Файл: 1 Ксіпорындар жне оларды тиімді басаруды экономикалы дістері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 08.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жалпы ұйымдастыру функциясында мынадай біршама дербес, бірақ өзара байланысты қызметтерді бөліп көрсетуге болады:

1. Басқару жүйесін ұйымдастыру;

2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру;

3. Басқару субъектісінің ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру.

Ұйымдастырудағы негізгі анықтамалар

Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлерінің күш-жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге, және оларды мейлінше жақсы атқаруға қабілетті ұйым құруға бағыттау болып табылады. Осы тұста төменгі анықтамаларға көңіл бөлуіміз қажет.

Өкілеттіліктер — ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш-жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге бағыттауда берілетін шектеулі мүмкіндік немесе құқық.

Делегирлеу — мақсаттардық орындалуына толық жауап беретін адамға еркіндік пен шешімдерді жузеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік — алда тұрған мақсаттарды орындау жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.

Делегирлеу тек қана өкілеттіліктер қабылданған кезде ғана жүзеге асады. Сондықтан жауапкершіліктің өзі делегирленуі мкүмкін емес. Өкілеттіліктерді беру процесі екі тұжырымдамаға негізделеді.

Классикалық тұжырымдама бойынша, ұйым арасында өкілеттіліктер жоғарыдан төменгі буынға беріледі және бұл басқару деңгейін анықтайды.

Басқаруды мамандандыру процесінің тереңдеуі басты жүйесін қиындатып, күрделі жүйелердің икемділігін талап етеді.

Осы тұста аталған құрылымдарға жаңа элементтер енгізіледі, олар мыналар:

— жоба бойынша басқару;

— өнім бойынша басқару;

— жаңалықтар енгізу қызметі;

— матрицалық құрылымдар;

Бағдарламалық — мақсаттық әдістемелерінің дамуына байланысты күрделі техникалық жүйелерді тиімді басқаруға бағытталған жобалық құрылым орын алады. Бұл құрылымда ғылыми-өндірістік қызметтің барлық саласындағы бүкіл бөлімшелер тікелей бағдарлама басшысына бағынады және бұл жағдай құрылымға артықшылықтар әкеледі.

Өнімнің мақыздылығы мен дара басшылық оны өндіру мен өткізудегі қатаң бақылауды орнатып, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Бәсеке жағдайы, технологиямен тұтынушылар талабына тез арада бейімделуге мүмкіндік туындайды.

Жаңалықтар тасқыны көп және үнемі болып жататын ұйымдарды жаңалықтар енгізу қызметі құрылады. Мұнда ағымдағы өндіріс сызықтық және функционалдық қызметтердің қарауына қалады да, бастамаларды жетістіктерді іздестіру барысы арнайы құрылған жаңалықтар енгізу бөліміне беріледі.


Ұйымдастырудағы мақсаттық басқару мен мамандандырылған бөлімшелерді басқарудың тиімді үйлесімін беретін бірден - бір құрал болып табылады.

2.2 Ұйымдық құрылымды құру
Ұйымдастыру процесі көп жағдайда ұйымның, мақсатына жауап бере алатын, анық ішкі жене сыртқы ортасына ықпал ететін тиімді құрылымды құрумен байланыстырылады.

Өзіміз білетіндей, басқарудың ғылым ретінде қальштасуында орын алған процестік, жүйелік, бихевиоралдық және жағдайлық көзқарастар құрылым құрған кезде қолданылады және де бір 1 бюрократтық деп аталатын көзқарас еқбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, жүрістұрыс ережелерінің болуымен сипатталады.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді:

1. Сызықтық және функционалдық басқарушылықтың арасында дәл шекараны анықтау;

2. Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;

3. Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің, арақатынасының сәйкестілігі;

4. Жұмыс барысын бақылаудың әсер етуі мен үздіксіздігі;

5. Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы.

Қазіргі басқару жүйесінің құрылымы мейлінше алуан түрлі, бірақ кез келген жүйенің негізіне сызықтық және функционалдық қағидалар алынған.

Осының негізінде әртүрлі икемделген құрылымдар пайда болады.

Сызықтық құрылым. Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) жоғары органдағы басқарманың (басшының) біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті нұсқаулар алады.

Соның нәтижесінде ол өзіне

• бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару функцияларын дербес атқаратын болады.

