Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 61

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Бүгінгі күні біз жаңа қадамның алдында тұрмыз – ол нольге жақын өлшемдегі бөлшектермен байланысты процестерді сипаттау. Осы бөлшектер тасымалдайтын энергия заттың басқа объектіге әсері туралы ақпаратты сақтайды. Бұл - мән-мағына энергиясы. Мән-мағына энергиясы бар заттар өте кішкентай, оларды қазіргі заманғы әдістермен анықтау мүмкін емес, оны тек олар көрсететін әсер арқылы бағалауға болады» (Лупичев Н. Л. «Гомеопатия және энергоақпараттану»).

Атақты француз ғалым-имммунолог Жак Бенвенист арадан (Apis) жасалған сұйылтпаларды зерттей отырып, 1986 жылы гомеопатиялық сұйылтпалардың протекторлық қасиетін, ол - зертханалық жағдайдағы жасуша дақылын аллергиялық зақымдалудан (анафилаксия) сақтайтынын ашты. Соңғы жылдары гомеопатиялық препараттардың ерекше қасиеттерін, олардың протекторлық (қорғаушы) қасиеттері және гомеопатиялық препараттардың сақталуына кері әсер ететін сыртқы орта факторларын көрсетіп, дәлелдеді. Гомеопатиялық дәрілердің эффективтілігін Ж. Бенвенист судың ерекше қасиеттерімен түсіндіреді, судың құрылымы тек ерітінділердің қасиеттерін ғана емес, ақпараттың да тасымалдануына ықпал етеді.

Қазіргі кезде гомеопатиялық препараттардың және адам организмінің биологиялық сұйықтықтарының энергоақпараттық құрылымын кристаллография әдісімен зерттеу жүргізіледі (Воробьев А.В., ВоробьеваВ. А., Замаренов Н. А. және т.б. Гомеопатиядағы кристаллография). Алғашқы рет өсімдіктердің «эфирлік күшін» зерттеп белгілеу үшін «сезімтал кристаллизация» әдісін ХХ ғ басында антропософия негізін қалаушы Р. Штейнер ұсынды. Жүргізілетін кристаллографиялық зерттеулер гомеопатиялық препараттардың және биологиялық сұйықтықтырдың спецификалық энергоақпараттың құрамын анықтау мүмкіндігін көрсетті. Бұл науқастың конституционалды типін диагностикалау және ұқсас дәрілік затты таңдау үшін маңызды.

Соңғы жылдары жүргізілген фундаментальды зерттеулер гомеопатиялық дәрілік препараттардың әр түрлі физикалық жүйелерде in vitro және in vivo модельдерінде әсерін дәлелдеді. Ол туралы Г. Шмидт (DHU өкілі) 1996 жылы Халықаралық гомеопатиялық конференцияда жария етті.

1990 жылдардың ортасында Утрехт университетінің зерттеушілер тобы ұқсастық заңының әсерін клеткалық культура деңгейінде бекітті.

Гомеопатияның теориялық базасының дамуына Үндістан көп үлес қосты, Үндістанда гомеопатия мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне енгізілген. Гомеопатиялық препараттың ветеринарияда қолданылу эффективтілігінің нәтижесінде оның тек психотерапевтикалық әсері бар екенін кері шығарды.


1985 жылы ғалым Ф. Р. Черников молекулярлы флуктуационды жарық тарату әдісін жасады. Ол гомеопатиялық препараттың физикалық мәнін бағалауға мүмкіндік ашты. Ф. Р. Черников «АГЛС – ЭДАС» приборларының сериясын жасап шығарды, ол препараттың белсенділігін көрсететін ортаның коллективті динамикалық жағдайын бағалауға арналған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ол «Гомеопатиялық дәрілік заттардың түзілуі мен әсерінің физико-химиялық негіздері» деген мақаласында былай деп жазды: «Гомеопатиялық әдістің мақсаты – патологиялық режимді бұзу арқылы ағзаның сау динамикалық режимін қалыптастыру. Оның әдісі – ұқсас динамикалық режимі бар динамикалық жүйе арқылы ағзаның динамикалық режиміне әсер ету. Зат (гомеопатиялық дәрілік зат) – заттың арнайы қалыптастырылған динамикалық коллективті жағдайымен және протонды жүйенің потенциалды құрылымымен конденсацияланған фаза. Әсер ету субстраты – тірі протоплазмадағы протонды-электронды тасымалдау процесі».

