Файл: Долорес Кэннон. Мы лшемді алам. Том Мскеу. Стигмарион баспасы, 2014 352 бет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 142

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Б.: Эхолокаторға судың температурасының құбылуы әсер етеді. Мұндай құрылғыларға толық сенім жоқ.


Д.: Ал суретке түсіріп алғандардың дәлеліне де сенім жоқ па?

Б.: Сіздердің ғалымдардың стандарты бойынша оларды сенімді дәлел деуге негіз жоқ.

Д.: Ғалымдар өте көне жануарлар болуы ықтимал деп отыр.

Б.: Солай ғой. Жаңа айтқанымдай, олардың эволюциясы бірнеше ғасыр бұрын тәмамдалған. Лох-Несс құбыжығына ұқсайтын басқа да құбыжықтар бар. Басқа құрлықта. Жоғарғы көлде... Онда осындай құбыжықтардың тұтас колониясы мекендейді. Тағы бірі Сібірдегі Байкал көлін мекендейді. Әр жерде әр түрлі жануарлар бар. Амазонка бассейнінде жылы суды жақсы көретін жануарлар бар. Жергілікті халық көріп қалғанда хабарлаған. Билік мұны ырымға сену деп мойындамады.

Долорес: Шотландиядағы Лох-Несс құбыжығы туралы не айтып бере аласың?

Фил: Бұл жануарлар оқшауланған. Олар жер бетінде емін-еркін жүре алмайды. Бұрын олар емін-еркін саяхаттап жүре беретін. Дегенмен, мұхиттарда оларға ұқсайтын ешбір жануар қалмады.


Д.: Олар қайдан шықты? Бұлар динозаврлардан қалған ба? Соларға ұсқас па?

Ф.: Иә. Баяғы заманда Жердің теңізі мен мұхитында осындай жануарлар көп еді. Жер бетінде қайталанған апаттардан кейін мұхит суының тұзы өзгеріп, олар тіршілік ете алмай қалған. Тек теңізден аулақ жүргендері тірі қалған. Сондықтан айналасындағыларға қарағанда олар эволюцияланбай қалды.

Олар мекендеген сулар эволюциялануға ыңғайлы болмағандықтан бұрын қандай болса, сол күйі қап кеткен.


Д.: Олар бауырмен жорғалаушы ма, әлде қосмекенді ме?

Ф.: Олар дельфиндер мен су шошқасына ұқсайды. Яғни, олардың омыртқасы бар және ауамен тыныстай алады. Сырты жыланға не бауырмен жорғалаушыға келіңкірейді. Олардың аяғы жоқ.


Д.: Бірақ олар көбейетін болса, біз оларды жиі-жиі көріп тұруымыз керек емес пе?

Ф.: Жануарлардың саны мен оларды көрудің арасында байланыс жоқ. Егер олар біздің заманға дейін тіршілік етсе, тек көзге түспегендіктен аман жүр. Көп адам оларды прекембрий дәуіріндегі фаунаның қалдығы деп есептейді. Алайда көбісі кейін пайда болған.


Д.: Сен апаттарды айтып өттің ғой. Бұл Атлантиданың кезінде болды ма? Әлде ертерек пе?

Ф.: О замандарда ғаламшарда көптеген апаттар болып жатты. Көп жануарлар геологиялық өзгерістердің салдарынан емес, климаттың өзгеруінен қырылып қалды. Алайда Лох-Несс құбыжығы деген жануарларға келсек, оларға геологиялық өзгерістер де, климат та әсер етті. Олар бұрын мекендеген жылы сулардың суы суып кетті. Сондықтан ашық мұхитты мекендегендері қырылып қалды. Алайда судың түбіне жақын мекен еткендері тірі қалды. Олардың суы жылырақ болса керек. Уақыт өте келе олар суық суға бейімделді. Сондықтан Лох-Нестің суық суларын мекен етіп қап кетті.



Д.: Яғни, Атлантиданың күйреуі одан көп кейін болғаны ғой?

Ф.: Тура солай емес. Біз айтып отырған апаттар көп уақытқа созылған. Бұл апаттар мың жылда бола салмады, олар миллион жыл бойы жалғасқан.


Д.: Түсінікті. Әлемнің басқа түкпірлерінде осындай құбыжықтар қалған ба?

Ф.: Сіздердің мәдениетке әлі таныла қоймаған дүниенің әр бұрышында мұндай жануарлар баршылық. Бірақ олар әлдеқайда саналы өркениеттерге белгілі. Сіздердің ғаламшарда сіздерге беймәлім жануарлар көп.


