ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 44

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2. Озат іс-тәжірбе. Ш. Аманошвили

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. Мысалы, В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Шалва Александрович Амонашвили  баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді. Амонашвили сабақта балалармен ақылдасып жұмыс жасап, олардан көмек күткен сыңай танытады, "бір тақырыпты түсіне алмай жүргенін" айтып, әрбір оқушының сөзін тыңдап, оларға сұрақ беріп, қателескен болады, балалардың сұрақтарына бірден жауап бермей, білмейтінін, үйден оқып келетінін айтады.
Балаларға жаттығулар құрастыртады, оған өзінің уақытының жетпейтіндігін айтады. Жаттығулар түзетіліп басқа оқушыларға беріледі, құрастырушыларға алғыстар айтылады. Үй жұмысын алғысы келетіндер ғана алады.
Әр балаға толық, жан-жақты мінездеме жазып, оны ата-анасына береді.

3.Интеллект карта құрыңыз Бағдарламалық жасақтама



24 билет.

1.Жаппай ашық онлайн курстары және жасанды интеллект мүмкіндіктері

Жаппай ашық онлайн курстар (МООСs): заманауи жағдайы және болашағы

Ашық онлайн курстар – бұл қалаған адамдардың барлығы қатыса алатын, сан алуан пәндер бойынша тегін курстар. Оларға қатысу үшін тек компьютер және интернетке қатынау мүмкіндігі ғана қажет. Ашық онлайн курстарды ашудағы мақсат – әлемнің түрлі елдерінде тұратын оқушыларды және оқытушыларды біріктіру.

MOOC аббревиатурасы төрт бөлек терминнен тұрады.

Massive (жаппай): интернеттегі оқытудың бұл түрі географиялық орналасуымен шектелмеген көптеген студенттерді қамтиды.

Open (Ашық): онлайн оқыту барлық ниет білдірушілер үшін тегін.

Online (онлайн): қашықтықтан оқыту курстары онлайн байланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Барлық материалдар электронды түрде еркін қол жетімді.


Course (курс): белгілі бір мақсаттар, жұмыс ережелері және уақыт шектеулері бар ақпаратты құрылымдалған және реттелген түрде беру, дегенмен әр жеке қатысушы үшін өзгеруі мүмкін.

Жаппай ашық онлайн-курс (сокр.: ЖАОК; ағылш. Massive open online course, MOOC, мысал ретінде "мук" деп танылады) - электрондық оқыту технологияларын қолдана отырып және интернет арқылы ашық қол жеткізе отырып, жаппай интерактивті қатысуымен оқыту курсы[1], қашықтықтан білім беру нысандарының бірі. Бейне, оқу және Үй тапсырмасы сияқты дәстүрлі оқу курсының материалдарына қосымша ретінде жаппай ашық онлайн курстар студенттердің, оқытушылар мен көмекшілердің қарым-қатынасын құруға және қолдауға көмектесетін интерактивті пайдаланушылар форумын пайдалануға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект мүмкіндіктері


Бүгінде жасанды интеллектіні компаниялар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе өнімдерді даярлау мен қызмет түрлерінде, сонымен қатар өнімдердің сипаттамасын арттырып, жаңа түрлерін әзірлеудегі ықпалы зор.

McKinsey компаниясының деректеріне сүйенсек, жасанды интеллект әсіресе сервистік операциялармен қатар маркетинг және сауда саласында тиімділігін көрсетіп отыр. Яғни ақпараттық коммуникациялық технологияларды клиенттік деректерді сараптау барысында жиі қолданған компаниялардың табысы жылы­на 5-20 пайызға дейін өсім берген. Осы орайда компаниялардың 20 пайызға жуығы жасанды ин­теллектіні клиенттік базасын сараптауда қолданса, ал 14 пайыздан астамы клиенттер сегменті үшін пайдаланған.

Бүгінде көптеген ел жасанды интеллектіні пайдалануда көшбасшы болуға ұмтылуда. Америка, Ұлыбритания, Жа­по­ния сияқты елдерде инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулерге инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге жасанды интеллектімен айналысатын шағын және орта биз­нес өкіл­деріне де жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, Қытайда 2030 жылға қарай 20 млрд доллар шамасында мемлекеттік қор құ­рылып, жасанды интеллектіні да­мытудағы жобаларға қомақты қаражат қарастырылып отыр. Сарапшылар Қазақстанда да бұл бағытта серпілісті аңғаруға болатынын айтуда. Яғни 2030 жылға дейін жасанды интеллект технологиялары мен терең­детілген сараптама ІЖӨ-нің 5-6 пайызға жетуіне мүмкіндік береді. Осы орайда мамандар жа­санды интеллектіні пайдалану азаматтардың әл-ауқатының жақ­саруына да ықпалын жоққа шы­ғар­майды. Бұл ретте салада айтарлықтай жетістіктерге жету үшін білікті мамандар қажет. 2030 жылға қарай елімізде 5-10 мың­ға жуық
деректер бойынша сарапшылар, 20 мыңнан астам деректер жүйесін әзірлеушілер, 5 мыңнан аса зерттеушілерге сұраныс арта түсетін болады. Осы орайда саланы дамыту өз ке­зегінде мемлекет тарапы­нан қолдауды қажет ететін болса, бизнес өкілдері мен қызығушылығы бар сегменттің белсенділігі аса қажет.

