Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Келесі күні Кішкентай ханзада қайтадан сол жерге келді.

- Үнемі бір кезде келіп отырсаң тіпті жақсы болар еді, - өтінді Лис. – Міне, мысалы, егер сен төртте келетін болсаң, мен сағат үштен бастап өзімді бақытты болып сезінер едім. Және де, уақыт жақындаған сайын, одан әрі бақытты болып сезінемін. Сағат төртте мен қобалжып іздей бастаймын.

Сонда мен бақыттың құндылығын түсінемін. Егер сен әр уақытта келетін болсаң, мен жүрегімді бақытты қабылдауға қай сағатқа дайындауды білмеймін...

Дәстүрді сақтауға тырысу керек.

- Ал дәстүр деген не? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Бұл да көптен бері ұмытылған бірдеңе, - түсіндірді Лис. – Бір күнді өзгелерден ерекшелендіретін, бір сағатты басқаларға ұқсас етпейтін сондай бір түсінік.

Міне, мысалы, менің аңшыларымда мынадай салт бар: әр бейсенбі сайын олар ауыл қыздарымен би билейді.

Сондықтан бейсенбі сондай керемет күнге айналады! Мен ол күні алаңсыз саяхатқа шығамын да, жүзім орманына дейін барып қайтамын.

Егер аңшылар кез келген күні би билей берсе, мен мүлдем демалуға жағдайым болмай, барлық күндер бір - бірінен айырмашылығы болмай кетер еді.

Осылай Кішкентай ханзада Листі қолға үйретті.

Сосын қоштасатын күн де келді.

- Сені сағынғаннан жылайтын боламын, - күрсінді Лис.

- Оған сен өзің кінәлісің, - деді Кішкентай ханзада. – Мен сенің жүрегіңді ауыртқым келмеп еді ғой, - сен өзің менің қолға үйреткенімді талап еттің...

- Ия, дұрыс, - келісті Лис.

- Бірақ сен жылайсың ғой!

- Ия, дұрыс, - тағы да келісті ол.

- Сонда сен үшін бұл нашар ғой.

- Жоқ, - қарсыласты Лис. – Бәрі жақсы. Менің егістік алаңы жайлы сөзімді есіңе түсірші.

Ол үн қатпай қалды. Сосын қосты:

- Тағы бір рет раушан гүлдерге мұқият қарап көрші.

Сонда сен түсінесің – сенің Раушан гүлің – дәл осындай түрде - Әлемдегі кездесетін жалғыз раушан гүл.

Ал менімен қоштасуға оралғаныңда мен саған тағы бір құпияны ашамын. Бұл менің саған деген сыйлығым болады.

Кішкентай ханзада раушан гүлдерге тағы бір мұқият қарады.

- Сендер менің Раушан гүліме мүлдем ұқсамайсыңдар, - деді ол оларға. - Сендер әлі ештеңесіз, ешкімдікісіз. Сендерді әлі үйретілмегенсіңдер және өздерің де ешкімді қолға үйретпегесіңдер.

Дәл осындай менің Лисым да бұрын болып еді. Оның жүз мың басқа түлкілерден ешқандай айырмашылығы болмап еді.

Бірақ мен онымен достастым
, сондықтан енді ол мен үшін бүкіл Әлемдегі жалғыз досым Лис болды.

Раушан гүлдер қобалжып қалды.

- Сұлу болғандарың не, іштерің қуыс болғасын, - жалғастырды Кішкентай ханзада. – Сендер үшін өмір қиюға барғың келмейді.

Әрине, кездейсоқ жолаушы бір көргенде менің Раушан гүлімнің сендерден ешбір айырмашылығы жоқ деп ойлауы мүмкін.

Бірақ ол мен үшін сендердің барлығыңнан да қымбат.

Өйткені, мен сендерді емес, оны күн сайын суарып отырдым. Сендердің емес, оның үстінен шыны телпек жауып әурелендім.

Оны шаршамастан шымылдықпен желден көмкеріп отырдым.

Ол үшін көбелек өссін деп екеу - үшеуін ғана қалдырып, қырықаяқтарды өлтіріп жүрдім.

