Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


А.Т.МЕДЕШОВА


ФАРМАЦЕВТІК ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(Оқу - әдістемелік құрал)

ҚАРАҒАНДЫ 2009







ӘОЖ 615:1

КБЖ 52.82 я 7

М 42

Пікір берушілер:

 Р.М. Абдуллабекова – «Болашақ» ҚУ фармацевтикалық институтының директоры, фарм.ғ.д., профессор

 С.К. Жаугашева - ҚММА жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

 Л.М. Власова., А.Н. Ноғаева - ҚММА химия курсына жауапты, х.ғ.к., доцент, химия курсының оқытушысы
М 42 Медешова А.Т. Фармацевтік гомеопатиялық препараттар технологиясы. - Оқу - әдістемелік құрал. - Қарағанды, 2009. - 73 бет.

Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған, типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Гомеопатияның даму тарихы, оның ғылыми негізденуі, ерекшеліктері, әртүрлі дәрілік түрде дайындалу технологиялары және сапасын бақылау туралы мәліметтер берілген.

ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған,

№ 8хаттама «08» 04 2009 ж.
ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген,

№8 хаттама «30» 04 2009 ж.

© А.Т.Медешова ,2009

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

АІТ – асқазан ішек трактісі

ГДТ – гомеопатиялық дәрілік түрлер

ДІД - дәріхана ішілік дайындық

ЖМ – жағар май

МФ – Мемлекеттік фармакопея

НҚ – нормативті құжат

ФМ – фармакопеялық мақала

Кіріспе

Гомеопатиялық дәрілік заттардан аллопатиялық дәрілік заттардың ерек-шелігі, неміс дәрігері және химигі С.Ганеманның ұсынған ерекше жағдай тех-нологиясымен (сұйық- және қаттыфазалы) дайындай отырып, өте аз дозада қолдану.

Француз дәрігер- гомеопаты Д.Гранжарж өзінің бір еңбегінде гомеопатия аллопатияны тек қажет болған жағдайда ғана пайдалануға және оның тағайындалуын азайтуға әкеледі, гомеопатия – ол аллопатияны керемет толықтырады, деп гомеопатиялық емдеу өнерінің кеңеюін ұсынды. Гомеопатия жанама әсерсіз –ақ дәрігер қызметтерінің негізгі принциптеріне – Primum non nocere (бәрінен де бұрын зақым келтірме )жауап береді.


Заманауи зерттеушілер гомеопатияны ағзаға интегральды түрде пайдаланады. Авторлары Б. А. Нейман, Л.В. Микрюкова «жаңа гомеопатия және бағдарламаны реттеу» атты жұмысында «симптомдар – жоғары интеграцияланған тілдегі ағзаның күнделікті жағдайда байқалатын процесінің көрінісі» деген. Дәрілер жалпы ағзаға түсетін кез- келген заттар сияқты, екі ақпаратты және заттық құрамнан тұрады. Осы арадан бастап фармакологияның болашақтағы өзекті тарамы мен дәрінің басқа кластары, басқа технологияларын жасау пайда болады. Гомеопатиялық емдеу әдістерін арнайы мойындау, отандық гомеопатияның әрі қарай дамуына деген қызығушылықтың арттуына септігін тигізді.

Елімізде гомеопатиялық емдеу әдістері, сәйкесінше гомеопатиялық препараттар дайындайтын дәріханаларды ұйымдастыру кең түрде қолға алынбағандықтан, бұл әдіс артта қалып отыр.

Жаңа гомеопатиялық дәрілік түрлердің құрамын өңдеу есебінен гомеопатиялық препараттардың ассортиментіні кеңейді: шаншуға арналған ерітінділер, көз дәрілік түрлер, таблеткалар және т.б. Гомеопатиялық препарттарды дайындау процесін жетілдіру заманауи физико- химиялық талдау әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік құралда фармацевтік гомеапатия туралы «фармация» мамандығының студенттеріне қажетті теориялық және тәжірибелік материалдар келтірілген.
1. БӨЛІМ ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Гомеопатия (грекше homoios – ұқсас, pathos – ауру) – емдеу жүйесі ретінде 200-ден астам жыл өмір сүріп келеді. Оның негізін салушы – Христиан Фридрих Самуэль Ганеман – 1755 жылы 10 сәуірде Майссен қаласында фарфор суретшісінің отбасында дүниеге келген. Ресей гомеопат-дәрігері Н. К. Симеонованың айтуынша: «Өнердің беретін үйлесім сезімі С. Ганеманның тұлғасына және оның кейінгі қызметіне із қалдырды». Ол кішкентай кезінен бастап өзін дарынды адам ретінде көрсете бастады. Мектеп жасында, сегіз тілді оқып үйренген Ганеман аудармалар жасап еңбек етті. Ганеманды оның қабілеттілігін ескере отырып, тегін оқытты, өйткені тоғыз балалы отбасында материалдық жағдай қиын болды.