Соңғы он жылда басқа индустриялармен салыстырғанда табысты болған ақпараттық ком­муникациялық технологиялар алдағы онжылдықта да қарқын алатыны сөзсіз. Жасанды интеллектімен байланысты компаниялар акцияларының орташа жыл­дық кірістілігі 2010-2021 жылдары басқа секторлардан басым түсіп, шамамен 15 пайызды құраған. Мысалы, S&P секторлары бо­йынша акциялардың жылдық та­бысы ақпараттық техно­логиялар саласында – 15, ұзақ мерзімге пайдаланатын тұтынушы тауарлары – 13, күнделікті пайдаланатын тұтынушылар тауары – 10, денсаулық саласы – 11, өнеркәсіп, коммуникация салаларында 9 пайызға жеткен. Сарапшылар­дың бағалауы бойынша алдағы онжылдықта технологияларға са­­лынатын инвестиция көлемі ұл­­ғайып, кәсіпорындардың да са­ны арта түседі. Яғни дәстүрлі ин­дустрияға қарағанда digital-ойын­шыларда инвестиция көлемі ар­тады. Осылайша, ақпараттық ком­муникациялық технология­лар ландшафты кеңейе отырып, қызмет көрсету саласында бә­се­келестік өседі. Осы орай­да са­­рап­шылар нарықта бәсе­келес­тік­тің жоғары болуы мен оны иге­ру­дің күрделілігіне қара­мас­тан, онжылдықтардан кейінгі әле­уеті 3 трлн долларға жетуі ық­­ти­мал деген болжам жасауда. Әри­не, бұл нарықта бә­секелестік қалып­тас-

Тыра біл­ген компаниялар айтар­лықтай табысқа кенелетіні сөзсіз.

2.Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы үлкен екі бағытқа жіктеледі:

1.Өндірістік технология

2.Әлеуметтік технология өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын. Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі. Білім беру технологияларын әдіскер ғалымдар 4-ке бөліп жіктейді.

1. тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары

3. проблемалық оқыту

2. дамыта оқыту технологиялары

4. ұжымдық өзара оқыту технологиялары

Дамыта оқыту технологиясы


Дамыта оқыту технологиясы – оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.

Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскиден басталған.

Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Элконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.

Оқушыны объект ретінде емес, субъект ретінде қарастырып,

оның дара тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты әсер ететiн, қарым-қатынастың демократиялық, iзгiлендiру бағытын

негізге алған – оқытуды демократияландыру мен

iзгiлендiру негізіндегі педагогикалық технологиялар

(оған жататындар: Е.В. Бондаревский, Д.Б. Серикова,

Ю.И. Турчанинова, И.С.Якиманский, Ш.А.Амонашвилидiң

iзгiлiктi-жеке тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның

гуманитарлық пәндерді адам қалыптастырушы пән ретiнде

оқыту жүйесі және т.б. жатады);

2. Оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің

жеке дамуына негізделген – саралап оқыту

технологиясы (Н.Гузик, И.Первин, В.Фирсов);

3. Балаға сырттан әсер етпей өзінің табиғи дамуына ықпал жасайтын, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялататын – халықтық педагогиканың әдiстерiне сүйене отырып баланың табиғи дамуына негізделген педагогикалық технологиялар (Л.Н. Толстой, А.Кушнир, М.Монтессори технологиялары жатады);

2. Оқушының белсенді болуына, проблемалық жағдайда одан шығуды үйрететін – оқушы әрекетін белсендіру мен интенсификациялау негізіндегі педагогикалық технологиялар (оған Е.И.Пассовтың коммуникативтік оқыту

технологиялары, В.Ф. Шаталовтың тірек сигнал конспектiлерi негiзiндегі оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиялары жатады);

5.Оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың тең дәрежеде жүзеге асуын қамтамассыз ететiн-ынтымақтастық педагогикалық технологиясы;

6. Әр оқушының жеке қасиетiн аша отырып, оның қабiлетi мен мүмкiндiк деңгейiне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрi – деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ;

7. Оқушылардың өз бетiмен жұмыс жасауына және қоғамдық белсендiлiгiнiң артуына әсер ететiн – дамыта оқыту технологиясы (Эльконин-Давыдов, Л.В. Занков, Г.Д. Кириллова, Г.И.Щукина т.б.);

8. Білім алушыларды ұжымда жұмыс iстеуге үйретуде, тiлдесiмде болуына, бiрiн-бiрi үйретуiне үлкен әсер ететiн технология – оқытудың ұжымдық тәсiлi жатады (В.Дьяченко, А.Соколов, А.Ривин, Н.Суртаева т.б.).