Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 138

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Д.: Мен сенімен осы білімді талқылау үшін рұқсат сұрап қоясың ғой?

Л.: Тамаша болар еді. Мендегі білім жойылып кете ме деп қатты уайымдап едім. Ақыр соңында шәкіртімді табатыныма қатты қуандым. Жер үшін бұл білім енді жоғалып қалатыны мені алаңдатып тұр. Бұл жаман ғой. Әрине, мұндағы адамдар өте примитивті. Мұндай білімді іздемейді. Бірақ білім бәрібір Жерде қалуы тиіс.

Д.: Сенімен келісемін. Саяхатыңды жалғастыра бер. Мен Бартоломьюды бөгемейін. Бірақ мен сөйлесіп отырған сенің екінші жартың бұл жерден кетіп, келешек уақытқа өтуін қалаймын.

Сосын мен кодтау сөзді айтып, Линданың есін жиғыздым. Сеансты бастамай тұрып диктофонға тек 60 минуттық кассета салғаныма өкініп қалдым. Бірақ мұндай ақпарат аламын деп күтпеген едім. Мен әдеттегідей өткен өмірлер туралы хабар жинаймын деп күткенмін. Әдетте 60 минутта өткен өмірдің бәрін өткеріп үлгеретінмін, себебі адамдардың қазіргі өмірінде еш қызық бола бермейтін. Бартоломью бөгде қонақ туралы сөйлей бастағанда, ол алған білім туралы айтқанда бұның бәрін 60 минутта біліп үлгермейтінімді түсіндім. Сондықтан қатты тыраштанбадым. Бұл жаңа жоба болатынын түсіндім. Егер маған осы құпия білімді білуге мүмкіндік берсе, оны аяқтауға бірнеше апта кетер. Линданың бейсанасында қандай қазына жатқанын анықтай алмасам да, бұл менің жаңа саяхатымның басы еді.

Линда транстан шықты. Әлі де абдырап тұр, аяғы тәлтіректеп тұр. Содан кенеттен ол: «Мен саған сәлемдемені жеткізуім керек болған. Ол менің есімде. Бұл үлкен жауапкершілік. Өте маңызды. Бірақ ол не сәлемдеме екенін білмеймін. Бар білерім – бізге үлкен білім жетіспей жатыр. Оны біздің қарабайырлығымыз үшін, үрейіміз үшін тартып ап қойған. Сол білімді қайтаратын уақыт жетті. Белгілі бір себептермен сен екеуміз сол білімді біздің ғаламшарға қайтару үшін таңдалдық. Бұл үлкен жауапкершілік. Мен мұны сезіп тұрмын. Бұл жауапкершілік арқама ауыр жүк болып тұр. Сеанстан есімде қалғаны осы ғана» деді.

Әлі ұйықтап тұрғаны анық еді. Біздің не туралы сөйлескенімізді есінде сақтай алмайтындай терең транста еді. Сол сәт бұл әйелмен жұмысты жалғастыратыныма сенімді болдым. Мен үшін бұл Пандора жәшігін ашумен бірдей еді. Құпия дегенді жақсы көрем. Егер әлдекім маған жоғалған білімді қайтарып беремін десе, мен одан бас тартпауым керек. Бұл жаңалық мені қатты елітті. Мен үшін жалғыз кедергі – тек арақашықтық еді. Көлікпен төрт сағат жүріп келу. Сондықтан Литл-Рокқа айына бір рет келіп, жексенбіде Линда және Джениспен қатар сеанс өткізуім қажет еді. Енді мен параллельді түрде екі жобаны алып жүрдім, Линда және Дженис. Литл-Рокқа 1990 жылы қаңтарда келіп, тек осы екі әйелмен сеанс жүргізбекші едім. Ол кезде лекция оқымаймын деп ойлағам. Артық-ауыс қонақтар келіп алмас үшін достарым менің келгенім туралы ешкімге тіс жармаймыз деген. Әлбетте, бәрі біз жоспарлағандай болмай шықты. Достарымның бір танысы менің келісім туралы естіп алыпты. Сеанс жасауды өтінді. Мен оны жұма күнге жоспарладым. Жолдан шаршап келетінімді білсем де, келе салып өткізіп жібермекші едім.


