ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 43

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сапалы нәтиже алу үшін оған қол жеткізудің барлық мүмкін жолдарын қарастыру керек. XMind ақыл-ой картасы бағдарламасы күрделі мәселелерді шешуде, жобаларды жасауда, презентациялар жасауда, миға шабуыл кезінде деректерді ұйымдастыруда, белсенді интроспекцияда, ақпараттың үлкен көлемін есте сақтауда, оқуда, сондай-ақ өзіңізді дамытуда әрекет жоспарын тиімді жасауға көмектеседі. және басқа да көптеген жағдайларда.

Бұл карталардың арқасында сіз өз ойларыңыздың барысын көрнекі, ықшам және қолжетімді түрде көрсете аласыз.

2 сұрақ. Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.

В. В. Николина жүргізген зерттеу

нәтижелері негізінде ойын технологиясының бірнеше компоненттерін бөліп көрсетті, мәселен:

мотивациялық;

бағдарлаушылық;

мақсаттылық;

құндылық-еріктік;

мазмұндық-тәсілдік;

бағалаушылық.

Мотивациялық компонент балалардың іс-әрекеттің мазмұнына, үрдіске деген қатынасымен байланысты олардың ойынға қатысу мотивін, қызығушылығы мен қажеттілігін көрсетеді.

Бағалаушылық компонент балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттің, адамгершіліктің, құндылықтың мақсатын түсініп, қабылдауымен байланысты болып келеді. Мазмұндық-тәсілдік компонент балалардың күнделікті балабақшадағы оқытылатын оқу материалының мазмұнын меңгеруін, сонымен қатар, олардың өздерінде бұрыннан бар білімді және іс-әрекет тәсілдерін тірек ете білу қабілетін көрсетеді.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтарға бөлінеді:

а/ оқыту, жаттығу, бақылау және қорытындылау;

в/ еске алу, өнімділік, шығармашылық;

б/ таным, тәрбие, даму:

г/ коммуникативтік, таным әдісі, кәсіпке бағдарлау және т.б.2

  1. билет.

1.Қашықтықтан оқытудың онлайн платформалары

Қашықтықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқаны барлығымызға түсінікті жағдай. Өкінішке қарай, басқа таңдау болмағандықтан, оқу процесі тоқтатылмауы тиіс еді. ҚР Білім және ғылым министрлігі барлық мүмкіндіктер, аспектілер мен тәуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып,  уақытша қашықтықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылдады. Мектеп ұстаздарының білім беруіне әртүрлі әдіс-тәсілдерін ұсынып, оқушыларымыздың білім алуына барлық мүмкіндікті қарастырды. Осыған орай  «Balapan» және «Еlarna» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынып, арнайы білім саласының білікті мамандарының бейнесабақтарымен бөлісуде. Теледидар арқылы сабақ өткізу – жаңа формат. Бұл әдіс кез келген оқушы үшін қолжетімді, тиімді білім көзіне айналды. Сонымен қатар, телеарналарда жүріп жатқан сабақтар олардың Youtube каналдарында, сайттарында оқушы, мұғалім үшін де қолжетімді.


Арнайы мамандандырылған интернет – платформалары «Daryn.online», «BilimLand» арқылы өткізіліп жатқан сабақтардың берері мол. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды тереңінен түсініп орындауға мүмкіндік беруде. Оқушылар қашықтықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре отырып, ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндіктерін арттырды. Осы орайда әр мектепте мұғалімдер өздеріне ыңғайлы сабақ кестесімен жұмыс істеп, педагогтерге шығармашылық еркіндік берілді. Телеформаттан кейін әр мұғалім өзінің оқушыларына қосымша тапсырмалар беріп, сыныбындағы оқушылармен жекелей жұмыс жүргізе отырып, оқушыларының тапсырманы түсінгендігі жайында, орындаған тапсырмаларын «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлері арқылы кері байланыс орнатып, хабардар болуда.

Қашықтықтан оқыту – бұл оқу үдерісінің оқытушы мен білім алушылардың арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау.

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу.

Десек те, қазіргі күрделі жағдайға қарап, білім беруді кейінге қалдыруға болмайтыны анық. Білім және ғылым министрлігі ата-аналар мен мұғалімдердің көкейіндегі сауалы көп сұрақтың шешімін тауып берді. Оңтайлы платформаларды електен өткізу мақсатында сынама сабақтар өткізілді. Осы өткізілген сынама сабақтар еліміздің онлайн білім беру жүйесіне көшу үшін әлі біраз дайындық жұмыстары керектігіне көз жеткізді. Ал қашықтан оқыту жүйесінің форматы онлайн білім беруден бөлек.

