Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- Бірақ көз соқыр ғой.

Жүрекпен іздеу керек.

Мен су іштім. Тынысым жеңілденді.

Таңсәріде құм бал алтын түсіндей болып көрінеді екен.

Мен өзімді осыдан да бақытты сезіндім.

Ендеше неге менің көңілім біртүрлі құлазып тұр?..

- Сен сөзіңде тұруға тиіссің, - қайта жаныма жайғаса отыра кетіп, жұмсақ дауыспен айтты Кішкентай ханзада.

- Қандай сөз?

- Есіңде ме, сен үәде бергесің ... менің қошқарыма ауыздық... Мен өз Гүліме жауаптымын ғой.

Мен қалтамнан суреттерімді алып шықтым. Кішкентай ханзада оларды қарады да сыңғырлай күле бастады:

- Сенің баобабтарың қырыққабатқа ұқсас қой...

Мен ше салған баобабтарыма ішімнен мақтанып жатсам!

- Сенің түлкіңнің құлақтары... тура мүйіздей! Және қандай ұзын!

Ол қайтадан күлді.

- Сен маған әділ емессің, досым. Мен ешқашанда сурет сала білген де жоқпын –тек айдаһар - жыланын ғана суретін болмаса, оны да әшейін іштен және сыртынан алғандағы суреттерін салдым ғой.

- Оқасы жоқ, - деді ол маған. Балалар онсыз да бәрін түсінеді.

Сосын мен оған қошқарға арналған ауыздықтың суретін салып бердім. Мен суретімді Кішкентай ханзадаға бердім, сол мезетте менің жүрегім, оны бірдеңе қысып бара жатқандай болып, шымырлап ауырып кетті.

- Сен маған айтпастан бірдеңе ойланып жүрсің, сірә...

Бірақ ол маған жауап берген жоқ.

- Білесің бе, - деді ол, - ертең сендердің Жерлеріңе келгеніме тура бір жыл толады...

Ол үндемей қалды. Сосын қосты:

- Мен құладым осы арадан өте жақын жерде...

Беті қызарып кетті.

Тағы, білмеймін неге екенін, көңілім сыздап жөнелді.

Дегенмен, мен сұрадым:

- Сонда, апта бұрын, біз алғашқы танысқан таңда, сен осы, адамдардың тұрғын үйлерінен мыңдаған мильдер алшақ жерде, сенің менімен кезіккенің кездейсоқ болмағаны ғой? Сен құлаған орыныңа оралып келе жаттың ба?

Кішкентай ханзада бұрынғыдан зор қызарып кетті.

Мен қобалжып, қостым:

- Мүмкін бұл жылға жақындаған соң, шығар?..

Ол қайтадан қызарды.

- Сен менің бір де бір сұрағыма жауап қайтармадың, бірақ қызарғаның, бұл «ия» дегенді бегілемей ме?

- Мен қорқамын..., - бір күрсініп, бастадым мен.

Бірақ ол айтты:

- Саған жұмысыңды қолға алатын уақыт келді. Өз көлігіңе қарай бар. Мен сені осы жерде күтетін боламын. Ертең кешке оралатын бол...

Дегенмен де, менің көңілім орынына түспеді.

Мен Листың сөздерін есіме түсірдім.

Өзіңді қолға үйретуге рұқсат берсең, кейін жылайтын жағдайлар да болады.

Құдықтан жақын жерде көне тас қабырғаның үйінділері сақталған екен. Келесі кеште, жұмысымды аяқтап, мен сонда қайта оралып келе жатқанымда, алыстан қабырға үстінде екі аяғын бос жіберіп, селкілдетіп отырған Кішкентай ханзаданы көзім шалды.


Мен оның дауысын естідім:

- Сен ұмыттың ба? – айтып жатты ол. – Бұл мүлдем осы арада болған жоқ.

Сірә, оған біреу жауап берді, себебі ол келіспеді:

- Ия, бұл тура бір жыл бұрын болды, күн бе күн. Бірақ басқа жерде...

Мен жүрісімді жылдамдаттым.