Лейпциг университетінің медициналық факультетін бітірген Ганеман 1779 жылы 10 тамызда «Тырыспа ауруының себептері және емі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Германияның әр түрлі қалаларында дәрігер болып жұмыс істеді. Алдымен Лейпциг университетінің приват-доценті болып, кейін профессоры болған Ганеман студенттер мен дәрігерлерге дәріс оқыды.


Өзіне тәжірибелер жасаған Ганеман (осылай ол гомеопатияның бірінші принципін ашты – дәрілердің әсері сау адамдарда тексерілуі керек) хин ағашының қабығының қайнатпасы жоғары дозада хинамен емделетін безгектің симптомдарын көрсететінін байқады. Осыдан ол мынадай қорытындыға келді – безгектің симптомдары бұл – ағзаның қарсы тұруының көрінісі және хина оны активтендіреді.

Шамамен 100 препараттың жоғарғы дозадағы симптомдарын өзіне тәжірибе ретінде тексерген Ганеман (сынапты, дигиталисты, мышьякты, стрихнин, т.б. препараттарды) оларды ұқсас клиникалық көріністері бар ауруларға қолданды. Бақылаулардың нәтижесінде Ганеман гомеопатияның негізгі принципі ретінде «Similia similibus curentur» (ұқсас ұқсаспен емделеді) деп бекітті. С. Ганеман Парацельстің идеясын жалғастырушы ретінде ол да аурудың «ұқсаспен» емделеді принципін ұстанды.

Ганеманның айтуынша: «Ауруды оның табиғаты емдейді, ал дәрігер көмек көрсетеді. Ауру ұқсаспен туындайды және сырқат адам сол ұқсаспен денсаулығын қалпына келтіреді».

1810 жылы (55 жасында) С. Ганеман өзінің негізгі еңбегі – «Дәрігерлік өнердің органоны» еңбегін жазды, ол еңбекте ол гомеопатияның негізгі принциптерін жазды. С. Ганеманның бірінші шәкірті – К. Геринг. К. Геринг кең көлемді реперториумды құрастырды (симптомдар анықтамасы) және өзінің атымен аталған гомеопатияның негізгі заңдарының бірін жасады. Сол заңға сәйкес емделу ішінен сыртқа, жоғарыдан төменге және аурудың кері даму барысына жүреді. Емделу кезінде бірінші болып аурудың соңында пайда болған симптомдар жоғалады.

Қазіргі кезде гомеопатия кең дамып келе жатқан ғылым. Гомеопатия әдісі әр түрлі дәрежеде 30-дан астам елде рұқсат етілген. Үндістанда 50% дәрігерлер емдеудің гомеопатиялық жүйесін қолданады: Англияда 45%, Францияда 32%, Германияда 25%.

Көптеген елдердің институттарында гомеопатия кафедралары бар, гомеопатиялық госпитальдар, емханалар бар. 70-тен астам журналдар шығарылады. Мысалы, Германияда 1934 жылдан бастап «Дәрілердің гомеопатиялық кітабы» басылып шығарылды, және үнемі толықтырылып отырады. Англия, АҚШ, Германия, Үндістанда гомеопатиялық фармакопея бар, басқа елдерде фармакопея бөлімдері немесе әр түрлі мазмұндағы заңды құжаттар бар.
2. БӨЛІМ ГОМЕОПАТИЯ НЕГІЗІ
2.1. Гомеопатияның негізгі қағидалары


1. Ұқсастық қағидасы (ережесі). Бұл принцип сырқаттанған адамға аз дозада қолданған кезде емделетін аурудың симптомдарына ұқсас симптомдарды көрсететін, жеке таңдалған дәрілік затты қолдануға негізделген. С. Ганеманның айтуынша, әрбір дәрі адам ағзасында ауру тудырады. Көбінесе, созылмалы ауруларды емдеу үшін, осындай аурудың жасанды түрін тудырып, сол арқылы емдейтін дәрілік заттарды қолдану керек.

Көптеген әдебиеттерді оқып-біліп және барлық кездейсоқ улануларды талдап қарастырған С. Ганеман келесідегідей қорытындылады: егер симптомдарында толық ұқсатық болса, қалыпты жағдайларда созылмалы ауру тек одан күштірек жедел патологиямен емделеді. Егер созылмалы ауру мен жедел патологияның симптомдары ұқсас болмаса, бұл созылмалы аурудың асқынуына және жедел патологияның созылмалыға ауысуына әкеледі.

С. Ганеманның ойынша, емделетін аурудың симптомдарын тудыратын дәрілік затты әрбір жағдайда дұрыс таңдағанда ғана емдеуді дұрыс, зиянсыз және тез жүргізуге болады.

2. Дәрілік заттарды аз дозада (жоғары сұйылтуларда) қолдану қағидасы. Бұл қағида бастапқы матрицалық тұндырмаларды, ерітінділерді немесе қатты субстанцияларды көп санды кезектескен сұйылтуға негізделген (тіпті кейде дәріде бастапқы заттың бір де бір молекуласы қалмағанша) және тек оны потенцирлеу жағдайында неғұрлым сұйылту саны жоғары болған сайын, дәрінің белсенділігі де жоғарылайды. Мұндай гомеопатиялық дәрілерді «сұйылтпалар» деп атайды. Белсенді заттардың өте аз және «материалды емес» дозасын қолданудың негізгі себебі – гомеопатияға толық сенбеушілік.