Оның мұң - мақтанышын тыңдап, тіпті оның үн қатпай қалғанын тыңдаушы едім.

Өйткені, ол – менікі.

Сосын Кішкентай ханзада қайтадан Лиске оралды.

- Қош бол... - деді ол.

- Қош бол, - айтты оған Лис. – Міне менің құпиям: ол тым қарапайым: Жүрек қана зерек болады. Ең маңыздысын көзбен көре алмайсың.

- Ең маңыздысын көзбен көре алмайсың, - жадына жақсы тоқып алу үшін қайталады Кішкентай ханзада.

- Раушан гүліңе бүкіл жүрегіңмен берілген соң - ол сен үшін өте қымбат.

- Себебі мен оған бүкіл жан-тәніммен берілдім... – жақсы есте сақтап қалу үшін қайталады Кішкентай ханзада.

- Адамдар бұл ақиқатты мүлдем ұмытты, - деді Лис. – бірақ сен ұмытпа: қолға үйреткендерің үшін сен мәңгі жауапты боласың. Сондықтан сен де Раушан гүліңе жауапты боласың.

- Мен Раушан гүліме жауаптымын... – қайталады Кішкентай ханзада ешқашан ұмытпас үшін.
- Қайырлы күн, - деді Кішкентай ханзада.

- Қайырлы күн, - дауыс берді бағдарлаушы.

- Сен мұнда не істеп жатырсың? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Жолаушыларды іріктеп жатырмын, - жауап қайтарды бағдарлаушы.- Мен оларды бір уақытта мың адамнан біреулерін поезбен - оңға, екіншілерін - солға қарай жіберіп жатырмын.

Жүргек поезы, терезелері жарқ-жұрқ, доңғалақтары тарс-тұрс етіп өте шықты да, бағдарлаушының күркесі сілкілдеп артта қалып қойды.

- Қалай асығады, - таң қалды Кішкентай ханзада. – Сонда олар не іздеп жатыр?

- Оны жүргізушінің өзі де білмейді, - деді бағдарлаушы.

Осы арада у-шумен қарсыдан тағы бір жүргек поезы өте шықты.

- Енді не, олар қайта оралып жатыр ма? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Жоқ, бұл басқалары, - деді бағдарлаушы. – Бұл қарсы поез.

- Болған жерлерінде ұнамады ма?

- Біз жоқ жер үнемі жақсы болып көрінбей ме, - жауап берді бағдарлаушы.

Осы кезде сатыр-сұтыр етіп үшінші жүргек поезы өте шықты.


- Бұлар не, алдыңғыларын қуып жеткісі келе ме? – сұрады Кішкентай ханзада.

- Олар ештеңе қаламайды, - деді бағдарлаушы. – Олар не вагондарында ұйықтап жатыр, әлде жай есінеп отыр. Тек балалар ғана мұрындарын терезелерге тіреп отыр.

- Балалар ғана іздегенін біледі, - үндеді Кішкентай ханзада. – Олар бүкіл жан-тәнімен мата қуыршаққа беріледі, оның оларға өте - өте қымбат болатындығы соншалықты, мата қуыршақты тартып алсаң, олар жылай бастайды.

- Олардың бақыты, - деді бағдарлаушы.
- Қайырлы күн, - деді Кішкентай ханзада.

- Қайырлы күн, - жауап қайтарды саудагер.

Ол шөл басатын қасиеті бар жетілдірілген дәрілерді сататын. Ондай дәріден жұтсаң, сосын бір апта бойы сусамайсың.

- Сен оны не үшін сатасың?

- Олардан уақыт үнемделеді, - жауап берді саудагер. – Мамандардың есептеуінше, аптасына елу үш минут үнемдеуге болады.

- Сонда осы елу үш минутта не істеуге болады?

- Не қаласаң – соны.

«Менің бос елу үш минутым болса ғой, - ойланды Кішкентай ханзада, - мен жай ғана бұлақ басына барар едім...».
Мен жол апатына іліккеннен бері бір апта өтті.

Сондықтан дәрі сатушы саудагері жайлы әңгіме тыңдап жатқанымда соңғы су тамшысын ішіп қойдым.