Д.: Олардың бәрі суды мекен ете ме?

Ф.: Олардың арасында балықтарға қарағанда көбісі қосмекенділер. Сондықтан сіздер оларды білсеңіздер, өздеріңіз «табиғат» атайтын ұғым сәл-пәл бұрмаланып кетер еді.


Д.: Мұндай жануарлар адам аяғы аз Африка мен Оңтүстік Америка сияқты құрлықтарды мекендей ме?

Ф.: Олар ғаламшардың әр түкпірін мекендейді. Олар ғаламшарда емес, ғаламшардың ішінде өмір сүреді десек дұрыс болар.


Д.: Олар Жердің ішіне түсіп кете ала ма?

Ф.: Иә.

Д.: Адамзат өзіне белгілі дүниежүзінің көп бөлігін зерттеп шықты. Адамдар Жер бетінде біз білмейтін ештеңе қалмады деп есептейді.

Ф.: Дүниежүзінің белгілі бөлігі зерттелді. Бірақ беймәлім бөлігін әлі де зерттеуге тура келеді.


Д.: Сонда Жер астын бізге беймәлім жануарлар мекендей ме?

Ф.: Солай. Жер астында Жер бетін мекендеушілерге беймәлім нәсілдер мен мәдениеттер бар.


Д.: Жер астында Атлантиданың күйреуінен кейін аман қалғандар мекендей ме? Әлде бұл нәсілдер соған дейін болған ба?

Ф.: Олай да, былай да айтса болады. Кейбірі бұрыннан бар. Кейбірі кейін келген. Алайда осы екі топтың арасында үйлесім жоқ. Сондықтан бір-бірінен бөлек өмір сүреді. Тіпті оқшау өмір сүруді місе тұтқандықтан бір-бірі туралы білмейді де десек болады.

Долорес: Кітапхана шырақшысы бізге Лох-Несс құбыжығы туралы ақпарат көрсете ала ма? Бұл жануарлар расымен бар ма?

Джон: Олар бар. Бауырмен жорғалаушылар дәуірінен бері келе жатқан қарабайыр жануарлардың қалдығы.


Д.: Динозавр сияқты ма?

Дж.: Иә. Адам баласы әлі танып үлгермеген суды, ауаны, құрлықты мекендейтін жануарлар баршылық. Олар белгілі бір жерлерге тығылып қалған. Сондықтан өмір жолын ұзартты. Олар көбейе алады.

Д.: Мен қазір Лох-Несс құбыжығы деген жануарды білгім келеді.

Дж.: Лох-Несс көлінде олардың саны жетеу. Олар ұзақ өмір сүреді. Шамамен, жүз жыл. Сирек көбейеді. Бұл суық суға байланысты.


Д.: Олар қалай көбейеді?



Дж.: Жануарлардың көбісі сияқты.


Д.: Бұлар қосмекенді ме, әлде жұмыртқа сала ма?

Дж.: Олар судың түбіне жұмыртқа салады. Олардың пісіп жетілуіне көп уақыт керек. Шамамен, екі жыл. Олар жыртқыштардан, балық пен басқа жануарлардан сақтануы тиіс. Бірақ олардың Лох-Несс көліндегі жартастардың бірінде апандары бар.

Д.: Олар ауамен тыныстай ала ма? Әлде тек судың астында өмір сүре ме? Дж.: Көбіне судың астында болады. Бірақ судың бетіне шыға алады. Ұшатын балықтар секілді судың бетінде жылт етіп, қайтып сүңгіп кететіні секілді. Олардың желбезегі бар, сондықтан оттегіні судан алады.


Д.: Олардың жер бетіне шыққаны туралы аңыздар баршылық. Мұндай болып тұра ма?

Дж.: Өте сирек. Өткен шақта мұндай болған, келешекте де болуы ықтимал. Д.: Көлдің жанынан көргендер бар екен.

Дж.: Иә, оларды көрген. Олар көлден шығып тұрады. Бірақ оларды ұстай алмады. Себебі, олар өте сезімтал, түйсігіне қатты сенеді.


Д.: Оларды эхолокатор анықтады делінген. Бұл рас па?

Дж.: Иә, Лох-Несс көлінде қазір жеті құбыжық бар. Олар жартастың түбіндегі үңгірді мекендейді. Шетінен алып денелі. Балық жейді. Судың бетіне шыққанда кейбір адам оларды суретке түсірген.


Д.: Осындай жануарлар мекендейтін басқа жерлер бар ма?

