Файл: Дріс таырыбы Дріс саны саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Табиғатына әлеуметтік , саяси, мәдени және т.с.с. Ерекшеліктерге байланысты адамдар әртүрлі келеді. Олүшін заң, құқық алдыдағы теңдік болуы керек. Заң және құқық жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізгі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер,ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге рұқсат етеді.Ол тәртіптерге қайшы келген іс әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады.

  2. Оның кепілі -әділеттілік. Әділеттіліктің де бырыңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әртүрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты.Инквизицияны жоқтаушылар үшін дінне безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсандажастары қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады.

  3. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың,тәуелділіктің барлық түрлерін азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар,революциялар,өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келеді.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен қатар демократиялық принципке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.

Сонымен қатар шешім қабылданғанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткерлердің болуы,демократияның үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.б.


Демократия болу үшін саяси,экономикалық құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әртүрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік,құқық, әділдік,еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.

Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайыраққа, кейбіреулерге қиынға түседі.Дегенмен, ол – шындық, өмірдегі бағдар, нысана,қоғамның саяси дамуының мақсаты.Ағылшынның көп жылдар премьер-министрі болған Уинстон Черчильдің айтуы бойынша, “демокраитяның көп кемшіліктері бар, бірақ оның ең құндылығы сонда -бұдан артықты бүгінге дейін ешкім ойлап тапқан жоқ.

2.Демократия алғышарттары және оның түрлері.

Демократияның алғышарттары.

Демократия қалыптасуы үшін бірқатар экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни, сырқы саяси жағдайлар керек.

1. Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады:

* өндіріс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы,

*Әлеуметтік нарықтық қатынастың болуы;

*Урбанизацияланудың жоғары деңгейі;

* Өндіріс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдігі.


      1. Демократия дамуының әлеуметтік алғышарттары:

*халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейі;

*Әлеуметтік теңсіздік деңгейінің төмендеуі;

*қоғам құрылысында әлеуметтік плюрализмнің болуы;

*тұрғындардың сауаттылығы, жалпы білімділігі.
3.Тұрғындардың саяси мәдениеті де демократияның маңызды алғышарттары:

            • саясат туралы оның әртүрлі салалары жөнінде белгілі бір деңгейде білімнің болуы;

            • саяси құбылыстарға, партиялар мен қозғалыстар, жекелеген тұлғалар қызметтеріне дербес баға беру қабілетінің болуы;

            • саяси қатысу белсенділігі:

            • билік құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениеті.


4.Демократияландырудың сырқы саяси алғышарттары:

*әскери араласу,

*саяси ықпал;

*экономикалық ықпал;

*мәдени-ақпараттық ықпал;

*демократия дамуына практикалық көмек, қолайлы көршілес қатынас.

Демократия тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі.

Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізудетікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, сасяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырад;халықтың белсенділігін дамытып,тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне,танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократиялануына жібермейді.

Тура демократияда референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сырқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент,үкімет басшысы немесе халықтың бастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция,Италия елдерінде кең тараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялық билік тоқтатылды.Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылы конституция қабылданды.


Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға

сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау

құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет,партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екіұшты сұрақтар қою және т.с.с арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депуттарға және биліктің өкілетті органдарына жүктеледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары-еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайдайтын адамдардың күзіреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – жағы сайлау аралығында халықтың биліктен шеттелуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
3.Қазастан Республикасындағы демократиялық жаңғыртулар.

Қазақстан егемендік алғаннан бастап демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Қоғамды демократияландырудың арқасында жаңа саяси партиялар, қозғалыстар дүниеге келіп, 1993 және 1995 жылдары республиканың конституциялары қабылданды,тәуелсіз сот билігі қалыптаса бастады, көптеген елдер 1992 жылдан бері БҰҰ деңгейіндегі мемлекетімізді мойындап, елшіліктерін аша бастады. Сол сияқты біздің мемлекетіміздің елшіліктері,өкілдіктері көптеген елдерде ашылып, нағыз тәуелсіз мемлекеттердің толық атрибуттарын, қасиеттерін иемдене бастады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жөнінде Заң қабылданады.Бұл 1990 жылы 25 қазанда қабылданған мемлекеттік егемендік жөніндегі Декларацияға өте маңызды толықтыру болатын.

Жаңа дүниеге келген егеменді ел үшін тұрғындары барынша біріктіре түсу, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғауға бет бұру – маңызды үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады. Мемлекетіміздің бұл бағыты көптеген өркениетті елдердің оң көзбен қарауына, инвестиция бөлуіне, халықаралық қатынастарды нығайта бастауға итермеледі.

