Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 58

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


қуысында және тілде күйдіру сезімін тудырады; ипекакуананы (Ipecacuanae) немесе оның шаңымен тыныс алғанда жүрек айнуын тудырады; мышьяк (Arsenicum) - мазасыздануды; аконит (Aconitum) – қорқыныш сезімін тудырады.

Дәрілік заттарды қабылдау кезіндегі осындай субъективті реакциялар аллопатиялық медицинада да болады. Мысалы, белладонна немесе атропин сульфаты препараттарын қабылдағанда ауыз қуысының құрғауы; хинин тұздарын қабылдағанда бас айналып құлақта шу пайда болады; бром препараттарын қолданғанда есте сақтау қабілетінің нашарлауы байқалады. Мұндай сезімдерді кері әсерлер дейді, және олардың пайда болуын уыттану бастауымен байланыстырады.

Қазіргі уақытта гомеопатиялық сұйылтпаларды сау адамдарда абсолютті токсикалық емес дозада сынайды. Бұл тәжірибелер нәтижесінде жиналған ақпараттар көмегімен гомеопатияда белгілі бір заттарды қабылдауға бірдей әсер ететін топтар туралы, яғни дене бітім дәрілік типтері туралы түсінік пайда болды. Мысалы, йодқа қара шашты адамдар аса сезімтал болып келеді, ал бромға – сары шашты адамдар, калийге – толықша келген адамдар, ал натрий препараттарына – арықша келген адамдар аса сезімтал болып келеді.

Сау адамдарда сынақ жүргізу ішкі және сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне тән жауап реакцияларды айқындауға мүмкіндік береді (мысалы, суыққа, ыстыққа, тамақтану, қозғалыс, тыныштық, т.б.). Ерекше жауап реакцияларында адамдардың физиологиялық конституционалдық ерекшеліктері байқалады. Жеке жағдайдың мұндай сыртқы жағдайларға байланысты өзгеруін модальділік деп атайды.

Гомеопатиялық препараттарды өз еркімен келген адамдарға сынайды, ол әр түрлі жынысты және әр түрлі жастағы адамдар болуы мүмкін. Сынақты жиірек соқыр әдіспен жүргізеді (дәрігер және сыналушы қандай зат сыналып жатқанын білмейді, оны тек сынақтың жетекшісі біледі). Сынақ бірнеше апта немесе ай жүргізіледі. Сыналатын адамдардың бір бөлігі тәжірибе процесінде тек плацебо қабылдайды.

Экспериментатор барлық субъективті және объективті өзгерістер туралы күнделікті хаттама толтырады. Бақылауды симптомдардың пайда болуынан оның толық жоғалуына дейін жүргізеді. Денсаулық жағдайындағы өзгерістерді сыналатын адамның дене бітім ерекшеліктеріне және психикалық мінездеріне жатқызады. Бұл жағдайда симптомдардың өзгерістері клиникалық-лабораториялық зерттеулермен бекітілуі маңызды болады.


Гомеопаттардың халықаралық лигасы Еуропаның гомеопатия туралы комитетімен бірлесіп дүниежүзінде жан-жақты зерттеулерді ұйымдастырады. Бұл климаттық және нәсілдік факторладың әсерін ескеріп, препараттың фармакологиялық әсерін анық айыруға мүмкіндік береді.

Диагнозды қойғанда клиникадағы жалпы белгіленген схеманы басшылыққа алады. Оған диагноздың барлық негізгі элементтері кіреді (аурудың этиологиясы, патоморфологиялық көріністер, функционалды бұзылыстардың сипаты және дәрежесі, аурудың ерекшеліктері).

Дәрілік затты таңдап ауруды жеке және жан-жақты кешенді түрде таңдап алу керек. Бұл аурудың барлық патологиясы, өмір сүру жағдайы, қызмет ету түрі, диетасы, отбасылық қарым-қатынастары, мінез-құлқы және т.б. ескеріледі. Сонымен қатар сыртқы қоршаған орта – тұрмыс жағдайынан бастап, космостың әсеріне дейін ескеріледі.

С. Ганеманның айтуынша, локальды аурулар ағзадағы жалпы бұзылыстардың көрінісі болып табылады. Тері ауруларын гомеопаттар ағзаның ішкі созылмалы ауруларды өмір үшін аса қауіпті емес аймағына ауыстырып, созылмалы аурудан құтылу әрекеті ретінде қарастырады (іштен сыртқа). Тері ауруларын тек сыртқа қолданатын дәрілік заттармен емдеуден дәрігер-гомеопаттар сақтандырады, өйткені мұндай емдеу ағзаның аса маңызды мүшелерді қорғау ұмтылысына қарсы келеді.

