Файл: Педагогикалы институты аманжол кзембайлы еркін біл тарихнам а.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 267
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Правда» газетіне Т. Ж. Шойынбаев, Х. Г. Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған мақаласы жарық көрді. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық–монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт–азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жұмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е.Бекмахановты айыптау қорытындысы дайын болды. 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ–тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.
Е.Бекмахановтың тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін оның ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда ақталып шықты.
Айдаудан оралғаннан кейін ол өз концепциясын қайта қарауға мәжбүр болды. 1957 жылы Мәскеуде көлемі 30 баспа табақ "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты монографиясы жарық көрді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі – "XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс және қазақ тілдеріндегі нұсқалары қайта басылды.
Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, қызы Найля екеуі бірлесіп орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Аспиранттарға жетекшілік жасап, өзінен кейін бірнеше ғылым кандидаттары мен докторларды дайындады.
Осы жылдары белгілі ғалым Нығымет Сәбитовтың зерттеушілік қызметіне тоқтала кетуді жөн көрдік. Ол қазақтың материалдық мәдениеті, тұрмысы, ою–өрнек өнері жөнінде этнографиялық материалдар жинады. Ол әсіресе, шығыстану ғылымында қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. Сонымен бірге қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.
40–жылдардың соңынан бастап археологиялық экспедициялық зерттеулер Қазақстан жерін түгел дерлік қамтыды. Оңтүстікте үйсін, қаңлы, Батыс Түрік қағандығы ескерткіштерін, Шығыста қола дәуірі мен ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетін, Орталықта көне заман мәдениетінің жұрнағын қазу жүзеге асырылды Әсіресе Ә.Марғұлан, А.Н.Бернштам, С.С.Черников сияқты ғалымдардың еңбегі ерекше. КСРО ҒА–ның С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық–этнографиялық экспедициясы Жетіасар және Алтыасар қалаларының орнына зерттеу жүргізіп, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің қарым–қатынасы мен өзара байланысы жөніндегі аса іргелі мәселе аса бай жаңа археологиялық материал негізінде баяндалды.
Алғашқылардың бірі академик С. Бәйішев 1961 жылы «Қазақстандағы социализм жеңісі: мәселенің теориясы мен тарихы жөніндегі очерктер» кітабы жарық көрді. Осыдан кейін «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тарихының» 4 және 5-томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихы», Қазақстан сияқты артта қалған өңірде социалистік құрлыстың жеңуі жан жақты дәлелденді. Кейбір авторлар Қазастанда өнеркәсіптің, ауыл щаруашылығының, транспорттың дамуы сиқты тақырыптарға қалам тартты.
1960-1980 жылдары «КСРО-дағы және одақтас республикалардағы мәдениет төңкерісінің тарихы» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ізденістер мәдениет тарихын зерттеудегі басты тақырып етіп алынды. Қазақстанда да 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың ортасында бірнеше монографиялар, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді.
Мәдениет дамуының тарихы «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (1963), «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (1963, 1967) кітаптарында, «Қазақ КСР тарихының» 4 және 5-томдарында, сондай-ақ үш томдық «Кеңестік Қазақстанның мемлекет және құқық тарихында», көптомдық КСРО тарихында (7-т., М., 1967) зерделенді.
Тарихшылардың Бүкілодақтық Кеңесінің (Мәскеу, 18-21 желтоқсан, 1962жыл) шешімдері, сондай-ақ тарихи деректердің жариялануы тиімді ғылыми ізденістерге кең жол ашты. 1960 жылдардың орта тұсында «Қазақстандағы мәдениет кұрылысы» (1918-1932) және «Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдары кезеңінде» (1941-1945) жинақтарының бірінші томдары жарық көрді. 1965 жылдың мамыр-маусым айларында Мәскеуде өткен кеңестік мәдениет тарихының проблемалары жөніндегі мәжіліс «
КСРО-дағы мәдениет құрылысы» тарихы және Қазақстандағы мәдени-тарихи үрдістер туралы жалпы тұжырымдар жасалған еңбектердің жарық көруіне колайлы жағдай жасады.
