Файл: Дріс таырыбы Дріс саны саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 47

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Рухани әдістер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, заң , норма, ереже, білім, саяси сөз, саяси әдістер, саяси өнер;

Материялдық әдістер: саяси жобалау, есеп бақылаудың техникалық әдістері, күштеу тәсілдері, билік жүргізу кадрлары, саяси институттар, органдар, билік ұйымдары саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқылы да, екіншілері бағынуға міндетті.Бұл теңсіздіктің туу себебі мына төмендегі әдіс құралдарға байланысты.

    1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы қаражат керек. Мысалы: сайлау науқанын өткізу үшін онддаған миллион ақша жұмсайды. Мемлекет тарапынан берілетін ақша жетіспеуінен өздерін өздері қаржыландырады (спонсор). Билеуші аппаратты ұстау үшін қыруар ақша жұмсалады.Оның үстіне билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Оларды жүзеге асыру үшін көптеген қаржылар керек.

    2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған адамдар немесе өзін қолдайтын сақтайтын адамдар топтарын іздейді.Бұл рөлді көбінесе сол қоғамда, сол билік тұсында белгілі бір артықшылықтарға, мәртебеге, абыройға ие, жалақысы мол қызметкерлер орындайды.

    3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды,ішкі тәртіпті сақтайды,саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді, оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек саяси билік оларды өз мақсаттарына, әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар негізінде жиі пайдаланады.

    4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып саяси өмірге ықпал ету жағынан биліктің белгілі бір артықшылықтарға ие болуы. Демократиялық елдерге сөз, баспасөз бостандығы беріледі.

    5. Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Біліммен ғылыми мағлұмат алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда кейбір ғалымдардың айтуынша информация кімнің қолында болса, ХХI ғасырда билік соның қолында болады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік дегеніміз белгілі бір топтар мен таптардың мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі.Ал мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.


Мемлекеттік билік пен саяси билікті салыстыратын болса, саяси билік мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттік көлемде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі.Кез-келген мемлекеттік билік ол саяси билік, ал кез-келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды. Мысалы: алғашқы қауымдық құрылыста саяси билік болған (ақсақалдар кеңесі) ал билік аппараты, мемлекет болмайды. Демек мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі.

Саяси билік ерекшеліктері:

1. Оладамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады, әр қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады:

2.қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы қоғамдық-саяси жетекшілер арқылы жүргізіледі;

3. арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;

4.жариялылығы, жаппай болуы.

Мемлекеттік билік ерекшеліктері:

1. ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;

2. мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппаратына сүйенеді

3. мемлекетік билік монополиялық сипат алады.

Саяси биліктің субьектісі халық. Ал халықтың атынан билікті қолдаушылар ол қолына билік беріліп арнайы құрылған органдар ұйымдар мекемелер. Саяси билік субьектілер өз билігін жаңағы билікті қолдаушылар арқылы жүргізеді.
Лекция 5

Билік ресурстары.

  1. Билік қызметтері.

  2. Билік ресурстары.

3. Биліктің тармақтарға бөлінуі.


1.Билік қызметтері.

Билік легитимдігі теориясының дамуына М.Вебер үлкен үлес қосты. Ол билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.

1.Дәстүрлі легитимділік,ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салт -дәстүрлерге сүйенеді.Сондықтан мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша,шах, әмір т.б. Билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата салтымыз деп мойындап отырады.

2.Харизматикалық легитимділік,мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттермен көре түскен адамды басшы етіп жариялап , соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жеткен. Харизма деген сөздің өзі де көсемге мемлекеттік басқарушы жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.


3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі.Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұнда легетимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

Легитимділіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимді болу үшін мынадай шарт қажет:

*ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғнимемлеекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:

* мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Соңғы кезде легетимділіктің идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәні билікті халықтың санасына енгізілген идеология арқылы ақтау. Билікті сәйкес келетінидеологиямен негіздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идиологиялық легитимділік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін. Кеңес Одағында топтық легитимділік кеңінен қолданылады.ХХ ғасырда ұлтшылдық легитимділік көп елдерде басымдық танытты.

2. Билік ресурстары:

1. А.Этциони билік ресурстарын-утилитарлы, мәжбүр ету, нормативті деп бөледі. а) Утилитарлы ресурсы- бұл материялдық және әлеуметтік игілік, адамдардың күнделікті мүдделерімен тығыз байланысты. Оның көмегімен билік, әсіресе мемлекет жекелеген саясаткерлерді ғна емес, бүкіл тұрғындарды сатып алуға қабілетті.Бұл ресурс мадақтау немесе жазалау формасында қолданылады (мысалы, жалақыны қысқарту,көтеру) . б) мәжбүр ету ресурсы-ретінде әкімшілік шаралар, жазалау, күштеу қолданылады. в) Нормативті ресурс-өзіне сыртқы әлемге ықпал ету құралдарын,құндылықтық бағдарды,адам әрекетінің нормаларын қамтиды.

2.Экономикалық ресурс-материялдық құндылықтар, ақша,техника,құнарлы жер,пайдалы қазбалар.

3.Әлеуметтік ресурс-әлеуметтік статусты көтеру немесе түсіру қабілеті, әлеуметтік стратификация.

4. Мәдени- ақпараттық ресурстар-білім, ақпарат,оны тарату құралдары,ғылым институттары,БАҚ-ы жатады.
3. Биліктің тармақтарға бөлінуі.

Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье болды. Билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді.


1. Заңшығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.Олзаң қабылдайды, салық салуды анықтайды,үкіметті тағайындайды,бюджеті бекітеді,соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді,сауданы реттейді,сотты ұйымдастырады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды.

2.Атқарушы билікке үкімет пен әкәмшілік жатады. Оларды заңшығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.Атқарушы билік заңшығарушыбиліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оныңжұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде әрекет етуі керек. Сырттай қарағанда ол заңшығарушы билікке тәуелді.Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек).Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.Оны халық немесеөкілетті мекемелер қалыптастырады.Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз.Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алды. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органнның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе,екіншілері кеміткісі келеді.

Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады.Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор.Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарларды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.

Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады.Мұнда сайлаушылардың еркі,талап-тілектермен қатар кейбір елдерде сайлаушшылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады.Кейбір елдерде қарамағында аппараты бар бас бақылаушы да болады.


Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.

Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы,француздың белгілі саясаткерлері Р.Арон, Ж.Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді.Сот билігін жоққа шығармайды,бірақ оны әкімшілік билікке қосады.

Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан.Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық және жергілікті билік болып бөлінеді.

Дәріс 6 Демократия және мемлекет

  1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері.

  2. Демократияның алғышарттары және оның түрлері.

  3. Қазастан Республикасындағы демократиялық жаңғыртулар.


Демократия гректің “демос”-халық және “кратос” -билік деген сөздерінен тұрады, яғни халықбилігі деген мағынаны білдіреді.

Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады.

  1. мемлекеттің тұрпаты (типі) мен саяси жүйесі; 2) мүшелердің теңдігі мен басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымының мұраты және соған сәйкес көзқарастар.

Дамократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әртүрлі түсінген. Оның үстіне әртүрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократияның мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан олардың ортақ белгілері болады.

1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Халық жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады.Бірнеше мемлекеттерде халық бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады.

2.Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек . Ондайжағдай теңдік болған үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Герадот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада-халық жиналысында мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. Болуға тиіс.