Мен жексенбі күні Линдамен үш сеанс, Джениспен үш сеанс өткізбекші болғам. Мен бірінші рет мұншама көп сеансты бір күнде өткізбекші болдым, клиенттеріме қандай әсер беретінін білмедім. Олар шаршап қалар деп ойладым, бір емес бірнеше рет ұйықтап тұрғандай күйде болады ғой. Бұл эксперимент еді, ол қалай өтерін анық білмедік. Жоспарлаған дүниеміз ойдағыдай өтсе, ендеше бір айға созылатын жұмысты бір күнде аяқтар едім. Линдамен алғашқы сеанс жексенбінің таңында басталуы керек еді. Ол келгенде оң иығы гипстелгенін көрдім. Рождество қарсаңында құлап, иығын сындырып алыпты. Бұнысы сеанс өткізуге кедергі бола ма деп шошыдым, транс кезінде дұрыс босаңсымай қала ма деп қауіптендім. Ол жастықты ішіне қойып, үстіне гипстелген қолын ыңғайлы етіп жатқызды.

Бартоломью маған жеткізуі тиіс ақпаратты іздестірмес бұрын, мен оның өткен өмірі туралы көбірек білгім келді. Егер бұл туралы кітап жазсам, осы ақпарат кіріспе ретінде кіретін еді. Екеуміздің алғашқы жолығуымыз бен оның ғаламшарлық кемеге мініп, шәкірт іздеп ұшуының арасында өмірінде не болғанын анықтауым қажет болды. Бұл менің басты мақсатым. Мен Линдаға арналған кодтау сөзді айттым, ол әп-сәтте әсер етті. Транстағы оған гипс мүлде кедергі болмады. Мен оны Бартоломью заманына жібердім де, не істеп жатсың деп сұрадым.

Л.: (Ол қайтадан жайбарақат нәзік дауыспен сөйлеп кетті).

Қабырғамен қоршалған біздің қалада жүрмін. Базарлы алаңда жүргендеймін. Адам ығы-жығы. Бүгін түрлі жағдайлар болып жатыр. Сауда сатқан адамдар. Сол бұйымдарды жасап жатқан адамдар. Мұнда ұсталар бар. Балалар шапқылап жүр. Иттер мен басқа да хайуандар бар. Бүгін алаң у да шу. Базарға келуімнің себебі – күздігүні күн мен түннің теңелуі – астық жинау науқаны біткен күн. Содан базарда адам көп. Астықты түгел жинап боп, ел олжасын тойлап жатқан сәт. Бітік шыққан астық үшін құдайларына тәу етіп, ризалығын білдіріп жатқан кез. Бұл мереке үш күн, үш түн тойланады.


Д.: Қандай құдайларға тәу етесіңдер?

Л.: Көптеген. Стихия құдайлары бар. Жер құдайы бар. Күн құдайы бар. Ай құдайы бар. Жел мен жаңбыр құдайы бар.


Д.: Л сендердің елде «шіркеу» бар ма? (Ұзақ үнсіздік, ол менің не айтқанымды түсінбеген сыңайлы). Мәселен, католик шіркеуі?

Л.: Олар мұнда көп рет келген, сенімдеріне айналадағы ауылдарды кіргізгісі келді. Бірақ оларды ешкім қабылдамады. Мұнда келгендерді таспен ұрып өлтіре берді. Қазір олар бізді мазаламайды.


Д.: Олардың ел сеніп үйренген нәрсені өзгерткісі келгені ұнамады ма?



Л.: Жоқ, олар бізді пұтқа табынушы деп атады. Оларға лайықсыз адам сияқты бізді кемсіте берді.


Д.: Сонда сенің халқың ескі дінде қалды ғой?

Л.: Солай.


Д.: Сен ұстазыңмен жолықтың ба? (Үнсіздік). Менің не айтпағымды түсіндің бе?

Л.: Жуырда бір адаммен сөйлестім, бірақ ол менің ұстазым екенін айтпады.

Шамасы, бұл жолы оның өміріне бірінші күндегіден бұрын шаққа өткен сияқтымыз.

Л.: Ол өте кәрі, басқа мекеннен келген. Жақында орманда жүргенімде келді. Ағаштың саясында ойланып отырғанымда жаныма келді. Арқасына асып алған қабы бар, саяхаттап жүрген біреу деп ойлап қалдым. Жай ғана сөйлестік. Басқа ештеңе болмады.