Ұзақ уақыттар бойы Қазақстанның мәдениет тарихын көрнекті ғалым, академик Р.Б. Сүлейменов зерттеді. Ол өз ізденістері нәтижесінде көптеген іргелі монографиялар мен мақалалар жазды. Бұлардың ішінен Х.И. Бисеновпен бірігіп жазған «Артта қалған халықтардың мәдени дамуының социалистік жолы (Қазақстан кеңестік мәдениетінің қалыптасу тарихы. 1917-1965)» еңбегін айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ «Мәдени төңкерістің лениндік идеялары және оның Қазақстанда жүзеге асырылуы» іргелі монографиясы да мәдениет тарихын зерттеудегі құнды еңбек саналады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің тарихы кең ауқымдық құжаттық негізде академик М.К. Қозыбаевтың іргелі енбектернде қарастырылды. Бұл еңбектерде автор Қазақстан мәдениеті, қоғамдық өмірдің осы саласына партиялық басшылық мәселелерімен ғана шектеліп қалмай, еңбекшілердің майдан мен тылға көмегі, соғыс жылдарындағы мәдени өмір жақтарын да терең қамтыған.
1970-1980 жылдары жарық көрген А.К. Қанапин мен А.Д. Яндаровтың, Н. Жанділдиннің, К. Бейсембиевтің, М. Бурабаев пен В. Черняктің монографиялық еңбектері және Р.Б. Сұлейменовтің «Қазақстандағы мәдени төңкерістің зерттелу кезеңдері» атты мақаласы халқымыздың рухани өміріндегі өзгерістер туралы кең әрі терең түсініктер тұрғысында жазылған. Қазақстан тарихшылары, сондай-ақ зиялы қауымның, оның ішінде ұлт зиялыларының да қалыптасу тарихы жөнінде, бұл ретте олардың өздерінің ойынша, бұл үрдістің ерекше жақтарын аша отырып, зерттеулер жүргізді.
Осы жылдары тағдырлары еліміздің тарихымен біте қайнасқан бірқатар ғалымдар мен жазушылар, артист, әншілер қазақстандықтардың жаңа ұрпағына өткен өмір жолдары туралы естеліктерін арнады. Қазақстан зиялылары аға буын өкілдерінің шығармашылық жолы мен тағдыры мәдени дамудың тарихын және осы заманғы мәдениет түрлерінің қалыптасу ерекшеліктерін ашып берді. Сонымен қатар олар өнердің дербес жанрларының, тұтастай алғанда мәдениеттің дамуына қосқан әрқайсысының жеке үлестерін де бейнелеп көрсетеді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанда қоныс тепкен кеңестік белгілі мәдениет қайраткерлерінің әр жылдары жариялаған естеліктерінде сол жылдары тізе қосып, бірге еткен еңбек пен рухани өмір жайлы айтылады. Авторлардың өздеріне тән жеке әсерлерінің көптүрлілігі соғыс сынағының ауыр жылдарындағы республиканың мәдени өмірінің жалпы кескін-келбеті туралы түсінігімізді кеңейтуімізге және байытуымызға мүмкіндік береді..
50-жылдары республика тарих ғылымының алдына қойған мәселелерінің бірі – жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыстанушы мамандар даярлау болды. Қазақстан ҒА-да шығыстану секторы құрылды. Түркі дәуірі, қыпшақ, қаңлы, қарлұқтар туралы еңбектерінде М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков, А.Ш.Қадырбаев, С.М.Сыздықов, т.б. араб, түркі деректері негізінде зерттеулер жүргізді. Қазақстанның соңғы орта ғасырлардағы тарихына қатысты шығыс деректерін аударып, осы кезеңді зерттеуде С.Ибрагимов, Н.Мингулов, К.А.Пищулина, В.П.Юдин көп еңбек сіңірді.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси тарихын парсы деректері негізінде М.Қ.Әбусейітова, ал ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қытай-қазақ байланыстарын қытай деректері негізінде К.Ш.Хафизова зерттеді. Сонымен бірге ХҮІІ ғасырдағы қазақ тарихының мәселелері В.Я.Басин, В.А.Моисеев пен И.Я.Златкиннің еңбектерінде қарастырылды.
Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ ауылдарында жүргізген ұлттық мемлекеттік құрылыс пен ұлт мәселесін шешу тарихы зерттелді. Ә.Қанапин, Р.Б.Сүлейменов, Қ.Бержанов еңбектерінде қазақ мәдениетін өркендету жолындағы табыстар баяндалды.