Дж.: Африкадағы көлде осындай екі не үш жануар бар. Бұрын олар он екі болған. Амазонка ормандарындағы тропикалық көлде тағы екеуі бар. Төртеуі Оңтүстік-шығыс Азияның өзендерінде бар.


Д.: Бұл жануарлар қауіпті ме?

Дж.: Жоқ, олар қауіпті емес. Бірақ олар балық жейді, сондықтан судың ішіндегі адамды үлкен балық деп ойлап қалуы ықтимал.


Д.: Сол дәуірден бері аман келе жатқан басқа жануарлар бар деп едің?

Дж.: Иә. Олардың бәрі Лох-Несс құбыжығына ұқсамайды. Сыртқы пішіні бауырмен жорғалаушыларға ұқсайды. Кейбірі үлкен кесіртке сияқты.


Д.: Олар судың түбінде өмір сүре ме?

Дж.: Жоқ. Олардың көбісі суды мекен етеді. Өзен, көлде, үңгірлерде.


Д.: Бұларды динозавр дәуірінің қалдығы дедің ғой?

Дж.: Бауырмен жорғалаушылар дәуірінің.


Д.: Ал судың астында емес, жердің бетін мекендейтін осындай жануарлар бар ма?

Дж.: Олар қазіргі жануарларға эволюцияланды. Тек судың астын мекендейтіндер сол дәуірдегі қалпын өзгертпеді. Әзірге ұшатын бір тіршілік иесі бар, оны адамзат әлі білмейді. Оны келешекте білесіздер. Басқа сұрақ қоймаңыз. Бұл файл әзірге жабық. (Күлді).


Д.: Егер ол көлдің түбін мекендесе, неге оны көрмедік?

Дж.: Ол мейлінше көзге түспеуге тырысты.



Д.: Қалай?

Дж.: (Ол жымиды). Мен білмеймін. Бұл жабық ақпарат. Келешекте бұдан көбірек білетін боласыздар. Африкалық джунглиді мекендейтін, құрлықта өмір сүретін бір жануар бар. Тағы бірі Андыда бар. Шырақшы бұл ақпараттар сіздің әуестігіңізді туғызады дейді. Бірақ ақпараттар жабық. Ары қарай айта алмаймын.
ЙЕТИ НЕМЕСЕ ҮРЕЙЛІ ҚАР АДАМЫ

Брэнда: Өзінің эволюциясын тоқтатқан басқа да жануарлар бар. Оларды түрлі атпен атайды: Иети, Сасквоч, Бигфут, Қар адамы. Атауының түрлілігінен оны мұздығы бар түрлі таулы жерді мекендейтінін түсінуге болады. Олар адамдардан қорқады. Адамды алыс қашықтықтан сезеді. Басқа тіршілік иесін сезсе, тығылып қалады. Бір жағынан адамзатқа туыс сияқты, адамның інісі сияқты. Олардың зердесі дамиды. Егер қазіргі доминант түр оларға дамуға мүмкіндік берсе, ғаламшарда тағы бір саналы нәсіл жетілер еді. Бұл ғаламшарды да, түгел Галактикалық қауымдастықты да байытар еді.


Долорес: Олар қайдан шықты? Олар о баста біздің ғаламшарды мекендегендер ме?

Б.: Иә. Бөгде ғаламшарлықтар Жердегі өмірді дамытуға келгенде, олар бар еді. Олар қазіргі адам деп танылған саналы нәсілді жетілдіруге ықпал еткен. Осы нәсілді дамытқан кезде бөгде ғаламшарлықтар олардың күш көрсетуге бейімдігіне мән берген. Сонда қар адамын эволюцияласа, олар адамға параллельді түрде зорлықсыз дами алатынын байқаған. Сондықтан бөгде ғаламшарлықтар қар адамына да көмектесіп отырған. Осы қар адамы өзінің әлеуетін толық ашқанда, адам сияқты саналы нәсілге айналады. Осы екі нәсіл бір-біріне үйренісуі тиіс. Қар адамында адамға тән қатыгездік жоқ. Сондықтан ол өте сезімтал әрі қорқақ.


Д.: Бірақ олар адамнан гөрі баяу дамитын секілді?

Б.: Жоқ, олар тек кенжелеп қалған.

Д.: Олардың қатыгездігі туралы көп айтылады.

Б.: Әдетте олар адамдарды үркітуге тырысады. Адамдар бұлардың мазасын алмасын дейді. Әзірге олар адам сияқты ырғақпен дамып жатыр. Алайда олардың бойында кездейсоқ қатыгездік дамып кетпес үшін эволюциясын тежеуге тура келетін шығар. Дегенмен, өздерін аман сақтап қалу үшін оларға кейбір қатігез мінез аса қажет дейді. Себебі, көп қиындық кезінде адамға аман қалуға қатыгездік көмектескен еді.