В. Н. Сорокин гомеопатиялық дәрілік заттың түзілу процесі туралы теорияны протонды тасымалдау негізінде дәлелдеді (1995 ж). Осы теорияға сәйкес, процестің мәні – дәрілік зат молекуласынан протондардың су молекуласына тасымалдануы. Бұл кезде дәрілік молекула сипаттамалары еріткіш молекулаларына беріледі, ал заттың өзі сұйылту процесінде ортадан жойылады. Ортада коллективті динамикалық жағдай қалыптасады, ол дәрілік белсенділіктің физикалық ұстаушысы болып табылады.

2000 жылы В. Н. Сорокин және Ф. Р. Черников гомеопатиялық дәрілердің қалыптасуының физико-химиялық негізін түсіну үшін маңызды теориялық және тәжірибелік нәтижелер алды.

Трансрезонансты радиоспектроскопия әдісі судың және сүт қанты ерітіндісінің жасырын құрылымдық-толқындық сипатын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеулер нәтижесі биологиялық объектінің гомеопатиялық ақпаратты қабылдауын және оған жауап беруін түсіну үшін кең перспективаларды берді.

Теория мен экспериментальды бақылаулар әрі қарай дамыса, жақын арада гомеопатияның теориялық негіздері құрылу мүмкіндігі бар.

3 БӨЛІМ. ФАРМАЦЕВТІК ГОМЕОПАТИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Фармацевттік гомеопатияның мақсаты мен міндеттері

Фармацевтік гомеопатиябұл объект ретінде гомеопатиялық технология бойынша алынатын гомеопатиялық дәрілік препараттар болып табылатын және денсаулық сақтауда гомеопатиялық емдеу әдіс қағидаларына сәйкес қолданатын фармация бөлімі.

Фармацевтік гомеопатияның міндеттері:


  • гомеопатиялық препараттарды дайындау регламенттері мен сапасын бағалау нормативті базаларын дамыту және жетілдіру;

  • амбулаторлық және стационарлық пациенттерге гомеопатиялық препараттарды қол жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

  • гомеопатия аумағында мамандардар мен ақпараттандыру - консультативтік мекемелердің қызмет аясы дамыту;

  • гомеопатиялық препараттар дайындаудың дәріханалық және өндірістік базаларын құру және үнемі дамыту;

  • гомеопатиялық дәрілік заттардың, препараттардың, дәрілік түрлердің ассортиментін кеңейту;

  • қазіргі кездегі сапасын бағалау әдістерін жетілдіру;

  • гомеопатиялық емдеу әдістерін теориялық базасын ғылыми өңдеуге белсене араластыру;

  • гомеопатиялық фармацевтік көмек сапасымен басқару жүйесін құру.

Гомеопатияны жалпы медицинада регуляциялық терапия ретінде анықтауға болады.

3.2. Гомеопатиялық препараттардың ерекшеліктері




Дұрыс қолдану барысында гомеопатиялық препараттар жанама әсер көрсетпейді; ағзаның қорғаныс қызметін күшейтеді, ұзақ уақыт және үнемі қабылдаған кезде жеке мүшелерге ғана емес, бүкіл ағзаға жүйелі дәрежеде әсер етеді.

Препараттардың эффективтілігі дәрілік заттарды таңдау ұқсастық заңы бойынша, кезек ретімен сұйылтуды дайындау жолы, дайындау процесінің белсенділігін күшейту.

Провизорлар мен фармацевттердің гомеопатиялық дәріханаларда дайындайтын едәуір кең тараған дәрілік түрлері: түйіршіктер (гранулалар), тамшылар (сұйылту), тритурация, спирттер, жағармайлар, оподельдоки, майлар, балауыздар (суппозитория). Сонымен қатар қазіргі кезде шырындар (эликсирлар), шаншуға арналған ерітінділер және көз жағармайы, шашыратқышы бар дозаторы бар мұрынға арналған дәрілік түр (спрей), таблеткалар және де басқа дәрілік заттар, емдік косметикалық заттар мен парафармацевтикалық өнімдер де дайындалады.

3.3. Негізгі және қосымша заттар

Гомеопатиялық препараттарды дайындау үшін өсімдік, минерал, жануар текті өнім шикізаттары және аллопатиялық дәрілік заттар жатады. Жас (жас өсімдіктердің сөлі) және кептірілген өсімдік шикізатынан алынған (65% жуық) дәрілік заттар жиі қолданылады. Минералдық заттардан тұратын дәрілік препараттар 30%-ке жуық құрайды. Мысалы: литий, натрий және калийді көбінесе зат алмасуының бұзылуына; мыс, күміс және алтын – жүйке жүйе және қантамыр ауруларында қолданады.

