Файл: Антуан де СентЭкзюпери Кішкентай ханзада Верт Леона арналады.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Олар сұрайды: «Ол неше жаста? Аға-інілері қанша? Салмағы қанша? Әкесі қанша жалақы табады?».

Содан соң олар адамды жақсы біліп алдық деп қиялдайды.

Ересектерге «Мен қызғылт кірпіштен салынған көркем үй көрдім, оның терезелерінде герань гүлдері өсіп, төбесінде көгершіндер тұрады» деп айтсаң, олар мұндай үйді көздеріне мүлдем елестете алмайды.

Оларға: «Мен жүз мың франк тұратын үй көрдім», деп айту керек, сонда олар «Қандай сұлу үй!» деп, қатты қуанады.

Дәл солай, егер: «Міне, Кішкентай ханзаданың шын болғандығын дәлелдейтін мынадай айғақтар бар, - десе, - ол болды өте, өте керемет, ол күліп жүрді, және ол кішкентай қошқар иеленгісі келді. Ал қошқар иеленгісі келген адам, әрине, нақты бар адам», - деп, оларға дәл осылай айтса, олар тек иықтарын қусырады да, саған миы толықпаған балаға сияқты қарары ақиқат.

Ал оларға: «Ол В – 612 деп аталатын ғаламшардан ұшып келді», - деп айтса, - бұл оларды иландырады да, олар толған сұрақтармен мазаламайтын болады.

Қайтесің, ересектер деген халық осындай болған соң. Ол үшін оларға ренжу қажет те емес.

Балалар ересектерге үлкен түсінушілікпен қарауға тиіс қой. Бірақ Өмірдің не екенін түсінетін біздер, сандар мен цифрларға күліп қараймыз!

Мен бұл повесімді таңғажайып ертегідей бастар едім.

Мен оны былай бастағым келеді: «Бір кездерде Кішкентай ханзада өмір сүріпті. Оның тұрған ғаламшары өзінен аз-ақ үлкен болыпты және оған жақсы дос жетіспеді...».

Өмірдің не екенін түсінетін адамдар, мұның таза шындық екендігін көріп түсінер еді. Себебі мен кітабымды тек қана ойын-сауық үшін оқығанын қаламас едім.

Кішкентай ханзада қошқарымен қоса мені қалдырып кеткеніне тура алты жыл болыпты.

Бірақ қазіргі кезге дейін кішкентай досымды есіме алсам, болды, менің жүрегім қатты ауыра бастайды. Сондықтан оны ұмытпас үшін, мен ол жайлы әңгімелеп жатырмын.

Достарды ұмытып кету деген - өте қайғылы жайт.

Әрбір адамда дос бола бермейді. Сондықтан мен ересектердей сандардан басқа ештеңеге көңіл бұрмайтын болып кетуден қорқамын.

Бұл менің бір жәшік бояу мен түрлі-түсті қарындаштарды сатып алуыма тағы бір себепші болды. Бүкіл өмірлік шағыңда суреттегенің тек қана айдаһар - жылан ғана болса, оның өзі тек – сыртынан және ішінен, оған қоса алғашқы суретіңді алты жасыңда ғана салсаң және ол соңғы ретің болса, әрине, менің ересек жасымда қайтадан сурет сала бастау
, ол жеңіл жұмыс емес екенін түсінетін шығарсыз!

Әрине, мен ұқсастықты, жақсырақ жеткізуге тырысамын. Бірақ, бұл іс қолымнан келетініне қатты күмәнданамын. Бір салғаным сәтті шығады, ал келесісі – титтей де ұқсас болмай қалады. Бойымен де дәл солай: бір суретте ханзада менде тым үлкен болып шықты, енді біреуінде – мүлдем кішкентай.

Сосын, мен оның киімінің түстері қандай болғанын да нашар есімде сақтаппын. Мен былай да, олай да суреттеп көремін, жай-бейбарақат, зордың күшімен. Оған қоса, өте маңызды жағдайларда қателесіп кетуім де мүмкін, деймін.

Менің досым маған ешқашанда ештеңе түсіндірмеді. Мүмкін, ол мені өзі сияқты деп ойлаған шығар. Бірақ мен, өкінішке орай, жәшік ішіндегі орналасқан қошқарды көре алмаймын. Мүмкін, мен кішкене болса да ересектерге ұқсас болып кеткен шығармын. Сірә, мен қартая бастағанмын.
V
Күнде мен оның ғаламшары туралы, қандай жағдайда ол оны тастап кетті, қалай жан-жақты аралағаны жайында бір жаңалық біліп отырдым.

Ол осыны азғантайлап, сөзден – сөз шыққанда ғана айтып отырды.

Осылай, үшінші күні мен баобабтарға қатысты трагедиялары жайлы білдім. Бұл қошқарға байланысты анықталды.

Күннің күнінде Кішкентай ханзаданы бір күмән... мазалай берді, соңында ол сұрады:

- Айтшы, қошқарлар шынымен бұталарды жейді ғой?

- Ия, шын.

- Өте жақсы!

Қошқарлардың бұталарды жейтіні несімен соншалықты маңызды екенін мен түсіне алмадым.