Күнделік.kz – ең басты құралымыз. Бұл платформа – ешкімге жаңалық емес, оффлайн білім алу кезінде де күнделікті қолданылған жүйе.⠀

Бұлардан бөлек, WhatsApp, Telegram арқылы тапсырманы жіберу, қабылдау тиімді. Видеосабақтар сілтемесін де осы мессенджерлерге жіберуге болады.


2.Оқытудың имитациялық технологиясы.

Имитациялық технологиялар - бұл нақты өмірде, кәсіби қызметте болып жатқан процестерді оқыту жағдайында жаңғырту әдісі.

Имитациялық технологиялардың ерекшеліктері:

- оқытудың іс-әрекеттік сипаты,

- топты пайдалану,

- оқыту қызметін құру.

Ойындық оқыту технологиясы  белсенді оқыту технологияларының бірі.

Ойындық оқыту технологиясы:

1) имитациялық,

2) имитациялық емес болып бөлінеді.

Имитациялық емес технология:

- проблемалық лекция,

- дөңгелек үстел,

- лекция – конференция,

- алдын – ала жасалған конспект бойынша лекция,

- шолу лекциясы,

- коллоквиум,

- бағдарламалап оқыту,

- семинар,

- тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ,

- топтық консультация,

- олимпиада жатады.

Имитациялық технология:

1) ойындық

2) ойындық емес болып екіге бөлінеді.

Ойындық имитациялық әдіске:

- тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалылығы,

- «миға шабуыл»,

- іскерлік ойындар,

- рөлдік ойындар,

- кәсіпкерлік ойындар,

- құқықтық ойындар,

- жеке технологиялық үдерісті ойын арқылы жобалау.

Ойындық емес имитациялық әдіске:

- ситуациялық шешімдер,

- жекелеген міндеттерді шешу,

- сабақтың қорытындысын шығару,

- оқытушының бағалауы,

- ұсынылған нұсқаларды талқылау,

- семинар өткізу,

- тренинг жатады.

Қорыта келе, коммуникативтік  құзыреттілік білім алушылардың бақылаудан өзіндік бақылауға, әлеуметтік дамытудан өзіндік дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін құрайын тұлғалық-бағдарлы педогогикалық технология шеңберінде білім беру парадигмасының өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады.

9 билет.

Бұлттық технологиялар. Google Apps мүмкіндіктері.

1.Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы бүкіл дүниежүзінде ерекше қарқын алып отыр. «Көзді ашып-жұмғанша» жұмыс жасауға мүмкіндік беретін IT технологиялар қолданысын кеңейту, әрине, заман талабы.


Ал оның әлемдегі жедел дамумен ілесіп, ақпараттармен алмасып қана қоймай, көптеген аудиториялармен бір жүйеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар, озық үлгілерінің бірі – «бұлттық технологиялар» немесе «бұлттық есептеулер».

Бұлттық технологиялар (ағылш. Cloud technology, яғни Cloud – бұлт,
technology – технология) – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп онлайн сервис ретінде ұсынылуы.

Бұлттық есептеулер (ағылш. Cloud computing, яғни cloud – бұлт, computing – есептеулер) – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына
бірдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік
қолжеткізуді қамтамасыз ету моделі (1-сурет).

Бұл терминдер – компьютерде арнайы программалардың орнатуынсыз, Интернет желіге қосылған жалпыға қолжетімді деректер ортасын өңдеу, жүктеу және сақтау т.с.с. қашықтан басқарудың технологиялық мүмкіндіктерін ұсынатын виртуалды қызмет
түрлерінің жалпыланған атауы.

Маңызды мәлімет. «Бұлттық есептеулер» ұғымы алғаш рет 1970 жылы америкалық
ғалым Джозеф Карл Робнетт Ликлайдердің ARPANET (Advanced Research
Projects Agency Network) желісінің құрылуына жауапты болуынан пайда болған.