Бірінші топ элементтердің байланысы гомеопатияда конституционалдық заттар деп есептеледі, сондықтан олар әртүрлі ауруларға көрсетілген.

Никельді жүйке жүйесі, жоғарғы тыныс, асқорыту жолдары, тері ауруларын емдеу кезінде сыналды. К. Геринг жүйке жүйесі ауруларын емдеу барысында палладийді қолданған. Платинаны медицинаға С. Ганеман енгізген. Сондай-ақ қалайы, мырыш, висмут, марганец және басқа да металдар гомеопатиялық препараттардың құрамына кіруі мүмкін.

Құрамында күкірт, мышьяк, фосфор, кремний және т.б. химиялық элементтері бар препараттар қолданылады. Хлорлысутекті, азотты, күкірт, құмырсқа сірке, синил қышқыл препараттары да тағайындалады. Көбінесе калий, натрий, магний, кальций, барий, сынап, темір тұздары қолданылады.

Гомеотерапияда қымыздық қышқылы, калий бихроматы, бром, мырш фосфаты және т.б. реактивтер қолданылуы қабылданған. Жиі өсімдік және жануар көмірі, графит, ликоподий белгілейді.


Негізгі (бастапқы) субстанция ретінде гомеопатиялық препараттар дайындау үшін жәндіктер, моллюскалар, рептилий, жеке жануар бөлінісі (выделение), жыланның уы қолданылады.

Таза экологиялық жағдайда өсірілген жас ірі қара мал мүшелері мен ұлпаларынан органоспецификалық препараттар дайындайды. Биологиялық шикізаттан 5%-ке жуық гомеопатиялық препараттар дайындайды.

Гомеопатияда аллопатиялық медициналық препараттар мен дәрілік заттардан мысалы: күміс нитраты, тиреоидин, гепарин, инсулин пайдаланады.

Әлемдік гомеопатия тәжірибесінде орташа 1,5 мың дәрілік препараттар пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде қолданылатын жалпы өсімдіктердің тізімі 1063 түр болып саналады.

Гомеопатиялық препараттарды дайындау технологиясы оның негізгі матералына (негізгі субстанциялармен қосымша заттар) тәуелді.

Негізгі заттар (субстанции, базис) – бұл дәрілік түрлерді сұйылту үшін пайдаланатын минералды, өсімдік және жануар текті шикізаттар.

Сұйылту үшін сұйық және қатты негізгі заттар пайдаланады.

Сұйық заттарға мыналар жатады:

  • ерітінділер (қышқыл, тұздар, у және т.б.);

  • әртүрлі табиғи сұйықтықтар;

  • бастапқы тұндырмалар.

Бастапқы тұндырмалар дайындау үшін бастапқы материал ретінде консервілеу мақсатында (эссенция) этанолмен араласқан, жас өсімдік сөлдері немесе олардың бөлшектері (гүлдері, жапырақтары және т.б.) алынады.

Қатты заттарға мыналар жатады:

  • ерімейтін минералдар;

  • тұздар;

  • кептірілген өсімдіктер немесе олардың бөлшектері (тұқымдары, тамырлар және т.б.).

Қатты заттардан ары қарай тритурациялар (ысқылау) немесе гомеопатиялық бастапқы тұндырмалар (кептірілген өсімдік немесе жануар шикізаттарынан; аралар, құмырсқалардан және т.б.) дайындайды. Тритурацияны келіде қатты затты сүт қанттымен 1 сағаттай ысқылайды.

Көп жағдайда гомеопатиялық заттардың атауы XVIII, XIX ғасырлардағы ескі номенклатурасы бойынша сақталған.

Қосымша заттар ретінде тазаланған су, әртүрлі концентрациялы этил спирті, глицерин, сүт қанты, өсімдік майы, вазелин, ланолин, какао майы қолданылады. Олардың ассортименті шектелінген.

Токсикалық қасиеті жөнінде аллопатиядағыдай негізгі заттарды А және Б тізіміне бөледі.

Арнайы бөлмелерде иісті заттар және кейбір жағдайда олардың сұйылтулары D1,D2, D3 сақталынады.
3.4. Гомеопатиялық препараттарға рецепт жазу жалпы ережелері

Рецепт рецептуралық түбіршекте латын тілінде атау септігінде сұйылтуды және қолдану ерекшелігін көрсетіліп жазылады. Түбіршек емдеу мекемесінің және дәрігердің жеке мөрімен безендіріледі. Бір гомеопатиялық препаратта әртүрлі гомеопатиялық заттар бір дәрілік түрде жазылуы мүмкін.