Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4.2. Жіктелуі және дайындау жағдайлары


Қазіргі кезде гомеопатиялық заттар монопрепараттар және комплексті препараттар болып жіктеледі: монопрепараттар және комлексті препараттар.

Монопрепараттар – бір потенцияда бір дәрілік затты құрайды. С. Ганеман науқасқа бір уақытта бір медициналық субстанциядан артық қабылдауды ұсынбаған.

Бірақ соңғы жылдары комплексті дайындау тенденциясы және белгілеу әсіресе өндірістік жағдайда байқалады. Олардың кең клиникалық қолдануы, көп ауруларды емдеу және алдын алу шараларын жоғары мүмкіндікте көрсетеді.

Аллопатиялық заттармен емдеу терапияның осы препараттарымен жақсы үлеседі.

Комплексті препараттар – бір түрде болатын:

  • бірдей потенцияда минимум екі зат – жай келісім;

  • бірнеше потенцияда минимум бір әсер етуші зат . Сол кезде бір потенцияның жанама әсері екінші потенцияның әсерімен жойылады;

  • бірнеше потенцияда бірнеше әсер етуші заттар. Мысалы: «HEEL» фирмасы 4 түрлі комплексті препараттарды шығарады;

  • арнайы бекітілген көрсеткіштер кәдімгі терапия түрінде қолданылады.

  • гомаккорды – созылмалы ауруларды емдеу үшін қолданылады. Олардың құрамына бірнеше негізгі заттар кіреді. Олардың әрқайсысы төмен және жоғары сұйылту теңестірілген келісімде көрсетілген;

  • меншікті комплексті препараттар құрамы бойынша едәуір күрделі. Кіретін компоненттер және қолдануға сәйкес келетін көрсеткіштер спецификасымен негізделген;

  • катализаторлар - әртүрлі мүшелер мен ұлпалардың жасушаларында энергия алмасу бұзылуында көрсетілген созылмалы ауру терапиясында пайдаланады.

Гомеопатияда – науқасқа бір кезде әртүрлі екі дәрі берілмеуі шынайы, қарапайым және табиғи емдеу өнері.

Ірі гомеопатиялық дәріхана 10 бөлімге дейін болуы мүмкін. Оның ішінде өндірістік ереже бойынша екеу: өндірістік- рецептуралық бөлім және өндірістік гомеопатиялық бөлім.

Өндірістік рецептуралық бөлімде гомеопатиялық орталықтар рецепті бойынша түйіршіктер, тамшылар, жағар майлар, майлар жасалынады.

Өндірістік гомеопатиялық бөлімінің дефектарында дайындайды:

  1. тинктуралар (бастапқы тұндырма ) ең алдымен кептірілген дәрілік өсімдік шикізатынан мацерация әдісімен В. Швабе жетекшілігі бойынша немесе 4 фармакопеялық мақалаға сәйкес;

  2. минералтды заттармен химиялық қосылыстардың сулы- этанолды ерітіндісі;

  3. МФ XI басылымының №2 кестесі бойынша этанолды сұйылту;

  4. бастапқы тұндырманы және субстанцияны сұйылту С2, С5, С11, С29 потенцияларына дейін, рецептер жазылымында едәуір кең тараған С3, С6, С12, С30 сұйылтуларды ескере отырып;

  5. 43 % этанолмен бастапқы тинктура потенциясы D1. D2 – ге дейін D2. D3 тамшыларда едәуір жиі жазылғандықтан.


Этанол шығынын бөлім меңгерушісі арнайы журналда есептеп тіркейді. Әр 10 күн сайын 43 және 62 % этанол өндірісті гомеопатиялық бөлімінің ассистент бөлмесіне түседі.

Спирт пен судың санын әр бастапқы концентрацияға есептеуге болады. Мысал ретінде бастапқы концентрациясы 96,4% этанолды алайық. МФ алкоголеметриялық №1 кестесіндегі этанолдың көлемдік концентрациясы (96,4%) мен массалық концентрациясы (94,43%) арсындағы сәйкестік бойынша табылады.

Эквивалент заңы бойынша С1 М1 = С2М2 осыдан:

94,43 х М1 =15 х1000,0

М1 = 15 000/ 94,43 = 158,8≈159 г этанолдың бастапқы концентрациясы.

Тазартылған судың массасы 1000 – 159 = 841 г

Өндіріс – рецептура бөлімінің меңгерушісі әр концентрация бойынша арнайы журналда спирттің есебін жүргізеді.

Сұйылту немесе препаратты дайындау бөлмесі тікелей күн көзінен қорғалған болуы керек.

Гомеопатиялық препараттарың 75 %-ке жуығын ішке қолдануға арналған дәрілік түрлер құрайды. Ең үлкен дәрілік топ – «түйіршіктер» дәрілік түрі 39-40 % -ке жуық, одан кейін «тамшылар» 24 % -ке жуық. «Жағар майлар» - 10-11%-ке жуығын құрайды.