Ликлайдердің айтуынша: «Құжаттар, ақпарат көздері бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Жер бетіндегі әрбір адам желіге қосылады, ол тек деректерді ғана емес, сонымен қатар программаларды да алатын болады». Ал «Бұлт­тық есеп­теу­лер» 1960 жылы америкалық ғалым Джон Маккартидің: «Қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану»
арқылы жүзеге асырылатын болады» деген тұжырымнан кейін пайда бола
бастады.

Виртуалды қызмет түрлерін ұсынып, ұйымдастырып, қолайлы жағдай жасап отыратын, кез келген деңгейдегі және кез келген қуатты ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ететін бұлттық қызмет түрлерін провайдер атқарады.

Бұлттық провайдер (ағылш. Cloud provider – бұлттық сервистерді жеткізуші) – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді сақтау
жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.

Маңызды мәлімет. 2002 жылы Amazon компаниясы бұлттық веб-сервисті әзірледі. 2006 жылы Amazon «Elastic Compute cloud» (EC2) деп аталатын сервисті іске

қосты. Amazon EC2 және Amazon Simple Storage Service (S3) сервистері
алғашқы қолжетімді және бұлттық есептеулер саласындағы көшбасшылардың бірі болды. Дүниежүзілік нарықта бұлттық технологияларды қолданысқа енгізген
компаниялардың саны көбейді, олар: IBM, Microsoft, Google, HP, Atos, Cap
Gemini, ал Қазақстандық компаниялардан «Қазақтелеком» акционерлік
қоғамы ұсынған Microsoft Hosted Exchange және Microsoft Hosted SharePoint, Қазтелепорт акционерлік қоғамы ұсынған «SmartCloud», KT Cloud Lab компаниясының инфокоммуникациялық кешендері (mycloud.kz) т.б

Бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдері:

Инфрақұрылым қызметі ретінде (Infrastructurе as a Service, IaaS) –
пайдаланушы өзіне керекті инфра ортаны жалға алу мүмкіндігіне ие болады. Мұнда бұлттық провайдер серверді, сақтау қоймасын, желі және виртуалдандыру ресурстарын қамтамасыз етеді, ал пайдаланушы өзінің программалық жасақтамасы мен қосымшаларын жүктейді және баптайды. Бұл қызметті пайдаланушы қымбат
құрылғылар мен программаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған уақытына сәйкес қаражат төлейді. IaaS түрлеріне Amazon EC2, Google Cloud Storage, Microsoft Azure, IBM Smart Cloud, IBM Cloud, Oblako.kz және т.б. жатады. Бұл қызмет түрі арнайы кәсіпорындар, мекемелер, компаниялар үшін компьютерлік инфра ортаны жалға алу ортасын құрады.

Платформа қызметі ретінде (Platform as a Service, PaaS) – пайдаланушы бұлттық провайдерлермен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Мұнда виртуалдандыру, операциялық жүйелер, серверлер, сақтау қоймалары, желі, программалық
жасақтама бұлттық провайдерлердің міндетіне кіреді. PaaS моделі интеграцияланған бір ортада жасалады, ал пайдаланушы өзі басқару мүмкіндігіне ие болады. Пайдаланушы серверді сатып алуға кететін шығындарды үнемдей алады.
Осы модельдің мысалы ретінде веб-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады және Amazon Web Services (AWS), Microsoft Azure, Google App Engine, Jelastic, Apache Stratos, OpenShift түрлері жатады.

2. Google Apps for Work - бұл Google компаниясының қызметтері, өзіңіздің реттелетін доменіңіздегі Google қызметтерінің таңдамалы брендтерін басқаруға мүмкіндік береді. Google бұл қызметті ақылы абоненттер үшін ұсынады және Google білім беру мекемелеріне тегін нұсқасын ұсынады. Кейбір ескі пайдаланушыларға Google Apps for Work жұмысының шектеулі нұсқалары тегін беріледі, бірақ Google қызметі тегін нұсқаларын ұсынбады. Google Apps өзіңіздің реттелетін доменіңізге сәйкес Google-hosted қызметтерін ұсынады. Бұл кішігірім бизнес иесі, оқу орны, отбасы немесе ұйым болса және өзіңіздің серверіңізді іске қосу және осындай қызметтерді үйге орналастыру үшін ресурстарыңыз жоқ болса, Google-ді мұны сіз үшін жасаңыз. Сондай-ақ, жұмыс орныңыздағы ынтымақтастықты жеңілдету үшін Google Hangouts және Google Drive сияқты нәрселердің теңшелетін даналарын пайдалануға болады.