- Ия, - дедім мен Кішкентай ханзада, - сенің әңгімелерің, әрине, қызықты, бірақ мен әлі өз ұшағымды жөндеп болған жоқпын, менің бір тамшы суым қалмады, сондықтан мен дәл осы қазір бұлақ басына баруға мүмкіншілігім болса ғой, мен де бақытты болар едім.

- Мен достасқан Лис...

- Қарағым, мен дәл осы уақытта Листі ойлауға шамам жоқ!

- Неге?

- Себебі қазір шөлден өлетін, шығармын...

Олардың арасында қандай байланыс бар екенін ол түсінбеді.

Сондықтан қарсыласа айтты:

- Жақсы, досың болса, өлуге де болады. Мен, мысалы, Лиспен дос болғаныма қуаныштымын...

«Қаншалықты қауіпті екенін ол түсіне алмайды. Ол ешқашанда ашығып, шөлге шалдыққан жоқ. Оған күн сәулесі жеткілікті...»

Мен мұны дауыстап айтқан жоқпын, тек осылай ойладым.

Бірақ Кішкентай ханзада маған қарады да, айтты:

- Менің де су ішкім келіп тұр... жүр, құдық іздеп келейік...»

Мен әлсіз қолдарымды жайдым: ұшы-қиырсыз шөл ортасында құдық іздегеннің пайдасы не?

Дегенмен, біз құдық іздеуге шықтық.

Ұзақ уақыт үндемей келе жаттық; күн батып, қоңырланды, аспанда жұлдыздар жана бастады.

Шөлден мені шамалы тоңазытты, сондықтан мен оларды түсте көргендей болып тұрдым.

Есіме Кішкентай ханзаданың сөздері түсті де, мен одан сұрадым:


- Сонда «шөлдеу» дегенді сен де білесің бе?

Ол жауап бермеді. Сосын қарапайым айтты:

- Су жүрекке де қажет болады...

Маған сөздері түсініксіз болып көрінсе де, ештеңе айтқан жоқпын.

Өйткені, ол жайында одан сұрау қажет емес екендігін сезіндім.

Ол шаршады. Құмға отыра кетті. Мен қасына жайғастым. Біраз үндемедік. Сосын ол айтты:

- Жұлдыздар өте сұлу, себебі, бір жерде, олардың біреуінде, көзге көрінбесе де, менің Гүлім өсіп тұр...

- Ия, әрине, - ай жарығында толқындап тұрған құмға қарап үндедім мен.

- Шөл де сұлу екен... – қосты Кішкентай ханзада.

Ол шын болды.

Маған ылғи да шөлде ұнайтын. Құм қыратында отырасың. Ештеңе көрінбейді. Ештеңе естілмейді.

Сонда да қараңғыда бірдеңе жарқырайды...

- Шөл несімен жақсы екенін білесің бе? – Оның арасында, бір жерлерде бұлақтар тығылып жатыр...

Құмдардан тарап тұрған жарық нұрдың не белгілейтіні маған өз – өзінен ашылды да, соған мен таңырқап қалдым.

Баяғыда, бала кезімде, мен бір ескі – ескі үйде тұрғанмын – онда бір қойма жасырылған дейтін. Әрине, оны ешкім таба алмады, мүмкін, оны ешкім іздемеген де шығар. Бірақ осы құпияға қатысты, үй сиқырланған тәрізді болып көрінетін: өз жүрегінде ол қандай да бір құпияны жасыратын...

- Ия, - дедім мен. – Үй, жұлдыз әлде шөл болсын – олардың кереметі - сол көзге көрінбейтінде.

- Мен сенің досым Лиспен келісетініңе өте қуаныштымын, - дауыс қатты Кішкентай ханзада.

Содан соң ол ұйықтап кетті, ал мен оны қолыма көтердім де, әрі қарай жүре бердім.

Мен қобалжып келе жаттым. Өйткені, өзімді бір нәзік байлықты әкеле жатқандай болып сезіндім.

Маған тіпті қолындағы жүгінен бүкіл Жер бетінде бұдан нәзік ештеңе жоқ сияқты көрінді.