3. Потенцирлеу (латынша potentia – мүмкіндік, қабілеттілік) немесе динамизация (латынша dinamis – күш) қағидасы. Бұл қағида гомеопатиялық препараттарды дайындағанда сериялық сұйылтуды және шайқауды үйлестіруге негізделеді.

С. Ганеман дәрілік препаратты дайындаудың ерекше әдісін ұсынды: шайқаумен сұйылту немесе ұзақ уақыт ысқылау, бұл арқылы заттың дозасы бірте-бірте азаяды және бір уақытта оның белсенділігі жоғарылайды. Ганеман препараттарды кезектесіп сұйылту және шайқау арқылы дайындағанда емдік әсер пайда болумен қатар күшейетінін байқады. Бастапқы зат пен еріткішті сондай концентрацияда жай механикалық араластырғанда мұндай эффект болмайды.

С. Ганеман өзінің дәрілік препаратты дайындаудың әдісін - динамизация, ал сұйылтпаларды – потенциялар деп атады.

С. Ганеманның ойынша, гомеопатиялық динамизация дегеніміз - өңделмеген затта жасырылған дәрілік қасиеттердің шынайы оянуы. «Дәрілік шеберліктің органоны» еңбегінде С. Ганеман өзінің ұсыныстарына сәйкес орындалған жоғары динамизация арқылы дайындалған дәрілік зат өзгереді және рухани дәрілік күшке дейін тазарады және ондағы дәрілік түйіршік (және әсіресе суда ерітілген) осы жағдайда ауру ағзаға өзінің емдік қасиетін көрсетеді. Бұдан басқа С. Ганеман дәрілік ерітіндіні қолданар алдында шайқаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл стандартты потенцияларды дайындағанда оны динамизациялау мақсатында жүргізіледі.


Биоақпараттық әсер туралы қазіргі көзқарастарға сәйкес, дайындау процесінде жоғары сұйылту және динамизация қолданғандағы гомеопатиялық препаратта энергоақпараттық негізден басқа, әрбір гомеопатиялық препаратқа оны дайындауда қатысқан дәрігер-гомеопаттың биоэнергетикасы сіңіріледі. Бірақ принцип препараттарды сериялы дайындауда орындау қиын. Сондықтан гомеопатиялық препаратты индивидуальды түрде жеке ауру адамға дайындау керек. Бұл жағдайда фармацевт және провизор фармакологиялық әсердің сипатын өзгерту үшін гомеопатиялық препаратты дайындаудың ережелерін қатаң орындау қажет. Дәрігер, провизор және фармацевт жоғары кәсіби, жоғары рухани болуы керек, гомеопатиялық емдеудің негізін түсініп, оның эффективтілігіне сеніп, бірін-бірі толық түсініп жұмыс істеу қажет. Тек осы ғана емдеудің гомеопатиялық әдісінің әрі қарай дамуына жағдай жасайды және оның дискредитациясына жол бермейді.

4. Гомеопатиялық препаратты токсикалық емес дозада сау адамдарда сынау принципі. Аурудың диагностикасы мен еміне жеке және кешенді түрде қарау. Гомеопатиялық дәрілік препарат жеке адамның ауруының көріністеріне сәйкес келуі керек, тек осы жағдайда ғана ол дұрыс жұмыс істейді. Ұқсастықты дұрыс орнату гомеопатияның ең күрделі мәселесі болып келеді. Г. Кенер өзінің «Гомеопатия» кітабында былай кеңес береді: «Адамды жалпы бейнелейтін симптомды және дәл сол жағдай үшін ең айқын, ерекше симптомды таңда». Бұл симптомдар гомеопатияда модальділіктер деп аталады. С. Ганеман тәжірибелерді жануарларға жүргізуге қарсы болды, ол ең оптимальды объект ретінде тек адамды санады. Бірінші сынақшы Ганеманның өзі болды.

Дәрілік заттарды токсикалық емес дозада сау адамдарда сынағанда, ол жасанды ауруды тудырды. Бұл жасанды аурудың симптомдары ұқсас симптомдармен жүретін аурудың емі үшін қолданылатын сыналушы заттың қолданысы үшін айқындаушы болады.

Адамға тәжірибе жүргізгенде дәрілік заттың адам ағзасына көрсететін микротоксикалық әсерді көруге және пайда болған реакцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Сыналушы адамның хал-жағдайында ерекше, жағымсыз ауырсыну, теріс эмоциялар, жеңіл функционалды ауытқулар байқалады. Мұндай сезімдер мен ауытқулар барлық адамда емес, тек тексеріліп жатқан затқа аса сезімтал адамдарда ғана байқалады.

Әрбір дәрілік зат өзінің химиялық құрамына байланысты тек кейбіреулері осы затқа сәйкес болатын пациентте бірнеше сезімдерді тудырады. Мысалы, шпан шіркейінің тұндырмасын ішке қолданғанда несеп қабында және несепағар каналында ауырсыну тудырады; қызыл бұрыш (Capsicum) ауыз