Ауруларды гомеопатиялық әдіспен емдеу мақсатында жаңа дәрілік заттарды іздестіргенде академиялық (аллопатиялық) медицина препараттарының кері әсерлерінің фармакологиялық мәліметтерін, асқыну симптомдарын пайдаланады.

Гомеопатиядағы дәрілік асқыну тіпті дәрі сол дозада қолданыла берсе де, аллопатиялық емдеудегі кері әсерлерге қарағанда азаяды және жойылады. Бұл – емдеудің дұрыс таңдалғандығының көрінісі.

Гомеопатиялық препараттарды қолданғанда пациенттің біріншілік реакциясының әр түрлі типтері көрінеді.

  1. Алдымен аурудың хал-жағдайы қатты және қысқа мерзімге нашарлайды, кейін тез жақсара бастайды – бұл дәрінің дұрыс таңдалуының, пациентте мүшелер патологиясының болмауының және оның сауығуға дайын болғанының белгісі.

  2. Аурудың хал-жағдайының ұзақ уақыт нашарлауы және баяу жақсаруы – мүшелік зақымдалудың басталуының белгісі, бірақ ағзаның өмірлік күші жеткілікті болады.

  3. Ескі, ұмытылған симптомдардың пайда болуы емдеудің дұрыс бағытта жүргізілуінің белгісі болып табылады.

  4. Таныс емес, жаңа, қабылданған дәрінің патогенезінің симптомдарына тән болатын симптомдардың пайда болуы – дәрілік препаратты қате таңдаудың немесе оның жоғары дозалануының, немесе препаратқа пациенттің жоғары сезімталдығының белгісі.

  5. Аурудың хал-жағдайының өзгеруінің динамикасының қате бағытталуы – препаратты қате таңдаудың нәтижесі.

  6. Барлық симптомдардың жақсаруы, бірақ жалпы жағдайының жеңілденбеуі емделмейтін мүшелік ауруларда, миазмның аралас формаларында байқалады (созылмалы аурулардың негізінде жатқан бөгде факторлары кезінде).

  7. Жақсарудың қысқа периоды (көбінесе жедел жағдайларда) жоғары потенцирлеу әсерінен немесе аз дозалануынан болады.

  8. Аурудың хал-жағдайының нашарламай, тек жақсаруы дәрі, оның потенциясы, дозасы дәрігермен дұрыс таңдалғанда болады, егер ауруда ауыр органдық патология болмаса.

  9. Хал-жағдайдың жақсармай, тек ұзақ уақытта нашарлауы – дәрігердің пациенттің жағдайына дұрыс баға бермеуінен және доза мен потенцияны дұрыс таңдамаудың белгісі;

  10. Паллиативті әсері (дәріні қабылдауды тоқтатқан кезде барлық симптомдар қайта оралады) дәрі органдық деңгейде таңдалғанда пайда болады, оның әсер ету күші жеткілікті болмайды.

  11. Басылу әсері (жалпы жағдайдың нашарлауы) дәрі дұрыс таңдалмаудан пайда болады. Бұл жағдайда дәріні басқа дәрімен алмастырады және патологиялық симптомдарға жергілікті әсерін тексереді.


Гомеопатиялық терапияның мақсаты – ағзаға тән регуляция және өзін-өзі сауықтыруды ояту. «Ауруды емес, ауру адамды емде» деген ереже гомеопатияда өз мағынасына ие болады. А. С. Сорокин, Т. А. Забродина мыңнан астам пациенттерді зерттеп, мынадай қорытындыға келді: «сана емес, ішкі сана адамның саулығы мен ауруын анықтайды». Мысалы, олар анықтады – адам аллергиямен тек физикалық тұрғыда емес, психикалық деңгейде де ауыратындығын. Ғалымдардың ойынша, әсерлесу бұзылыстарын емдеу керек, ал ауруды ағза өзі емдейді. Диагностикалау және гомеопатиялық препаратты таңдау мақсатында авторлар анализаторлық жүйенің қызметін бағалауға болатын түстік вербальды емес тесттарды қолданды, сол арқылы әсерлесу типін анықтап, аса эффективті болатын гомеопатиялық препараттарды таңдады. Авторлар, сонымен қатар, емдеу процесіндегі вегетативті тонусты бағалау үшін интервалокардиография әдісін қолданды. Ғалымдармен қолданылған әдістер адамның психотипін анықтауға, яғни оның гормондары мен минералдарының алмасуын, жүйке, эндокринді және иммунды жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Емдеу нәтижесі инструменталды және лабораториялық зерттеулермен бекітілген объективті мәліметтер бойынша бағаланады.

В. Н. Дункель, Г. А. Гранникова гомеотерапияны ағзаны дәрілік затпен вакцинация әдісі ретінде қарастырды. Н. М. Вавилова, С. А. Мухин, Т. М. Липницкий және т.б. гомеопатиялық әдіс ағзаның қорғаныс реакцияларын күшейтіп, алмасудың орталық, нейроэндокринді регуляторларын іске қосады деген көзқараста болды.

Х. Х. Реккевегтің «Үлкен қорғаныс жүйесінің» алты фазасы туралы теория бойынша аурулар ағзаның токсикалық инвазияға реакциясы болып табылады, бұл жолда қорғаныс механизмдерінің жүйесі активтеледі.

Бірінші кедергі – I-фаза – экскреция (сыртқа бөліну), бұл кезде барлық шығарушы процестер активтеледі. Егер ағза бұл фазамен күресе алмаса, II-фаза – қабыну фазасы іске қосылады. Егер бұл сатыда ағзаның реттеуші қызметі аллопатиялық препараттармен басылса, онда токсин өзінің бұзушы қызметін жалғастырады. Емделудің гуморальды механизмдері басылса, ауру созылмалы сатыға өтеді. Сосын деполану сатысы – III-фаза басталады – гомотоксиндердің әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда жиналуы, ол ағзаның ұлпаларын гомотоксиндердің енуінен қорғайды. Бұл сатының көріністері – семіздік, тамырлардың склерозы, подагра, бүйректің тас ауруы, т. б. Бірінші үш фаза жасушаішілік құрылымдарды зақымдамайды және емделудің жалпы жақсы болжамымен сипатталады (өзіндік емделу мүмкіндігі).


Гемотоксикоздың әрі қарай дамуы – аурудың созылмалы формаға айналуы – IV-V-фазалар. IV-фаза – импрегнация (сіңірілу) – жасушалардың біріншілік интоксикациясы. Емделудің табиғи механизмдері тежеледі. Гемотоксин дәнекер ұлпада немесе жасушаралық матриксте деполанады.

V-фаза – дегенерация – жасушаішілік құрылымдардың терең зақымдалуы, мүшелерде морфологиялық өзгерістер пайда болады.

Егер жасушалардың генетикалық ақпараты бұзылып немесе ұлпа өмірін сақтау программасына ауысса, VI-фаза – дедифференциация фазасы іске қосылады, ол науқастың өліміне әкеледі.

Токсикалық зақымдалудың әрі қарай дамуы (мүшелер – ұлпалар – жасуша) гомотоксикологияда дамушы викариация деп аталады. Ерте сатыдағы аурудың дамуының кері процесі регрессивті викариация деп аталады. Ол жағымды болжам үшін негіз болады. Дәрігердің негізгі мақсаты – бұл процесті инициациялау, ұстап тұру және реттеу.

Г. Келер айтқандай: гомеопатия – бұл реттеуші терапия, оның мақсаты – аурудың реакциясын ескере отырып индивидуальды түрде таңдалған дәрілер арқылы өзін-өзі реттеу процестеріне әсер ету.

Н. Л. Лупичевтің айтуынша: «Ауру – бұл тек сырқаттанған ауру үшін тайм-аут. Бұл ағзаның иерархияның төменгі деңгейіндегі реакциясы, рухтың темендеуі прцесін баяулату үшін қолданылады».

Материяның инерттілігі адам үшін рухани дамуға қосымша уақыт береді. Дәрігер тек ауру адамға көмек бере алады, бірақ толық сауығу тек рухани деңгейде болуы мүмкін.

Ганеманның «өмірлік принципі» - дәрінің рухымен емделеді, ол адамның рухани деңгейімен байланысты болу керек.
2.2. Гомеопатиялық емдеу әдістерінің ғылыми дәлелденуі

С. Ганеман қолданатын «рухани», «динамикалық», «руханишылық», «өмірлік күш» және басқа түсініктер абстрактты болғанымен, олардың жалпы түсініктері қазіргі заманғы биоэнергетикалық түсініктерге жақын келеді. Биоэнергетикалық түсініктерге көптеген терапевтикалық ауруладың басты себебі – дисбаланс. Ол бірінші клиникалық симптомдардан бұрын мүшенің энергия құрылысында пайда болады. Қазіргі ғылыми медицинада оны «ауруалды» стадиясы деп атайды немесе бұзылыстың клиникалды көрінісі деп атайды.

Гомеопатиялық дәрілік препараттарды екі топқа бөледі. Бірінші топқа бастапқы дәрілік зат өте төмен дозада, бірақ шынайы болатын препараттар жатады. Олар үшін О. И. Эпштейн арнайы термин «бипатия» ұсынды. Екінші топқа бастапқы заттың молекулалары болмайтын жоғары сұйылтылған препараттар жатады.


Ауруларға өте жоғары сұйылтпалар түріндегі (мысалы, тримионды, квадримионды) препараттардың әсері бірнеше ондаған күн көрінуі мүмкін.

Гомеопатиялық емдеудің эффективтілігі, оны энерго-ақпараттық тұрғыдан зерттегенде түсінікті болады. Бастапқы ерітіндіде еріткіштің энергоқұрылысын кодтайтын спецификалық энергоқұрылымы бар белсенді дәрілік зат болады. Кезектесіп көпретті сұйылтып және потенцирлегенде дәрілік заттың энергетикалық коды еріткіштің келесі порциясына беріліп отырады. Соңғы сұйылтпада бастапқы дәрілік заттың болмауы маңызды емес, тіпті еріткіште дәрілік зат болмаса да өйткені, оның емдік әсері еріткіштегі энергоқұрылысының коды әр түрлі сұйылтпалар дәрежесінде де маңыздылығын сақтайды.

Затты ерітіп, оны шайқаған кезде судың молекулалары ерітілетін заттың молекулалары өрісінде тізбектеліп, белгілі бір түрде (кластерлі, клатратты) тізбектеліп, бұл зат туралы индивидуальды ақпаратты жаттайды. Әрі қарай сұйылтқанда С12 (Д24) потенциалда және одан да жоғары болғанда бастапқы заттың молекулалары қалмайды, заттың құрамы бір мольдің массасынан төмен (NA= 6 * 1023 молекула) болғанда кластерлер өзінің құрылымын және жоқ болып кеткен зат туралы ақпаратты сақтап қалады, емдік әсердің эффектісі қалады және жоғарылайды.

Гомеопатиялық емдеу әдісінің теорияларымен айналысатын ғалымдардың көбісі, ағзаны тұтас ақпаратты – энергетикалық жүйе ретінде қарастырады, ал гомеопатиялық заттар – бұл жүйенің реттеушілері ретінде және ақпараттық-энергетикалық комплекс ретінде болады. Бұл түсініктердің дамуына әсер еткенде – ультрамолекулярлы ерітінділердің қасиеттерін зерттеу А. Т. Гурвичтің биоөрісі туралы теориясы (1944 жылы) биоплазманың галографиялық қасиеттерін анықтау, ағза жағдайын басқаратын лазерлік биоөрістерді тіркеу және т.б. зерттеулер.

Кезектесіп сұйылту және потенцирлеу (шайқау) дәрежесіне қарай, ортада молекула туралы «ақпарат» ақпараттық-энергетикалық құрылымдар түрінде қалады. Бұл құрылымдар ұзақ уақыт өмір сүре алады және молекула туралы ақпаратты молекулярлық емес, ақпараттық-энергетикалық жолмен тасымалдайды. Энергоақпаратты құрылымның жылдамдығы молекула жылдамдығынан төмен болады. Бұл құрылымдардың жылдамдығын жоғарылату үшін, гомеопатиялық сұйылтпалар дайындағанда дәрілік зат туралы ақпаратты тасымалдауды жылдамдату үшін ұзақ уақыт қатты шайқайды (немесе тритурациялар жасағанда ұзақ уақыт ұнтақтайды). О. И. Эпштейн 2002 жылғы 57-ші халықаралық медициналық гомеопатиялық лига конгресінің еңбектер жинағында басылып шыққан «Бипатия феномендері және гомеопатия механизмдері» мақаласында былай деп жазды: «Гомеопатия зерттеушілерінің айтуынша, потенцирленген ерітіндіде бастапқы зат туралы «ес» еріткіштің құрылымдық өзгерістері түрінде сақталады. Біз потенцирлеу күрделі физикалық өзгерістермен жүреді деп санаймыз. Ерітіндіде бастапқы зат үшін маңызды кеңістіктік-уақыттық (голографиялық) қасиеттер сақталады». Ақпарат тасымалдаушысы болатын гомеопатиялық дәрілік зат өзінің аз дозасында ағзаның бүкіл реттеуші жүйесін қозғалысқа келтіруге жеткілікті энергия порциясы болады.