Ай жарығында мен оның бозарған маңдайына, жұмылған қабақтары, самал жел ақырын ғана қозғалтып жатқан шашының алтын түсті шоқтарына қарап, өзіме айттым: мұның бәрі жай қабыршық қана.

Бар маңыздысы – көзбен көре алмайтыныңда...

Оның жартылай ашық еріндері күлімсіреді, сосын мен өзіме тағы да айттым: бәрінен де осы ұйықтап жатқан Кішкентай ханзаданың қайран қалдыратыны – оның Гүліне деген беріктігі, тіпті ұйықтап жатқанда да шамшырақтың отындай жарқырап тұрған Раушан гүлдің нұрландырған келбеті... сол мезетте мен мынаны түсіндім, ол көрінгеннен гөрі әлде қайда нәзік. Шамшырақтарды қорғау керек: себебі желдің толқыны оларды сөндіріп тастауы мүмкін...

Осылай мен жүре бердім, ал таңда құдыққа да жеттім.


Маленький принц

Антуан де Сент-Экзюпери

XXV

- Адамдар жүргек поездерге мініп алады да, сосын мүлдем не іздеп, не қалағандарын түсінбей қояды, - деді Кішкентай ханзада. – Сондықтан олар маза білмейді де қарама – қарсы шабады да жүреді...

Сәл кідіріп, қосты:

- Бірақ оның бәрі бекер...
Олардың келген құдықтары негізінен Сахарада қазылатын құдықтардан айрықша болды.

Әлбетте мұнда құдық – жай құм арасынан қазылған шұңқыр тәрізді болатын.

Бұлардың тапқан құдықтары ше, шынайы деревняларда ғана кездесетін құдық болды.

Бірақ жақын арада ешқандай деревня жоғын білген маған, бұл түс сияқты болып көрінді.

- Қызық екен, - мұнда бәрі дайын тұр: айналдырғыш, шелек, жіп те...

Ол күлді де, жіпті тартып, айналдырғышты айналдыра бастады.

Әлгі айналдырғыш тура желсіз күндерде қатты қақ басқан ескі флюгер сияқты сықырлап айнала жөнелді.

- Естідің бе? – деді Кішкентай ханзада. - Біз құдықты оятып едік, ол әндете жөнелді...

Мен оның шаршап қалатынынан қорықтым.

- Әкел, мен өзім құдықтан су алайын, - дедім, - сенің оған күшің жетпейді.

Ақырындап мен толған шелек су алып шықтым, сосын оны құдықтың мықты шетіне қойдым.

Құлағымда құдықтың сықырлаған үні әлі тұрды, шелектегі судың шайқалуы әлі басылған жоқ, су бетінде ойнап жүрді бұзақы күн сәулелері.

- Мен бұл судан бір ұрттағым келіп тұр, үн қатты Кішкентай ханзада. Мен шөлімді басайын...

Сонда ғана мен оның не іздегенін түсіндім!

Мен оның ерініне суға толы шелекті жақындаттым.

Ол көзін жұмып, іше бастады.

Осы су ол үшін ең керемет той сыйлығы сияқты болып көрінді.

Бұл сусын - қарапайым су емес-ті.

Ол су жұлдыз астындағы ұзақ жолдан, айналдырғыштың сықырынан, менің қолымның су тартқандағы күшінен жүрекке арналған сыйлықтай болып көрінді.

Бала кезімде, дәл осылай, рождестволық сыйлықтар: шыршадағы шырақтардың лүпілімен, түн ортасындағы сағатта рождестволық мессаны орындаған органның дауысымен, мейірімді күлкілермен мен үшін жарқырайтын.

- Сенің ғаламшарыңда, - деді Кішкентай ханзада, - адамдар бес мың раушан гүл бір уақытта бір саябақта өсіреді... Бірақ не іздегендерін білмейді...

- Білмейді, - келістім мен.

- Бірақта олардың іздегенін жалғыз-ақ Раушан гүлде, бір-ақ ұрттам суда табуға болады ғой...

- Ия, әрине, - тағы да келістім мен.

Және Кішкентай ханзада жалғастырды: