Файл: араанды мемлекеттік медицина академиясы а. Т. Медешова фармацевтік гомеопатиялы препараттар технологиясы (Оу дістемелік рал).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Магний фосфатының тритурациясы

10,0 Магний гидрофосфаты тритурациясын дайындау үшін үшінші жүздікті сұйылтуларға 9,9 г сүт қанты өлшенеді, өлшенген мөлшер үш бөлікке (3,3 г) теңдей бөлінеді. Оның бір бөлігімен келі саңлауын бекіту үшін ысқылайды, 0,1 г магний гидрофосфатын қосады. Сосын 6 минут бойы күшпен ысқылайды және 4 минут араластырады.Сосын осы операциялар қайталанады. Келіге сүт қантының үшінші бөлігін қосады, 6 минут ысқылайды, келі қабырғаларындағы ұнтақты жинап 4 минут араластырады. Осы операция екі рет қайталанады. Осындай жолмен магний гидрофосфатының (С1) бірінші жүздігі алынады.

9,9 г сүт қанты қайта және 0,1 г (С1) бірінші жүздік толықтырғыштан өлшенеді. Сүт қанты 3 теңдей бөлікке (3,3 г) бөліненді, бір бөлігі құрғақ келіге салынады. Оған 0,1 бірінші жүздік толықтырғыш қосылады. Одан әрі қарай жоғарыда айтылғандай өтеді. Осындай жолмен магний гидрофосфатының (С2) екінші жүздігі алынады.

Үшінші жүздік толықтырғыштарды дайындау үшін 0,1 г (С2) екінші жүздік толықтырғышға 9,9 г сүт қанты жоғарыда айтылғандай етіп қосылады. Жоғарыдағы операциялар қайталанады. Нәтижесінде (С3) үшінші жүздік сұйылту алынады. әрбір сұйылтуды дайындау 60 минут созылады.

Сұйық препараттармен немесе олардың сұйылтуларымен тритурация дайындау

Сұйық препараттың талап етілген мөлшері оның алдынғы сұйылтуын қосымша затпен араластырады.

Егер ылғал масса түзілсе оны технологиялық реглементте көрсетілген температурада кептіреді және қажет болған жағдайда ұнтақтайды, араластыру алдында елейді.

Сулы немесе сулы – этанолды ерітінді 1:100 қатынаста (2 кесте) және олардың сұйылтуларын тритурация дайындау үшін лактозамен мынадай қатынаста араластырады:

2 Кесте

Сулы-этанолды ерітінді қатынасы

2 тамшы сулы ерітінді (0,1 г) 9,9 г лактозамен ысқылайды;

4 тамшы сулы- этанолды ерітінді (0,1 г) 9,9 г лактозамен ысқылайды;



1: 100 қатынаста тритурация дайындау үшін тұндырма және эссенциядан (С1) лактозамен(3 кесте)мұқият араластырады.

3 Кесте

Тұндырма және эссенцияның лактозамен қатынасы

1,0 г тұндырма 1:10 (0,1) – 99 г лактозамен

2,0 г тұндырма (эссенция) (1:2 ) – 99 г лактозамен

3,0 г тұндырма (эссенция) (1:3) – 99 г лактозамен

1 кг-нан астам мөлшердегі тритурациялар жинақтайтын құралы бар механикалық тәсілмен араластырылады. Дайындау уақыты 1 сағаттан кем болмайды. Бұл үшін бөлшектердің өлшемімен және басқа да көрсеткіштерінің талап етілетін сапасы бойынша жинағыш құралдары бар тритурация алуды қамтамасыз ететін машиналар (араластырғыштар) қолданылады.


Араластырғыштар түрін және оның жұмыс істеу уақытын тәжірибе түрде анықтайды және технологиялық процестің регламентінде көрсетіледі.

Машина көмегімен тритурация дайындау кезінде лактозаның жалпы массасынан үштен бір бөлігін ысқылайды, сосын дәрілік зат қосылады. Барлығын мұқият ысқылап араластырады. Әрі қарай кезекті ретімен екінші, сосын лактозаның үшінші үлесін қосып, дәл солай мұқият ысқылайды және араластырады.

Тритурацияның машина арқылы дайындау уақыты 1 сағаттан аз болмау керек.

Екі келсабы бар электрлі тритурат пайдаланған кезде жақсы эффект болады.

Құрамында улы және күшті әсер ететін заттары бар D3 – ке дейін тритурацияларды нормативті құжат талаптары бойынша сақтау қажет. Ерекше сақтау жағдайы жеке мақалада көрсетілуі керек.

Әрбір тритурацияны пайдалану барысында тритурацияны келіде шайқамай мұқият араластыру қажет.

Құрамында улы және күшті әсер ететін заттары бар тритурациялар D1, D2, D3 сұйылтуларда жеке сақтау жағдайы талап етіледі.

Сақтау мерзімі жеке мақалаларға сәйкес көрсетілуі керек.