Бастапқы шикізаттарды біріншілік өңдеу екі технологиялық схемамен жүзеге асырылады: сұйықфазалы (этанолда тұндыру) және қаттыфазалы (лактозамен ысқылау). Біріншілік өңдеу өнімі әрі қарай өңдеуге - әртүрлі дәрілік түрлердің динамизация процесін талап етеді.

Қолданылатын дәрілік түрді таңдау бастапқы материалға және науқастың жеке жағдай ерекшелігіне тәуелді. Урсубстанцияда ерімейтін зат (Мысалы: алтын) төмен потенцияда қатты дәрілік түрде ғана тағайындауға болады: таблеткалар немесе ысқылау. Жарықтың, температураның әсерінен (мысалы: бром) сүт қантымен араластырылған кезде еритін заттар немесе заттар өзгеруі және қауіпті қасиеттер көрсетуі мүмкін. D 8 – ге дейін сумен сұйылтады.

Баларларға жиі құрамында этанолы бар ерітінділерді қолдана алмайтындықтан, оларға арналған «тәтті түйіршікті» дәрілік түрлер шығарылған.


4.3. Гомеопатиялық бастапқы тұндырмалар


Гомеопатиялық бастапқы тұндырма - жас немесе кептірілген өсімдік немесе жануар шикізатынан (жануарлардың жеке мүшелерінен, жас өсімдік сөлінің этанолмен қоспасы (эссенция)) алынған, сулы- этанолды немесе этанолды сығындылар.

Тұндырмалар әртүрлі гомеопатиялық препарттар дайындау үшін пайдаланады, кейбір жағдайда оларды таза түрде ішке және сыртқа қолданады. Экстрагент ретінде ережедегідей этанолдың әртүрлі процентті (масса бойынша) концентрациясын пайдаланады. Экстрагент концентрациясы және оның көлемі жеке фармакопеялық мақала нұсқауына сәйкес келуі керек.

Эссенциядан бастапқы (матричный) тұндырма дайындау кезінде оларды сәйкес келетін қатынаста белгілі концентрацияға этанолмен сұйылтады және стандарттайды, бұл үшін оларды міндетті түрде сертификаттайды. Әр бір тұндырмаға қажетті НҚ – сәйкес келетіні туралы талдау хаттамасы құрастырылады.

Эссенциядан бастапқы тұндырма дайындау


Гомеопатиялық технологияның міндеті жас өсімдіктен алынатын сөл сығындысы максимальды болуы. Эссенция белгілі өсімдік сөлі құрамын есептей отырып дайындалады. В. Швабе жетекшілігі немесе ФМ 3 әдісі бойынша сөлді 86% этанолмен (масса бойынша) (90% ) араластырады. Кейбір жағдайда эссенция алу үшін этанолдың әртүрлі концентрациясы пайдалануы мүмкін. Эссенция 1:2 қатынаста, 1:3 қатынаста алынады.

Эссенция дайындау технологиясы. Бірнеше әдістермен алынады.

  • 1 әдіс бойынша - өсімдік құрамында сөл 70 % -тен жоғары болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;

  • 2 әдіс өсімдік шикізат құрамында сөл 70 %-тен аз болса, кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;

  • кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және шикізат құрамында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болған жағдайда.

Стандарттау. Егер эссенциядағы экстрактивті заттардың құрамы (құрғақ қалдық) стандартты массадан, кг, спирт 43 мас % (50% көл) көп (сәйкес келетін жеке мақалада нормаланған) болса, онда стандартты концентрацияға дейінгі сұйылтуға арналған формула:

Е = Р (Вх – В0)/ В0 ,

мұнда Р – фильтрат массасы, кг;

Вх – эссенциядағы экстрактивті зат құрамы, %

В0 – жеке мақалада нормаланған экстрактивті зат құрамы, %

Эссенция дәрілік түр және сұйылту дайындау үшін қолданылмайды. Олардан тек гомеопатиялық бастапқы тұндырма дайындалады.

Кептірілген шикізаттан бастапқы тұндырма дайындау

Құрғақ өсімдік және жануар шикізатынан бастапқы тұндырмалар 1:10 қатынаста дайындайды.



1 – тәсіл.

  1. Кептірілген өсімдік шикізатынан 1 бөлік ірі ұнтақты МФ ХI. 2. басылым 17 бет немесе мұқият ұнтақталынған ботқа тәрізді жануар шикізатына 10 бөлік спирт қосады.

  2. Күнделікті араластыру арқылы 8 тәулік мацерациялайды (тұндырады).

  3. Құяды.

  4. Преспен сығады.

  5. 8 тәулік бойы 20 0 С температурада жақсы жабылған ыдыста қалдырады.

  6. Фильтрлейді.

Әсер етуші заттардың құрамы 1:10. Этанол концентрациясы – нақты шикізат немесе бастапқы тұндырма жеке мақаласына сәйкес таңдалады.

2 –тәсіл.

  1. Кептірілген ұнтақтың 1 бөлігімен этанолдың 5 бөлігін араластырып 2 тәулікке қалдырады.