Қабырға маңынан мен енді ешкімді көрмедім де, естімедім де.

Сол уақытта Кішкентай ханзада қайтадан біреуге жауап берді:

- Ия, әрине. Менің іздерімді сен құм үстінен тауып аласың. Осында күт. Бүгін түнде мен осында келемін.

Қабырғаға дейін жиырма метрдей қашықтық қалды, бірақ мен әлі ештеңе көре алмадым.

Азғантай үнсіздіктен кейін Кішкентай ханзада сұрады:

- Сенің уың жақсы ма? Мені көп қинамайсың ба?

Мен тоқтай қалдым, жүрегім бір уыс болып жиырылып қалды, бірақ түбіне дейін жетіп түк түсіне алмай тұрдым.

- Енді бар, кет, - деді Кішкентай ханзада. – Мен төменге секіргім келіп тұр.

Төменге қарап қалып едім, сол мезетте ұшып тұрдым!

Төменде, қабырға түбінде, басын Кішкентай ханзадаға бұрып, иіріліп, дөңгелене бір сары жылан жайғасып алыпты.

Бұл жыланның түрі - тістегені жарты минутта адамды тәйкесінен ұшыратын улы жыландардың бірі еді.

Қалтамдағы револьверімді ұстай, мен оған қарсы жүгіре жөнелдім, бірақ жылан менің жүрісімді естіген бойы үнсіз құм арасында иіріліп, өлгелі ағып жатқан өзен қолы сияқты, сәл ғана естілетін металдық дыбыспен ешбір асығыссыз ақырын ғана тастардың арасында жоғалып кетті.

Мен қабырғаға дейін дәл уақытында жеттімде, құлап бара жатқан Кішкентай ханзадамды ұстай алдым.

Оның түрі қардан ақ еді.

- Сен не ойлайсың, балақай! – дауыстадым мен. – Жыландармен несіне сөз сөйлесесің?

Мен оның күнделікті алтын түсті шарфын босаттым.

Шекелерін сумен ысқылап жібердім де су ішуге мәжбүрледім.

Бірақ әрі қарай оны сұрақ астына алуға қорғаладым.

Ол маған мұқият қарады да мойынымнан екі қолдап айқыра құшақтады. Оның жүрегінің әр атылған құстың жүрегінің дүрсіліне ұқсас дүрсілі маған жақсы естіліп тұрды.

Ол айтты:

- Машинаның ақауын таба алғаныңа қуаныштымын. Енді сен үйіңе орала аласың...

- Сен қайдан білесің?

Мен оған жаңа ғана күткендердің ойына қарсы - ұшағымды жөндеуге күшім жеткені жайлы айтайын деп отыр едім!

Ол жауап қатпады, тек айтты:

- Мен де бүгін үйіме ораламын.

Сосын қайғылы дауыспен қосты.

- Бірақ бұл өте алыс... және тым ұзақ...

Бәрі ерекше болды.


Мен оны кішкентай баланы сияқты кеудеме қатты қысып алдым, бірақ маған ол уысымнан шығып бара жатқандай, ал мен ше, оны ұстап қала алмай жатқандай болып көрінді...

Ол үнсіз алысқа қарап отырды.

- Менде сенің қошқарың қалады. Және қошқардың жәшігі. Және ауыздығы...

Ол сәл күлімсіреді.

Мен ұзақ күттім. Ол өзіне - өзі келгендей болды.

- Қорқып кеттің ба, балақай...

Қорықпағанда ше!

Бірақ ол сәл күлімсіреді:

- Бүгін кешке әлде қайда қорқынышты болады...

Жүрегімді қайтадан нөсердей жақындап келе жатқан қауіп мұздатты.

Енді қайтып оның күлкісін естімеуім мүмкін бе?

Оның бұл алтындай сыңғырлап шашылған күлкісі – мен үшін тура шөл арасындағы бұлақтай болып еді.

- Балақай, мен сенің сыңғырлаған күлкіңді тағы естігім келеді...

Бірақ ол айтты:

- Бүгін түнде тура бір жыл толады. Жұлдызым мен осыдан бір жыл бұрын құлаған орынымның қарсысына тоқталады...