Кішкентай ханзада қосты:

- Ендеше олар баобабтарды да жейді ғой?

Мен оған түсіндірдім: баобабтар бұта емес қой – ол биіктігі үлкен мұнарадан кем түспейтіндей алып ағаштар, сондықтан, егер ол тіпті пілдердің бір табынын әкелсе де, оларға бір баобабты да жеп бітіру мүмкін емес.

Пілдер жайында естіп, Кішкентай ханзада күлді:

- Оларды бірінің үстіне бірін қою қажет болар еді...

Сосын, сәл ойланды да, жалғастырды:

- Баобабтар алдымен, өспегенше, мүлдем кішкентай болады.

- Дұрыс айтасың. Бірақ қошқарың кішкентай баобабты жеп қайтеді?

- Әбден! – қарапайым әліпбилік айғақтар туралы әңгіме жүріп жатқандай, екпінмен қайтарды ол.

Сондықтан, істің мән-жайын түсіну үшін, маған басымды біраз ауыртуға қажет болды.

Кішкентай ханзаданың ғаламшарында өзге ғаламшардағыдай пайдалы және зиянды шөптер өседі екен.

Ендеше онда жақсы пайдалы шөптердің тұқымдарымен қатар жаман шөптің зиянды тұқымдары да бар.


Бірақ тұқымдар көзге көрінбейді ғой.

Бір уақытта біреулеріне ояну ойына келмегенше, олар жер қыртысында қатты ұйықтап жатады. Оянған бойы тұқым бүршік жарады, ол, біртіндеп, күнге қарай созыла бастайды да жапырақтарын қатайтады.

Басында бұл көшеттер сондай мейірімді, ешбір жамандығы жоқ болып көрінеді.

Егер бұл болашақ көкөніс немесе раушан бұтасы болып жатса – онда ешбір дау жоқ, өсе берсін.

Ал өсіп келе жатқан көшеттің қайсыбір нашар шөп екенін таныған бойы, оны түп орнымен жұлып алу керек.

Енді осы Кішкентай ханзада ғаламшарында осындай қорқынышты да залал келтіруші тұқымдар... ол – баобабтардың тұқымдары болып шықты. Ғаламшардың топырағы түгелімен олармен жараланған. Ал баобабтың тұқымынан тиесілі уақытында құтылмасаң, сосын мүлдем жоя алмайсың.

Ол бүкіл ғаламшарды жаулап алады. Түбірлерімен ғаламшардың ішкі құрылысын түгелімен матап орап тастайды.

Сонда, егер ғаламшар өте кішкентай болса, ал баобабтар саны көбейіп кетсе, олар ғаламшарды бірнеше бөліктерге жарып бөліп тастайтын қауіпі туындайды екен.

- Бізде мынадай қатаң ереже бар, - айтты маған кейін Кішкентай ханзада. – Таңсәріде тұрдың ба, өзіңді тәртіпке келтірдің бе – іле өз ғаламшарыңды да тәртіпке келтір.

Көшеттің раушан бұтасы емес, баобаб екендігін тануға мүмкіншілік пайда болғанда (себебі екі өсімдіктің көшеттері бас кезінде бір-біріне қатты ұқсайды), оларды заңды түрде күнделікті түбірімен жұлып тастап отыру керек.

Әрине, бұл адамды шаршатып түңілдіретін, бірақ жалпы ауыр емес, жұмыс.



Бірде ол маған талаптанып, біздің балалар да түсіне алатындай, баобабтар жайлы сурет салуды ұсынды.

- Егер олар бір кездерде саяхатқа шығар болса, - деді ол, - оларға білу өте қажет болады. Өзге жұмыс күте тұра алса да, зиян емес. Ал егер баобабтарға еркіндік берсең, қиянаттан бас тарта алмайсың.

Мен жалқау бала тұрған бір ғаламшарды білетінмін. Ол тиесілі кезеңде баобабтардың үш бұтасын ғана жұлып тасауға ерініп еді...



Кішкентай ханзада мұқият маған бәрін сипаттап берді де, мен сол ғаламшарды суреттедім.

Мен адамдарға жөн үйретуді жек көремін. Бірақ баобабтардың қандай қауіп төндіретінін аз кім біледі, ал астероидқа жетіп қалған әр адам басына өте қауіпті жағдай туады.


Міне, сондықтан, мен жайшылықтағы байсалдығымнан бас тартуға бел будым.

«Балалар! – деймін мен, – Баобабтардан сақ болыңдар!»

Мен достарыма оларды қандай қауіп - қатер күтіп тұрғанын ескерткім келеді, өйткені олар бұл қауіпті мүлдем сезбейді.

Дәл солардай мен де оны сезінбеп едім.

Міне, сондықтан мен осыншама мұқият сурет салумен айналыстым және жұмсалған еңбегімді аз болса да аямаймын.

Сіздер, мүмкін: «Неге кітапта дәл осындай, басқа, үлкен және күрделі суреттер жоқ?» деп, сұрарсыңдар.

Мұның мынадай қарапайым жауабы бар: мен суреттеуге тырыстым, бірақ менің қолымнан ештеңе шыққан жоқ.