  2. Тұндырманың 10 бөлігін алу үшін жылдамдығы 20 тамшы / мин осындай этанол мөлшерімен перколяторға ауыстырып, перколяциялайды (сүзеді).

  3. 8 тәулік бойы 20 0С температурада жақсы жабылған ыдыста қалдырады.

  4. Құяды.

Әсер етуші заттардың құрамы 1:10. Спирт концентрациясы – жеке мақалада көрсетілгендей.
Жануар шикізатынан бастапқы тұндырма дайындау

Мысал ретінде арадан алынған тұндырма дайындауды келтіруге болады. Құтыға тірі араны салады, салмағына екі еселенген мөлшердегі 62 % этанолмен өңдейді, сосын фарфор келіде ысқылайды, тағы сегіз салмақтық бөлікте 62 % этанол қосады, оны 14 күнге қалдырады, күнсайын күніне үш рет шайқайды. Алынған тұндырманы сықпай фильтрлейді. Екіншілік және үшіншілік ондық сұйылтуларды 62 % этанолды қолдана отырып дайындайды, ал жоғары сұйылтуларды алу үшін оның 43 % ерітіндісі қолданылады.

Тұндырманы және оның 2D мен 3D сұйылтуларын абайлап (Б тізімі) сақтау қажет.

Ара денесінен алынған «Апис» препараты және ара уынан алынған «Апизин» препараты капиллярдың өткізгіштігін күшейтеді, терінің ісінуі және өткір қабынуда қолданады.

Қабылдау уақыты – күндіз.


Гомеопатиялық бастапқы ферменттелінген тұндырмасын дайындау

Бұл жас және кептірілген дәрілік өсімдік шикізатынан алынған су сығындысы. Оларды ферментациялауда берілген параметрлерде – температура, рН сутек көрсеткіші, тұндыру уақыты, араластыру режимі және т.б. алады. Гомеопатиялық дәрілік түр дайындау үшін қолданады.



Тұндырмаларды балда немесе бал мен лактозаның қоспасында немесе жаңа дайындалынған сүт сарысуында мацерация тәсілімен, беті жақсы жабылатын керамикалық немесе шыны ыдыста дайындайды. Сүт сарысуын қайнатылған және Lactobacillus plantarum микроорганизмі арқылы 3 тәулік бойы 250 С температурада суытылған сүтті ашытып, жоғары сапалы сиыр сүтінен алады. 10 мл ашытқыны 1 л сиыр сүтіне қосады.

Ұсақталған дәрілік өсімдік шикізат бөлшегінің өлшемі сәйкес келетін нормативтік құжат бойынша көрсетілуі керек. Бөлшек өлшемі көрсетілмеген кезде жаңа шикізатты, ботқа болғанша ұсақтайды; кептірілгенді – елеуіштен өтетін, тесігінің диаметрі 0,5 мм ден үлкен емес, бөлшекке дейін.

Мацерацияның температуралық режимін термостат арқылы ұстайды. Мацераттарды күніне екі рет араластырады.

Ферменттелінген бір сериядағы тұндырманы 1-ден 3 кг дейін дайындайды. Тұндырманы жас өсімдік шикізатынан алу үшін 1.1-1.5; 2.1; 3.1-3.5 әдістері, кептірілген өсімдік шикізатынан алу үшін 2.2 мен 4.0 әдістері қолданады.

Ферментті бастапқы тұндырмалардан сұйылтуларды масса бойынша дайындайды. D1 немесе С1 сұйылтуларын алу үшін тұндырманың бір бөлігін судың 9 немесе 99 бөлігімен араластырады және потенцирлейді. Келесі потенцияларды ондық немесе жүздік сұйылтулардың бір бөлігіне, тазаланған судың 9 немесе 99 бөлігін сәйкес қосып дайындайды.

Алдында айтылған әдістердің бірімен дайындалған барлық бастапқы тұндырмаларды күн сәулесінен қорғалған, салқын жерде сақтайды (МФХI. 2. басылым – 148 бет).

Арнайы сақтау жағдайлары сәйкес келетін жеке фармакопеялық мақалаларда ұсынылған.

Ферментативті тұндырмаларды тұндырған кезде пайда болған тұнбасынан бөлмей 6 ай сақтайды. Тұнбаны пайдаланбайды.



    1. Гомеопатиялық тұнба мен қайнатпалар

Гомеопатиялық тұнба мен қайнатпалар – бұл дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы сығындылар. Оларды әртүрлі дәрілік түрде гомеопатиялық дәрілік препараттарды дайындау үшін қолданады. Кептірілген шикізаттармен олардың сұйылтуларынан алынған тұнба мен қайнатпаларды инъекцияға, көз тамшы, түйіршіктер, суппозиторияларға арналған гомеопатиялық ерітінділерді жасау үшін қолданады.

Жас дәрілік өсімдік шикізатынан және олардың сұйылтуларынан алынған тұнбалар инъекцияға арналған гомеопатиялық ерітінділерді дайындау үшін қолданады, ал қайнатпалармен олардың сұйылтуларын инъекциялық ерітінділер мен көз тамшыларын дайындау үшін қолданады.