Д.: Қай мекеннен келгенін айтты ма?

Л.: Жоқ. Өте алыстан келгенін айтты. Ол мекен туралы мен ештеңе білмейді екенмін. Ол менен не туралы қатты ойланып отырғанымды сұрады. Өмірім жайлы толғанып отырмын дедім. Әр нәрсенің басын шалып, сөйлестік. Адамдар түсіне бермейтін дүниелерді айттық.


Д.: Өзіңді солай сезінесің бе? Адамдар сені түсінбейтін сияқты ма?

Л.: Иә. Олардың өмір хақындағы түсінігі мүлде бөлек екен. Олардың өмірі мен өмір сүрсем деген ойдан басқаша екен.


Д.: Л бұл қария тура сен сияқты ойлай ма екен?

Л.: Иә. Ол кетіп бара жатқанда қимай қалдым. Бірақ ол жақында қайтып келетін шығармын, сол кезде тағы сөйлесерміз деді.


Д.: Жақсы болар еді. Ол атын айтты ма?

Л.: Иә. Аты бір түрлі. Оның аты... Кристофер. Бұрын-соңды мұндай атты естімеппін.


Д.: Сенің елің үшін бұл есім ерекше дегің келіп тұрма?

Л.: Бұрын естімеппін. Ол өте кәрі. Меніңше, мұндай есім өте жас адамға лайық сияқтанды. Оны атағанда жан тыныштығын сезіндім.


Д.: Ал қазір сен мерекені тойлап жүрсің?

Л.: Иә. Жаңа піскен азық көп. Шаруалар жасаған әр түрлі бұйымдар көп. Би мен ән.


Д.: Бұл жақсы күн. Алаңнан шығып, алдағы уақытқа өтелік, бұдан гөрі ересек заманға келейік. Не істеп жатырсың? Не көріп тұрсың?

Л.: Мен қаладамын, бірақ үйімнен алыстамын. Қаланың көшесі таспен әдіптелген. Мұнда кір қожалақтар... қайыршылар көп. Өте қайғылы. Бұл жер маған ұнамайды.


Д.: Қаланың аты бар ма?

Л.: Мұнда жету үшін кемеге отырдым. Бұл қала Англия деген елде орналасқан. Қаланың аты Ливерпуль. Өте жаман жер.


Д.; Л сен онда не істеп жүрсің?

Л.: Мен ғаламшарымыздағы адамдар қалай өмір сүретінін көру үшін көп саяхаттадым. Адамдардың қандай әр түрлі екенін көрдім. Кей жерге ұзақ тұрақтаймын, кей жерден тез кетіп қаламын. Бұл жерден ертең-ақ кетіп қалатын сияқтымын. Бұл адамдардың осыншама азғындағанына қайран қалып келем. Олар бір-бірін түтіп жеуге дайын.



Д.: Бірақ сен басқа елдер мен қалаларда болдым дедің ғой?

Л.: Иә, көптеген елде болдым. Саяхатқа шыққаныма он жылдан асты.


Д.: Л қандай елдерде болдың?

Л.: Мен Галлия мен Римде болдым... Көп жерде болғам. Шығыста болдым. Елдің көбі онда ешқашан болмаған.


Д.: Л шығыста не бар екен?

Л.: Бұл өте үлкен ел. Олардың өмір сүру пәлсапасы біздікінен бөтен. Терісі басқа түсті. Олар «медитация» жасайды. Ол адамға (сөз таппай...) ішкі білімін тануға көмектеседі екен. Олар өте парасатты.


Д.: Басқа елдерге саяхаттау үшін не қолданасың?

Л.: Жаяу жүремін.


Д.: Саяхаттауға көп уақыт кететін шығар?

Л.: Өте көп уақыт кетеді. Су бөгет болса, қайыққа не кемеге мінуге тура келеді. Көбіне жаяу жүрем.


Д.: Л қайда бару қажетін қайдан білесің?

Л.: Өзім қалаған жаққа жүре берем.


Д.: Л ақшаны, тамақты қайтесің?