4.9. Гомеопатиялық түйіршіктер


Гомеопатиялық түйіршіктер (Granulae homoeopathiae) – ішке қолдануға арналған қатты дозаланған дәрілік түр.

Гомеопатиялық тритурациялар мен түйіршіктерді әдетте тіл астына тағайындайдыі. Себебі ауыз қуысының шырышты қабаты арқылы тез сіңірлуі әсерін қамтамасыз ету үшін.

Оларды сұйық гомеопатиялық дәрілік зат сұйылтулары немесе олардың негізгі түйіршіктері қосымша заттармен қоспалары, медицинада қолдануға рұқсат етілген жағу жолдары бойынша дайындайды.

Қазіргі кезде түйіршіктерді жоғарғы сападағы таза тростник қантынан жасайды. Олар таза суда толық (қалдықсыз) еруі керек.

Гомеопатиялық түйіршіктерді қанттың түйіршіктеріне сұйық препараттарды, сұйылтуларды, дәрілік заттарды немесе олардың қоспаларын жаға отырып алады. Қанттың негізгі (бастапқы) түйіршіктеріне жағылған дәрілік заттардың мөлшері, оларды өлшемі мен басқа да физикалық- механикалық көрсеткіштеріне әсер етпейді. Сондықтан гомепатиялық түйіршіктерді, өлшемі бойынша, орташа диаметрі бойынша негізгі (бастапқы) түйіршіктермен бағалайды.

Едәуір жиі бесінші, алтыншы нөмірдегі түйіршіктер қолданылады. Түйіршік нөмірін 1 г – дағы түйіршік саны бойынша немесе елеуіш көмегімен жіктелінеді. Түйіршік саны екі паралельді бірдей салмақты сынамада 0,01 г дейін дәл өлшенеді.
Дайындау технологиясы

1 - Тәсіл. Негізгі түйіршікке түйіршіктермен сіңірілетін сулы – этанолды гомеопатиялық дәрілік зат сұйылтулары жағылады. Әрбір ұсақ түйіршікке сұйық сұйылтудың тамшысы сәйкес келеді. Қанығыу тек 62% (масса бойынша) немесе 70 % (көлем бойынша ) этанолды қолдана отырып үшінші және одан да жоғары сұйылтулардан (массасы бойынша) басталады, қант ұсақ түйіршік саңлауларын ашуын және оларды дәрілік заттармен қанықтыруын қамтамасыз етеді.

Араластыру көлемі тиейтін негізгі түйіршік массасынан 1,5 –2 есе көп болуы керек.

100 г негізгі қант түйіршігіне тек 62% этил спиртінде дайындалған 1,0г дәрілік зат ерітіндісіне сәйкес келетін сұйылтуды алады. Бұл үшін сұйылту құрамында этанол 60 мас. % немесе 68 көл. % - тен аз болмауы керек. Егер этанол концентрациясы талап етілген концентрациядан аз болса, онда жағуға арналған ондық немесе жүздік сұйылтуларды 62% этанолды пайдалана отырып дайындайды.

Түйіршіктерді алдын –ала сондай концентрациядағы (100 г негізгі түйіршікке 1 г) этанолмен жібітеді, қозғалатын элементтері жоқ (барабанды араластырғыштар, қалақшалы араластырғыштар және т.б.) механикалық араластырғыштарда 3-4 минут бойы араластырады.


Жақсы жабылатын шыны араластырғышта 10 минут бойы қолмен араластырады.

Дайындалған түйіршіктер бөлме температурасында тұрақты массаға дейін (технологиялық регламентке сәйкес) ауада кептіріледі.

Түйіршіктерге ұшқыш және иісті заттардан, сондай-ақ барлық қышқылдардың С3 төмен сұйылтуларынан дайындалған дәрілік заттарды жағуға болмайды.

2- Тәсіл. Жағу үшін пайдаланады:

  • сулы сұйық сұйылтуларды (ерітінділерді, сығындыларды және т.б)

  • тритурацияларды;

  • төмен ондық сұйылтуы бар препарат қоспалары;

  • 1- ші тәсілде этанолды қолданбау барысында.

Кептіру операциялар аралығында дәрілік зат 64% қант шырынымен гомеопатиялық сұйылту кезінде бастапқы түйіршіктер көп қабатты біртекті қабатталады.

1. Сұйық препараттардың қабатталуы. 100 г гомеопатиялық түйіршікті дайындау үшін 1 г сұйық препаратты 9 г қант шырынымен шайқап, алынған 10 г қоспаны біркелкі бастапқы түйіршіктің (100- Х) граммына қабаттайды, мұнда Х – қант шырынындағы қант массасы, г.

2. Тритурацияның қабатталуы. 100 г түйіршік дайындау үшін 10 г тритурацияны 20 г қант шырынымен шайқайды, алынған қоспаны (100-Х-Y) граммына біркелкі қабаттайды. Мұнда Х - қант шырынындағы қант массасы, г; Y – тритурация құрамындағы қосымша заттың массасы, г.