Ал баобабтарды суреттегенде маған мұның маңыздылығы мен кейінге қалдыруға болмайтындығы ықпал етті.

VI
О, Кішкентай ханзада!

Сенің өміріңнің қалайша көңілсіз және бірыңғай болғанын мен біртіндеп тағы түсіндім.

Біраз уақыт күн батып бара жатқанын тамашалау - сенің бір-ақ қана ермегің болып келді.

Мен ол жайында төртінші күннің таңында ғана білдім, себебі:

- Мен күн батысын қатты ұнатамын. Жүр, күн қалай бататынын қарап келейік, -дедің сен сол күні.

- Ендеше оны күте тұрмай болмайды.

- Нені күтуге?

- Күннің батқанын.

Алғашында сен қатты таңқалдың, сосын өз-өзіңе күліп айттың:

- Мен өзімді ылғи үйдемін деп ойлап қаламын!

Шынында да. Америкада талтүс болып жатқанда, Францияда күннің көзі батып жататынын бәріде біледі ғой.

Сондықтан, тым болды бір-ақ минутқа болса да Францияға ұшып жетсе ғой, күннің батқанын тамашалауға болар еді. Бірақ, өкінішке орай, Францияға дейін өте, өте алыс.

Ал сенің ғаламшарыңда бір-екі қадамға орындықты орынынан қозғалтып қою да жетер еді.

Сондықтан аспандағы батып бара жатқан күнді көргің келіп тұрса, қарауға сенің тағы да, тағы да мүмкіншілігің болар еді...


- Бірде, мен бір күнде күн батысын қырық үш рет қарадым! - сосын, сәл кідіріп, қостың:

- Білесің бе, ... көңілің түсіп кетсе, күн батысына қарау сондай жақсы...

- Ендеше күн батысын қырық үш рет көрген күні саған өте көңілсіз болған екен ғой? – деп едім, бірақ Кішкентай ханзада маған тағы жауап қайтармады.

Маленький принц

Антуан де Сент-Экзюпери

VII


Бесінші күні, ол тағы да қошқардың арқасында, мен Кішкентай ханзаданың құпиясын білдім.

Ол ойламаған жерден, кіріспесіз, осы қорытындыға ұзақ үнсіз ойлап-толғанудан кейін келген тәрізді сұрады:

- Қошқар бұталарды жесе, ол гүлдерді де жейтін шығар?

- Ия, кездескеннің бәрін жей береді.

- Тікенектері бар гүлдерді де жей ме?

- Ия, тікенектері барын да.

- Ендеше тікенектер не үшін керек?

Мұны мен білмедім.

Менің ол кезде қолым мүлдем тимей жатты: қозғалтқыштың болты сіресіп, бұралмай жатты; ал мен болса, оны бұрап алуға тырысып жаттым.

Мен өзімді біртүрлі оғаш сезіндім - жағдай күрделеніп бара жатты, су бітуге жақындады да, менің қауырт қонуымның соңы нашар болар деп, қорқа дым.

- Тікенектер не үшін керек?

Кішкентай ханзада сұрақ қойған бойы жауабын бергізбей қалмайтын. Бұралмаған болт мазамды алып тұрды, сондықтан мен айта салдым:

- Тікенектер мүлдем керек емес, ал гүлдер оларды ызаланып сыртқа шығарады.

- Солай ма!

Тыныштық орнатылды.

Сосын ол ызаланған шырай білдіріп айтты:

- Мен саған сенбеймін! Гүлдер әлсіз. Және мейірімді. Және олар өздерін қайраттандырығысы келеді. Өйткені – егер оларда тікенектер бар болса, олардан бәрі қорқады деп, ойлайды...

Мен жауап қайтармадым. Осы минутта мен: «Енді осы болт қазір бұралмаса, мен оның үстінен балғамен бір соғамын да күлпаршасын шығарамын» деп, өзіме айтып жатыр едім.

Кішкентай ханзада тағы да ойымды бөліп жіберді:

- Сен ойлайсың, гүлдер ...

- Жо-жоқ! Мен ештеңе ойламаймын! – мен миыма келгеннің біріншісін айта салдым. – Мен күрделі іспен айналысып жатқанымды сен көріп тұрған жоқсың ба?

Ол маған таңырқап көз тастады:

- Күрделі іспен?!

Ол маған қарап тұрды: жағар маймен .... қолымда балға, мен оған құбыжық болып көрінген затқа қарай еңкейдім.

- Сен ересектердей сөйлеп тұрсың! – деді ол.

Мен ұялып қалдым.

Ол ешбір аяусыз қосты:

- Сен бәрін шатастырасың... ештеңе түсінбейсің!

Ия, ол қатты ренжіген, көрінеді.

Ол басын сілкіп жіберді, жел оның алтын шаштарын жан-жаққа жалбыратып жіберді.

- Мен бір ғаламшарды білемін, онда қып-қызыл бетті мырза тұрады. Өмірінде ол бір де бір гүл иіскеп, бір рет те жұлдызға көз тастамаған.

Ол ешқашанда ештеңе сүймеген.

Және ешқашанда ештеңе істеген жоқ.