Басқару функцияларының дамуы мен күрделене түсуіне байланысты линиялық құрылым тиімділік және қарапайымдылығына қарамастан, кемшілікке ие болыр отыр. Бұл проблема мынада; басшы өзіне бағынышты буындардың жұмысы барлық мәселелерін білетін болуға тиіс, ал мұның өзін жүзеге асыру қазіргі уақытта іс жүзінде мүмкін емес.

Басқарудың функционалдық құрылымы ілгері қарай жоғарылаған зор қадам болды. Ол өндіріс ауқымының ұлғаюының, техникалық негізінің күрделілене түсуінің болмай қоймайтын нәтижесі еді.

Фабриканы басқару үшін басшылық қағидасы ретінде бірінші Ф.Тейлор ұсынған функционалдық ұйымдастыру басшылардың мамандандырылуын енгізді. Функционалдық құрылым бойынша басқару саласында негізгі өндірістік бөлімдермен қатар, функционалдық қызмет көрсететін жоспарлау, жабдықтау, қаржы, еңбек ақы, кадрлар т.б. бөлімдер құрылып жұмыс жасайды.


Мақсатты орындайтын бағдарламалық бөлімдер мен олардың бас-шылары орын алады. Мұның өзі бағдарлама басшыларының міндеттерді жүзеге асыруда орындалу мерзімін және мүмкіндіктерді тура бағалап, іздестіру, жаңалықтар енгізу мен еркін әрекет етуіне жағдай жасайды, Сонымен қатар, көлбеу басшылықтың арқасында бөлім басшыларының мамандарды еркін ауыстыруы, тиімді пайдалануы және тиісті жұмыстармен толық қамтамасыз етуі арқылы барлық қызметтерді мұқият ұйымдастыруға жағдай жасалынады.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеу дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға болады.

Реттеу— бұл экономиканық өсуіне жағдай жасауға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі экономикаға мемлекеттің араласуы басқару кадрларының құрылуына, мәліметтер технологиясының дамуына, экономикалық ғалымдардың қолданбалы сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызды.

Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Онық біріншісі —
тура жолмен, яғни әкімшілік-әміршілдік, ал екіншісіне — жанама жолмен (салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер, субсидиялар және т.б.).

Бұрынғы одақ республикаларының өткен жылдарғы тәжірибелерінің зерттеулері негізінде әкімшілік-әміршілік әдісінен мемлекетті реттеу қажетті нәтижеге жету үшін тиімсіз екенін көрсетті, яғни тура әсер етудің жанама әсер ету шараларымен үйлесімділігінің қажет екенін айқындады. Тура және жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдердің экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңірек зерттегенде көруге болады. Қазіргі жағдайда капиталистік мемлекет амортизациялық есептен шығару мерзімін белгілейді, капиталдың шығарылу көлемін анықтайды, тауар әкелуге сандық шектеулер мен кедендік салық енгізеді, жұмыс күнінің ұзақтығын шектейді, мемлекеттік стандартты белгілейді және т.б. Бұл шараларда мемлекет экономикаға тек қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді, ол — өзінің жеке капиталын қоспайды және қазынадан қаражат алмайды.

3 Кәсіпорындарда басқарудың тәсілдерін жетілдіру жолдары

3.1 Кәсіпорында басқару шешімдерін қабылдауды жетілдіру

Басқару процесінде жетекшінің атқаратын негізгі және жауапкершілікті функциясы - шешім қабылдау болып табылады.

Басқару тиімділігі басқарылатын шешімнің дұрыстығы мен уақытылы қабылдануына байланысты. Интенсивті экономиканың дамуында жиі белгісіз жолдармен жүруге эксперименттеуге тура келеді. Сондықтан тәуекелділік болмай қоймайтын басқарылатын тиімді өңдеу қабілетті болуы керек.

Осындай шарттарда өндірісті басқару шешімдері ерекше жауапкершілікпен, яғни оны өңдеуде қиындық өсе түседі, ерекшеленеді.