- Тыңдашы, балақай, жылан да, жұлдызбен кездесу де – мұның бәрі жай, әшейін, нашар түс, солай ғой?

Ол тіл қатпады.


Маленький принц



Антуан де Сент-Экзюпери
- Бәрінен маңыздысы – көзбен көргенде емес... – деді ол.

- Ия, әрине...

- Бұл Гүлмен сияқты жағдай.

Егер басқа, алыс жұлдызда өсіп жатқан Гүлді сүйесің, түңгі аспанға қараған өте жақсы. Барлық жұлдыздар жайнап тұрады.

- Ия, әрине...

- Бұл сумен жағдай сияқты.

Сен маған су ішуге бергеніңде, ол су мен үшін ән болып көрінді, оның бәрі айналдырғыш пен жіптің арқасында... Есіңде ме? Ол сондай жақсы болды.

- Ия, әрине...

- Түнде сен жұлдызды аспанға көз тастайсың.

Менің жұлдызым тым кішкентай, мен саған оны көрсете алмаймын.

Бұл дұрысырақ. Өйткені ол сен үшін жұлдыздардың бірі болады.

Сонда сен жұлдыздарға қарағанды ұнататын боласың...

Олардың бәрі сенің достарыңа айналады.

Және сосын мен саған тағы бір нәрсе сыйлаймын...

Ол күліп жіберді.

- Ах, балақай, балақай, қалай мен сенің шуақтай кұлкіңді сүйемін!

- Міне, бұл менің саған деген сыйлығым болып еді... Бұл сумен сияқты болады..

- Ол қалай?

- Әр адамның өз жұлдыздары болады.

Біреулері – жолаушылар – жұлдыздар оларға жол көрсетіп, бағыттап тұрады. Басқалар үшін жұлдыздар - қарапайым оттар.

Ғалымдар үшін жұлдыздар – шешімін табу қажет ететін есептер.

Менің іскерім үшін – олар алтын.

Бірақ олардың барлығында – жұлдыздары үнсіз, мылқау.


Сенің жұлдыздарың ғана мүлдем ерекше болады...

- Қалайша?

- Сен түңгі аспанға қарайсың, ал онда, шашылған жұлдыздардың арассында, сен менің тұрып жатқан, күліп жүрген жұлдыздың біреуі барын білесің, сонда сен барлық жұлдыздардың күлкісін ести аласың.

Сондықтан сенде күлетін жұлдыздар болады!

Ол өзі де күле жөнелді.

- Ал кейін, көңілің сабыр тапқанда (соңында бәрі де сабырланады), сен менімен бір кезде танысқаныңа қатты қуанасың.

Сен мәңгі менің досым болып қала бересің.

Сен менімен бірге күлгің келіп кетеді.

Кей кездерде сен, міне, тура осылай терезені айқыра ашып жібересің, мұның өзі саған сондай ләззат сыйлайды...

Достарың сенің аспанға қарап күліп тұрғаныңа қарап, қызықтайды.

Ал сен ше, оларға: «Ия, ия, мен жұлдыздарға қарағанда ылғи күлемін!», дейсің. Сонда олар сені есінен ауысқан шығар деп ойлайды.

Міне қалай мен сені мысқылдаймын.

Ол қайтадан күліп жіберді.

- Мен саған жұлдыздардың орнына бір шоқ сыңғырлаған қоңырауларды сыйлағандай болдым...

Ол тағы да күлді. Сосын мұқият болып кетті:

- Білесің... бүгін түнде... сенің келмегенің дұрыс болады.

- Мен сені қалдырмаймын.

- Саған мені қатты ауыртып... тіпті мен өліп бара жатқандай болып көрінеді. Ол солай болады. Келме, керек емес.

- Мен сені қалдырмаймын.

Бірақ ханзаданың өзі бірдеңеге алаңдап тұрды.

- Көрдің бе... бұл тағы жыланға байланысты. Егер ол сені де тістеп алса... Жыландар өте ызалы және бұзық қой.

Біреу-міреуді тістеп алу олар үшін қызықты іс.