Д.: Қалай болғанда да өте пассив болу – жақсы емес боп тұр ғой.

Б.: Солай.


Д.: Адам жерді игерген сайын оларды мекендейтін жерінен тықсыра қуып келе жатқан жоқ па?

Б.: Ол рас. Солай. Сол себепті адам мүмкіндік берсе, олар эволюцияланады деп отырмын. Бірақ олар жақсы тығылады. Бүкіл ғаламшарда өмір сүреді. Биік тауларды және тропикалық ормандарды мекендейді. Олар әр түрлі биіктікке, әр түрлі климатқа бейімделген. Бірақ оқшау мекендерді жақсы көреді.


Д.: Адамдар түсінбеген нәрседен қорқады. Бұл бізге тән мінездің бірі.

Долорес: Адамдар Сасквоч және Иети деп атайтын жаратылыстар туралы әңгімелер айтады. Менің не айтып тұрғанымды ол біле ме екен? Оларды түрлі атпен атайды.

Джон: Олар шынымен бар дейді.


Д.: Дүниенің түрлі түкпірінде өмір сүретін жануардың түрі ме?

Дж.: Жоқ, олар жануар емес. Оның айтуынша, адам секілді саналы жаратылыстар.


Д.: Олар туралы не айтып бере алады?

Дж.: Оның пікірінше, олар өте сезімтал әрі нәзік жаратылыстар. Олар табиғат рухына сезімтал. Сондықтан табиғатпен сіңісіп, көзге көрінбей кете алады. Олар адаммен байланыспайды. Себебі, қорқады. Табиғат рухы оларға адам ғаламшар мен оның ресурстарын бүлдірді деп айтады. Содан да олар адамдардан ашып жүреді. Бірақ оларға адамның тамағы ұнайды.

Д.: Дүниенің әр бұрышынан көрген әлгі жаратылыстар бір түрге жата ма? Дж.: Иә. Лемурияның күйреуінен кейін аман қалған примитив адамдар.

Д.: Сипаттауларға қарасақ, олар жануарға ұқсайтындай.

Дж.: Бір заманда біз де жануарға ұқсайтынбыз. (Күлді).


Д.: Яғни, олар эволюцияланбады. Денесі де өзгеріссіз қалды ма?

Дж.: Бір қарағанға олар эволюцияланды. Тек рухани және менталды деңгейде. Физиологиясы өзгермеді. Оның айтуынша, бұлар қорғауда жүрген нәсіл, қорғалатын азшылық. Олар төмен деңгейлі өмір пішіндерімен үйлесімге келе алады.


Д.: Оларды кім қорғап жүр?

Дж.: Табиғат рухы.

Д.: Сипаттауларға қарасақ, олар біз сияқты сөйлемейтіндей.

Дж.: Олар телепатиялық тұрғыда сөйлеседі. Сіздер сөйлегенде сөзді қолданасыздар. Сондықтан олар сіздерге дамымай қалғандай көрінуі мүмкін. Олар жануарлар сияқты буынға бөлінбейтін дыбыстар шығарады. Бірақ телепатиялық қабілеті адамнан артық дамыған. Шындығында сөз деген шектеу тудыратын құбылыс. Біздің өзгеге айтатын әр сөзіміз сол сөздің мағынасын ашатын белгілі бір құбылысқа қатысты ғана айтылады. Біз бір нәрсені айтсақ, тыңдарман өзінің түсінігі мен сол сөз туралы өз пайымынан оны басқаша түсінуі әбден мүмкін. Телепатиялық тұрғыда ойлағаныңыз әлгі адамға бірден сол күйі жетеді. Бұл вербалды тілдесуден кең түсінік. Біз, адамдар, вербалды тілдесумен шектелгенбіз. Бұл үлкен шектеу. Сол шектеуден асып түсуіміз керек.

Д.: Көп адам бұл жаратылыстарды қатыгез деп біледі.

Дж.: Жоқ, оның айтуынша, олар қатыгез емес. Бірақ жануарға тән кей мінезі бар. Олар адамнан қорқады. Олар эмоцияны қабылдай алады. Адамның аурасын сезеді. Егер өздеріне жамандық тигізерін сезсе, олар ашулануы мүмкін. Егер оларды тұйыққа тіресе, ашуланады. Ешкімге тығырыққа тірелген ұнамайды, мейлі ол адам болсын, жануар болсын.