Файл: Дріс таырыбы Дріс саны саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7. Маркстік теория (К. Маркс, Ф. Энгельс)

Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде қарайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді. Сонымен мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

2. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері.

Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:

1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.

2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.

3. Мемлекеттің егемендігі, яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .

4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру. Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.

5. Салық салу. Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.

6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы тиіс.

Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары ішіндегі ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерінен ажырататын қызметтері бар. Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметі саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім берушілік, мәдени -тәрбиелік болып бөлінеді.

Мемлекеттің сыртқы қызметі елдің шекарасын, территориясын қорғау, басқа елдердің ісіне араласу, мемлекет аралық қатынасты сақтаумен байланысты. Мұнда сыртқы сауда, халықаралық ұйымдар, блоктар, одықтар жұмысына да қатысады.


3. Мемлекеттің тұрпаттары мен түрлері.

Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның екі жағы бар: 1) басқару түрі, 2) мемлекеттік құрылысы.

Басқару түріне қарай мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын басқару түрін айтады. Оны хан, патша император король деп атауы мүмкін. Монархия абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтамыз. Республика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді.

Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: унитарлы, федерация, конфедерация .

Унитарлы (латынның unuz”- біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Унитарлы құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, оның бір конституциясы, бірыңғай құқықтық және сот жүйесі болады. Біртұтас мемлекет түрі ресурстарды орталыққа жинақтауға мүмкіндік береді, ол жалпы алғанда елді жеделдетіп дамытуға жәрдем жасайды. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция, т.б. жатады.

Федерация (латынның foedus” –одақ, бірлестік деген сөзінен шыққан) деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерациямен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малазия, Мексика, Нигерия, Рессей , т.б.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек.



Дәріс 8

Тақырыбы: Президент институты

Жоспары:

1. Президент институтының қалыптасуы.

2. Президент сайлауы

3. Қазақстан Республикасындағы Президент институтының ерекшелiгi.

1. Президент институтының қалыптасуы.

Саяси ілімдер тарихында “Президент” ұғымы жөнінде бірнеше пікірлер бар:

Біріншіден, “Президент” ұғымы латынның “praesident” сөзінен шыққан, “алда отырушы” деген мағынаны білдіреді. Антикалық дәуірде президент деп әр түрлі жиындарда төрағалық етушіші атаған.

Екіншіден, Конституциялық конвентке дейінгі американ мемлекетінің номиналды басшысы – американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы “Конгресс Президенті” деп аталған.

Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төағалық етуші Дж. Вашингтон да “Президент” деп аталған.

Төртіншіден, Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы билік басшысы) аталған.

Президент институты Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Гамильтон, Дж Адамс, Дж. Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.

Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т.Пейннің “Американдақ дағдарыс”, “Адам құқығы”, “Ғасыр тағлымы” атты құнды еңбектері бар.

Т.Пейн монархиялық билікті сынау негізінде Президент институтының моделін қалыптастырды. Сондықтан да Т.Пейн монарх билігін президент билігімен ауыстыруды қалады. Оның пікірінше президент институтының мәні мынадай:

  1. Президент заңшығарушы ұйымда бірден-бір басшы болуы керек;

  2. Президент қызметі- елдің бірлігін, оның тәуелсіздігін бекітеді;

  3. Прзидент сайлауының жанама тәртібі;

  4. Президент билігі тек конституция негізінде әрекет етуі тиіс;

  5. Президент институты тәуелсіздік, егемендік, халық билігі сияқты идеялардың символы болуы тиіс.

Президент институтын қалыптастыру ағымының негізгі өкілдерінің бірі Т.Джефферсон республикалық басқаруды мынадай тәртіппен орналастырды:

  1. Барлық мәселелер, ішкі және федералды саясат үшін жалпы федералды республика;

  2. Штат республикасы, тек азаматтарға арналған ;

  3. Аймақтық республикалар, аймақ істерімен, мүдделерімен айналысатын;

  4. Аудандық республикалар жергілікті мәселелер үшін.


Джефферсон бұқараның жаппай қатысуына негізделген мемлекеттік билік моделін құрастырды. Ол негізінен жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамытуды ұсынды, ал жоғарғы мемлекеттік билік жүйесінде Парламентке қолдау көрсетті.

2. Президент сайлауы.

Қазір әлемде президент сайлауының негізгі екі түрі бар:

  1. Тікелей немесе төте сайлау. Оның екі түрі бар: біріншісі, жаппай сайлау, екіншісі, референдум.

  2. Жанама сайлау үш түрде: парламент; штаттар, провинция, әр түрлі қоғамдық саяси күштер өкілдері; таңдаушылар коллегиясы қатысуымен өтеді.

Тікелей және төте сайлауға Қазақстандағы президент сайлауы мысал бола алады.

Жанама сайлау, таңдаушылар тәсілі Аргентинада, АҚШ-та қолданылады. Оның мәні мынада: сайлаушылар нақты партиядан таңдаушыларды сайлайды, бюллетеньде сол партиядан президентке кандидат та көрсетіледі. Таңдаушылар партиялық тәртіптен шықпайды, өз партиясына жататындығын басшылыққа алады. АҚШ-та олар өз штаттарының астанасына жиналып, өз дауыстарын президентке береді. Дауыс мажорлық көпшілік жүйе бойынша есептеледі, көпшілік дауыс алған таңдаушылар тізімі штаттағы барлық мандатқа ие болады. Соның нәтижесінде сайлаушылардың өз даусымен ең көп мандат алған кандидаттың болатын кезі де кездеседі. (АҚШ-та бұл 1976, 1988 жылдары кездесті). Таңдаушылар сайланған соң белгілі бір мерзім арасында президентті сайлау ресми түрде өткізілетіндігіне қарамастан, қандай да бір партиядан сайланған таңдаушылардың санынан-ақ кімнің президенттікке сайланатыны белгілі болады, сол кезде- ақ оның қарсыласы үміткерді құттықтай береді.

Президентті сайлаудың парламенттік түрі аз ғана елдерде қолданылады (Туркия, Ливан, Греция). КСРО- да алғашқы президент М.С.Горбачев 1989 жылы парламенттен жоғары тұрған орган –халық депутаттары съезінде сайланды. Индонезияда да президентті осыған ұқсас орган- халықтық консультативтік конгресс сайлайды. Президентті парламентте сайлау көбінесе ұзаққа созылады. 1980 жылы Туркияда президент сайлауына 100-ден аса саты өткізілді. Туркияның 1980 жылғы жаңа конституциясында сайлануды ұзаққа созбаудың тәртібі көрсетілген. Алғашқы екі саты үшін парламенттің көпшілік даусы қажет болса, үшінші саты үшін ең көп дауыс жетіп жатыр. Төртінші сатыға үшінші сатыда ең көп дауыс алған екі кандидат өтеді, онда жеңіп шығу үшін парламенттің барлық құрамының ең көп даусын алу қажет болады. Егер бұл сатыда да президентті сайлай алмаса, парламент таратылып, оның жаңа құрамы сайланып, жаңағы тәртіп қайталанады.