- Мен сені қалдырмаймын.

Бір мезетте ол сабырына түсті:

- Шынында оның екі адамға уы жетпейді ғой...

Ал түнде оның қалай жанымнан кетіп қалғанын мен аңғармай қалыппын.

Сірә, ол дыбыссыз жылжып кетті.

Мен оны қуып жеткенімде, ол жылдам, нық қадам басып бара жатыр екен.

- А, бұл сенсің бе, - деді ол.

Сосын ол мені қолымнан алды. Бірақ оны бірдеңе мазалай берді.

- Бекер сен менімен келе жатырсың. Маған қарау сен үшін өте аянышты, ауыр болады. Бірақ шынында олай емес. Саған мен өліп бара жатқандай болып көрінеді...

Мен үн қатпадым.

- Көрдің бе... бұл өте алыс. Менің денем тым ауырлау. Мен оны әкете алмаймын.

Мен үндемедім.

- Мен үшін бұл ескі теріні лақтырғанмен бірдей. Оның мұңлы ештеңесі жоқ...

Мен тіс жармадым.

Ол шамалы түңіле бастады. Бірақ тағы бір әрекет жасап көрді:

- Білесің, бұл сондай керемет болады.


Мен де жұлдыздарға қарайтын боламын.

Сонда жұлдыздардың бәрі маған дәл сол ескі сықыр-сықыр еткен айналдырғышы бар құдықтардай болып көрінеді.

Жұлдыздың әр қайсысы менің шөлімді басатын болады...

Мен үндемедім.

- Ойланшы, бұл қалай қызықты!

Сенде бір уақытта бес жүз миллион сыңғырлаған қоңыраулар, ал менде ше – бес жүз миллион бұлақ пайда болады.

Кейін ол да үндемей қалды, себебі жылады...

- Міне, біз келдік. Әрі қарай маған соңғы бір қадамды жалғыз өзіме жасауға мүмкіндік бер.

Осы мезетте ол қайта үндемей қалды, өйткені қайта жылады...

Ол құм үстіне отыра кетті, себебі ол қорқып тұрды.

Сосын ол айтты:

- Білесің... менің Раушаным... мен оған жауаптымын ғой.

Ол сондай нәзік! Және сондай қарапайым.

Оның қорғануға жарамды төрт тікенегінен басқа өмірдің зұлымдығынынан қорғанатын ештеңесі де жоқ...

Мен де отырдым жанына, өйткені аяқтарым ұстамады. Ол айтты:

- Жарайды... осымен болды...

Бір мезет кідіріп тұра - тұрды.

Ол бір-ақ қадам жасады.

Мен болса - қозғала алмадым.

Сары найза тәрізді бірдеңе жарқ етті оның аяқтарының маңында.

Қас қағым сәт ол қозғалмастан тұра берді.

Дыбысы шыққан жоқ.

Сосын құлады – баяу, меніңше, дәл солай ағаштың діні омырылады.

Баяу және үнсіз, өйткені құм қайсы бір дыбыстардың үнін жоғалтады.

Содан бері өтті кемінде алты жыл... Мен бұл оқиға жайлы әлі ешкімге мәлімдеген жоқпын.оралғанымда, достарым менің тірі және сау көргеніне қатты қуанды.

Көңілім мұңайып кеткенде, мен оларға:

- Әшейін, шаршадым... - деп айтатынмын.

Дегенмен, уақыт өте келе, біртіндеп, менің де көңілім сабыр тапты. Шынымды айтсам... толық емес.

Бірақ білемін, ол өз ғаламшарына оралды, себебі таң атқанда, құм үстінен мен оның денесін таба алмадым ғой.

Соншалықты ол ауыр емес-ті.

Ал түңгі кезде мен жұлдыздарды тыңдауды ұнатамын. Олар бес жүз миллион сыңғырлаған қоңыраулардай...

Маленький принц



Антуан де Сент-Экзюпери

Таң қалдыратыны.

Қошқарға ауыздық суреттегенім де, мен оған қажетті белбеуді салуды ұмытып кетіппін ғой!

Кішкентай ханзада