблемаларды кө­те­ре­ді, жас ғалым­дар­ға жөн сілтейді.

5. Тарихнамалық дерек. Тарихнамалық дерек дегеніміз тарихшы­ның ғылы­ми еңбектері, және сол ғылыми шығарма пайда болу процесіндегі бар­лық құжаттар жатады. Орыс тарихшысы А.М. Сахаров тарих­на­ма­лық фактіге белгі­лі бір тарихшының өзіне тән концепциясын жатқызды. Ал концепция ол ғалым­ның бірнеше еңбегінде көрініс табуы мүмкін. Соны­мен тарихи дерекке мына төмен­дегілер жатады: монография, мақала, конференцияларда жасал­ған баян­дама, тезистер, рецензия, пікір, ғылыми–зерттеу мекемелерінің іс–қағаздары, съез­дің, дөңгелек үстел­дің, семинар хаттамалары, стенограм­ма­лары. Яғни ғалымның концеп­ция­­сының қалыпта­суы­­на әсер еткен оның лабо­ра­ториясындағы құжат­тардың барлығы тарих­намалық дерекке жатады.
6. Тарихнамалық шолу. Кез келген тарихи шығармада тарихнама­лық шо­лу болуы қажет. Сапалы жасалған шолу автордың кәсіби дең­гейі­­нің көрі­ні­­сі. Шолудың негізгі мақсаты таңдап алынған тақырыптың зерт­­те­­лу дең­ге­йін анық­тау. Сол мақсатқа жету жолында ол мына мін­дет­терді орын­дайды: Ө­­зі­­не дейінгі тархшылардың еңбектерімен таны­сады, тақы­рып тарих­на­ма­сы­ның кезеңдерін анық­тайды, методоло­гия­лық тұрғысын, дерктемелік базасына баға береді, та­қыр­ыптың шала зерт­­телген немесе мүлде зерттелмеген тұста­рын анықтайды сөйтіп өз зерт­теуінің міндеттерін анықтайды.
7. Тарихнамалық талдау әдістері

Зерттеу жұмыстары барысындағы тарихнамалық талдаудың қажет­тілігі. Кез келген зерттеу жұмыстары сол тақырып бойынша жа­рық көрген әдеби­етпен танысудан басталатындығы баршамызға белгілі. Тек та­ны­с­ып қана қой­май зерттеуші өзіне қажет деп тапқан ғылыми шы­ғар­маларға тарихнамалық тал­дау жасайды. Ол ғылыми жұмыстың кі­ріс­пе бөлімінің қа­жет­ті бір бөлшегі.

Тарихнамалық талдаудың бірнеше түрлері бар. Алғашқысы – тарих­на­ма­лық аннотация. Мұндай талдау көбінесе тезис немесе мақала жаз­ған­да пай­да­ланылады. Бұл үшін тек зерттеушіні қызықтырған шығарма­ның библи­огра­фиялық сипаттамасы мен оның қандай мәселені қоз­ғай­тын­дығы қысқаша көрсетіледі.

Талдаудың келесі күрделі түрі – тарихнамалық талдау. Зерттелуі жос­парланған тақырыптың толық тарихнамалық талдудан өтуі қажетті про­­цеду­ра. Бұл жұмыстың тыңғылықты өтуі келешекте атқарылар шар­уа­­ның перс­пе­к­­тивасын, тақырыптың көмескі зерттелген тұстарын, ашыл­май қал­ған мәсе­лелерін айқындауға көмектеседі.


Тарихнамалық талдаудың екі деңгейі бар. Талдаудың төменгі дең­ге­йі мо­но­графиялық еңбектердің кіріспесінде беріледі. Автор тек өзі таң­дап ал­ған тақырыбының зерттелу деңгейін анықтаумен шектеледі. Мұн­дай ұм­тылыс диплом жұмыстарын орындау барысында кездеседі.

Жоғарғы деңгейі – арнайы тарихнамалық зерттеу. Белгілі бір та­қы­­рып немесе тарих ғылымының бағыты бойынша жүргізілген тарих­намалық тал­дау­дың нәтижесі мақала немесе арнаулы монография ре­тін­де жарық кө­реді. Бұл жерде тарихнамашы жарияланған немесе жария­лан­­баған бүкіл та­қы­рып бой­ынша еңбектерге ғылыми талдау жасап о­ның шынайы нә­ти­же­ле­рін көрсетеді.

Тарихнамалық талдаудың реті. Тарихнамалық талдау үлкен да­йы­н­­­дық­ты қажет етеді. Себебі өзіңнің әріптесі жазған шығармаға баға беру үшін сол тақырыпты сынап отырған автордан терең білуің қажет. Сон­дық­­­тан да көбіне тарихи шығармалардың кіріспе бөліміндегі тарих­на­малық талдаулары нәти­жесіз болып жатады.

Әсіресе диплом жұмысын жазу барысында студенттер осындай кем­шілік­терге ұрынып жатады. Көбіне олар өздері пайдаланған әде­биет­тің тізімін беру­мен шектеледі. Тіпті кейде кіріспе диплом жұмы­сының не­гізгі бө­лі­мі жазылып бі­т­кеннен кейін орындалады. Мұндай жағдайда оның тарих­намалық талдауы жай ғана формальды роль атқарады.

Тарихнамалық талдаудың негізгі мақсатының өзі белгілі бір тақы­ры­п­­тың зерттелу деңгейін анықтау, осыған дейін тарихшылардың жинақ­та­ған тәжри­бесін игеру, сөйтіп, тарихнамалық дәстүрге өз үлесіңді қосу. Осы­дан ке­йін бар­ып зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері анық­талады.

Мұқият жүргізілген тарихнамалық талдау зерттеушіге өз жұ­мы­сының ба­ғы­тын, онда көтерілетін мәселелердің ретін, зерттеудің ме­то­до­логиялық негіз­дерін анықтауға мүмкіншілік береді.Сонымен, тарих­на­малық талдау зерттеу жұмысының ең қажетті, ең құнды бөлігі, оның нә­тижелі аяқталуының кепілі.

Тарихнамалық кезеңдерді анықтау. Әрбір кезеңге талдау жасау (әр ке­зеңге ғылыми әдебиеттерді топтастыру, әдебиеттер түрлеріне си­пат­тама беру, зерттеліп отырған проблемалардың концептуальдылығын анық­тау, та­қы­рыпты зерт­теуге үлес қосқан авторларды атау және олар­дың еңбек­теріне баға беру, әр түрлі уақытта тақырыптың көңіл ау­да­рыл­ған аспек­тіле­рі). Қо­ры­тынды жасау аз зерттелген, көмескі ашылған мә­селелерді анық­тау, келе­шек зерттеудің аспек­тілері мен кезеңдерін анық­тау.