Л.: Кейде қиналып қалам. Дегенмен, маған көмек қолын созған жақсы адамдар көп болды. Олар мені үйіне кіргізіп, күтетін, ондай сәтте ақшаны да, тамақты да ойламаймын. Маған қамқор болғандар көп.


Д.: Л сен өз еліңнің атын білесің бе? Жас күніңде өмір сүрген елді білесің бе?

Л.: Адамдар оны әр түрлі атайды. Кей адамдар оны... (айта алмай тұр) Ситон дейді. (Ұзақ үнсіздік). Есімде жоқ. Нақты атауы жоқ. Бұл корольдік. Адамдар ол жерден басқа елдерге кетіп қалмайды.



Д.: Сенің кетіп тынуың өзгеше жайт болғаны ғой?

Л.: Иә. Ол жақтан ешкім кетіп қалмайтын.

Д.: Сенікі қайсарлық болып тұр ғой. Кетіп қалғың келгені.

Л.: Кетіп қалғым келмеген. Бірақ маған басқа елдегі адамдардың қалай тұратынын көру үшін кетуге тиіссің деді. Ештеңеге алаң болма деді – саяхатта маған қамқорлық жасалады деген. Солай болды. Мен жалғыз емеспін.


Д.: Ешкімді білмеген жаққа кетіп қалу үрейлі болар?

Л.: Басында қорықтым. Есім шығатын.


Д.: Кім саған кету керек деп айтты?

Л.: Маған анда-санда келіп тұратын досым. Басқа елдегі адамдар қалай тұратынын көру өте маңызды деді. Мен тұратын корольдіктің жаһаннан оқшауланғаны сонша, егер мен көруге тырыспасам, миллион жылда да өзгелердің қалай өмір сүретінін білмей өтер ем.


Д.: Адамдар туралы не білдің?

Л.: Әр түрлі адамдардың мәдениеті жайында көп білдім. Тұратын жері мен өмір сүру салтына қарай бір-бірінен айырмашылығын байқадым. Соның бәрі өмірлік көзқарастарына қалай әсер ететінін көрдім. Өте жақсы адамдар болатынын, кейде өте жаман адамдарды да көрдім. Кей адам өте надан болады, мұрнының ұшынан әріні көрмейді.


Д.: Олар әр түрлі тілде сөйлей ме?

Л.: Иә, рас.


Д.: Олармен сөйлесуің қиын ба?

Л.: Жоқ. Досым маған көп дүние үйреткен. Мысалы, адамның маңдайына тура қарап, бір нүктеге зейін қойсам, мен ол адаммен тілсіз сөйлесе берем. Ақылмен сөйлесеміз. Әңгімеге ұқсамайды. Ақпарат алмасу десек болар.


Д.: Л басқа адамдар да зейін қоюы тиіс пе?

Л.: Жоқ. Басында өздері таң қалады, менімен сөйлесе бастайды. Бірақ мен зейін қойған кезде олар тынышталып, сөйлесеміз. Сөйлесіп болған соң олар жүре береді. Бұл өте қызық жайт.


Д.: Сөйлескендерің естерінде қала ма?

Л.: Жоқ. Уақытқа желінгендей, есеңгіреу болады. Олар тіпті сезбей де қалады.


Д.: А-ЛЯ мұның себебі бар ма?

Л.: Иә. Олар не болғанын білсе, қатты шошитын еді. Қорыққаннан олар мені өлтіріп тастар еді. Мені Залым деп ойлап қалар еді.


Д.: Бірақ саған солай сөйлескен оңай ғой?

Л.: О, әрине, өте оңай. Әйтпесе, мен олармен тілдесе алмас едім. Бұл өте қызық. Шаруалармен сөйлесемін. Бай-шонжарлармен сөйлесемін. Корольдермен сөйлесемін. Фермерлермен сөйлесемін. Саудагерлермен сөйлесемін. Өте пайдалы.


Д.: Король сияқты маңызды тұлғалармен кездесіп пе едің?

Л.: Иә, саяхаттағанда корольдермен де, бай-шонжарлармен де кездестім. Дін қызметкерлерін де жолықтырдым. Өте жоғары лауазымды діндарларды көрдім. Олардың пәлсапасы маған қызық көрінді. Бірақ олар әрқашан иманды. Кейде маған сонысы күлкілі көрінетін. Дегенмен, мен оларға ондайды айтпадым.