3. Қоспаның қабатталуы. Қоспа сұйық препараттардың гомеапатиялық сұйылтуы мен қант шырынында тритурацияны бірге шайқау жолымен дайындайды. 100 г гомеопатиялық түйіршікті алу үшін 1 г қоспаны 9 г қант шырынымен шайқайды; осы сұйылтудың 10 г (100-Х - Y) бастапқы түйіршік граммына біркелкі қабаттайды. Мұнда: Х - қант шырынындағы қант массасы, г; Y – тритурация құрамындағы қосымша заттың массасы, г.

Бастапқы түйіршіктердің қант шырынындағы дәрілік заттың гомеопатиялық сұйылтулары қыздыруын реттейтін драждейтін қазандарда қабатталады.

Бастапқы түйіршіктерді алдын – ала 37-42 0 С температурада қыздырылған драждейтін қазанға салып, барлық масса сол температураға қызғанға дейін баяу араластырады. Қант шырынындағы гомеопатиялық дәрілік заттың сұйылтуын бірдей уақыт аралығында, аздаған үлеспен драждейтін қазанға жайлап құяды.

Қабаттау аяқталған соң драждейтін қазанды қыздыру аяқталады, бірақ оның айналдыруын түйіршік кеуіп тұрақты бір массаға айналғанша жалғастырады.

Гомеопатиялық түйіршіктер құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 2 жылға дейін сақталуы мүмкін.

1. Arnica 2 gran.

Күніне 8 түйіршіктен 4 рет

Алдымен екінші ондық немесе бірінші жүздік сұйылту дайындалады, ол үшін құтыға С1 белгісінен 9 г 90% спирт және 1 г арника тұндырмасын өлшеп салады. Құтыны 10 рет үстіден астыға қарай шайқайды, сосын құтыға С2 белгісінен 9,9 г 70% спирт және 0,1 г бірінші жүздік сұйылтуды өлшеп құяды, 10 рет шайқайды. Осылай екінші жүздік сұйылтуды алады.


Сыйымдылығы 15-20 мл банкаға 10г 4-ші 5-ші өлшемдегі түйіршікті және 0,1 г екінші жүздік сұйылтуды өлшейді. Банканы пергамент қағазымен жауып тығындайды, 10 минут бойы шайқайды. Ауада біркелкі массаға дейін пергамент қағазбен жабылған ағаш щитте кептіреді.

4.10. Гомеопатиялық таблеткалар

Гомеопатиялық таблеткалар – престеу арқылы гомеопатиялық тритурациядан алынған, ішке қолданатын қатты дозаланған дәрілік түр. Гомеопатиялық таблеткаларды жалпы таблеткалар технологиясы бойынша дайындайды. Қажет болған жағдайда байланыстыратын, ыдырататын, антифрикциялық қосымша заттарды қосады.

Қосымша заттар ретінде көбінесе жиі лактоза, крахмал, кальций және магний стерараттары, тазаланған су, этил спирті пайдаланылады. Крахмал мөлшері – таблетка массасынан 10 % -тен аспауы керек; кальций және магний стераты – 1 % аспауы керек.

НҚ да көрсетіледі:

  • бір таблетканың құрамында – гомеопатиялық дәрілік заттың және қосымша заттардың массасы;

  • таблетканың орташа массасы;

Бір таблеткада тритурацияның массасы ереже бойынша сәйкес келетін НҚ –та көрсетімесе 0,1- 0,25 г құрайды. Қосымша заттарды да осы массаға қосады. Таблеткалар қолданылуда, сақтауда және тасымалдауда қолайлы. Қолдану кезінде тіл астына салып сору қажет, сондықтан да гомеопатиялық таблеткалар сублингвальды таблеткалар тобына жатады.
4.11. Гомеопатиялық жағар майлар мен майлар, оподельдокилер

Жағар майлар біркелкі таралған гомеопатиялық дәрілік заттар негізінен тұратын сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр. Гомеопатиялық жағар майлар дисперстік жүйесі және консистенциясы бойынша жіктеледі.

Жағар майлар үшін негіз ретінде алдымен вазелин және ланолин қолданылады. Құрамында 10% тұндырмасы бар жағар майлар дайындау үшін 85% вазелин, 5% ланолин негіздері қолданылады. Көз жағар майлары адсорбционды негіз – вазелин және сусыз ланолин 9: 1 қатынаста дайындалады. Белгілі құрамдағы жағар майлар негізі жеке НҚ – көрсетілген.

Күшті әсер ететін заттардан 5% жағар майлар дайындайды. Мысалы: аконит, спонгии, улы сумаха. Күшті әсер етпейтін субстанциялар мен тинктуралардан 10% жағар майлар дайындайды, мысалы : D1 –ден 10% азот қышқылы, D3 аскорбин қышқылы.