Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
оны қошқарға кигізе алмайды.

Сондықтан мен өзімнен сұраймын: оның ғаламшарында не болып жатыр екен? Мүмкін қошқар раушан гүлді жеп қойды?

Кейде мен өзіме айтамын:

«Жоқ, әрине, жоқ! Кішкентай ханзада үнемі түнге Раушан гүлін шыны телпекпен жауып қояды, және қошқардың сыртынан мұқият қадағалап жүреді...».

Сонда өзімді сондай бақытты сезінемін. Жұлдыздар да ақырын ғана маған жымияды.

Ал кей кезде мен өзіме айтамын:

«Кейде өзіңнен-өзің салғырт боласың... сонда бәрі болуы мүмкін ғой! Мүмкін ол бір кештерде Раушан гүліне шыны телпегін жабуды ұмытып кетті, әлде қошқар түнде ақырындап босап кетті де...», онда қоңыраулар бәрі менімен қосылып жылай бастайды...

Мұның бәрі ғажайып және түсініксіз.

Сізге, менімен бірге Кішкентай ханзаданы сүйіп кеткен жандарға, маған тәрізді Жалған Дүниенің қайсы бір түпкірінде Сіз ешқашан көрмеген қошқар, мүмкін, Сізге мүлдем таным емес Раушан гүлін жеп қойғаны бәрібір емес: біз үшін бүкіл Әлем өзгеше болып көрінеді.

Аспанға қарап, өзіңізден сұраңызшы: «Тірі ме әлде жоқ па әлі сол Раушан гүл? Мүмкін оны қошқар жеп қойды?» сонда өздерің де көресіңдер – бәрі де өзгереді...

Мұның қаншалықты маңызды екендігін ешбір ересек, ешқашанда түсінбейді!

Кішкентай ханзада

Антуан де Сент-Экзюпери


Меніңше, бұл жер - Әлемнің ең сұлу және ең мұңлы орындарының бірі. Бұл шөлдің бөлігі алдыңғы бетте де суреттелген, бірақ мен оны қайталап салдым, себебі, сендер оны мұқият қарап алсыңдар, деймін.

Тура осы арада Кішкентай ханзада алғаш рет Жерге қонды және сосын жоғалып кетті.

Бір кездерде сендер Африкаға немесе шөлге барып қалатындай жағдайда болсаңдар, осы орынды нақтылап ажырата алатындай болу үшін, дұрыстап қарап алыңдар.

Егер сендерге тура осы жерден өтетін сәт кезігеді, өтінемін, асықпаңдар, сәл кідіре тұрыңдар осы Жұлдыз астында!

Ал егер сендердің қасыңызға кішкентай алтын шашты бала келеді, егер ол сыңғырлап күледі және сендердің сұрақтарыңа мүлдем жауап бермейді, сендер, әрине, түсінесіз, оның кім екенін.

Мұндай жағдайда – сендерден қатты өтінемін – менің мұңымды басуды ұмытпаңдар, тезірек оның оралғаны жайлы маған жазып жіберіңіз...
Верт Леонға

Кішкентай ханзада




Антуан де Сент-Экзюпери