Ежелгі заман мен орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жөніндегі шығыс деректерін тауып, орыс және қазақ тілдеріне аудару ісі едәуір кеңейді. Қазақ халқының шыққан тегі зерттелді. Қазақ жерлерінің Ресейге қосылуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ қауымында болған әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Ресей капитализмінің «кеңейе» келіп, Қазақстанға да таралуы және ауылдағы рулық қатынастардың ыдырауы, ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қоныс аудару, жұмысшы және агр. қозғалыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Ақпан төңкерісі жөнінде монографиялық зерттеулер жасалды.
Ш.Уәлиханов шығармаларының 5 томдық жинағы мен Ы.Алтынсариннің таңдамалы және 3 томдық шығармалары жарық көрді. Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов, Т.Тәжібаев, Қ.Бейсембиев, Ә.Қанапин, Х.Әбжанов, Қ.Ахметов қазақ ағартушыларының өмірі мен шығармашылықтары, қоғамдық ой-пікір мен ағарту саласындағы идеялық ағымдар туралы, жалпымәдениет тарихына арналған еңбектер жариялады. Әл-Фараби шығармаларының түсіндірме мәтіні шықты.
Этнографиялық зерттеулер көлемі ұлғайды. Сол кездегі қазақ ауылының мәдениеті мен тұрмысына ғылми талдау жұмыстары жарияланды. Қазақстанның археологиялық картасы жасалды. Оңтүстік және Шығыс Қазақстан мен Балқаштың солтүстік жағалауында, Қаратау аймағында палеолит заманының ескерткіштері табылды. Ертедегі көшпелі тайпалар, сақ, үйсін мекендері мен «патша» қорғандарын зерттеу жалғастырылды.
«Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты күрделі еңбек (1966), Ортағасырлық Тараз туралы кітаптар шықты. Ежелгі Отырар мен оның төңірегінде, Орталық Қазақстанда кең көлемді қазба жұмыстары өріс алды.
ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қазақстан қоғамы шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарының назарына ілікті. Қазіргі кезде ондай орталықтар Еуропа, АҚШ, Жапония, Қытай, кейбір мұылман елдерінде орналасқан. Олар, әсіресе, КСРО тұсында көбінесе бір жақты еңбектер жазды. Дегенмен, олар өз еңбектерінде Кеңес Одағында пайдалануға тыйым салынған авторлар мен олардың шығармаларын кеңінен қолданды әрі Қазақстанды Ресейдің отарлауы, Азамат соғысының шындығы, 1930–32 жылдары ашаршылық, 1937–38 жылдары қуғын-сүргін, ұжымдастыру, фашизмге қарсы соғыс, тың игеру, т.б. тақырыптарда неғұрлым өнімді еңбек етті. Р.Конквест, Э.Бэкон, Л.Крадер, А.Хадсон, М.Олкотт, Р.Пирс, Э.Саркисянц, А.Боджер, А.Беннигсен, т.б. шет ел ғалымдары Қазақстан және қазақтар тақырыбында қалам тартты. Бұған қоса шет елдегі қазақ тарихшылары көптеген еңбектер жазды.
XV. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
90 жылдары біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи тұрғыдан тани бастағанда тарихтың «ақтаңдақ» беттерін жаңа көзқараспен саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. 80-жылдардың аяғында тарихшылар ортасында ел тарихы, жер тарихына баса көңіл аудару керек деген пікір етек алды. Атақ -дәрежесі бар тарихшылар қазақтың көне тарихына қалам тарта бастады. Бұған түрткі болған алдымен 1986 жылғы Алматы оқиғасы. Кеудесінде отаншылдық рухы бар азаматтар өз тарихын, мәдениетін білуге құмартты. Осы арада әсіресе қазақ тілді баспасөз беттерінде журналист ағайындардың тарихқа байланысты материалдары жарық көре бастады. Олардың ішінде сын көтермейтін, ертегіге ұқсастары да баршылық еді. Осындай жағдай тарихшылар алдына үлкен міндеттер қойды.
1986 жылғы Алматы оқиғасынан кейін жастар арасында саяси белсенділік артқаны жасырын емес. Әсіресе, газет-журнал беттерінде қазақ тарихына арналған мақалалар басыла бастады. Әр жерлерде ұлттық қоғамдық ұйымдар да құрыла бастады.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезінде ұлттық сана-сезімнің күшеюі, кеңестік мемлекеттік жүйе мен коммунистік идеологияның күйреуі және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жариялануы мен қалыптасуы тарих ғылымының қоғамдағы орнына түбегейлі өзгеріс еңгізгені аян.

-
«Қазақстан тарихын» оқыту проблеммасының туындауы.