Басқарылатын шешім - директивті құжат, коллективтің қызметінің бірігіп ұйымдасуы, бағытталуы және ынталануы;

Шешім бірнеше белгілер бойынша топталады: мазмұны бойынша (экономикалық, мәліметтік, саяси, ұйымдастырулық); басқару деңгейі бойынша (мастердің, цех бастығының, директордың, бас директордың министрдің шешімі); түрі, мерзімі бойынша және т.б. Бүкіл кәсіпорынға қатысты жалпы шешім болуы мүмкін, мысалға кәсіпорынның жаңа өнім өндіру үшін бүкіл құрылымын қайта өзгертіп құрастыру немесе бір бөлігін қандай-да бір ішкі жүйенің жұмыс тәртібін өзгертуде қабылданады. Кейбір шешімдер сыртқы ұйымдарға (мысалға коперативті байланыстың өзгеруіне қатысты) арналған. Шешім оперативті және стратегиялық болып бөлінеді. Оперативті шешімдерде негізінен мерзім, бөлек сандық параметрлер, нақты орындаушылар өзгере-ді және де бір жағынан
жалпы есептеулер, технология, жалпы кадрлар бұрынғы қалпында болады. Мұндай шешімдер тез қабылдады, қосымша дайындықты мысалыға кәсіпорын қысқа дайында бұйрығы, жақсы жұмысшыларды мадақтау қажет етпейді. Стратегиялық шешімдер шығармашылық сипатта болады. Олар тек сандық емес сонымен өндіріс құрылысына сапалы өзгерісін қарастырады. Мұндай шешімдер талдаудың, іздеудің, есептеудің, үлкен топтың ойлары мен даула-сулардың пайда болуына септігін тигізді. Топқа қызмет бабына байланыссыз жұмысшылар, новаторлар қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Кәсіпорынның мақсатына сәйкес басқару жүйесінің қабылдаған әрі басқарылатын шешімі келесі талаптарға сай келуі керек: оның мақсатын болуы (келісімше жағдайда тиянақты ақыл-ойлы шешімін қабылдау мүмкін емес); тиянақты болу, яғни көптеген мүмкіндіктерді ішінен мативті біріктіретін дәл осы шешімді таңдауға ықпал ететін есептеу негіздерін, сандардан құралған. Мекен-жайы және орындалу мерзімі болуы керек, яғни нақты орындалуына және нақты шешімін орындалу мерзімін білу керек; қарама-қайшылықсыз болу; яғни ішкі және сыртқы жағдайдың, болған және болатын шешімін жан жақты бірлесуі.

Құқыққа сай болуы, яғни жетекші бұйрығына мен уәкіліне, нормативтік құжаттарға, құқықтық актілерінің қойған талаптарына сүйенеді және де жетекшілердің жұмысшылардың құқықтары мен міндеттерін ескереді.

Тиімді болу, яғни күтілген барлық жиынның қатынасының мүмкігдігінше жақсы болуы; нақты болуы, яғни қашан, қалай және қай жерде істеу керек деген сұрақтарға жауап беру керек. Уақтылы болуы, яғни шешімнің іске асырылуында қойылған мақсатын орындалуы мүмкін икемді, қысқа, нақты болуы керек, орындаушыларға ешқандай қосымша түсіндірмелерсіз түсінікті болуы қажет.

Шешім - жетекшінің еркін іс-әрекетінің маңызды бір кезеңі. Шапшаң дұрыс және нақты шешім жетекшінің ойлау қабілетіне, оның жеке қасиетіне (батылдық, ынталық, мықтылық оған қойылғын міндеттерді өз бетінше орындауға талпыну) және ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Қазіргі шешім қабылдау үшін көптеген ғылыми әдістер бар, жетекшілер шешімді тиянақты қабылдау үшін мүмкін вариантын ішінен жақсысын таңдауға мүмкіндігі бар. Кәсіпорындарды басқаруда бұл әдістер әліде толығымен қолданылмады. Есептеу техникасының пайда болуы және өндірісті басқару ғылымының дамуындағы жеткен жетістіктер шешім қабылдауда тек қана өнерді емес, сонымен қатар ғылымды да қолдануға мүмкіндік туғызды. Жетекшілер қабылдаған шешім қабылдау әдісін ақыл-оймен үйлестіру керек, негізі логикалық ойлауға, тажірибе мен интуицияға, ғылыми басқару тәсіліне, электронды есептеу машинасына сүйену керек. Шешім қабылдау теориясы басқару жөніндегі ғылымның дербес бөлігі ретінде құрылуына аз уақыт болды. Ол бірнеше бағытта дамиды. Осындай бағыттардың бірі болып шешім қабылдау процесінде математикалық модельдестіруді қолданады.