Қазіргі кезеңде қоғамымыздағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімі ортаңғы тапты қалыптастырумен байланыстырады.Қоғамның азғантай бөлігі байып,қалғаны қайыршыланып жатса, демократия туралы сөз болуы мүмкін емес. Демек реформа, демократияландыру ең алдымен экономикадан басталуы тиіс,яғни нарықтық қатынасты,кәсіпкерлікті,бәсекені дамыту керек. Ал саяси саланы реформалау екінші кезекке қойылуы тиіс.Қазіргі кезеңде елімізде кейбір саяси күштердің саяси реформаны жеделдету туралы ұсынысы орынсыз.Өйткені әлемдегі демократияландыру тәжірибесі батыстық демократиялық институттарды сол күйінде көшіріп қою мүмкін емес екендігін дәлелдеді.Ол үшін азаматтарымыздың саяси мәдениеті мен құндылықтар жүйесінде де маңызды өзгерістер болуы керек.Дегенмен мұндай өзгерістер бар екендігін де байқауға болады.Мәселен, жас ғалымдардың жүргізген зерттеу нәтижесіне жүгінсек,1999 жылы Оңтүстік Қазақстан азаматтарының саяси мәдени құндылықтық бағдарында ұлттық-дәстүрлік құндылықтар басымдылық танытса,2002 жылы зерттеулер азаматтарымыздың санасында демократиялық құндылықтардың басымдылығын көрсетеді.Мәселен, демократиялық сайлау, азаматтардың құқығы мен бостандығы, билік кәсібилігі,сөз бостандығы, саяси көптүрлілік т.б. Сияқты құндылықтар басымдық танытып отыр.Сондықтан да шығыстық мәдениетке демократия жат деген кейбір үстірт түсініктер орынсыз болып отыр. Қазақ даласында дәстүрлі қоғамның өзінде көшпелі мәдениеттің демократиялық көріністері болғанын көптеген зерттеушілер де атауда.


Тәуелсіз мемлекет үшін ұлттық идеяның да маңызы зор.Ұлттық идеяны іздеген ел-ол алдымен өзінің ізгілікті құндылықтарын сақтап қалуды ойлайды, ұлттық діліндегі, санасындағы кемшіліктерді жеңудің құралын іздейді, басқа халықтармен ынтымақта болуды мақсат етеді.А,қоғамды саяси ынталандыру,жанжал тудыру мақсатындағы әлеуметтік немесе саяси идеялар ұлттық идея орнына жарамайды.Ұлттық идеяны қазіргі Қазақстанда бір ғана ұлттың мүддесінен туындатып жүргізу, демократиялық құқықтық қоғам құрамыз деген мақсатымен қайшылыққа келеді. Сондықтан елбасымыз Қазақстан үшін қазіргі кезеңде үш саяси құндылықтардың басымдық танытқанын қалайды.Олар Бірлік,Тұтастық, Тәуелсіздік. Әрине саяси құндылықтардың ішіндегі ең маңыздысы-еліміздің тәуелсіздігі.Өйткені ол басқа құндылықтардың бәрін біріктіруші, жүйелеуші орталық,өзек сияқты құбылыс.Сондықтан Жаңа Қазақстанда саяси,әлеуметтік, рухани, экономикалық тәуелсіздікті нығайту басымдық танытуда.Бұл айтылған басымдылықтың астарында әрбір адамның еркін дамуына, тұлғалық жетілуіне жағдайлардықалыптастыру мақсаты жатыр.

Дәріс 7

Тақырыбы: Мемлекет саяси институт ретінде

  1. Жоспары:

  2. 1.Мемлекеттің пайда болуы мен мәні.

  3. 2.Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

  4. 3.Мемлекеттің тұп аттары мен түрлері


1. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні. Мемлекеттің ұғымы туралы теориялар мен түсініктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседі. Солардың бірі – мәңгілік және мемлекетті құдайдың өзі бергендігі туралы теория, мемлекеттің пайда болуын ішкі және сыртқы күш көрсетуден болатынын қарастыратын күш көрсету және жаулап алу теориясы, сонымен бірге қоғамдық шарт теориясы мен таптық теория.

Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде кең тарағандары мыналар:

1. Теологиялық теория. Оның негізін салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский.

2. Патриархтық теория. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Роберт Филмер.

3. Қоғамдық келісім теориясы. ( Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо)

4. Зорлық жасау теориясы. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)

5. Географиялық теория. ( А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин)

6. Психологиялық теория.