ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


25 билет.

  1. электронды оқулықтарды құру мен өңдеудің онлайн платформалары

Платформа #1: LinkedIn Learning (Lynda)

LinkedIn Learning, бұрын Lynda.com деп аталды, бұл – бейне сабақтар форматында бизнес, технологиялар және шығармашылық саласындағы кәсіби курстарды ұсынатын білім беру платформасы. Платформа LinkedIn пайдаланушылары үшін премиум қызмет көрсету болып табылады және 7 тілде 16000-нан астам курстарды ұсынады және адамдарға өзінің кәсіби дамуына инвестиция салуға көмектеседі.

Платформа #2: Udemy

Udemy – интернетте онлайн-оқытуға арналған ең танымал платформалардың бірі. Бұл білім беру платформасында 40 миллионнан астам студент және 20 мыңнан астам онлай-курстарды әзірлейтін оқытушылар мен бейінді мамандар бар.Udemy барлығына жаңа дағдыларды игеріп, курстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ол бірқатар онлайн-оқу материалдарын, соның ішінде PPT, PowerPoint, мәтіндік және бейне мазмұны және басқа да көптеген құжаттарды ұсынады.

Платформа #3: Coursera

Coursera – бұл бүкіл әлем бойынша жоғары сапалы онлайн-оқыту курстарын ұсынатын, 23 миллион пайдаланушысы бар онлайн-білім беру платформасы. Әлемдік деңгейдегі университеттермен және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ол студенттерге ақылы курстарға қосылғаннан кейін танымал мекемелерден сертификаттар алуға мүмкіндік береді.Coursera сұраныс бойынша бейне дәрістерді, үй тапсырмаларын, рецензияланған тапсырмаларды және қоғамдық пікірсайыс форумдарын қолдайтын арнайы курстарды, мамандандырылған курстарды мен дәреже алу бағдарламаларын ұсынады.

Платформа #4: Skillshare

Skillshare – 4 миллионнан астам студенті және әртүрлі пәндер бойынша 24000-ға жуық сабақтары бар танымал онлайн-оқыту платформасы. Курс сабақтары 20-дан 60 минутқа дейін созылады және пікірталас форумдары арқылы өзара әрекеттесуге ынталандыратын шағын бейнероликтер, керемет жобалар мен студенттер қауымдастығынан тұрады.

Платформа #5: edX

EdX.org — бұл студенттер әртүрлі университеттердің онлайн-курстарын таба алатын оқыту платформасы. Бүкіл әлем бойынша университеттік деңгейде онлайн білім беру мақсатында Гарвард университеті мен Массачусетс технологиялық институтының ғалымдар тобы құрған.

EdX.org қазіргі уақытта көптеген пәндер бойынша жоғары білім беретін 100 беделді университеттер мен компаниялардың 8000-нан астам онлайн-курстарын қолдайды. Олар негізінен инженерия, информатика, деректер ғылымы, математика, гуманитарлық ғылымдар, бизнес және менеджмент сияқты, жаратылыстану ғылымдарына мамандандырылған.



2 Баланың жеке тұлғасы оқыту технологиясында объект және субъект ретінде.

1. Қазiргi педагогикалық технологиялар - обьективті қажеттілік

2. Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық бағыттар
Қазіргі заманғы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденцияларды көрсететін маңызды әлеуметтік педагогикалық феномен ретінде білім ізгілігінің мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты қаралған педагогикалық технологиялар өз тиімділігін дәлелдеуде.

Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады.

-қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесеін қиыншылықтар арасындағы;

-қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;

-ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;

-мұғалімнің әлеуметтік ролі және қоғамдық ақпараттық –коммуникациялық қызметарасындағы;

- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.

Білім ізгілігі-педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субьектісі болатын,үрдістің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі.

Педагогикалық үрдістің негізгі мәні, мұндай жағдайда, ұлғаның дамуы мен өзін -өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақтастық ахуалын туғызып, жеке тұлғаның шығармашылық әрекеттеріне және өзін-өзі өзектілендіруіне барлық жағдайларды жасайды және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танымдық және оқу қызметінде бейімділіктеріне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Мақсаты: «Білімді адам – бұл адам образы басым адам» А. Луначарский.

Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің мақсаты - адамды қолдау, дамыту, онда өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудің тетіктерін қалыптастыру, оқытуда құзіреттілік әдістерді қолдану

Міндеттері:


  • Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту арқылы оқытуда құзіреттілік әдістерді тиімді қолдану;

  • Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларын зерделеу, олардың тиімділігін анықтау.

  • XXІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бүгінде мұғалімнің басты міндеті – педагогикалық технологиялар арқылы оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарлатып, жекелігін, тұлғалығын қалыптастыру. Балалардың өмірден өз орнын табуына, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілеттерінің ашылуына көмектесудің қажеттілігі арта түсуіне «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту» жобасының ролі өте маңызды

  • Тұлғаға бағдарланған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

Тұлғаға бағытталған оқыту-бұл оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі:

Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;

Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;

Балалармен ынтымақтастық;

Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;

Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;

Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;

Адамгершілік қасиеттерін дамыту;

Оқыту үрдісінде баланың өзіндік «менін» іздеуге көмек көрсету;

Гипотезалар - Оқушы оқыту үрдісінде ғана субъект болып қалыптаспайды, ол ең басынан бастап субъектік тәжірибенің иесі болып табылады:

  • Оқу оқытудың тікелей өндірмесі емес, бұл өзіндік, даралық, тұлғалықмаңызды, яғни, өте әрекетті даму көзі;

  • «Даму векторы» оқушыдан оның дамуына ықпал ететін жеке педагогикалық әрекет етудің жүйесін анықтау;

  • Оқушы қоғамдық іс - тәжірибені өндірумен емес, өзінің жеке іс-тәжірибесін өндірумен және оның негізінде дамуымен құнды.

Тұлғаға бағытталған оқытудың мазмұнының компоненттері: Аксиологиялық (құндылық);

  • Когнитивтік (білімділік);

  • Тұлғалық;

  • Қызметтік-шығармашылық (операциялық-технологиялық)

Оқу үрдісіндегі технологиялық әдіс-тәсілдер:

  •   В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы;

  •   П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

  •   В.В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

  •  Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы;

  •   Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;


Ю.К.Бабанскийдің оқу процесін оптимизациялау технологиясы;

Ғалым И.С.Якиманская. Басты мақсаты - оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту; Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс; Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.